Тесты 1-го рубежного контроля для интернов воп



Дата11.06.2022
өлшемі25.14 Kb.
#268006
түріТесты
Байланысты:
Псих 50
Азықтық заттардан улануы (1), GASTROENTEROLOGIYA, кейс7

Тесты 1-го рубежного контроля для интернов ВОП (сентябрь 2020 г.)
Казахское отделение

1
*!Берілген әдістердің әсіресе қайсысы науқастың психикалық жағдайын бағалауға жатады?

*экспериментальды-психологиялық
*клиникалық-психопатологиялық
*электроэнцефалографиялық
*клиникалық-амнестикалық
*электрофизиологиялық

2
*!Клиникалық-психопатологиялық зерттеу әдісінің негізгі мақсатына сәйкес ЕҢ ЫҚТИМАЛ жауапты белгіле?

*сұрастыру жолы және психикалық бұзылыстарын бақылау
*науқас мінезінің патологиялық белгісін анықтау
*параклиникалық зерттеу нәтижелеріне баға беру
*науқасты оның жалған сенімінен айыру
*науқастың жүріс тұрысын бақылау

3
*!Берілгендердің қайсысы соттық-психиатриялық сараптама тағайындалуыны негіз болып табылады?

*емдік мекеме администрациясының өтініші
*дәрігерлік кеңес комиссиясының қорытындысы
*соттық-тергеу органдарының қаулысы
*сарапталушы туыстарының өтініші
*медико-социалды комиссия қорытындысы

4
*!Берілген сұрақтардың қайсысы соттық -психиатриялық сараптама өндірілуі кезінде шешіледі?

*еңбекке қабілеттілігі туралы
*әскери қызметке жарамдылығы туралы
*кәсіби жарамдылығы туралы
*еркінен тыс госпитализациялау
*қылмыс ісіне жауаптылығы немесе жауапсыздығы
5
*!Берілгендердің қайсысы еркінен тыс психиатриялық стационарға госпитализациялауға негіз болып табылады?

*көршілерінің өтініші


*жұмыс берушілерінің өтініші
*психиатр дәрігер қорытындысы
*құқық қорғау органдарының рапорты
*жалпы тәжірибелік дәрігерлер консилиумының қорытындысы

6
*!Берілгендердің қайсысы психиатриялық бұзылысы бар тұлғаларды еңбекке қабілеттілігін шектеуге әсіресе негіз болып табылады?

*сот шешімі
*медико-социалды сараптама комиссиясының қорытындысы
*медико-педагогикалық сараптама комиссиясының қорытындысы
*соттық психиатриялық комиссияның қорытындысы
*психиатриялық мекеменің дәрігерлік-кеңестік комиссиясының
қорытындысы

7
*!Берілген комиссияның қайсысы азаматтың құқық бұзушылығына қатысты қылмыс- іс жасалуына жауаптылық сұрағын шешеді?

*әскери дәрігерлік
*медико-социалды
*соттық психологиялық
*соттық психиатриялық
*дәрігерлік кеңестік

8
*!Берілгендердің қайсысы ҚР «Қоғам денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі» Кодексіне сәйкес сот шешімінсіз азаматты уақытша психиатриялық стационарға госпитализациялауға көрсеткіш болып табылады?

*ауыр қылмыс жасау
*діни сектаның қызметіне қатысу
*алкогольдік мастану кезіндегі агрессивтілік
*психикалық бұзылыс нәтижесіндегі дәрменсіздік
*бірге қызмет етушілер өтінішімен психикалық бұзылысқа күдік

9
*! Берілген шарттардың қайсысында құқық бұзушылық жасаған және іс-қылмысына жауапсыз деп шешілген психикалық науқастарға уақытша медициналық сипаттағы шаралар жасалынады?

*бас бостандығынан айыратын жердегі психиатриялық стационар
*амбулаторлық қарау және психиатрда емделу
*бас бостандығынан айыратын жердегі медсанчасть
*күндізгі стационар
*үйдегі стационар

10
*!Төменде берілген қызметтік тұлғалардың қайсысы азаматты психиатриялық стационарға жатқызуға шешімді ӘСІРЕСЕ шығарады?

*сот
*прокурор
*психиатр дәрігер
*жедел жәрдемнің терапевт дәрігері
*емдеу мекемесінің директоры

11
*!Әйел адам 30 жаста, әлем алыстап, оны көру трубасынан қарағандай ерекше түсініксіз сезімді сезінеді. Қандай психикалық бұзылыс әсіресе сәйкес келеді?

*парейдолиялық иллюзия
*шынайы галлюцинация
*псевдогаллюцинация
*сенестопатия
*дереализация

12
*!Берілгендердің қайсысы «порропсия» түсінігін сипаттайды?

*аяқ-қолдың ұзаруы
*аяқ-қолдың қысқаруы
*дене өлшемінің ұлғаюы
*айналадағы заттардың алыстауы
*заттардың өз өсінің айналуында

13
*!Ер адам 26 жаста, бөлмесіндегі қабырғаға ілінген кілемдегі ою-өрнектерінен әр түрлі құбыжықтарды көреді. Қандай психикалық бұзылыс анағұрлым сәйкес келеді?


*рефлекторлы галлюцинация
*психосенсорлы бұзылыстар
*парейдолиялық иллюзия
*көру галлюцинациясы
*жалған галлюцинация

14
*!Берілген симптомдардың қайсысы ойлаудың байланыссыздығына сәйкес келеді?

*элементарлы сөз мағынасының бір-бірімен байланыспауы
*грамматикалық құрылым сақталады
*түсініктердің логикалық байланысы сақталады
*ассоциацивті қызметтің интегрирленуі
*ойлау процесінің баяулауы

15
*!Берілген симптомдардың қайсысына ойлаудың байланыссыздығына сәйкес келеді?

*Кандинский-Клерамбо синдромы
*психоорганикалық синдром
*делириозды синдром
*аментивті синдром
*Корсаков синдромы

16
*!Берілгендердің қайсысы ойдың ағымын сипаттайды?

*ойлау үзілісі
*беткей ассоциация
*мақсатсыз ойлау
*еріктен тыс ассоциация ағымы
*түсініктің мағыналық байлынысының болмауы

17
*!Берілген симптомдардың қайсысы идеаторлы автматизмдер кезіндегі ойлаудың ерекшеліктеріне жатады?

*науқастың ойын біреу «басқаратына» күдіктену
*естің күңгірттену кезіндегі ойдың жоғалуы
*қозғалу актісінің зорлық күшпен істелінуі
*ойлаудың байымдылығы, тұтқырлығы
*сөйлеу стереопитерінің пайда болуы

18
*!Төменде берілген автоматизмдердің қайсысына ой ағымы тән?

*сенестопатиялық
*амбулаторлы
*идеаторлы
*моторлы
*сенсорлы

19
*!35 жастағы ер адам, мафия соңына түскеніне, олар оның «миынан дарынды ойлап тапқан жаңалығын (изобретение) тартып алғысы келетініне» сенімді. Ол ойлап тапқан «магнитпен қарсылас әскерге барлық спутниктерді тоқтатуға» болатыны жайлы жаңалық ашпақшы. Ол өзіне қарсы мафияның келісіп жатқанын естиді.


Қандай синдромға сәйкес келеді?

*Кандинский –Клерамбо


*депрессивті сандырақ
*кататониялық
*паранойяльді
*Корсаков

20
*!78 жастағы ер адам бас-миы қантамырының атеросклерозымен ауырады. Бөлімшеде тұйық және күмәншіл. Оны біреу «соңына түсіп,уландыруға және дүние-мүлкін тартып алғысы келетініне» сенімді. Науқастармен қарым-қатынасы жоқ, себебі бөлімшеге жіберілген «арнайы адамдардың бар екенін» және олардың өзіне бағытталған «қауіп төндіру әңгімесін естігенін» айтады. Науқастар «бір-бірімен келісіп», ол кірген кезде сөйлемей тоқтап қалатынын «көреді». Олар оған «қастандық жасамай жатып» өзін тез шығаруын өтінеді. Қандай сандырақ синдромына сәйкес келеді?

*Корсаков
*парафренді
*параноидты
*паранойяльді
*Кандинский –Клерамбо

21
*!Төменде берілгендердің қайсысы «мутизм» түсінігіне сәйкес келеді?

*қалыпты қызметі сақталған сөйлеудің болмауы
*сөйлеудің қысқаруы, сөздік қордың кедейленуі
*сөйлеу ырғақтылығы мен қарқындылығының бұзылысы
*сөйлеу артикуляциясының бұзылысы
*дауысын жоғалтуы

22
*!Төменде көрсетілген қайсысы сөйлеу стереотипіне ӘСІРЕСЕ тән?

*еріктен тыс ағымдағы ассоциация
*сөздің дыбысталуымен ұқсастығы
*сөйлеу кезінде символдарды қолдану
*сөйлеу ырғақтылығы мен қарқындылығының бұзылуы
*мағынасыз данышпандану

23
*!42 жастағы ер адам көміртегі тотығымен (угарный газ) уланған соң фиксациялық және ретроградты амнезия түрінде есте сақтау бұзылысы бақыланды. Жадыдан түсіп қалған оқиғаларды науқас шын мәнінде болмаған оқиғалармен толықтырады. Сонымен қатар, әңгіме барсында науқас болған оқиғаның уақыты мен орнын қате есіне түсіріп айтады.


Аталған синдромдардың қайсысы ӘСІРЕСЕ сәйкес келеді?

*Котар
*Ганзер


*Фреголи
*Корсаков
*Кандинский-Клерамбо

24
*!Төменде көрсетілгендердің қайсысы конфабуляцияға ӘСІРЕСЕ тән?

*өткен оқиғаларға есте сақтаудың жоғарылауы
*өткен оқиғаларға есте сақтаудың төмендеуі
*өткен оқиғаларды қазіргі уақытқа көшіру
*фантастикалық сипатта жалған еске түсіру
*ақпаратты жаңғыртуыдың кенеттен бұзылысы

25
*!Берілгендердің қайсысы органикалық аурулармен шақырылған, жүре пайда болатын ақыл кемістігіне ӘСІРЕСЕ тән?

*деменция
*олигофрения
*псевдодеменция
*Корсаков психозы
*прогрессивті паралич

26
*!Берілгендердің қайсысы ақыл-естің кемістігіне тән?

*органикалық церебральді аурулармен шақырылған, жүре пайда болған ақыл кемістігі
*педагогикалық қарай алмаушылықтың себебінен психикалық дамуыдң кідіруі
*қазіргі болып жатқан оқиғаларды есте сақтау қабілетінің бірден әлсіреуі немесе болмауы
*психикалық денсаулыққа байланыссыз психикалық дамудың артта қалуы
*туа пайда болған немесе жүре пайда болған өмірінің алғашқы жылдарында болатын ақыл кемістігі

27
*!Берілгендердің қайсысы тұқым қуалайтын, туа пайда болған немесе ерте жүре пайда болған ақыл кемістігіне ӘСІРЕСЕ тән?


*шизофрения
*парафрения
*гипофрения
*гебифрения
*олгиофрения

28
*!Берілгендердің қайсысы уақытта үдемейтін интеллектуальді бұызылыстардың сипаты болып табылады?

*псевдодеменция
*қантамырлық деменция
*парциальді ақыл кемістігі
*ақыл-ой кемістігі
*психикалық даму кідірісі

29
*!Берілгендердің ӘСІРЕСЕ қайсысы Корсаков синромының құрамына кіруі мүмкін?

*амнестикалық дезориентировка
*прогрессирлеушы амнезия
*психоз кезіндегі амнезия
*антероградты амнезия
*ретроградты амнезия

30
*!Ер адам 45 жаста, ғылыми қызметкер. Себепсіз кенеттен мінезі өзгерді, жұмыс істеуі қиындаған, ештеңемен айналысқан жоқ. Үнемі көтеріңкі көңіл-күйлі, қалжыңдар, бала-шаға және бөтен адамдардан қысылмай, өзінің сексуальды қабілеттерін қысылмай, демонстративті түрде айтады. Өзін аурумын деп санамайды.


Берілген бұзылыстардың қайсысы дұрыс?

