Тәрбиенің негізгі бағыттары.
Патриотизм және
азаматтық
тәрбие,құқықтық тәрбие
|
Рухани-адамгершілік тәрбие
|
Дене
тәрбиесі,салауатты
өмір салты
|
Ұлттық тәрбие
|
Зияткерлік
тәрбие,Ақпараттық
мәдениет тәрбиесі
|
Отбасы тәрбиесі
|
Көпмәдениетті және
көркем-эстетикалық
тәрбие
|
Еңбек экономикалық
және экологиялық тәрбие
|
Тұтас педагогикалық үдерістегі тәрбие әдістері, формалары, құралары.
Тәрбие әдістеріне түсінік
Педагогикалық процестегі тәрбиенің қозғаушы күші ретінде формалар мен әдістердің сыныпта және сыныптан тыс уақытта қолданылуына байланысты өз ерекшеліктері бар.
Тәрбие әдістері, әсіресе ынталандыру әдістері, сыныптан тыс жұмыспен қоса оқу-танымдық іс-әрекетті үйымдастыруда да кеңінен қолданылады (әртүрлі мадақтаулар, жарыстар). Олар оқушылардың танымдық тілек-қалаулары мен қажеттіліктерінің дамуына әсер етеді. Тәрбие әдістері мен тәсілдері әрдайым бірін-бірі алмастырып отырады: кей жағдайларда әдіс тәсілге айналады.
Тәрбие әдістері дегеніміз, тәрбие мақсатына және нәтиже алуға жетуге байланысы қолданылатын тәсілдер. Мақсатқа әртүрлі жолмен жетуге болады. Тәрбиенің нәтижелілігі таңдаған әдіске тікелей байланысты. Тәрбие әдістері жалпы түрде қарастырылады. Өйткені, барлық адамдармен (оқушылармен, студенттермен, үлкендермен т.б.) тәрбие жұмысы жүргізіледі; барлық бағыттағы (адамгершілік, дене, еңбек, ақыл-ой т.б.)тәрбие мәселелерін шешуге қолданылады; бірнеше міндеттерді іске асыруда пайдаланылады.
Тәжірибеде қолданып жүрген тәрбие әдістерінің:
сендіру;
жаттықтыру;
мадақтау;
жазалау;
үлгі көрсету түрлері әдістерді классификациялаудың базалық негізі бола алады.
Сендіру әдісінің негізгі қаруы – сөз, ақпараттандыру, адам санасына әсер ету.
Жаттықтыру әдісі – іс-әрекеттің көп рет қайталану арқылы, қалыпты әдеп қалыптастыру.
Мадақтау әдісі- жағымды іс-әрекетін бағалау арқылы, жеке адамды белсендендіру. Ол, мақтау, сый көрсету, жақтау, алғыс білдіру сипатта іске асырылады.
Жазалау әдісі- адамның қатесін түсіндіруге, жауапкершілігін арттыруға бағытталады. Қоғам талабын орындау керектігін үйретеді. Әрине жазалау әдісіне педагогикалық тұрғыдан денеге зақым келтіру, яғни ұрып-соғу, балағаттау жатпайды.
Үлгі көрсету- сөзбен істің бірлігі. Адам тек сөзімен ғана емес, ісімен тәрбиеленушіге үлгі-өнеге көрсетуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |