Тыңдалым 11-сынып 1-тапсырма. Аудиомәтінді тыңдап, берілген нұсқалардың ішінен а «дұрыс», ә -«дұрыс емес»

Loading...


Дата22.11.2020
өлшемі32.57 Kb.

Оқушының аты –жөні _____________________

Сыныбы ________



Тыңдалым

11-сынып

1-тапсырма. Аудиомәтінді тыңдап, берілген нұсқалардың ішінен а) - «дұрыс», ә) -«дұрыс емес», б) - «мәтінде айтылмаған» деген жауаптардың біреуін таңдаңдар.


1.Әлішер мен Ляззат телефонмен сөйлесіп отыр.

а) дұрыс


ә) дұрыс емес

б) мәтінде айтылмаған



2. Әлішер нашар естіп тұр.

а) дұрыс


ә) дұрыс емес

б) мәтінде айтылмаған



3. Ляззат үйде отыр.

а) дұрыс


ә) дұрыс емес

б) мәтінде айтылмаған



4. Әлішер кітапханадан телефон соғып тұр.

а) дұрыс


ә) дұрыс емес

б) мәтінде айтылмаған



5. Әлішер Ляззатты отбасына таныстырғысы келді.

а) дұрыс


ә) дұрыс емес

б) мәтінде айтылмаған



6. Ляззат бірден барамын деп келісті.

а) дұрыс


ә) дұрыс емес

б) мәтінде айтылмаған



7. Ляззаттың үйінде қонақ бар.

а) дұрыс


ә) дұрыс емес

б) мәтінде айтылмаған



8. Ляззат Әлішердің отбасымен танысуға дайын емес еді.

а) дұрыс


ә) дұрыс емес

б) мәтінде айтылмаған



9. Әлішер мен Ляззат екі сағаттан кейін дүкеннің алдында кездесуге келісті.

а) дұрыс


ә) дұрыс емес

б) мәтінде айтылмаған



10. Бұл әңгіме сенбі күні таңертең болды.

а) дұрыс


ә)дұрыс емес

б) мәтінде айтылмаған


2-тапсырма. Аудиомәтінді тыңдап, берілген нұсқалардың ішінен дұрыс жауапты таңдаңыздар.

1. әл – Фараби кім?

а) суретші, мүсінші

ә) ғалым, энциклопедияшы

б) хан, билеуші



2. әл–Фараби қайда дүниеге келді?
а) Солтүстік Қазақстанда

ә) Батыс Қазақстанда

б) Оңтүстік Қазақстанда

3. әл–Фараби білім алу үшін қай қалаға барған?

а) Алматы қаласы

ә) Бағдад қаласы

б) Отырар қаласы



4. әл–Фараби неше жасында дүниежұзілік білімді терең меңгерген?

а) 45-50 жасында

ә) 35-40 жасында

б) 25-30 жасында



5. әл–Фарабидің неше кітабы бар?

а) 125


ә) 150-ден астам

б) 100-ден астам



6. әл–Фарабидің қай салаларда қабілеті болған?

а) биология, тарих

ә) математика, астрономия

б) орыс тілі, ағылшын тілі



7. әл–Фараби қандай музыкалық аспаптарда ойнай білген?

а) гитара, мандолин

ә) домбыра, қобыз

б) сегіз немесе тоғызға дейін



8. әл–Фарабиді замандастары кім деп атаған?

а) Прометей

ә) Екінші Платон

б) екінші Аристотель



9. әл–Фараби қай ғасырда өмір сүрген?

а) XX ғасырда

ә) орта ғасырларда

б) XIX ғасырда



10. әл–Фараби кітабының аты

а) «Күннің тұтылуы»

ә) «Музыканың ұлы кітабы»

б) «Жарқ етпес қара көңлім не қылса да»




Оқылым

11 –сынып
1-тапсырма. Мәтінді оқып, алдымен төмендегі кестеге берілген мәтін үзінділерінің ретін жазыңыз, содан соң мәтіннен кейінгі тест тапсырмаларын орындаңыз.

басы

Г

1




2




3




4




5





Байлық пен ақыл

А. Шалға кенже ұлының жауабы ұнайды. Ол өзінің мұрагері етіп кіші ұлын белгілепті. Үлкен балаларына інісінің айтқанынан шықпауды өсиет етіпті.
Ә. Сонда үлкен ұлы асыл тасты жүзік салған қолын көрсетіп:

- Міне, менің байлығым. Ал кім бай болса, сол ақылды, - депті.