*концентрленген ақыл кемістігі


*катотониялық қозу
*тотальды ақыл кемістігі
*лакунарлы ақыл кемістігі
*псевдодеменция

31
*!18 жастағы жас жігіт, қозған, күле береді, көп сөйлейді, әңгіме барысында басқа тақырыпқа тез ауытқиды, айналасындағыларға көп кеңес береді, өз көмегін ұсынады, үнемі аштық сезімін сезінеді, гиперсексуальді.


Берілген сиптомдардың қайсысы ӘСІРЕСЕ болуы мүмкін?

*маниакальді


*гебефрениялық
*псевдодементті
*психопаттәрізді
*сана бұзылысы

32
*!Төмендегі берілген эмоционалды бұзылыстардың қайсысы дисфориялық синдромға тән?

*эйфория, ақымақтық
*қорқыныш, болашаққа деген уайым
*уайымды-ызалы көңіл-күй
*сәл көтеріңкі- алаңсыздық көңіл-күй (благодушно- беспечное настроение)
*религиозды-экстатикалық жағдай

33
*!Ер адам, 36 жаста. 2 жыл көлемінде 12 елі ішектің жарасымен ауырады. Осы ауруға байланысты екінші топтағы мүгедек. Мінезі бойынша үрейлі, тұйық. Қазіргі уақытты соматикалық ауруы асқынған, өз ауруына фиксацияланған, жазылмайтын ауру деп санайды. Көңіл-күйі төмен, тамақтан бас тартады, бөлімшеде ешкіммен араласпайды. Суицидалды ойлар туралы айтады. Өз жағдайына баға бере алмайды.


Төмендегі синдромдардың қайсысына аса сәйкес?

*депрессивті-ипохондриялық


*галлюцинаторлы-параноидты
*обсессивті-фобиялық
*апато-абулиялық
*паранойяльды

34
*!Ер адам, 30 жаста, даусы қарлыққанша көп сойлейді, кез-келген науқастармен сөйлесуге тырысады, бірақ аяғына дейін тындамай, басқа адамға әуестеніп, өлең айта бастайды. Еденді жуғалы жатқан санитар қызметкерін көріп, оған көмектесуге ұмтылады, бірақ бастаған жұмысын тастап, шахмат ойнап жатқан науқастарға ақыл айта бастайды. Ол шаршамайды, жаңылтпаштап сөйлейді, көңілі көтеріңкі.


Төмендегі синдромдардың қайсысына тән?

*психопат тәрізі


*галлюцинаторлы
*кататониялық
*маниакальды
*сандырақтық

35
*!21 жастағы қыз, көшеге мүлдем шықпайтын болған, ЖОО тастап кеткен. Таңертеңгілік өзінің көңіл-күйі нашар, ешкіммен араласпайды, сөйлеспейді, төсегінен кешкісін ғана тұрады. Өзін еш нәрсе қуантпайтындығын, айналадағысының барлығын түнерген түсте қабылдайды, кейде өмір сүргісі келмейтіні туралы ойлар келеді.


Төмендегі синдромдардың қайсысына тән?

*апатиялық депрессия


*ипохондриялық депрессия
*апато-абулиялық синдром
*астено-невротикалық синдром
*депрессивті-сандырақтық синдром

36
*!17 жастағы жасөспірімде тырысулы ұстама дамыды. Ұстамалар бірінің соңынан бірі әртүрлі ұзақтықпен болды. Ұстама арасында науқас есін жинаған жоқ.


Төмендегі берілген психикалық бұзылыстардың қайсысына тән?

*ұстаманың жиілеуі


*коматозды жағдай
*эпилептикалық статус
*эпилепсиялық ұстама
*ес бұзылысы синдромы

37
*!Ер адам, 30 жаста, кезеңдік түрде түнгі уақытта кенеттен пайда болатын ұстама, ұстама кезінде бірден айқайлайды, сосын тонико-клоникалық тырысу байқалады. Осы кезеңде сыртқы ортаға мән бермейді. 2-3 минуттан кейін есін жинайды. Болған жайттар есінде жоқ.


Төмендегі берілген психикалық бұзылыстардың қайсысына тән?

