Сергіту сәті: молекула ойыны
Болашақта дұрыс жолда жүру үшін сендерге сұрақтар қойсам.
1-Мұсылман дінінің негізін салған кім?
Мұхаммед пайғамбар. Ұлты араб. Меккеде туған. Мұхаммед ойдан шығарылған емес, тарихи тұлға. Оны тарихта Мұхаммед пайғамбар деп те атайды.
2- Ислам дінін ұстанатын адамдарды кім деп атайды
мұсылман деп атайды.
3 - Мұсылман дінін ұстанатындардың негізгі қасиетті күні
жұма.
4 - Ораза ұстаған адамда қаңдай өзгерістер болады
өзін - өзі тәртіпке шақырып, жаман істерден тыйылады. Мұсылмандыққа жат қылықтардан - өтірік, өсек айту, дау - жанжалдан, біреу туралы жаман ойлардан, дауыс көтеріп ұрысудан аулақ болуға тырысады. Адамдарға кешірімді болуға, мейірімді болуға, басқа ораза ұстаушыларға қамқорлық көрсетуге ниет етеді.
5 -Мұсылмандардың қасиетті үйі
– мешіт. Мешіт - өтірік айтылмайтын, ақиқат пен шындық жолын тұтынған ең таза пәк жер.
6 -Мұсылман дінінің қасиетті кітабы
- Құран. Құранның сөзі құдайдың сөзі
4. Топтық жұмыс – жағдаят
«А» ТОБЫ. жағдаят
1-жағдаят
Жаңа жыл мерекесін бүкіл халық болып тойлаймыз. Бұл мерекеде сіз жылда әке-шешеңізді құттықтауға барасыз. Анаңыз үлкен дастархан жаяды. Дастарханға түрлі тағам түрлерін қояды. Анаңыздың дастарханын сипаттап беріңіз.
Қажетті сөздер: берекелі дастархан, дәмді, ұлттық тағамдар, сусындар, ерекше, мол, берекелі, пайдалы, сіңімді, ұнайды.
2-жағдаят
Сіз Астана қаласына көшкелі жатырсыз. Тез арада пәтеріңізді сату керек. Жергілікті газеттерге пәтерді сату туралы хабарландыру бердіңіз. Міне, үйге сатып алушылар да келді. Үйді қымбат бағаға және жиһазымен бірге сату керек. Іске сәт!
Қажетті сөздер: арзан, төрт бөлмелі, кең, жарық, үшінші қабатта, жанында, маңында, сауда орындары, балалар алаңы, көршілер, жаңа.
«Б» ТОБЫ.Тапсырмасы: 1-жағдаят
Сіздің досыңыз қаланың шетінен жер үй сатып алды. Демалыс күні досыңыздың үйіне құттықтауға бардыңыз. Досыңыздың үйі сізге өте ұнады. Досыңыздың үйін сипаттап беріңізші.
Қажетті сөздер: аула, кең, үлкен, жарық, гүлдер, бау-бақша, монша, алтыбақан, құм, құдық т.б.
2-жағдаят
Сіз Астана қаласына іссапармен келдіңіз. Сізге «Бәйтерек» қонақүйіне орналасу керек. Төмендегі қажетті сөздерді пайдаланып сұхбат құрыңыз.
Қажетті сөздер: құжат, кілт, қонақүйге орналасу, бөлме, төлем, таңғы ас, теледидар, ғаламтор қызметі, төсек-орын, қызмет түрлері, жаттығу залы.
6. Рефлексия. «Даму шкаласы»
Жазбаның жанында 1-ден 10-ға дейінгі шкала бойынша идеалды нәтижеге қатысты қазір қай жерде екеніңізді белгілеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |