Тәрбие жеке тұлғаның іс-әрекеті мен қарым-қатынасынан көрінетін, тұрақты жеке-дара белгілердің жиынтығы. Мінез-құлық адам темпераменті мен тәрбие жағдайларының өзара әрекеттерінің нәтижесі болып табылады



бет3/3
Дата19.01.2023
өлшемі0.66 Mb.
#417259
1   2   3
Байланысты:
Диплом Карсембаевой
ЗЖ 9МАРШРУТТАУШЫЛАР

Ата-аналар үшiн сауалнама:


  1. Сiздiң пiкiрiңiзше сiздiң қызыңызға /ұлыңызға/ қандай жағымды қасиеттер тән?

  2. Сiздiң қызыңызға /ұлыңызға/ қандай терiс қасиеттер тән?

  3. Сiз балаңызда қандай маңызды қасиеттердi тәрбиелеуге тырысасыз?

  4. Үйде балаңызға қандай да болмасын мiндет жүктелген бе?

  5. Ол оларды қалай орындайды?

  6. Сiздiң қызыңыз /ұлыңыз/ отбасының басқа мүшеклерiне қалай қарайды?

  7. Ол оларға қажет болған жағдайда көмек, қамқорлық көрсете ме?

  8. Сiздiң ұлыңыз /қызыңыз/ отбасылық мерекелерге белсендi қатыса ма?

  9. Осы жағдайларда ол қандай белсендiлiк көрсетедi?

  10. Сiздiң балаңыздың тәртiбiне қандай терiс әдеттер тән?

Ата-аналармен сұрақтарға қалай жауап беруi жөнiнде алдын-ала әңгiмелесу жүргiзiлдi. Педагогтар, мектеп психологы әр түрлi тәрбие жағдайларын шешу жөнiнде ата-аналарға қажет болған жағдайда ата-аналарға кеңес берiп отырды. «А» бақылаушы тобының балалары үшiн мектеп аясында ата-аналар жиналысы лекциялар, ата-аналық практикумдар, дискуссиялар өткiзiледi (Б Қосымша).
Қалыпты дамыған оқушылардың сыныптарына қарағанда бақылаушы топтарда ата-аналар жиналысы анағұрлым көп өткiзiлдi. Тақырыптық ата-аналар жиналысыынң мақсаттары – психикалық дамудағы кiдiрiстiң қалыптасуының этиопатогенездiк механизмдерiн анықтау, оқушыларды дамытуға бағытталған iс-шаралар кешенiмен танысу.
3-сыныптағы ата-аналар жиналысының және отырыстардың тақырыптары:

  1. Психикалық дамуы тежелген балалардың қалыптасу ерекшеліктері.

  2. Алғашқы мектеп қиындықтарын шешу кезiнде балаға қалай көмектесу қажет.

  3. Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың тәртiп ерекшелiктерi.

  4. Оқушылардың жоғарғы жүйке қызметiнiң типтерiнiң негiзгi қасиеттерi /темпераменттер: холерик, сангвиник, флегматик, меланхолик.

  5. Тәрбие мақсаттары. Өз балаңызды қандай жағынан көргiңiз келедi.

  6. Ересектер мен баланың қарым –қатынасы қандай?

  7. Жас оқырманды тәрбиелеу /әдебиет және библиотерапия.

  8. Балада еңбекке деген дұрыс көзқарасты қалыптастыру

  9. ПДТ бар төменгi мектеп оқушыларының тәртiп бұзызушылығының себептерi және типтерi.

  10. ПДТ бар төменгi мектеп оқушыларының тәртiп бұзызушылығын түзетудiң әдiстерi.

  11. Жазалау қажет пе әлде жоқ па?

  12. Сiздiң балаңызға тәртiптiң қандай типi тән?

  13. Оқушының оқуға деген мотивациялық бағыттылығының сипати.

  14. Баладағы вербальды агрессияны алдын-алудың жолдары.

  15. Шиеленiстi алдын-алудың жолдары бар ма?

  16. Басқа адамдарды қалай түсiну қажет?

  17. Белсендi тыңдау техникасы (қалай болуы керек).

  18. Балаңыздың оқу үлгеріміне, тәртібіне қанағаттанасыз ба?

Кейбiр ата-аналармен қосымша әңгiмелер жүргiзуге тура келдi. Әл-ауқаты төмен отбасыларға анағұрлым көбiрек назар аудару керек болды. Әл-ауқаты төмен отбасылармен жұмыс барысында инспектор, ана мен баланы қорғау жөнiндегі инспектор, сынып және мектеп ата-аналар комитетiнiң өкiлдерi, тәртiп бұзушылығын алдын-алу жөнiндегi кеңестiң жұмыс тобының мүшелерi, мектеп психологы қатыстырылды (А Қосымша).
Түзетушi-тәрбие жұмысын дамыту және тәрбиелiлiк деңгейiн көтеру үшiн ата-аналарда мамандар туралы жақсы пiкiрi болғаны маңызды.
Оқушының тәртiбiн түзету жөнiнде кешендiк жұмыстар үшiн ата-анамен оқушының қарым-қатынасының, тәрбие мүмкiншiлiктерiнiң6 рухани құндылықтарының, дәстүрдiң, отбасының өмiр стилiн түсiнуге мүмкiндiк беретiн оқышының жанұясын зерттеу қажет болды. Бұл кезде психолого-педагогикалық қызметтiң дәстүрлi әдiстерi пайдаланылды: бақылау, әңгiмелесу, тестiлеу, сауалнама, iскерлiк ойындар, бала шығармашылығының материалдары, отбасына бару, отбасының әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайларын бақылау.
Оқушының отбасын зерттеуде келесi мәлiметтерге басты назар аударылды:
Ата-аналар, отбасының басқа мүшелерi туралы жалпы мәлiметтер: өмiр сүру жағдайлары, материалдық қамтамасыз етiлуi. мектеп шараларына деген қызығушылық.
Балалар туралы мәлiметтер: жасы, қызығушылықтары, тәртiптiң саналы жағымды үлгiсiнiң қалыптасуы.
Отбасының тәрбиелiк мүмкiншiлiктерi: отбасының педагогикалық мәдениетiнiң деңгейi, отбасылық дәстүрлердің сақталуы, отбасылық тәрбиенiң жағдайлары (жағымды, жағымсыз).
Зерттеу көрсеткендей, «А» тобының 3 оқушысы көп балалы отбасында тәрбиеленедi, 7 отбасы төмен өмiр сүру деңгейiне ие. Мектепте төмен қамтамасыз етiлген отбасы ретiнде есепке алынған. Жалпы оқыту қорынан әлеуметтiк көмек алады (ақысыз тамақтану, ақысыз оқулықтар, киiм, аяқ-киiм); 2 оқушы әл-ауқаты төмен деп аудандық iшкi iстер басқармасында тiркелген отбасыларында тәрбиеленедi (ата-анасы iшедi). 9 оқушы толық емес отбасыларында тәрбиеленедi, 3 отбасында анасы қайтадан некеге тұрған. 8 оқушы жағымды отбасылық жағдайда, ал 3 оқушы - отбасы тәрбиесiнiң қиын жағдайларында, 3 оқушы – отбасы тәрбиесiнiң жағымсыз жағдайларында тәрбиеленедi.
Оқушылардың бiрiншi оқу жылының басында мектеп психологымен тұлғаны психологиялық зерттеу өткiзiлдi. Осы зерттеулердiң нәтижелерi бойынша оқушы тәртiбiндегi ауытқуларды түзету жұмыстарының негiзгi бағыттары жөнiнде мектеп психологтарына ұсыныстар өткiзiлдi.
Бiрiншi оқу жылының 1 айында оқушыларға бақылау жүргiзiлдi және қозу мен тежеу процестерiнiң балансын, эмоцияны реттеу, өзiн-өзi бақылаудың, тәртiптiң тепе-теңдiгiн қамтамасыз ететiн аффективтi-ерiктiк механизмдердiң ерекшелiктерiн анықтау.
«А» тобының 5 оқушысы тәртiптiң тұрақты типi бар. 3 оқушы тәртiптiң қозу типiн, ал 2 бала тәртiптiң тежелген типiн иеленген.
Тәртiптiң тұрақты типiн иеленген балалармен сендiру, әңгiмелесу, ескерту айту сияқты әдiстер тиiмдi. Олар педагогтың ескертулерiне мән берiп, түзелуге тырысады, ескертуге дұрыс көзқараспен қарайды, өз кiнәсiн мойындайды. Бұндай балалар тәрбие процесi барысында қалыптасуға мiндеттi әрқашанда тұрақты жағымды дағдылар мен әдеттерге ие болмайды.
Тежелген тәртіптi иеленген балалар өз-өзiне сенiмсiздiкпен, жауапкершiлiксiзбен ерекшелендi. олар тез ренжейдi, кез келген себептен жылай салады, ескертулердi үлкен қиындықпен қабылдайды, тұйық болады, тез шаршайды. педагогтардың жұмысы балалардың араласу қабiлетiн дамытуға, құрбыларына деген енжар қатынасты жоюға көмектесу, ойынға қатыстыруға бағытталған болатын. Бұл балалар әрқашанда мақұлдауға және сәттiлiктерiн эмоционалды бағалауға зәру болады.
«А» тобының 3 оқушысы тез қозатын типтегi балаларға жатады. Олардың тәртiптерiнде тұрақты (жоғары) аффективтi қозу процесi, тежелгендiк, психикалық тұрақсыздық, реакциялар (жылау, тез қозғалу, ашу), агрессияға деген бейiмдiлiк (дене және сөз), шиеленiске бейiм, қарсылық көрсету, педагогпен қарым-қатынас жасаудан бас тарту. Бұндай балалардың аффективтi ауытқулары көп жағдайда бас ауруымен, температураның жоғарлауымен, шаршағандықпен аяқталады. Бұндай балаларда жалпыға мiндеттi, дұрыс тәртiп туралы нақты түсiнiктердi қалыптастыру үшiн оқу және оқудан тыс қызметте импульсивтi көрiнiстердi жеңiл түрде түзету қажет.
Бiрiншi оқу жылында экспериментальды топтың балаларының тәртiптерiнде 5 оқушыда гипербелсендi тәртiптер көрiнiс тапты. Ол тапсырманы аяғына дейiн iстей алмаудан, құрбыларымен ойнай алмау, басқа балалардың ойына мен iс-әрекетттерiне қайта-қайта араласудан тез байқалды. 4 баладағы демонстартивтi тәртiп себепсiз жылаудан, ойыншықтарды, мектеп құралдарын шашудан, еркелiктен көрiндi. Бiрақ бұл анда-санда болғандықтан, тұрақты сипатқа ие болып, шаршағандықтың, күштi және әрт түрлi әсерлермен бала жүйке жүйесiнiң тым қозған жағдайда болғандықтың нәтижесi болып табылды. Тәрбие түрiн өзгерту /еркелiк немесе ата-ананың тым қатаңдығы/ қажеттiлiгi жөнiнде ата-аналармен түсiндiрме жұмысы өткiзiлдi.
Бiрiншi оқу жылының соңына қарай балаларда демонстративтi тәртiптiң көрiнiстерi жойыла бастады.
Бiр балада қарсылықтық тәртiп қырсықтық түрiнде көрiнiс тапты, ол отбасында ажырасу кезеңiндегi ата-аналардың қарама-қайшылығының салдары болып табылды және ол осы үлгiнi оқу мен оқудан тыс қызметке ауыстырды. Баламен және ата-анасымен жеке жұмыс iстеу үшiн мектеп психологының көмегi қажет болды. Бiраз уақыттан кейiн ата-аналар ажырасып болғаннан кейiн балада осы типтiң көрiнiстерi байқалмады.
Ойыннан оқу әрекетiне ауысу сияқты педагогтың талабы бiрнеше балаларда «тәуелсiздiк үшiн крес» түрiнде қарсылық тәртiптiң көрiнiстерi байқалды, бiрақ олар iшiнара сипатқа ие болғандықтан, бiз даулы мәселелерге қатысты шешiмдердi дер кезiнде шешiп отырдық.
Бiздiң жұмыста анағұрлым қиын жағдай – балаларда агрессияның көрiнiс табуы. Агрессия тез қозатын, сондай-ақ салмақты балаларда да көрiнiсі табылды. Олар көбiне төбелескен жағдайда, заттарды лақтырғанда көрiнедi. Сондай-ақ балалар кiтаптар мен дәптерлердi жыртқан уақыттар да байқалды. Бiрақ кейбiр балалар вербальды агрессияға бейiм болып отырады. Агрессия ересектердiң тарапынан жеткiлiктi түрде көңiл аударылмағандықтан туындап отырды. 3 оқушыда агрессияның көрiнiсi көрiнiс табуы боевиктердi көргеннен болған едi. Олармен эмоционалдық сезiмдiлiктi көтеру жөнiнде жұмыс жүргiзiлдi. 2 балада агрессияның көрiнiс табуының себебi - материалдық жағдайы төмен отбасыларда тәрбиеленуi. Бұндай балалармен және ата-аналарымен мiнез-құлықтың жағымды үлгiсiн қалыптастыру жөнiнде жұмыс жүргiзiледi, бiрақ көп уақытты талап етедi. Адамдар арасында жылы қарым-қатынастардың болатындығын көрсету жөнiнде жұмыс жүргiзiледi. (әңгiмелердi оқу, ережелер бойынша ойын, ертегiлердi дайындау, сурет салу, әңгiмелесу және т.б.).
Оқытудың бiрiншi жылында бiр оқушыда инфантильдi мiнез-құлық байқалды. Бұндай бала оқу процесiнен ауытқып, ойынға ауып кететiн, дербес шешiм қабылдай алмайтын, iс-әрекет жасай алмайтын, өзiне әрқашанда анағұрлым көп назар аударуды талап етедi, құрбыларының ықпалына тез көнедi. Мұндай балалармен дербестiктi, өзiн-өзi бағалауды, жағымды әлеуметтiк мiнез-құлықты қалыптастыру жөнiнде жұмыс жүргiзiледi.
Бiр оқушыда ересектер мен құрбылардың барлық нұсқауларын мүлтiксiз орындауда көрiнiс тапқан конформды мiнез-құлық байқалды. Бұл оқушыға өзiне маңызды адамның ықпалымен өзiн-өзi бағаларын және құндылықтарын ауыстыру тән. Мұндай тәртiптiң себебi – баланы дербестiктен, еркiндiктен, таңдау еркiндiгiнен айыратын отбасындағы тәрбиенiң авторитарлы стилi. Бұл балада өз әрекеттерiне баға беру тәрбиеленiп, саналы өзiне деген сенiмдiлiк мақұлданды. Осы оқушының ата-анасымен баланы тәрбиелеу стилiн өзгерту жөнiнде жұмыс жүргiзiлдi.
Сыныптың оқушыларымен тәрбие жұмысының жалпы мектеп жоспары, мектеп психологының нұсқаулары, оқушылардың индивидуалды ерекшелiктерi, қабiлеттердiң даму деңгейi негiзiнде қалыптастырылған сыныптың тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес жүргiзiлдi. Оған мынадай бағыттағы iс-шаралар енгiзiлген болатын: тәрбие, сауықтыру, рухани-адамгершiлiк, танымдық-бiлiм беру, еңбектiк, мәдени, шығармашылық. Іс-шараларды өткiзу түрi әр түрлi: тақырыптық сынып сағаттары, тренинг элементтерi бар ойындар, ұжымдық шығармашылық iстер, экскурсиялар, театрға, көрмеге бару, индивидуалды және топтық жұмыс, әңгiме-диалогтар, рухани-адамгершiлiк тақарыптарға бағытталған әңгiмелердi оқу және талқылау, коммуникативтiк дағдыларды, сыпайылылықты дамытуға бағытталған ережелерi бар ойындар, оқушылардың өзiн-өзi бағалау қасиетiн дамыту жөнiнде iс-шаралар, сынып ұжымын қалыптастыру және балалардың әлеуметтенуi, ата-аналар үшiн кеңес беру және тренингтер.
Балалармен жұмыс iстеу барысында келесi факторлар ескерiлген болатын:

  1. ПДТ бар балалардағы эмоционалдық жетiлмегендiк араласудың эмоционалдығының үстiрттiгiне, балалардың араласу ситуативтi, тұрақсыз сипатқа әкеледi;

  2. психикалық процестердiң тежеусiзiдiгi импульсивтi тәртiп реакция тiзбегiне әкелiп соғады /айғай, төбелес, ұрыссу, т.б./;

  3. ПДТ бар балаларда өзi-өзiне баға беру, сын көзбен қарау қасиетi дамымаған, ал бұл оларды өз мүмкiншiлiктерiн асыра бағалауға әкелiп соғады. ПДТ бар бала қоршаған адамдардың бағасының мәнiн дұрыс түсiне алмайды, сондықтан өз тәртiбiн реттемейдi;

  4. ПДТ бар балалар тұрақсыз, сол себептi олардың iс-әрекеттерi ретсiз, бiр iздiлiксiз, шиеленiстi;

  5. ПДТ бар балалар өзiн-өзi түзету әдiстерi пайдаланады: қашып кету, сабақты босату, ал мұндай iс-әрекеттер ұзақ ерiк қасиетiнiң болуын, еңбектi қажет етпейдi. Мақтауға жету үшiн мақтаншақтықты пайдаланады, қандай да болмасын затты иелену – ұрлықпен қанағаттандырылады. тәртiптiң мұндай түрлерi қоршаған орта адамдарының негативтi реакциясын тудырады, балалардың әлеуметтенуiн тоқтатады.

Жағымды ырықты тәртiп негiзiнде тәрбиелiлiк деңгейi қалыптасады. Ал оқушыда тәрбиелiлiктiң қалыптасқан деңгейi негiзiнде мұғалiм-тәрбиешi оқушыда құндылықтарын, жеке қасиеттерi мен дағдыларын дамыту жөнiнде жұмыс жүргiзедi. Жеке тұлғаны дамытуды жобалау оқушының тәрбиелiлiк деңгейiн оның идеалымен салыстыруға негiзделедi және баланы тәрбиелеу бағдарламасын қалыптастыру процесiнде жүргiзiледi. Әрбiр оқушының нақты әрекеттерi: оны қылықтары, құндылықтары, адамдарға, ұжымға, өз-өзіне деген қарым-қатынасы тәрбиелiлiктiң көрсеткiштерi болып табылады.
Оқушылардың тәрбиелiлiгiне баға беру 2019-2020 оқу жылында, яғни оқу жылының бiрiншi жылында, сондай-ақ 2019 жылдың қараша айында өткiзiлдi. Тәрбиелiлiк деңгейi Н.П. Капустиннiң [47, 64 б.] әдiстемесі бойынша өткiзiлдi, бұл әдiстеме бойынша бала өзiн және өз тәртiбiн ата-аналармен бiрлесiп бағалады, оны сонымен қатар мұғалiм де, оқушы да, мектеп психологы да бақылайды, одан кейiн қорытынды баға шығарылады да, барлық мәлiметтердi өңдегеннен кейiн тәрбиелiлiк деңгейi анықталады (В Қосымша).
«А» тобының (экспериментальді) тәрбиеліліктің орташа деңгейінің салыстырмалы парағы (Н.П. Капустиннiң әдiстемесі бойынша) 4 кестеде көрсетілген.

4 Кесте


«А» сынып оқушыларының тәрбиелік деңгейі нәтижесі (экспериментальді топ)



Оқушылар саны

Таным
дылық



Еңбек
қорлық

Менiң мектепке деген қатынасым

Менiң өмiрiмдегi сұлулық

Мен өзiме қалай қараймын



Орташа бал

Тәрбиелiлiк деңгейi

1.

4,5

4,75

5

4,75

4,75

4,8

Жоғары

2.

4

5

4,1

4,1

4,25

4,14

Жақсы

3.

4,25

4,75

4,6

3,8

4

4,28

Жақсы

4.

5

5

5

5

5

5

Жоғары

5.

4,37

4,62

4,1

3,8

4,25

4,2

Жақсы

6.

4

4,12

4,1

4

3,87

4

Жақсы

7.

3,8

3,8

4

4,2

3,8

3,9

Жақсы

8.

4,85

5

5

4,85

4,85

4,91

Жоғары

9.

4

4,25

3,8

4

4,37

4,1

Жақсы

10.

4

5

3,8

3,8

3,8

3,8

Орташа

Жоғарғы деңгей – 3 адам /30 %/, Жақсы деңгей –6 адам /60 %, Орташа деңгей – 1 адам /10 %/, Төмен деңгей - 0 адам /0 %/





3 Сурет. Диаграмма тәрбиелiк деңгейi.


Зерттеу тобындағы балалармен түзету-тәрбиелiк жұмыстарын ұйымдастыру үшін олардың жүйке - психикалық денсаулығының жағдайын, жасы мен жеке-типологиялық ерекшелiктерiн міндетті түрде ескеру керек. Сонда ғана балаларда кездесетін мiнез-құлқындағы ауытқуларды жеңілдетуге болады. экспериментке қатысқан балалардың бәрінде әртүрлі дәрежедегі психикалық дамудың зақымдануы анықталған. Оқушылыардың көпшілігінде қалыптақан ауытқулардың нақтылы себеп – салдар анықталмаған. Бұл әрине, балалардың мезгілімен кешенді емдеу –түзету – қалыптастыру көмектерін алуға кері әсерін тигізеді.


Оқытудың бiрiншi жылынан кейiн мектепте А тобының 20 пайызы тербиелiлiктiң жақсы деңгейiне, 80 пайызы тәрбиелiлiктiң орташа деңгейiне ие болса, олардың iшiнде 4 оқушы /40 пайыз/ тәрбиелiлiктiң орташа деңгейiн көтеру мүмкiншiлiгiне ие, яғни тәрбиелiлiгі жақсарады деуге болады. Педагог пен тәрбиешi сондай-ақ балаларың күнделiктi өмiрде ырықты тәртiптi, дұрыс тәртiп үлгiсiн таңдай бiлу, iс-әрекеттерге ұқыптылықпен қарау дағдыларын қалыптастыру қажеттiлiгiне де назар аударды. 10 оқушының 5 оқушысы тәртiптiң тепе-тең типiн иеленсе, 2 оқушы тежелген түрiн, 3 оқушы гипербелсенді түрiн иеленген.
2019-2020 оқу жылындағы «Б» тобындағы (бақылаушы топ) тәрбиелiлiктiң орташа деңгейiнiң салыстырмалы парағы (Н.П. Капустиннiң әдiстемесі бойынша) 5 кестеде көрсетілген.

5 Кесте
«Б» сынып оқушыларының тәрбиелік деңгейі нәтижесі (бақылаушы топ)





Оқушылар саны

Таным
дылық



Еңбек
қорлық

Менiң
мектепке
деген
қатынасым

Менiң өмiрiмдегi сұлулық

Мен
өзiме
қалай қараймын

Орташа
бал

Тәрбиелiлiк деңгейi


2,5

4

3

3

3,5

3,25

Орташа


4

4

4,2

3,5

4,1

3,9

Орташа


3,7

5

4

3,5

4

4,04

Жақсы


3

4,5

3,5

3,5

3,5

3,6

Орташа


2,75

3,2

4

3,5

3,5

3,4

Орташа


4

4

5

3,8

4

4,02

Жақсы


2,75

3

3

3,6

3,37

3,14

Орташа


3

3

3,6

3,6

3,37

3,3

Орташа


3,16

4,25

3,5

4

3,8

3,7

Орташа


3,8

4

4,1

3,8

3,6

3,8

Орташа

Жоғарғы деңгей – 0 адам /0 %/, Жақсы деңгей – 2 адам /20 %/, Орташа деңгей –8 адам /80 %/, Төмен деңгей - 0 адам /0 %/.





4 Сурет. Диаграмма тәрбиелiлiк деңгейi.

Анықтаушы және бақылаушы топтардың зерттеу бақылаушы және экспериментті топтардың жиынтық деректері 6 кестеде көрсетілген.


6 Кесте
Анықтаушы және бақылаушы топтардың зерттеу салыстырмаларының нәтижелері





Денгейлері

2019-2020 оқу жылы

« А» сынып
(эксперименталды тобы)

«В» сынып
(бақылау тобы)

Анықтау
кезеңі

Бақылау кезеңі

Анықтау
кезеңі

Бақылау кезеңі

жоғары

20 %

30 %

0 %

0 %

жақсы

30 %

60 %

18 %

20%

орташа

8 %

10 %

50 %

80 %

төмен

0 %

0 %

0 %

0 %




5 Сурет. Тәрбиелік деңгейінің салыстырмалы диаграммасы (бақылау кезеңі).


Ал осы сыныптармен 2019-2020 жылы өткізілгенде салыстырмалы мониторингте 5 «А» сыныптарындағы көрсеткіш өткен оқу жылынан шамалы түзелді.


Тәрбиелік деңгейі жоғары деңгейі «А» сыныпта 30% тең, ал «В» сыныпта тәрбиелік деңгейі жоғары деңгейі жоқ. Бақылаушы және эксперименттік топ арасында яғни 30 % айырманы құрайды.
Болашақта педагогикалық тәжирбиемде әр оқушының жас ерекшелігін және потенциалды мүмкіндігін денгейін ескере отырып, тәрбиелік денгейлерін жоғарылатуға бар еңбегімді саламын.
Қорытынды
Тәртiп – оқушы тұлғасының iшкi жағдайының интегральды сыртқы көрсеткiшi (адаптация-дезадаптация, эмоционалды жағдай, көңiл-күйi, адамгершiлiк сенiмдерi және т.б.).
Педагог-тәрбиеші күнделiктi жұмысында оқушылардың тәртiбiнiң ерекшелiктерiн бақылау әдiсiмен зерттейдi және бағалайды. Оқушы тәртiбiне баға беру кезiнде субъективтiлiктi болдырмау үшiн оқушыны жақсы бiлетiн басқа адамдардан, немесе арнайы ситуациялық жағдайларда оның тәртiбiн сынауға болады.
Бала тәртiбiндегi ауытқулар баланың арнайы мақсаттық әрекетiнен емес, бос уақытын дұрыс пайдалана білмеуінен, ерiншектiктен, жалқаулықтан, тәрбие ортасының әр түрлi әрекеттермен толтырылмауынан пайда болады. Тәртiп бұзушылық сондай-ақ тәртiп ережелерiн бiлмегендiктен де болуы мүмкiн. Егерде баланың танымдық белсендiлiгiн мақсатты түрде қалыптастырса, оған мектеп, сынып, отбасы жағдайына сәйкес ережелер нақтыланса, тәртiп ауытқуларының алдын–алуға және түзетуге болады. Тәртiп ережелерiн балалар игеруi үшiн ересектердiң ғана емес, сондай-ақ құрбыларының да, балалар ұжымының да нақтылы талаптары болуы тиiс.
Тәртiп бұзушылық - өзiндiк коммуникативтi метафора болып табылады, ол арқылы бала өзiнiң жан дүниесiндегi жағдайды, өзiнiң психологиялық жағдайын /мысалы, агрессивтi тәртiптің көрінісі, құрбыларымен төбелесуi – ата-ана қарым-қатынасында суықтықтың орнын толтыру болуы мүмкiн/ көрсеткiсi келедi. Бұндай тәртiп симптомды деп сипатталады. Симптом – аурудың, немесе, қандай болмасын жағымсыз /негативтi, қауiптi/ жағдайдың белгiсi.
ПДТ бар балалардың тәртiбiндегi ауытқулардың себептерi әр түрлi, бiрақ оларды екi үлкен топқа топтастыруға болады.
А) Кей жағдайларда тәртiп бұзушылықтар баланың жеке, нейродинамикалық ерекшелiктерiмен анықталады: психикалық процестердiң тұрақсыздығы, психомоторлы тежеушiлiктің зақмдануы. Осы және басқа нейродинамикалық ауытқуларда тым жоғары белсендiлiк тез арада енжарлыққа, толық әрекетсiздiктен реттелмеген әрекеттiлiкке ауысады.
Б) Кей жағдайларда тәртiп бұзушылық баланы мектеп өмiрiнiң қиындықтарына немесе ересектер мен балалармен қарым-қатынас стилiмен баланың қанағаттанбауына адекватты емес реакцияның салдары болып табылады. Бұл жағдай да бала тәртiбi енжарлықпен, қырсықтықпен, агрессиямен ерекшеленедi. Кейде мұндай балалар тәртiп ережесiн әдейi бұзатын сияқты. Бiрақ бұл қате пiкiр. Бала шын мәнiсiнде өзiнiң қиындықтарын шеше алмай жүр. Балада жағымсыз сезiмдердiң болуы оның ересектер мен құрбыларымен шиеленiсуiнiң негiзгi себептерiне айналады.
Психикалық дамуы тежелген бастауыш сынып жасындағы оқушылардың тәртiбiндегi тәртiп бұзушылықтарды алдын алу жеңiл, егерде алғашқы көрiнiстерi кезiнде бiрден назар аударса. Сондай-ақ, тiптi жай ғана шиеленiстердiң өзi дереу шешiмiн табуы тиiс.
Сонымен,біздің ойымызша баланы ерте жастан дұрыс тәрбиелеудің маңызы зор. Егер бұл балалардың тәрбиесіндегі кемістіктер болмаса, психикалық дамуындағы ауытқулар да күрделі болмауы мүмкін еді. Әлеуметтік жағдайларының төмендігі, тәрбиеге көңіл бөлмеуі бұл балалардың дамуындағы психикалық ауытқуларды одан ары асқындырған.
ПДТ бар балаларда қалыпты тәртiптi тәрбиелеу мақсаттары мен мiндеттерiн жүзеге асыру қиын, өйткенi аффективтi саладағы ауытқулар қалыпты дамыған балаларға қарағанда анағұрлым жиi кездеседi. Осы қағиданы әруақытта есте сақтап, тәртіптері патологиялық жағдайға ауыспай тұрғанда көмектесу керек.
Оқу кезінде қиындыққа ұшырайтын балаларға көмек көрсету мәселелерімен педагогтар көп ондаған жылдар бойы айналысуда. Тегістеу сыныптары, компенсациялық оқыту, коррекциялау, педагогикалық қолдау, бейімдеу, денсаулығы және т.б. - осы барлық ұйымдастырушылық формалары оқушылардың адекватты психикалық және физикалық мүмкіндіктеріне жағдай жасауды іздестіруге куә болады. Белгілеп алайық, яғни берілген формалар, тегістеу сыныптарынан басқа, негізінен оқытудың II баспалдағынан 5 сыныптан бастап туындады. Білім берудің құрылымын өзгертуге әрекеттер де жасалды: «Қалай оқуды оқытамыз», «Бақылау жүмысына қалай дайындалуға болады» жаңа курстардың типтік бөліктері жүргізілді, математика, физикалық курстар қысқартылды, оқыту кезінде қиындықтарға ұшырайтын балалардың білімдерінің нәтижелілігін жоғарылатуға ерекше көңіл бөлінді.
Қорытындысында объективті жағымды фактор -гимназияның; лицейлердің дамуы - бұл оқу мекемелеріндегі оқушылардың қабілеттілігімен орындалады. Дәл сол кездерде оқушылардың психикалық дамуының мәселелері жалпы мектептерде бақыланады ( бастысы интеллектуалды және сөйлеуі), соңында ол полифункционалдыға айналуы: оқытуы, тәрбиеленуі, дамытуы және психокоррекциялау, денсаулық сақтау ( жаңа функциялар). Дәл уақытында анықталған себептер, яғни оқушыларды үлгермеушілікке және дезадаптациялануына және оқытудың инновациялық технологиялары қарастырылған категориядағы балаларды оқыту жағдайын жақсартуы мүмкін. Бұл, өз қатарында, балалардың нервтіпсихикалық мүмкіндіктерін, психосоматикалық бұзылыстарының, және үлгермеушіліктің тиімді емес компенсациясы болып табылатын әр түрлі формадағы девиантты тәртібінің болуын төмендетеді. Бүгінде жалпы білім беретін мектептердің және басқада білім беру мекемелерінің функциялануы жүйелі диагностиканың қорытындысына және жаңа ғылыми ұйымдастырылған әрекеттің әдістемелік формасына негізделген квалификацияланған коррекциялық-дамыту жұмыстары мүмкін емес болып бара жатыр. Оқытудың коррекциялық-дамытушылық жүйесі - оқу кезінде қиындыққа ұшырайтын балалардың мектепке бейімделуімен қазіргі белсенді көмек көрсетудің тапсырмаларын шешуге рұқсат беретін білім берудің дифференциациялық формасы. Бұл дифференциациялық форма оқыту-тәрбиелеу процесінің жалпы дәстүрлі ұйымдастырылуына мүмкіндік туғызады, бірақ арнайы сыныптарда коррекциялықдамытушылық оқытудың болуы тиімді.
Жасөспірім шақтағы оқушылардың мінез-құлқын түсіну үшін дезадаптациялық ерекшеліктерін психикалық бұзылыстарымен қатар клиникалық нұсқауларын білу қажет.
Жасөспірім шақтағы оқушылардың дезадаптациялық тәртібін орнату үшін тексеру кезінде эмоциялық, қимыл - қозғалыс, таным ортасын және әр сатыдағы психикалық ерекшелігі мен жеке мақсатын анықтау керек.
Мектеп жасына дейінгі шақтағы патологиялық фактордың алғы шарттары төмендегідей:
- психомоторлық қалыс қалу, жұмыс жасау қиындықтары, тіпті, қимыл - қозғалыс ойындарын ұйымдастыру қиындығы;
- шиеленіскен қиын жағдайлардан жеңіл шығуды қолдана алмау, жағымсыз тәртіптің және үлкендердің әсері;
- жоғары және қалыпты жылау, айқайлау, қимыл — қозғалыстың инфантилі;
- көңіл-күйдің бұзылысы, айқай, импульсивті тәртіптің пайда болуы;
- ескерту, шектеуге тікелей әсері.
Кіші мектеп шақтағы әлеуметтік бейімдеудегі жағымсыз факторлар мыналар:
- белсенді танымның төменгі жекелігін, ерекшелігін анықтау; - жағымсыз және жағымды ерекшеліктерге көзқарасы;
- акцентуациялық компоненттердің белгілері, белгілі бір жағдайға қызығушылығы, агрессия мен қатігездіктің қосылуы.
Бұл балалармен жұмыстың мақсаты. Л.С.Выготский былай деп жазды: «Біздің алдымызда тұрған негізгі сұрақ - ақыл - ойы қалыс қалған балаларды тәрбиелеу және солар арқылы келесілерді бекіту». Біз ақыл-ойы қалыс қалған, әсіресе, жексұрындарды оқыту мен тәрбиелеуге еңбек сіңірсек, нәтижесінде қалыпты балалармен салыстырғанда, жұмысымыз түкке тұрмастай. Бұндай жағдайда көптеген тексеру жұмыстары жүргізілді.Бірақ бұл көзқарас теориялық және практикалық жағынан да дұрыс емес.
Е.К.Грачева өз кітабында ақыл-ойы қалыс қалған балалармен педагогикалық байланысты көрсетті. «Ақыл —ойы қалыс қалған балаларды қалыпты балаларға қарағанда, көбірек тәрбиелеу керек» деген пікірді барлық жаңа заман педагогикасы көрсетті.
Ақыл-ойы қалыс қалған барлық балаларды оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты бір жағынан,жалпы баланы ортаға тәрбиелеу екінші жағынан, терең мағыналы.
Ақыл-ойы қалыс қалған баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты қоршаған орта мен еңбекті сүюге тәрбиелеу.
Ақыл-ойы қалыс қалған баланы тәрбиелеу ең өзекті мәселе болып қалмақ. Тәрбиелеу кезінде негізгі әдістемелік жолдарды қолдана отырып, мәдени тәртібін және өзін - өзі қамтамасыз етуді үйрету қажет.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1 Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы. Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі N 343 Заңы.(өзгертулер мен толықтырулар енгізілді 11.01.2021 ж.)
2 Выготский Л.С. Жоғарғы психикалық функциялардың даму концепциясы және мәдени даму теориясы.5 том. - М., 2015. 29 бет.

  1. Певзнер М. С. Дети-олигофрены. М., 2009.- 115 с.

  2. Лебединский В. В. Нарушения психического развития у детей. - М., 2010.

  3. Лубовский В.И. Психологические проблемы диагностики нормального развития детей. - М., 2009. С.83.

  4. Ульенкова У.В., Мастюкова Е.М., Стребелева Е.А. Дети с задержкой психического развития.- Н-Новгород, 2014. С.96.

  5. Фридман Л.М., Пушкина Т.А., Каплунович И.Я. Изучение личности учащегося и ученических коллективов. -М., 2018.С.124.

  6. Гиппенрейтер Ю. Б. Продолжаем общаться с ребёнком. Так? — Москва: АСТ, 2019 г. - 256 с.

9 Грибанова Г.В. Психологическая характеристика личности подростков с задержкой психического развития //Дефектология. - 2016. -№3.С.81.
10 Көмекбаева Л. К. Білім беру ұйымдарындағы психологиялық кызметті ұйымдастыру / Мектеп психологтары мен мұғалімдерге арналған әдістсмслік нұсқау. - Алматы: Қайнар, 2015.131 б.
11 Авдеева Н.Н., Елагина М.Г., Мещерякова С.Ю. Психологические основы формирования личности. - М., 2016. С.76.
12 Акажанова А. Т. Девиантология. - Алматы: заң әдебиеті.- 2019. 59б.
13 Психодиагностика и коррекция детей с нарушениями и отклонениями развития / Сост. и общ. ред. В. М. Астапова, Ю. В. Микадзе. - СПб.: Питер, 2011. С.97.
14 Коррекционная педагогика: Основы обучения и воспитания де¬тей с отклонениями в развитии / Под ред. Б. П. Пузанова. - 3-е изд.доп.- М.: Изд. Центр «Академия», 2011. С.68.
15 Кошелева А. Д, Запорожец А. В., Неверович Я. З. Эмоциональное развитие дошкольника: Пособие для воспитателей дет. сада /,. и др.; Под ред. А. Д. Кошелевой, —М.: Просвещение, 2015. С. 176
16 Блинова Л. Н. Диагностика и коррекция в образовании детей с ЗПР. - М., 2012. С.74.
17 Макаренко А.С. Методика воспитательной работы. Избранные труды/ А.С. Макаренко.- Москва: Издательство Юрайт, 2019. – 323 с.
18 Сухомлинский В.А. Родина в сердце.- Москва. Молодая гвардия, 1989.- 173с.
19 Лернер И.Я. Развивающее обучение с дидактической позиций// Педагогика, -2016.-№2. С.18.
20 Выготский Л.С. Основы дефектологии //Собр. соч.: В 6 т. - М., 1983.С.67.
21 Лебединская К. С. Актуальные проблемы клинического изучения задержки психического развития у детей // Дефектология, 2015. -№ 5.С.39.
22 Айзенберг Б. И., Кузнецова Л. В. Психокоррекционная работа с детьми, имеющими нарушения психического развития: Психотерапия в дефектологии. - М., 2012.С.82.
23 Власова Т. А., Певзнер М.С. Учителю о детях с отклонением в развитии. – М.,2009.С.95.
24 Астапов В. М. Введение в дефектологию с основами нейро- и патопсихологии. – М.,2017.С.162.
25 Выготский А.С., Лурия А.Р. Этюды по истории поведения М., 2003.- С. 204.
26 ПМП обследование детей дошкольного и школьного возраста / Под ред. Р. А. Сулейменовой. У МП. - Алматы, 2014. - 140с.
27 Клейберг Ю. А. Психология девиантного поведения. - М., 2011. С.115.
28 Назарбаев Н.А. статья «Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания» 12.04.2017 г. С.10.
29 Ковалев С. Э. Психологическая служба в образовании: Учебно- методическое пособие. - Усть-Каменогорск: изд. ВКГУ им. К. Аманжолова, 2016. - 102 с.
30 Профилактика алкоголизма [Электронный ресурс] / Алкоголизм — статьи, истории из практики лечения алкоголизма. — 2018.С.37.
31 Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2009 — 2011 жылдарға арналған бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 27 мамырдағы N 784 Қаулысы. 19 б.
32 Кушербаев А. Психикалық дамуы тежелген балалармен жүргізілетін түзете дамыту жұмыстарының ерекшеліктері //Дефектология. 2011. No3. 17 б.
33 Шойфет М. С.. Эскироль (1772–1840) // 100 великих врачей. — М.: Вече, 2018. — 528 с
34 Выготский Л.С. Жоғарғы психикалық функциялардың даму концепциясы және мәдени даму теориясы.5 том. М., 2015. 61 б.
35 Власова Т. А. Знание особенностей дефекта — важнейшее условие улучшения учебно-воспитательной работы с аномальными детьми // Дефектология. 2015. № 1.С.86.
36 Лебединская К. С Клинические лекции по психиатрии детского возраста. М.: Медицина, 2014.С.74.
37 Личко А. Е. Психопатии и акцентуации характера у подростков. -М., 2013.С.88.
38 Шацкий С. Т. Избранные педагогические сочинения в 2-х томах. — М.: Педагогика, 2010. — Т. 2. — 416 с
39 Амоношвили Ш.А. Размышления о гуманной педагогике. – М.:Свет, 2018 – 325 с.
40 Ерсарина А. К. Дети с трудностями в обучении. - Алматы, 2017. С. 59.
41 Певзнер М. С. Дети-олигофрены. М., 2009. С. 75.
42 Ескендирова А.С. Психологические особенности проявлении- агрессии у подростков в зависимости от различных факторов: Автореф. канд. психол. Наук. - Алматы, 2013. - 30 бет.
43 Лебединская К.С., Грибанова Г. В. Подростки с нарушением в аффективной среде. М. 2008. С.71.
44 Учебно-воспитательная работа в школе для детей с задержкой психического развития. - М., 2017. С.20.
45 Тебенова Қ.С., Рымханова А.Р. Арнайы психология. – Алматы, 2011. – 49 б.
46 Бабанский Ю. К. «Методические основы оптимизации учебно-воспитательного процесса». 2012г. – 480 с.
47 Капустин Н.П. Педагогические технологии адаптивной школы. Учебное пособие для студентов высш.пед.учеб.заведений/ Н.П. Капустин.-М. :Academia, 2017.-214 с.
48 Макаренко А. С. Книга для родителей.— Pubmix.com, 2012.— С. 284с.
49 Сухомлинский В.А. Сто советов учителю.- Москва. Молодая гвардия, 2009.- 245с.
50 Тесленко А.Н., Керимбаева М. С., Джакупова Г. А. Профилактика подростковой девиации. - Астана, 2005
51 Нұрманбетова У.Е. Мүмкіндіктері шектеулі балалар: интеллектуалды даму кемістіктері. – Қарағанды, 2013. – 132 б
52 Джаманбалаева Ш. Е. Социология девиантного поведения. - Алматы: КазГУ, 2019. С.73.
53 Капустин Н.П.Методика оценки воспитанности ученика. Учебное пособие для студентов высш.пед.учеб.заведений/ Н.П. Капустин.-М. :Academia, 2017.- 118 с.
54 Певзнер М.С. Об отборе детей с времменной задержкой темпа психического развития и стойкими церебро-астеническими состояними в специальные классы. Дефектология 2013 №5 18б
55 Намазбаева Ж. И. Дефектологтің кеңесі. - Алматы. – 2016.38 б.
56 Кальпебаева Г. Психикалық дамуы тежелген балаларды ақыл-есі төмен балалардан ажырату». //Дефектология. 2017. №4. 15 б.
57 Пашков А.Г. Педагогические основы социальной реабилитации детей с органиченными возможностями (методические рекомендации). 2016.С.47.

A Қосымша


Төменгі сынып оқушыларының ата-аналарымен жиналысының және отырыстардың тақырыптары



  1. Психикалық дамуы тежелген балалардың қалыптасу ерекшеліктері

  2. Алғашқы мектеп қиындықтарын шешу кезiнде балаға қалай көмектесу қажет.

  3. Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың тәртiп ерекшелiктерi

  4. Оқушылардың жоғарғы жүйке қызметiнiң типтерiнiң негiзгi қасиеттерi /темпераменттер: холерик, сангвиник, флегматик, меланхолик/.

  5. Тәрбие мақсаттары. Өз балаңызды қандай жағынан көргiңiз келедi.

  6. Ересектер мен баланың қарым –қатынасы қандай?

  7. Жас оқырманды тәрбиелеу /әдебиет және библиотерапия/

  8. Балада еңбекке деген дұрыс көзқарасты қалыптастыру

  9. сынып оқушыларын оқытудың қорытындылары

  10. ПДТ бар төменгi мектеп оқушыларының тәртiп бұзызушылығының себептерi және типтерi

  11. ПДТ бар төменгi мектеп оқушыларының тәртiп бұзызушылығын түзетудiң әдiстерi

  12. Жазалау қажет пе әлде жоқ па?

  13. Сiздiң балаңызға тәртiптiң қандай типi тән?

  14. Оқушының оқуға деген мотивациялық бағыттылығының сипаты

  15. Баладағы вербальды агрессияны алдын-алудың жолдары

  16. Шиеленiстi алдын-алудың жолдары бар ма?

  17. Басқа адамдарды қалай түсiну қажет?

  18. Белсендi тыңдау техникасы (қалай болуы керек)

  19. сынып оқушыларын оқытудың қорытындылары

  20. Балаңыздың оқу үлгеріміне, тәртібіне қанағаттанасыз ба?

Б Қосымша


Ата-аналардың балалармен қарым-қатынасын анықтау
үшін қолданылатын сауалнама



  1. Сiздiң пiкiрiңiзше сiздiң қызыңызға /ұлыңызға/ қандай жағымды қасиеттер тән?

  2. Сiздiң қызыңызға /ұлыңызға/ қандай терiс қасиеттер тән?

  3. Сiз балаңызда қандай маңызды қасиеттердi тәрбиелеуге тырысасыз?

  4. Үйде балаңызға қандай да болмасын мiндет жүктелген бе?

  5. Ол оларды қалай орындайды?

  6. Сiздiң қызыңыз /ұлыңыз/ отбасының басқа мүшеклерiне қалай қарайды?

  7. Ол оларға қажет болған жағдайда көмек, қамқорлық көрсете ме?

  8. Сiздiң ұлыңыз /қызыңыз/ отбасылық мерекелерге белсендi қатыса ма?

  9. Осы жағдайларда ол қандай белсендiлiк көрсетедi?

  10. Сiздiң балаңыздың тәртiбiне қандай терiс әдеттер тән?

В Қосымша


«Жақсы оқу және өзін жақсы көрсету үшін


оқушыда қалыптастыру қажет жеке тұлғаның қасиеттері»
(Н.П. Капустиннiң әдiстемесі бойынша)






Мен өзiмдi ата-аналарыммен бiрге бағалаймын

Менi бағалайды

Қорытынды баға

Ұстаз

Мектеп психологы

  1. Танымдылық:

  • Маған оқыған ұнайды

  • Маған үй тапсырмаларын орындаған ұнайды

  • Мен оқығанды ұнатамын

  • Маған түсiнiксiз сұрақтарға жауап iздеген ұнайды
















  1. Еңбекқорлық:

  • Мен жақсы оқуға тырысамын.

  • Мен басқаларға көмектесемiн және өзiм де көмектесемiн.

  • Маған ата-атама көмектескен, үй тапсырмасын орындаған ұнайды.

  • Маған мектептегi кезекшiлiк ұнайды

  • Мен табиғатқа қамқорлықпен қараймын













  1. Менiң мектепке деген қатынасым:

  • Мен оқушыларға арналған ережелердi орындаймын.

  • Мен адамдарға жағымды қараймын.

  • Мен сынып және мектеп iс-шараларына қатысамын.













  1. Менiң өмiрiмдегi сұлулық:

  • Мен iс-шараларға ұқыпты қараймын.

  • Мен киiмге ұқыпты қараймын.

  • Маған менi қоршаған әдемi заттардың бәрi ұнайды.

  • Мен адамдармен сыпайымын.













  1. Мен өзiме қалай қараймын:

  • Мен өзiмдi басқарамын.

  • Мен санитарлық-гигиеналық ережелердi сақтаймын.

  • Менде жағымсыз әдеттер

жоқ.

  • Мен ұсақ келеңсiз заттарға ренжiмеймiн.













Нәтижелердi бағалау 5 балдық жүйе бойынша жүргiзiледi:


5– әрқашан
4 - жиi
3– сирек
2 – ешқашан
1 – мен басқа позицияны ұстанамын
Осы баллдар бойынша орта арифметикалық баға шығарылады. Нәтижесiнде әрбiр оқушы 5 ттүрлі бағаға ие болады. Одан кейiн осы 5 баға қосылып, 5-ке бөлiнедi. Орташа бал - тәрбиелiлiк деңгейiнiң шартты бағасы болып табылады.
Егер орташа бал: 5 – 4,5 – жоғарғы деңгей
4,4 – 4 – жақсы деңгей
3,9 – 2,9 – орташа деңгей
2,8 – 2 – төмен деңгей



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
ғылым министрлігі
сәйкес оқыту
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
Сабақ жоспары
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасы
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
мерзімді жоспар
тоқсанға арналған
республикасы білім
Жалпы ережелер
бекіту туралы
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
арналған жиынтық
болып табылады
Қазақстан республикасының
Зертханалық жұмыс
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
рсетілетін қызмет
Қазақ әдебиеті
Қысқа мерзімді
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
атындағы жалпы
туралы жалпы
қызмет стандарты
пайда болуы
әдістемелік ұсыныстар
Жұмыс бағдарламасы
қарым қатынас
коммуналдық мемлекеттік
емтихан сұрақтары