*абсанс
*кіші ұстама


*моторлы автоматизм
*фокальды ұстама
*үлкен тырысулық ұстама

38
*!19 жастағы жасөспірімде қимыл-әрекеттің, сөздердің оғаштығымен, ақымақтықпен сипатталатын қозу байқалды. Ол гримасалар жасайды, келемеждейді, билейді, оғаш сөздер мен фразаларды айтады. Бірақ оның көңілділігі, қисаңдауы және қалжыңдары айналадағыларға берілмейді.


Психомоторлық қозудың қай түріне тән?

*маниакальды


*кататониялық
*психопатиялық
*гебефрениялық
*психапат тәрізді

39
*!Қыз бала 19 жаста, күйеуімен жанжалдан кейін, туысқандарының алдында төсекке құлады, көзін алартты. Біраз уақыт өткеннен кейін қолында тоникалық ұстама байқалды, ұстама 5 минутқа созылды және ол тіл тістеуінсіз, бүкіл денеге таралатын клоникалық ұстамаға ауысты. Ұстама кезінде ол ыңырсыды, жанжалға қатысты бір жеке сөздерді айтып қайталады. Барлық ұстама жарты сағатқа созылды.


Төмендегі бұзылыстардың қайсысы әсіресе тән?

*генерализацияланған тырысулық ұстама


*«самайлық эпилепсия» ұстамасы
*джексондық ұстама
*истериялық ұстама
*абсанс

40
*!Ер адам, 27 жаста, бас-ми жарақаты бойынша ем алуда. Стационардағы 3-ші күні кешкісін психикалық бұзылыстар байқалды. Үрейлі, алаңдаулы, ұйқысы бұзылған. Айналасындағыларды қате қабылдайды, қызметкерлерге, медициналық іс-шараларға күдікпен қарайды. Кейіннен уақыт пен орын бағдары бұзылды. Қозғыш, іш пыстырарлық, барлық уақытта бір нәрсені іздейді, қолымен ауаны ұстағандай болады.


Психомоторлық қозудың қай түріне тән?

*галлюцинаторлы


*кататониялық
*делириозды
*реактивті
*аментивті

41
*!Әйел адам 32 жаста, баспашы, жұмыс үстінде жазуын кенеттен тоқтатып, орнынан тұрып, өз киімдерін шеше бастады. Ескертуге мән бермеді. 2 минуттан соң өз-өзіне келді, үстіндегі киімінің шешілгенін көріп, таң қалды.


Төменде келтірілген психикалық бұзылыстардың қайсысы ең мүмкін?

*психикалық автоматизм


*джексондық ұстамада
*психосенсорлы ұстама
*амбулаторлы автоматизм
*үлкен эпилептикалық ұстама

42
*!Жас жігіт, 20 жаста, кенеттен бозарып, құлап қалды, біртүрлі созылды, тынысы тоқтап қалды, бет бұлшық етінің және бүкіл денесінің ұстамалық тырысуы басталды. 2 -3 минуттан кейін есін жинап не болғанын білмеді. Одан кейінгі 2-3 сағат ішінде солғын, ұйқышыл болды.


Диагноз қою үшін төменде келтірілген тексеру әдістерінің қайсысы ең мүмкін?

*эхоэнцефалография


*пневмоэнцефалография
*электроэнцефалография
*компьютерлік томография
*магнитты резонансты томография

43
*!47 жастағы ер адам, иіс газымен уланғаннан кейін көңілі көтеріліп, көп сөйлеп, сосын үрейге ауысып, қорқа бастады. Ұйқысы беткей, көп қорқынышты түс көреді, түн ішінде шошынып оянады. Сосын үрейлі болып, айналасын иллюзорлы қабылдайды. Психикасының бұзылысының ең жоғарғы сатысында галюцинаторлы образ көбейе бастады, оның ішінде өзі де бар.


Келтіріген бұзылыстардың қайсысы ең ықтимал?

*деперсонализациялық синдром


*сана қарауытуы
*дереализация синдромы
*сандық синдромы
*метаморфопсия

44
*!Инфаркт миокардымен ауыратын науқастың психикалық жағдайы өзгерді. Науқас төсек маңында қозған, қолдарымен төсекті ақтарады, айналасындағылардан бөлектенген. Көзқарасы мағынасыз, контактіге түспейді, уақыт, орын, жеке түлғалық бағдары бұзылған.