Б. Үшінші ұлы күміспен және тастармен әшекейленген белдігін буынады да:

Мұндай белдікті ешкім ешқашан буынып көрген жоқ, - дейді.


В. Әкесі үлкен балаларына қарап басын шайқайды да, кіші ұлына:

Сен неге үндемейсің? Сен қандай байлығыңмен мақтанасың? - дейді. Сонда кенжесі:

- Менің асыл тасты жүзігім де, сәнді киімім де, қымбат тастармен әшекейленген белдігім де жоқ. Тек еңбексүйгіш екі қолым, қайрат жігерге толы жүрегім ғана бар, - депті.
Г. Бір шалдың төрт ұлы болыпты. Бір күні шал ұлдарын жинап алып:

Мен қартайдым. Біреуіңнің үй иесі болатын уақыттарың жетті. Кімнің ақылы мен байлығы сай болса, сол мұрагерім болады. Әрқайсың маған байлықтарың мен ақылдарыңды көрсетіңдер, - депті.



Ғ. Екінші ұлы асыл киімдерін киіп, әдеміленіп келеді де:

Мені осы түрімде көргендер ақылым мен байлығымның алдында бас иеді, - дейді.




Тест тапсырмалары:

6. Шал балаларын не үшін жинаған?

а) ақыл айту үшін

ә) мұрагерін таңдау үшін

б) қонақ шақыру үшін

в) өкпесін айту үшін

7. «Өсиет» сөзінің синонимі

а) сыйлық

ә) аманат

б) байлық

в) өкініш

8. Үлкен үш ұлдың айтайын деген негізгі ойы не?

а) Денің сау болса, бай боласың.

ә) Екі қолың мен басың негізгі байлығың.

б) Кім бай болса, сол ақылды.

в) Адал болсаң, бай боласың.

9. Бұл аңыз не туралы?

а) достық

ә) еңбекқорлық

б) елжандылық

в) балалық

10. Мәтінге сәйкес даналық сөзді белгілеңіз.

а) «Өлмейтін өмір кілті – өнерде» (Қорқыт ата)

ә) «Адалдық артық, арамдық жаман» (Ш.Құдайбердиев)

б) «Өз елін сүймеген адам ештеңені де сүйе алмайды» (Б.Байрон)

в) «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» (Абай)
2-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, мына кестедегі сөздермен толықтырыңыз.

байымады (а), жалынбайсың (ә), айтыпты (б), кеш (в), дүниеден (г)

Әкесі өлерінің алдында баласына өсиет (11)...: «Жақсы тұр, ешкімге жалынба, саған басқалар жалынатын болсын. Және де ішкен тамағың тәтті көрінетін болсын, сонда бай боласың».

Әкесі (12)... қайтты. Баласы әкесі айтқан өсиет бойынша ешкімге жалынбай, жақсы тамақ ішіп, жақсы киім киіп жүре береді. Бірақ (13).... Бір күні ол немере ағасына барып, әкесінің айтып кеткен өсиетін айтады. Сонда немере ағасы оған былай депті: «Сен әкеңнің айтқан өсиетіне түсінбепсің. Сен жұмысқа ерте шық, сонда сен біреуге (14), саған басқалар жалынады. Жұмыстан (15) қайт, сонда саған ішкен тамағың тәтті көрінеді, әрі бай боласың».

Содан кейін бала әкесінің айтқан өсиетіне түсініп солай жұмыс істеп, жақсы тұра бастаған. (Ыбырай Алтынсарин)

3-тапсырма. Мәтінді оқып, диалогтағы бос орындарда болуы тиіс сұрақтарды құрастырыңыз.

Америкалық мұғалім қазақша сөйлейді

Осыдан екі жыл бұрын біздің мектебімізге АҚШ – тың Индианна штатынан ағылшын тілінен сабақ беруге Тереза Энн Пармер атты мұғалім келді. Оның қазақ тілін өте жақсы меңгергені ең алғашқы келген күні – ақ бізді таңғалдырды. Осында келмес бұрын Алматы қаласындағы арнайы мектепте қазақ тілін үйреніпті. Небәрі екі айдың ішінде қазақша емін – еркін әрі сауатты сөйлейтін дәрежеге жетуі – оның талабы зор екенін, зейінді екенін көрсетеді.

Бүгінде мисс Тереза барлығымыздың бір жағынан ұстазымыз, екінші жағынан сырлас құрбымыз секілді.

16)... ? – деп сұрағанымызда:

Ең бастысы талабың болуы қажет, сонда алынбайтын қамал жоқ, - деді. Америкалық ұстазымыздың біздің ана тілімізді одан әрі тереңдете үйренгісі келетіні баршамыздың көңілімізге қуаныш ұялатады.



17)... ? – дегенімізде, мисс Тереза ойланбастан:

Бәрінен де қазақ халқының қонақжайлылығы мен достық көңіліне тәнтімін. Сонымен қатар, қазақ халқының салт – дәстүрлері де өзгеге үлгі боларлық екен. Ұлттық тағамдарыңыз да маған қатта ұнады, - деді ағынан жарыла.



  • 18) ... ?

  • Әлбетте, мені қазақ елі өте жақсы қошеметпен қарсы алды. Дегенмен менің мұнда жүрген екі жыл ішінде байқағаным, кейбір қазақтардың қазақ тіліне шорқақ екені. Меніңше, қазақ тілі - әлемдегі ең бай, шұрайлы тілдердің бірі. Ал ондай тілі бола тұра оны құрметтемеу, мақтанбау – нағыз надандық. Міне, мені толғандырған әрі ренжіткен жайт осы.

  • 19) ... ?

  • Мен туған еліме оралған соң, шамам келгенше отандастарыма қазақ тілін үйреткім келеді. Қазақтың атақты ақыны Қадыр Мырзалиев: «Өзге тілдің бәрін біл, өз тілінді құрметте» деген екен. Сол сияқты АҚШ – та мемлекеттік тіл – ағылшын тілін білмейтін адам жоқ.Сонымен қатар отандастарым басқа тілді үйренуге ынталы.Сондықтан менің достарым қазақ тілін білуі керек деп ұйғардым.

  • 20) Мисс Тереза , ... ?

  • Менің арманым – төрткүл дүниені аралау. Әр түрлі тілдерді меңгеру, - деді ұстазымыз күлімсірей.



Көп нүктенің орнына қойылатын сұрақтар:

А) Алға қойған мақсатыңыз бар ма?

Ә) Біздің елімізде сізге аса қатты ұнаған не нәрсе?

Б) Арманыңыз туралы айтыңызшы!

В) Біздің елімізде қаяу түсірген нәрсе болды ма?

Г) Қазақ тілін аз уақыттың ішінде қалайша жетік меңгере алдыңыз?



Лексикалық–грамматикалық және елтану

тестілері
11-сынып

1. Ауыспалы мағыналы сөзді табыңыз.

А) Қара сиялы калам.

В) Қисық бұтак.

С) Қоңыр дауыс.

D) Білімді окушы.

Е) Қызыл гүл

2. Мақалды толықтырыңыз.

Ғалыммен жақын болсаң, қолың жетер, залыммен жақын болсаң ... кетер.

А) басың


В) жолың

С) жүрегің

D) гүлің

Е) кітап



3. Жақсыз сөйлемді табыңыз.

А) Жаз. Егіс даласы.

В) Менің сабақ оқығым келеді.

С) Мен ауылға бардым.

D) Ертең осы жерге кел.

Е) Балам, қайдан келдің?



4. Көп нүктенің орнына қандай сөз жазу керек? Жиналыс ай ... өтіп тұрады.

A) байланысты

B) туралы

C) сайын

D) үшін

E) бойынша



5. Құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңыз.

Автобус бірде тез жүреді, бірде баяу жүреді.

А) Талғаулы салалас құрмалас сөйлем.

В) Іліктес салалас құрмалас сөйлем.

С) Кезектес салалас құрмалас сөйлем.

D)Сабақтас құрмалас сөйлем.

Е) Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем.



6. Себеп бағыныңқы сабақтас кұрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

А) Бұл түн менің ең соңғы көрген дүнием болғандықтан, көп нәрселер әлі көз алдымда тұрады.

В) Өзеннің суы тайыз болғанмен, жағасы тік.

С) Біресе жаңбыр жауып, біресе қар жауады.

D) Жақыпбек ойлардан серпілгісі келіп, романның бірін алып оқуға кірісті.

Е) Шай жиналысмен, қонақтарды Мырзаш шақырып әкетті.



7. Үтір мен леп белгісінің қойылу себебін белгілеңіз. Ойпырмай, күннің суығын-ай!

А) Еліктеуіш сөз

В) Қыстырма сөз

С) Одағай сөз

D) Оқшау сөз

Е) Қаратпа сөз



8. Ойдың кімнен шыққанын білдіретін қыстырма сөзді анықтаңыз.

А) Қорыта айтқанда

В) Бақытына қарай

С) Оның пікірінше

D) Екіншіден

Е) Мүмкін



9. «Көзі ашық» сөзінің антонимін көрсетіңіз.

А) Елгезек

В) Білімді

С) Оқыған

D) Аңқау

Е) Надан


10. Одағайдың білдіретін мағынасын анықтаңыз.

Әттең, бүгін кешікпей келгеніңде үлгіретін едің!

А) бұйыру

В) жекіру

С) таңдану

D) шаттану

Е) өкіну


11. Еліктеу сөздің сөйлемдегі қызметін белгілеңіз.

Ыза мен ашу қысып, қалш-қалш етеді.

А) пысықтауыш

В) анықтауыш

С) баяндауыш

D) толықтауыш

Е) бастауыш



12. Үтірдің қойылу себебі, дұрысын белгілеңіз.

Мүмкін, келіп қалар.

А) еліктеу

В) одағай

С) қаратпа

D) қыстырма

Е) шылау


13. Тыныс белгісі дұрыс қойылғаң орынды көрсетіңіз.

А) «Сөйлемді сауатты кұрастырған жөн», - деді мұғалім.

В) «Сөйлемді сауатты, кұрастырған жөн» - деді мұғалім.

С) «Сөйлемді сауатты кұрастырған жөн» - деді мұғалім.

D) Сөйлемді сауатты: кұрастырған жөн, - деді мұғалім!

Е) Сөйлемді сауатты; кұрастырған жөн - деді мұғалім.



14. Мына сөйлемге қай шылау лайық , көрсетіңіз.

Кейбір өсімдіктердің өзінен сүт бөліп шығаратыны ертеден- ... белгілі.

А) –ді

В) –мыс


С) –ақ

D) –ай


Е) –ау

15. Таңдану одағайын көрсетіңіз.

А) Апырай

В) Әттеген-ай

С) Уһ


D) Қап

Е) Кәні


16. Қазақ хандығының құрылғанына неше жыл болды?

А) 200 жыл

B) 400 жыл

С) 350 жыл

D) 550 жыл

Е) 700 жыл



17. «Екінші Мекке» деп атанған қаланы анықтаңыз.

А) Түркістан

В) Шымкент

С) Қызылорда

D) Семей

Е) Тараз


18. Ұлттық валютамыз айналымға енгізілген жылды белгілеңіз.

А) 1991 жылы 16 желтоқсан

В) 1990 жылы 25 қазан

С) 1992 жылы 4 маусым

D) 1993 жылы 15 қараша

Е) 1995 жылы 30 тамыз



19. «Тілашар» тойы қашан өткізілетінін белгілеңіз.

А) Балабақшаға барғанда

В) Бала мектепке барғанда

С) Бала енді жүре бастағанда

D) Жоғары оқу орнына түскенде

Е) Мектеп бітіргенде



20. Қазақстанның солтүстігінде орналасқан қалаларды көрсетіңіз.

А) Атырау, Орал

В) Көкшетау, Қостанай

С) Маңғыстау, Ақтөбе

D) Алматы, Қызылорда

Е) Шымкент, Жамбыл



Жазылым (эссе)

11-cынып


  1. Салт-дәстүрлердің пайдасы неде ?

  2. Халықтар достығы дегеніміз не?

  3. Ұялы телефон қолданудың жағымды және жағымсыз жақтары



Жауап парағын толтыру


Тыңдалым

1-2 тапсырма

1




1




2




2




3




3




4




4




5




5




6




6




7




7




8




8




9




9




10




10




Лексика-грамматикалық тест

1




11




2




12




3




13




4




14




5




15




6




16




7




17




8




18




9




19




10




20





Оқылым


1-тапсырма

1басы

Г

2




3




4




5




6




7




8




9




10




2-тапсырма

11




12




13




14




15




3-тапсырма

16




17




18




19




20








Достарыңызбен бөлісу:

Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
бойынша жиынты
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
білім беретін
жалпы конкурс
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
дістемелік сыныстар
идаларын бекіту
Республикасы кіметіні
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мерзімді жоспар
білім беруді
дістемелік материалдар
жалпы білім
ауданы кіміні
мектепке дейінгі
конкурс туралы
облысы бойынша
рметті студент
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
мелетке толма
директоры бдиев

Loading...