Келтірілген сана бұзылысының қайсысы ең ықтимал?

*делирий


*аменция
*онейроид
*есеңгіреу
*обнубиляция

45
*!18 жастағы солдат жауынгерлік кезекте тұрып, кенеттен қолындағы қаруын лақтырып тастап өзінің киімін шеше бастады. Айтқан ескертуге назар аудармады. 3 минуттан кейін есін жиып, шешінген киімін көріп таң қалды.


Келтірілген синдромдардың қайсысы ең ықтимал.

*онейроидты синдром


*психикалық автоматизм
*аффективты бұзылыс
*императивты галлюцинациялар
*сананың қарауыту бұзылуы

46
*!16 жастағы жасөспірім, крупозды пневмониямен ауыру кезінде соматикалық жағдайы әлсіреген, тері жабындысы бозарған, температурасы 37,4 С. Өкпенің оң жағында құрғақ және ылғалды сырыл бар. Рентгенограммада оң жағында пневмонияның қалдық көріністері бар. Отырған орны және уақыт бағдары бұзылған, өзінің атын дұрыс айтады. Жан-жағына үреймен қарайды.''Тышқан, мысық, жәндіктерді'' көретінін айтады, үстінен бірдеңкені қағады.


Келтірілген бұзылыстардың қайсысы ең ықтимал?

*интоксикациялық психоз, галлюцинаторлы синдром


*интоксикациялық психоз, параноидты синдром
*сананың делириозды күңгірттенуі
*сананың аментивті күңгірттенуі
*жедел реактивті қозу

47
*!70 жастағы әйел, пневмонияға байланысты терапия бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр, төсектен тұрмайды, үнемі басын, аяқтарын қозғалтады, төсенішті қолымен сілкілейді. Кейбір кезде жылайды, күледі, сөзі байланыссыз, бөлек-бөлек сөздер айтады. Кешке жақын тынышсыздығы ұлғаяды, қорқады.


Келтірілген бұзылыстардың қайсысы ең ықтимал?

*сананың делириозды күңгірттенуі


*сананың қарауытуы
*сананың аментивті күңгірттенуі
*Корсаков психозы
*реактивті психозда

48
*!17 жастағы қыз, температурасы жоғары, тұмауланған, қараған кезде тынышсыз, үрейлі, мазасыз, назары тұрақсыз. Қайда екенін білмейді, қоршаған ортадағы бағдары бұзылған.Төсектен жиі атып тұрады, жастық астынан бірдеңе іздейді, төсек астын қарайды, қабырғаны қолмен сипалайды, көрінген жәндіктерді ұстап алғысы келеді. Кейбір кезде шошып аларып қарайды, өзімен-өзі сөйлеседі.


Келтірілген бұзылыстардың қайсысы ең ықтимал?

*галлюцинаторлы


*делириозды
*параноидты
*онейроидты
*аментивті

49
*!37 жастағы ер адам ұрсысу нәтижесінде белсенді қимыл-қозғалысымен, вазо-вегетативті көрінісімен, сананың тарылуымен және қарауытуымен көрінетін жүріс-тұрысының орындылығының жоғалуымен, сол кезде автоматтандырылған әлеуметтік қауіпті іс-әрекеттерімен көрінетін эмоционалды реакция дамыды.


Келтірілген бұзылыстардың қайсысы ең ықтимал?

*сананаң истериялық тарылуы


*сананың аментивті тарылуы
*сананың делириозды тарылуы
*сананың күңгірттенуі
*сананың дисфориялық күңгірттенуі

50
*!42 жастағы науқас, өзін-өзі өлтірмек болып, күшті әсер ететін дәрілер ішіп, 2 күн кома жағдайында болды. Төсекте жатып қоршаған ортадан бөлектенген, сұрақтарға жауап бермейді, тынышсыз, үнемі байланыссыз күбірлеп сойлейді, төсегін қолымен ақтарады. Осы жағдайдан шыққан соң есінде ештеңе қалмаған. 2 апта бойы әлсіз, солғын, адинамия, есінде ештеңе сақтай алмайды.


Келтірілген бұзылыстардың қайсысы ең ықтимал?

*амнестикалық


*кататониялық
*делириозды
*аментивті
*онейроидты

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы