Тәрбие жеке тұлғаның іс-әрекеті мен қарым-қатынасынан көрінетін, тұрақты жеке-дара белгілердің жиынтығы. Мінез-құлық адам темпераменті мен тәрбие жағдайларының өзара әрекеттерінің нәтижесі болып табылады



бет1/3
Дата19.01.2023
өлшемі0.66 Mb.
#417259
  1   2   3
Байланысты:
Диплом Карсембаевой
ЗЖ 9МАРШРУТТАУШЫЛАР

Кiрiспе
Тәрбие жеке тұлғаның іс-әрекеті мен қарым-қатынасынан көрінетін, тұрақты жеке-дара белгілердің жиынтығы. Мінез-құлық адам темпераменті мен тәрбие жағдайларының өзара әрекеттерінің нәтижесі болып табылады. Мінез-құлық арқылы қалыптасатын моральды, интеллектуалды, эстетикалық даму деңгейлеріне тәрбиенің қосар үлесі зор.
Бастауыш мектеп жасындағы психикалық дамуында тежелуі бар балалардың мiнез-құлқындағы кемшiлiктердi анықтау, оларды орнына келтiру және әрі қарай қалыптастыру арнайы педагогика жүйесiндегi мүмкіншіліктері шектеулі балаларларды оқыту мен дамытудың өте маңызды құрамдас бөлiгi.
Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың жүрiс-тұрысындағы кемшiлiктер баланың жеке тұлға болып қалыптасуына, оның жеке бас қасиеттерiне, оқу, бейімделу әрекеттерінің бұзылуын қалыптастырып, баланың үлкендермен, қатар-құрдастарымен қарым-қатынасына керi әсер етедi.
Сондықтан бұл мәселе әруақытта аса маңызды, өзекті мәселелердің бірі ретінде дефектологтарды ғана емес, педагогтар мен психологтарды, әлеуметтік сала мамандарын, юристер мен криминалистерді де да толғандырады.
Бүгiнде ҚР 2002 жылғы 11 шiлдеде қабылданған «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңында көрсетілгендей және Қазақстан Республикасы бiлiм және ғылым министрлiгiнiң басқа да заң актiлерiне сәйкес психикалық дамуы тежелген балалар үшiн арнайы мектеп-интернаттар, жалпы мектептерде теңестiру сыныптары ашыла бастады. [1, 11б.]
Қазіргі уақытта ортамызда болып жатқан әлеуметтік мәселелері: отбасылық, экологиялық, экономикалық дағдарыстар жүйке жүйелері бұзылған, психикалық аурулары бар әр түрлі жастағы балалардың көбеюіне әкеліп соқтырып, жылдан-жылға көбеюде. Мектепте де,  үйде де ондай балалар жеке ықпал жасауды қажет етеді. Л.С.Выготский: «Бала бойындағы кемістікті оларға үнемі қамқорлық көрсетіп, оқыту мен тәрбиелеу істерін жүйелі жүргізу арқылы әлеуметтік жолмен толықтыруға болады» деп айтқан болатын [2, 29 б.]. Мемлекетіміз мүмкіндігі шектеулі жандарға айрықша назар аударып, қамқорлық көрсетуде.
Соның бір көрінісі - жалпы білім беретін мектептерде арнайы сыныптардың ашылуы. Біздің міндетіміз - даму мүмкіндігі шектеулі балаларға, ата-аналарға түзеу жұмыстарын ұйымдастыру.
Балалардың ақыл-ой дамуының тежелуі туралы айтатын болсақ, оның білімді меңгеру дағдысы толықтай сақталып, деңгейлері өз құрдастарынан 2-4 жылға артта қалып отырады. Баланың психикалық дамуының тежелуінің негізгі себептері түрлі болуы мүмкін. Олар басынан өткерген аурулар, негізгі әлеуметті жағдайы, нашар көруі, құлақ ауруы, тағы басқа себептерден болуы мүмкін. Психиатр, невропатологтың зерттеулері бойынша психикалық дамуының тежелуі балада малярия, тұмау, сары ауру, іштегі улану сияқты аурулардан кейін пайда болады. Психикалық дамуының тежелуінің негізгі бұзылыстары – интеллектуалды деңгейі, көбіне таным процестері. Зейіні, логикалық есте сақтауы, ойлауы, кеңістікті бағдарлауы төмен болып келеді.
Балалардың мiнез-құлқындағы ауытқулар мен олардың әсерінен қалыптасатын кемшiлiктерді жеңілдету мәселелерi туралы белгілі педагог- ғалымдар: Л.С. Выготский, П.П. Блонский, А.С. Макаренко, С.Т. Шацкий, В.А. Сухомлинский күрделі ғылыми зерттеулер жүргізген. Олардың ғылыми зерттеулерінің нәтижесі ырықты ( балалардың өз қалауымен) тәрбиелеудiң маңыздылығын баса көрсеткен. Ол үшін әр бала, бiрiншiден, қандай да бiр iс-әрекеттi неге және не үшiн орындағанын міндетті түрде түсінуі және білуі қаже. Екiншiден, жүрiс-тұрыс ережелерi мен оның қалыпты нормаларын ешкiмнiң бұйрығын күтпей-ақ, өз қалауымен орындауға тырысуы өте маңызды екенін анықтаған.
Психикалық дамуы тежелген балаларды кешендi, жан-жақты зерттеу мәселелері жетекшi клиницистердің, физиологтардың, психологтардың , атап айтқанда Певзнер М.С. [3, 45 б.], Лебединский В.И. [4,23 б.], Лубовский В.И. [5, 54 б.], Ульенкова У.В., Мастюкова Е.М., Стребелева Е.А. [6, 67 б.], Фридман Л.М.[7, 23 б.] және т.б. клиникалық-педагогикалық ғылыми зерттеулерiнде кеңінен қарастырылған.
Психикалық дамуында ерекшелiктерi бар балалардың тәртіп ауытқуларды анықтау, түзету бойынша педагогикалық ғылыми жұмыстардың көптігіне және маңыздылығына қарамастан, психикалық дамуы тежелген бастауыш мектеп жасындағы қазақ балаларының мiнез-құлқындағы кейбір ерекшеліктер мен ауытқулар және оларды түзету мәселелері әлi күнге дейiн арнайы зерттеу пәнi болып қарастырылмаған.
Сондықтан осы топтағы балаларға сапалы білім беріп, әлеуметтiк ортаға бейiмдеу үшін оларды жан-жақты зерттеп, ерекшеліктерін анықтап, олардың қандай себептердің әсерінен ''қиын'' бала болғанын анықтау мәселесі туындайды. Өйткені арнайы мектеп қабырғасында, оқу үрдісіде әрбiр ''қиын'' бала қажеттi педагогикалық – психологиялық кешенді көмектi қажет етеді.
Дипломдық зерттеудің болжамы: Егер, психикалық дамуы тежелген баклалар үйіндегі тәрбиеленішілерге түзету-тәрбиелiк жұмысын жиі тәрбиелік іс-шаралар арқылы ұйымдастырып отырса, онда балалардың тәрбиеге көзқарастары арта түседі.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - психикалық дамуы тежелген бастауыш сынып оқушыларының ырықты тәртiп ауытқулардың себеп - салдарын анықтау және қалыптасқан жағымсыз тәртіп ауытқуларының түрлерін анықтап, оларды түзету немесе жеңілдету шараларын қарастыру.
Қойылған мақсатқа сәйкес зерттеудiң мiндеттерi:
- мәселе бойынша арнайы ғылыми -әдістемелік әдебиеттерге шолу жасап, мәселенің теориялық негізін анықтау;
- психикалық дамуы тежелген бастауыш сынып оқушыларының тәртіп ауытқулардың деңгейiн және ауытқу түрлерін анықтау;
- тәртіп ауытқуларының негізгі себеп-салдарын және олардың қалыптасу ерекшеліктерін зерттеу;
- психикалық дамуы тежелген бастауыш сынып оқушыларының тәртіп ауытқуларды қалыпты дамыған құрбыларында қалыптасқан тәрбие дағдылармен салыстыру;

  • зерттеу нәтижелерін тобындағы балалармен түзету-тәрбиелiк жұмысының зерттеу нәтижесін талдау.

Жұмыстың зерттеу нысаны: психикалық дамуы тежелген балалар тәртібі ауытқулары.
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәнi: психикалық дамуы тежелген, бастауыш мектеп жасындағы тобындағы балалардың тәртiп ауытқуларды анықтау арқылы, олардың себеп – салдарынынан түындайтын келеңсіз жағдайларды түзету және олардың алдын алу шараларын айқындау.
Зерттеу базасы: Қарғанды Облысы КММ «Дамуы мүмкіншіліктері шектелген балаларға арналған мектеп-интернаттаі» жүргізілді.
Зерттеудің практикалық мәнділігі: психикалық дамуы тежелген балалар үйінің тәрбиеленушілерімен тәрбие іс-шаралары арқылы бала тәрбиесін жан-жақты жүргізу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: тәрбиелік іс-шаралары арқылы тәртіп ауытқуларын түзете тәрбиелеу.
Зерттеу әдiстерi:

  • әртүрлі (бақылау, әңгімелесу, тапсырмаларды орындау т.б.) әдiстемелердің көмегiмен психикалық дамуы тежелген балалардың және олардың қалыпты дамыған құрбыларында қалыптасқан тәрбиелiк әдеттер деңгейiн анықтау.

Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Бiрiншi бөлiм психикалық дамуы тежелген балалардың тәртiп ауытқулар және олардың себеп-салдарын анықтау мәселелері бойынша ғылыми-әдiстемелiк әдебиеттерге шолуды қамтиды. Психикалық дамуы тежелген бастауыш сынып оқушыларының тәртiбiндегi ауықулардың типологиясына сипаттама жасалып, осы ауытқулардың себептерi қарастырылады.
Екiншi бөлiмде психикалық дамуы тежелген балалардың ерекшеліктері мен мінез-құлқы қаралады.
Үшiншi бөлiмде тәртiп ауытқуларын түзетудiң арнайы және қолданбалы әдiстерi қарастырылады. Екі кезеңдік эксперименттік - тәжiрибелiк жұмыстардың материалдарына талдау жасалып, төменгi мектеп жасындағы психикалық дамуы тежелген балалардың тәртібіндегі ауытқулардың алдын алу үшін түзету iс-шараларының негізгі кешенi анықталады.
Қорытындыда түзете-тәрбиелеу жұмыстары бойынша арнайы және жалпы орта мектептердің түзету сыныптарында қолдануға арналған кешенді әдiстемелiк нұсқаулар келтiрiлген.

1 Психикалық дамуы тежелген балалардың тәртiп бұзушылықтарының ерекшелiктерi


1.1 ПДТ бастауыш мектеп оқушыларындағы тәртiп бұзушылықтарының мен типтерi мен себептерi


Мінез-құлық жеке тұлғаның іс-әрекеті мен қарым - қатынасынан көрінетін, тұрақты жеке- дара белгілерінің жиынтығы ретінде қарастырылады. Мінез- құлық бала темпераментімен тәрбие жағдайларының өзара әрекеттерінің нәтижесі болып табылады. Мінез- құлықтағы қалыптасатын моральды, интеллектуалды, эстетикалық даму деңгейлерінедұрыс тәрбиенің қосар үлесі мол.
Мінез- құлық пен жеке тұлға арасындағы айырмашылықтың мәнін Ю.Б. Гиппенрейтер былай түсіндіреді; «…Мінез-құлық белгілері, адамның қалай әрекет ететінін көрсетеді, ал тұлғалық белгілер, адамның не үшін әрекет ететінін көрсетеді. Мұнда адамның өзін -өзі ұстау әдістері мен тұлғалық бағыты,біріне – бірі тәуелді еместігі белгілі: бір ғана әдістің көмегімен, әртүрлі мақсаттарға жетуге болады және керісінше, бір мақсатқа жету жолында әртүрлі әдістерді қолдануға болады» [8, 98 б.].
Мінез- құлық типі , адамның дұрыс әлеуметтендірілуіне тікелей әсер етеді, ол әлеуметтік – психологиялық бейімделудің әртүрлі формаларындабайқалады, оған патологиялық, жағымсыз формалар да жатады.Қазіргі кезде, адамның әлеуметтендірілу қиындығын туғызатын мінез- құлыққа негізінен девиантты және психопатияны жатқызады. Енді осы күйлерді кеңінен қарастырайық.
Девиация –(ауытқу) яғни қалыптан ауытқыған мінез- құлық. Ол адамның мінез – құлқымен тәртібіндегі теріс деструктивті құбылыстар ( нашақорлық, қылмыскерлік, жезөкшелік, өзіне -өзі қол жұмсау, қырсықтық т.б.).
Девиантты мінез-құлықтың негізгі себептері: отбасындағы қолайсыздықтар, ата-ананың ажырасуы, маскүнемділік, қаражатпен қамтамасыз етуге немесе жеке тұлғалық тәрбиеге қабылетсіздік, т.б. Осымен қатар, баланың жасқа сай дағдарыс кезіндегі өзгерістер, жалғыздығы, мінезінің түсініксіздігі мен оқудағы сәтсіздіктері, нашар үлгерімі, үлкендердің жәбірлеуі – міне, осының бәрі мінез- құлықтың, тәртіптің ауытқуына әсер етеді [9, 57 б.].
Кең мағынада тәртiп – сыртқы ортаға бейiмделу үшiн ағзалардың қатысуымен жүзеге асырылатын өзара байланысты реакциялардың жүйесi. Адам психологиясында тәртiп оның iс-әрекетiнiң сыртқы көрiнiсi ретiнде, яғни субъектiнiң дүниемен өзара әрекеттесудiң жүйесi ретiнде қарастырылады.
Тек әлеуметтенудiң ұзақ процесiнде ғана бала тәртiптiң әлеуметтiк тиiмдi түрлерiн игередi. Табиғи тәртiп мәдени тәртiпке айналады: әлеуметтiк өмiрмен тәрбиеленген сыртық тәсiлдер және мәдени дағдылар iшкi процесстерге ауысады.
Тәртiп қоғамдық шарттармен (нормалармен, дәстүрмен, тыйым салумен реттеледi, бiрақ адамның жеке ерекшелiктерiмен, эмоционалды-ерiктi саланың жетiлгендiгiмен, психикалық денсаулығымен, сондай-ақ орталық жүйке жүйесiнiң ерекшелiктерiмен, темпераментпен анықталады). Мәдени тәртiп – тәрбие процесiнiң ең маңызды мақсаттарының бiрi және бала әлеуметтенуiнiң, сәттi iс-әрекетiнiң шарты болып табылады [10,76 б.].
Тәртiп – оқушы тұлғасының iшкi жағдайының интегральды сыртқы көрсеткiшi (адаптация-дезадаптация, эмоционалды жағдай, көңiл-күйi, адамгершiлiк сенiмдерi және т.б.).
Негiзiнен аффективтi-ерiктi механизмдер тәртiптiң тепе-теңдiгiн, өзiн-өзi бақылауды, аффект жағдайына енуге деген тұрақтылықты, қозу мен тежеу процесiнiң тепе-теңдігін қамтамасыз етедi. Аффективтi ортадағы ауытқулар тәртiптi ырықты реттеу мүмкiншiлiгiн төмендетедi.
ПДТ бар балаларға жүргiзiлген ұзақ бақылаулар оқушылардың психикалық ерекшелiктерiне және тәртiбiне байланысты оқушыларды бiрнеше тобын бөлуге мүмкiндiк бередi: тепе-тең оқушылар, тежеуленген, қоздырылған [11, 53 б.]
Анағұрлым қалыпты және салмақты тәртiбi бар балаларды бiрiншi топқа жатқызуға болады. Олар анағұрлым белсендi. Оларда тәртiбiнде, эмоционалды-ерiктiк салада ауытқулар байқалмайды. Осы топтың iшiнде екi топ бөлуге болады: кейбiр балалар белсендi, өз мiндеттерiне жауапкершiлiкпен қарайды. Олар құрдастарының сыйласымдылығына ие, өз сыныптастарын ұйымдастыра алады. Басқа бөлiгi – анағұрлым белсендiлiгi төмен оқушылар. Бiрақ олар қоғамдық тапсырмаларадан бас тартады. Балалар ұжымында олар ұйымдастырушы қызметiн атқара алмайды және оған тырыспайды. Араласу шеңберi анағұрлым аз. Осы топ балаларын тәрбиелеу процесiнде сендiру, әңгiмелесу, ескерту айту әсер етудiң анағұрлым тиiмдi әдiстерi болып табылады. Олар педагогтардың ескертулерiне назар аударып, оны түзетуге тырысады. Ескертудi ренiшсiз қабылдайды, өз кiнәсын мойындайды. Қиындық жағдайларда өздерi көмек сұрайды.
Көптеген жағымды қасиеттерге қарамастан, бұндай балаларды бақылаусыз қалдыруға болмайды, себебi тұрақты жағымды дағдылар мен әдеттерге ие емес, ұжымды ұрыстыруы мүмкiн, терiс жолға түсiп, қалғандарын да ерiп әкетуi мүмкiн. Осы категория үшiн мақтауды жиi қолданған тиiмдi емес, себебi оларды тым жоғары өзiн-өзi бағасын қалыптастыруы мүмкiн.
Екiншi топ балалары әдетте үнсiз, енжар, тежелген, араласпайды, өз-өзiне сенбейдi, қызығушылығы төмен. Бұндай балалардың ортасында эмоционалды оқшауланған, қоршаған ортаға бейтарап қарайтын балалар да кездеседi. Олар педагогтың, құрбыларының ескертулерiне бейтарап қарайды. Қоғамдық iстерге араласқысы келмейдi, бiрақ тапсырманы орындаудан бас тартпайды.
Балалардың кейбiр бөлiгi адекватты емес эмоционалды жауап қайтарумен ерекшеленедi. Ол тез ренжидi, кез келген себеп бойынша жылайды, өз сәтсiздiктерiн тым ауыр қабылдайды, оқшаулануға бейiм тұрады. Олармен жұмыс iстеген кезде педагог қоғамдық белсендiлiктi және араласуға деген қажеттiлiктi дамытуы, құрбыларына, ұжым жұмысына, деген селқостықты жоюға көмектесуi, берiлген тапсырмаларға деген қызығушылықты, өз-өзiне деген сенiмдiлiктi дамытуы қажет. Бұндай балаларға әрдайым қосымша стимуляция қолдану қажет: оларды жиiрек тақтаға шақырып, көңiл аудару керек, ойынға тарту, олардың сәттiлiктерiн мадақтау және оған эмоционалды баға беру [12,32б.].
Тез қозатын балалар үшiншi топты құрайды. Олардың тәртiбiне аффективтi қозу, психикалық тұрақсыздық, енжарлық тән.
Психикалық тұрақты емес балалар үшiн жоғарғы сенiмдiлiк пен импульсивтiлiгiнiң үйлесiмдiлiгi тән. Психикалық тұрақсыз балалардың iс-әрекетiндегi негiзгi мотивтер - қанағат алу немесе елiктеу, сыртқы ықпалға қарсы тұра алмау қабiлетi: олар кез- келген ақыл кеңеске, үлгiге, iс-әрекетке, шақырғанға тез әрi жеңiл берiледi; мiнез-құлқы анағұрлым күштi жетекшiлерге тез бағынады; жоғарғы энергетикамен ерекшеленедi, шаршамайды, көп сөйлейдi, белсендi. Көп жағдайда олардың тәртiбi нақты жағдайдағы көңiл-күйге тәуелдi. Олар өз iс-әрекеттерiне сын көзбен қарай алмайды, сананың қалыптаспағандығына байланысты зиян сыртқы ықпалға қарсы тұра алмайды.
Психикалық тұрақсыз балаларда осындай жағымсыз көрiнiстер 16-17 жасқа дейiн сақталынады, тәрбиемен түзету оны өте қиын. Жоғары аффективтi қозатын балаларға импульсивтiлiк, жылау, ашушаңдық, тез қимылдар, агрессияға деген бейiмдiлiк, төбелесқорлық, дөрекi сөйлеу, мұғалiммен араласудан бас тарту сияқты психикалық жағдайлар тән болып келедi.
ПДТ бар балалардың көпшiлiгiнде жүйке жүйесiнiң дамуында кемшiлiктер болғандықтан аффективтi жағдайлар бас ауруымен, температураның көтерiлуiмен, шаршау жағдайымен аяқталады. Осы типтегi балалар көп жағдайда сыныпта жетекшi болады, өзiне психикалық тұрақсыз және енжар құрбыларын бағындырады. Кейде аффективтi iс-әрекет әлеуметтiк мақұлданбаған iс-әрекеттермен үйлесiп кетедi.
Тұрақты аффективтi қозатын балаларда: дәрi-дәрмектiк терапияны және мақсатқа бағытталған тәрбиенi қамтитын нақты қорғаушы күш, өзiн-өзi бақылау, өзiн-өзi реттеу дағдыларын белсендi қалыптастыру. Олармен жұмыс iстеу барысында тiкелей тапсырма-талаптар емес, керiсiнше олардың сенiмдiлiгiн арттыратын жанама, яғни талап-қолдау, талап-ұсыныс сияқты әдiстер анағұрлым тиiмдi.
Тез қозатын балалар көп жағдайда өз инстинктерiн және агрессивтi iс-әрекеттерiн ұстап тұра алмайды. Тежелмейтiн бейiмдiлiктерi бар балаларда онанизм, iшiмдiкке, темекi тартуға деген бейiмдiлiк, қатыгездiк, қашып кетуге, ұрлауға деген тырысушылық ерте байқалады.
ПДТ бар балаларда аффективтi-ерiктiк саланың ауытқулары кезiнде әлеуметтену процесi де қиын жүзеге асырылады. ПДТ бар балалар жағымсыз сыртқы факторларға өте қатты тәуелдi: жағымсыз әлеуметтiк орта, бақылаудың жоқтығы, ешкiммен немесе ештеңемен бақыланбайтын импульстер тәртiптiң қалыпты формасы ретiнде қалыптасады [13,75 б.].
Көрсетiлген аномалияның дамуына болжам толығымен тәрбиенiң сыртқы факторларына тәуелдi: тәрбиелiк iс-шаралардың деңгейiне, бала өмiр сүретiн әлеуметтiк сала сипатына.
Педагог-тәрбиеші күнделiктi жұмысында оқушылардың тәртiбiнiң ерекшелiктерiн бақылау әдiсiмен зерттейдi және бағалайды. Оқушы тәртiбiне баға беру кезiнде субъективтiлiктi болдырмау үшiн оқушыны жақсы бiлетiн басқа құзырлы адамдардан оның тәртiбiн сипаттап берудi сұраған жөн. Мысал ретiнде келесi типтердi келтiруге болады:

  1. Тепе-тең тәртiп: бiр қалыпты көңiл-күй, шиеленiстерге бейiмдiлiгi жоқ, аффективтi реакциялар сирек кездеседi, бiр қалыпты белсендi, педагогикалық ықпалға бейiм болып келедi.

  2. Тәртiптiң тежелген түрi: iс-әрекеттiң тежелген түрi, тез шаршағандық, тапсырма, ойын, iс-әрекеттен тез жалығады; ұяң, тұйық, араласпайды.

  3. Тәртiптiң қозған типi: жоғарғы қозғалмалы белсендiлiк, шиеленiстерге бейiмдiлiк, көңiл-күйдiң құбылмалылығы, кез келген себеппен жылай салу, патологиялық бейiмдiлiктер (темекi тарту, iшiмдiк, қашып кетуге, ұрлауға деген бейiмдiлiк).

ПДТ бар балаларда қалыпты тәртiптi тәрбиелеу мақсаттары мен мiндеттерiн жүзеге асыру қиын, өйткенi аффективтi саладағы ауытқулар қалыпты дамыған балаларға қарағанда анағұрлым жиi кездеседi.
Бала тәртiбiндегi ауытқулар баланың арнайы әрекетiнен емес, бос уақытының дұрыс ұйымдастырылмағандығынан, ерiншектiктен, жалқаулықтан, тәрбие ортасының әр түрлi әрекеттермен толтырылмауынан пайда болады. Тәртiп бұзушылық сондай-ақ тәртiп ережелерiн бiлмегендiктен де болуы мүмкiн. Егерде баланың танымдық белсендiлiгiн мақсатты түрде қалыптастырса, мектеп, сынып, отбасы жағдайына ережелердi нақтыласа, бұндай тәртiп ауытқуларын алдын–алуға және түзетуге болады. Тәртiп ережелерiн балалар игеруi үшiн ересектердiң ғана емес, сондай-ақ құрбыларының да, бала ұжымының да талаптары қойылуы тиiс[14,47 б.].
ПДТ бастауыш сынып оқушыларына тән тәртiп бұзылуларының төмендегідей түрлері анықталып, зерттелген.
Ата-аналардың, тәрбиешiлердiң, ұстаздардың шағымдарын тудыратын тәртiптердiң бiрi – гипербелсендi балалардың тәртiбі.Мұндай балалар өте жоғарғы қозғалыс қажеттiлiгiмен ерекшеленедi. Олар ұшып – қонып (ұшқалақ), берілген тапсырманы, айтылған нұскауларды шала-шарпы орындайды. Егер олардан қажеттi тәртiп ережелерiн, мектептің күн тәртiбiнiң нормаларын орындау талап етілсе, баланың көңіл –күйі бұзылып, зейiнi төмендейдi, жұмыс қабiлеттелiгi азаяды, тез шаршайды. Осының салдарынан болатын эмоционалдық серпiлiс тым шектелген iс-әрекетке, бақыланбайтын қимыл тынымсыздығына ағзаның қорғаныс физиологиялық реакциясы болып табылады.
Гипербелсендi балалардың негiзгi ерекшеліктері - қозғалу белсендiлiгi, импульсивтiлiк, зейiннiң шоғырланбауы. Бала қолымен, аяғымен мазасыз iс-қимылдар жасай бастайды; бөтен стимулдарға тез көңiл аударады; ойын, сабақ және басқа да жағдайлар кезiнде өз кезегiн үлкен қиындықпен тосады; тапсырманы орындау немесе ойын барысында зейiнсiз, басқа балалардың ойынына кедергi жасайды.
Гипербелсендi балалар инструкцияны аяғына дейiн тыңдамай, тапсырманы орындай бастайды, бiрақ бiраз уақыттан кейiн не iстейтiнi жөнiнде сұрай бастайды. Тапсырманы орындау барысында өз мақсатын ауыстыра бередi, жұмыс уақытында назарын жиi бөгде заттарға аудара бередi; іші пысып, айналасындағы балаларды мазалайды, ұсынған құралдарды, әдістерді пайдаланбағандығынан жиi қате жiбередi.
Гипербелсендi тәртiбi бар балалар әруақытта қозғалыста болады. Қозғалыстың әрбiр элементi тез әрi белсендi, бiрақ тым артық қимылдар көп. Кейде мұндай балаларда нақты кеңiстiктiк координациясы болмайды (заттарды қозғап кетедi, кейбiр заттарды көрмейдi, сындырып, жоғалтып алады т.с.с). Осы топтағы балалар кейде тез қимылына, тез сөйлейтiндiгiне қарамастан, ситуациядан /сабақ, ойын, араласу сияты қарым -қатынастардан/ тыс қалып қояды, ал бiраз уақыттан кейiн «қайта» оралады, бірақ өндіріп ешнәрсе істей алмайды. Осымен қатар бала көп жағдайда бастаған iстi аяғына дейiн жеткiзбейдi.
ПДТ бар гипербелсендi тәртiбi бар баланың алдағы іс -әрекетін болжау мүмкiн емес. Ол көп жағдайда салдарын ойланбастан, iс-әрекет жасайды, шын мәнiсiнде ол жамандық, терiс қылық көрсетемiн деп ойламай, шынайы түрде өз iс-әрекетiне ренжидi. Бұндай бала жазаны жеңiл қабылдайды, кек сақтамайды, тез арада балалармен төбелесiп, тез уақытта татуласады. Осы балалар ұжымдағы ең шулы,тәртіпсіз, ұрыншақ бала болып табылады. Гипербелсендi тәртiбi бар балалар мектепке қиын бейiмделедi, бала ұжымына жай үйренедi, өз құрбыларымен қарым-қатынаста қиындықтарға жолығады. Бұндай балалардың тәртiбiндегi кейбiр ерекшелiктерi бала психикасында реттеушi механизмдердiң қалыптаспағандығын көрсетедi.
Өздерінің ғылыми зерттеулерінде Кошелева А. Д, Запорожец А. В. және Неверович Я. З гипербелсендi (ұшқалақ) тәртiбi бар балалардың ерекшеліктерін анықтай отырып, бұл өзгерістерді бала ағзасының әртүрлі тітіркендіргіштерге физиологиялық жауап қайтаруының эмоционалдық қорғанысы немесе серпілісі ретінде қарастыруды ұсынады [ 15, 124 б. ].
Ал Блинова Л. Н. тұжырымы бойынша, кейбiр жағдайларда баланың “ қырсықтығы” жоғары жүйке жүйесінің қозғыштық әсерімен, ерекше сезiммен анықталады. Сондықтан бала бұл жағдайда ересектер жағынан тым жиі, көп көлемдегi, ұзақ кеңестер мен шектеулердi қабылдай алмайды [16,34 б. ].
А.С. Макаренко [17, 218 б.], В.А. Сухомлинский [18, 97 б.]. сияқты педагог-классиктер балаларда ырықты тәртiптi тәрбиелеу маңызды деп атап көрсеткен болатын. Бала ырықты тәртiптi жүзеге асыра отырып, бiрiншiден, қандай да болмасын әрекеттердi неге, не үшiн iстеп жатқандықтан түсiнедi. Екiншiден, бала ересектер тарапына бұйрықтарды тоспай-ақ, тәртiп ережелерi мен нормаларын сақтауға тырысады. үшiншiден, бала дұрыс тәртiптi таңдап қана қоймай, ешқандай қиындықтарға қарамастан оны сақтауға тырысады
Көп жағдайда ырықты әрекет тыңдайтын, тәртiптi балаларды сипаттайды. Бiрақ баланың ересектердiң ережелерi мен нұсқауларына толығымен, ойланбастан бағыну мақұлданбауы тиiс. Себебi толығымен бағыну – ойланбағандықтың белгiсi. Бұндай «тиiмдi» тәртiбi бар бала да түзетушi тәрбиеге мұқтаж.
Балалардағы ырықсыз тәртiп (тәртiптегi әр түрлi ауытқулар) қазiргi заманғы педагогиканың, педагогикалық тәжiрибенiң өзектi мәселелерiнiң бiрi. Тәртiбiндегi ауытқулары бар балалар жүйелi түрде ережелердi бұзады, iшкi тәртiпке және ересектердiң талаптарына бағынбайды, топтағы сабақтарға бөгет жасайды. Осындай патологиялық тәртіп қатарына демонстративтi тәртiп жатады. Демонстративтi тәртiп кезiнде бала тәртiп ережелерiн, нормаларын әдейi және саналы түрде бұзады. Бұндай тәртiп ересектерге көп жағдайда бағытталады.
Демонстративтi тәртiптiң бiр варианты – бала мазасыздығы (кривляние). Оның мынадай екi ерекшелiгiн көрсеутге болады: бiрiншiден, бала тек ересектердiң ұстаздың, тәрбиешiнiң, ата-ананың алдында және оларға назар аударғанда ғана мазасызданады. Екiншiден, ересек адам бала тәртiбiн жақтырмағандығын көрсетсе, бала өз мазасыздығын бәсеңдетудiң орнына, одан сайын күшейтедi. Нәтижесiнде, бала өз iс-әрекетiмен «мен сiзге өте ұнамайтын іс-әрекеттi жасаймын, мен сізге көрсетемін» дегендей әрекет жасайды.
Тәртiптiң осы ерекше түрiн пайдалануға баланы не итермелейдi? – деген сұрақ жауап әртүрлі.
Кейде бұл ересек адамдардың назарын аударту тәсiлi. Бала мұндай тәртiптi ата-анасымен аз немесе ресми араласқан жағдайда ғана яғни балаға қажет жылулылықты, мейiрiмдiлiктi араласуы процесiнен алмауы таңдайды. Ересектермен араласудың тиiмдi формаларын бiрлесiп оқу, еңбек, ойын, спорт шаралары бала иеленбегендiктен, бала соңы жазалауға апаратын демонстративтi тәртiптi таңдайды. Ересек адаммен араласу жүзеге асырылды. Бiрақ бұдай тәртiп балаларымен аз араласатын отбасыларда ғана кездеседi десек, қателесемiз. Балалармен тұрақты түрде араласатын отбасыларда мазасыздық, баланың мен – жаманмын деп жариялауы ересектердiң ықпалынан шығу тәсiлi, олардың нормаларына бағынбау тәсiлi болып табылады. Бұндай демонстративтi тәртiп авторитарлы ата-ана болы табылатын, тәрбиенiң авторитарлы стилi басым отбасыларға тән.
Демонстративтi тәртiптiң тағы бiр түрi – себепсiз жылау, өзiне көңiл аударту, негiзделмеген ырықты терiс қылықтар. Мысалы, еденде домалау, ойыншықтарды және заттарын шашу.
Мұндай терiс қылықтар кейде баланың жүйке жүйесiнiң шаршағандығы нәтижесiнде немесе қандай да болмасын науқастың бастамасы немесе салдары нәтижесiнде пайда болуы мүмкiн.
Iшiнара, анда-санда болатын мұндай терiс қылықтарды тұрақты тәртiп түрiне айналған терiс қылықтардан (капризы) бөлiп қарастыру керек. Тұрақты тәртiп түрiне айналған терiс қылықтың басты себебi – дұрыс емес тәрбиенiң салдары (ересектер жағынан балаға деген тым елгезектiк немесе қаталдық).
Балалардағы қарсылық тәртiбiнiң жиі кездесетін түрi – негативизм, қырсықтық. Нақтылы бiр жаста, немесе екi жарым не үш жаста (үш жас дағдарысы) мұндай қалыпты дамып келе жатқан бала тәртiбiндегi тиiмсiз өзгерiстер жеке тұлғаның қалыптасуының дәлелi болып табылады: дербестiкке деген тырысушылық, дербестiк шеңберiн анықтау. Егерде мұндай терiс қылықтар бала тәртiбiнде тұрақты сипатқа ие болса, онда тәртiп кемшiлiгi ретiнде қарастырылады.
Негативизм - бұндай тәртiптi бала iс-әрекеттi жасағысы келмегендiктен емес, ересек адамның өтiнiш жасағандығы үшiн жүзеге асырады, яғни бұл тәртiп баланың iс-әрекеттiң мазмұнына емес, ересектер тарапынан болған өтiнiшке реакция ретiнде қарастырылады. Л.С. Выготскийдiң айтуынша негативизмде, бiрiншiден, басқа адамға деген қатынасы, әлеуметтiк қатынасы көрiнiс табады; екiншiден, бала өз тiлегi бойынша емес, керiсiнше оған қарама-қарсы әрекет ете бастайды.
Балалық негативизмге тән түрлерi – себепсiз жылау, дөрекiлiк, тұйықтық, тез ренжитiндiгi, жатсыну. ,,Енжар’’ негативизм тапсырманы, өтiнiштi орындаудан үндемей бас тартуда көрiнедi. ”Белсендi’’ негативизм кезiнде балалар талап етiлiп отырған әрекеттерге қарама-қарсы әрекеттер жасауға тырысады. Екi жағдайда да балаларды басқару өте қиын. Бала таяу арада ғана мүлтiксiз орындаған iс-әрекеттi орындаудан бас тартады. Бұндай тәртiптiң себебi – дербестiкке деген бала қажеттiлiгiн қанағаттандыруға кедергi болатын ересектердiң талаптарына деген баланың эмоционалды терiс қатынасы. Сондықтан да көп жағдайда негативизм - дұрыс емес тәрбиенiң нәтижесi, зорлық-зомбылық деген баланың қарсылығы [19, 5 б. ].
Бiрақ негативизммен табандылықты шатастыруға болмайды, себебi баланың мақсатқа жетуге деген талпынысы – негативизмге қарсы, жағымды құбылыс болып табылады. Бұл - ырықты тәртiптiң маңызды сипаттамасы. Негативизмнiң пайда болуымен ересек пен бала арасындағы қарым-қатынас нашарлай бастайды, нәтижесiнде тәрбие процесi бұзылады. Ересектер бала тiлектерi мен шешiмдерiне тұрақты кедергi келтiре берсе, бала дербестiкке деген талпыныс әлсiрей түседi.
Негативизмде қарсылық тәртiптiң басқа да түрлерi де көрiнiс табады, мысалға, қырсықтық.
‘’Қырсықтық - баланың тiлегiнен емес, талап етiлуiнен пайда болатын реакция’’, яғни қырсықтықтың себебi – баланың бастапқы шешiмнен бас тартқысы келмейтiндiгi. Л.С. Выготский [20,28 б. ] қырсықтықтың себептерi әр түрлi.
Қырсықтық ересектер арасындағы шешiлмейтiн шиеленiстердiң салдарының нәтижесiнен пайда болуы мүмкiн, мысалға ата-ананың компромиссiз бiр-бiрiне қарама-қарсы тұруы. Осының салдарынан мұндай атмосферасы бар отбасында бала өзiн тура осындай тәртiп үлгiсiн иеленедi.
Көп жағдайда ‘’қырсықтық қарама-қайшылықты рух ретiнде анықталады’’. Бұндай қырсықтық өз тәртiбiне деген кiнә сезiмiмен қатпарласады, бiрақ ол созылмалы сипатқа ие болғандықтан қайталана бередi. Бұндай қырсықтықтың себебi - баламен дербес шешiлмейтiн ұзақ ықпал етушi эмоционалды шиеленiс, стресс.
Кей жағдайда қырсықтық баланың тым қозғандығынан пайда болады, яғни бұл жағдайда бала ересектер тарапынан ақыл-кеңестiң және шектеулердiң тым көп санын немесе мөлшерiн бiртiндеп қабылдай алмайды.
Санасыз әрi патологиялық қырсықтық бала дамуына негативтi әсер етедi. Егерде бала өз пiкiрiн бiлдiруге, оның құқықтарының шектелгендiгiн көрсетуге бағытталған қырсықтықты танытса, қырсықтық позитивтi роль ойнауы мүмкiн. Бұндай қырсықтық немесе ‘’жеке тәуелсiздiк үшiн күрес’’ көп жағдайда табиғатынан белсендi, ширақ балаларға тән.
Негативизммен және қырсықтықпен ызақорлық сияқты қарсылық тәртiбi де тығыз байланысты. Оның негативизм мен қырсықтықтан айырмашылығы –ол нақты басқарушы адамға емес, жалпы бала өмiр сүру салтына, тәрбие нормаларына қарсы бағытталған мiнез-құлық.
Сондықтан қарсылықтық тәртiптiң пайда болу себептерi көп. Негативизмнiң, қырсықтықтың себептерiн талдау – балаға деген дұрыс қатынасты орнатуға көмектеседi.
Балаларда кездесетін тәртіп ауытқуларының тағы бір түрі - агрессивтi тәртiп. Мақсатты «жаулап алуға» немесе күш көрсетуге бағытталған тәртiптi агрессивтi деп атайды. Бастауыш мектеп оқушылары агрессивтi тәртiптi жүзеге асыра отырып, ‘’жаулап алу объектiлерiне’’ зиян келтiредi. Бала қоғамдағы адам өмiрiндегi нормалар мен ережелерге қарсы келедi, адамдарға күш көсетіп, денсаулықтарына зиян келтiрiп, психологиялық дискомфорт /терiс сезiмдер, қорқыныш /туғызады [21, 17 б. ].
Баланың агрессивтi әрекеттерi мақсатқа жету құралы ретiнде, психологиялық жеңiлдеудiң, қанағаттантанбаған көңілдерінің қажеттiлiктерiнің орнын толтыру ретiнде, өзiн-өзi дәлелдеудегi қажеттiлiгiн қанағаттандыратын мақсат ретiнде көрiнiс табуы мүмкiн.
Кейде агрессивтi әрекеттер тiкелей, яғни ренжiткен объектiге тiкелей бағытталуы және жанама болуы мүмкiн. Бала өз ашуын тiкелей ренжiткен объектiге бағытталмай алмаса, анағұрлым қауiпсiз объект iздей бастайды. (Мысалы, бала өзiнiң агрессивтi әрекеттерiн ренжiткен үлкен ағасына емес, мысыққа бағыттауы мүмкiн). Сондай-ақ балада агрессияны өзiне бағыттау механизмi дамуы мүмкiн.
Физикалық агрессия басқа адамдармен төбелескен жағдайда, заттарды сындырғанда көрiнiс табуы мүмкiн. Бала кiтаптарды жыртады, ойыншықтарды шашып, қажет заттарды сындырады. Бұндай тәртiп әдетте -қандай да болмасын келеңсiз оқиғамен немесе ересектер тарапынан көңiл аудармаумен жанамаласуы мүмкiн.
Белсендiлiк мiндеттi түрде физикалық әрекеттерде көрiнiс таппайды. Кейбiр балалар вербальды агрессияға бейiм (балағаттайды, ұрсысады) болады. Агрессивтi тәртiптiң пайда болуы оқыту салдарына байланысты туындаған мәселелерде үлкен роль атқарады.
Дидактогения оқыту процесiнде пайда болатын невротикалық ауытқулар - бала суицидiнiң негiзгi себептерiнiң бiрi. Баладағы агрессивтi тәртiбiнiң маңызыды себептерінің бірі – бұқаралық ақпарат құралдарының, әсiресе киноның және теледидардың ықпалы. Жүйелi түрде боевиктер, қатыгездiк, күш қолдану, зорлық-зомбылық сәттерi бар кинофильмдердi көру келесi салдарға әкелiп соғуы мүмкiн: телеарнадағы агрессивтi актiлер шынайы өмiрге ауыстырылады, зорлық-зомбылыққа деген сезiмталдық жойылады, агрессивтi тәртiпке итермелейтiн күмәндану, үрей, қорқыныш сияқты сезiмдерiн пайда болу мүмкiндiгi күшейедi.
Сондай-ақ агрессивтi әрекеттер сыртқы ортаның жағымсыз ықпалдары салдарынан пайда болуы мүмкiн: тәрбиенiң авторитарлы стилi, отбасындағы құндылықтар жүйесi құлдырауы және т.б. қарсылық тәртiптегi сияқты ата-аналардың тым қаталдығы немесе суықтығы балаларда iшкi психикалық үрей-қорқынышты туғызуы мүмкiн [22, 64 б.].
Агрессивтi тәртiптiң тағы да бiр себебi – ата-ананың арасындағы үйлеспеген өзара қарым-қатынас (ұрыссу, төбелесу), басқа адамдарға деген ата-ананың агрессивтi тәртiбi, қатал, әдiлетсiз жазалар – агрессивтi тәртiптiң үлгiсi.
Агрессивтi реакциялардың жиiлiгi өткен тәжiрибеге, мәдени нормалар мен стандарттарға, жүйке жүйесiнiң ерекшелiгiне, тәрбие сипатына байланысты болады. Агрессивтi тәртiптегi балалар көп жағдайда импульсивтi, тым ашушаң болады; өз-өздерiн басқара алмайды, шиеленiске бейiм болып тұрады.
Агрессивтiлiк баланың қоғамдағы, ұжымдағы өмiр жағдайларына бейiмделуiн қиындатады. Әдетте баланың агрессивтi тәртiбi ересектер тарапынан сәйкес агрессивтi жауап шақыруы мүмкiн, ал бұл агрессивтiлiктiң одан сайын өрбуiне, күшеюiне әкелiп соғады.
Агрессивтi тәртiптегi балаға ерекше көңiл аудару қажет, себебi бала кей жағдайда адам арасындағы қарым-қатынас қаншалықты мейiрiмдi, жылы болатынын сезiнбейдi және түсiнбейдi.
Есейген балада ерте жасқа тән қасиеттер қалып қойған жағдайда инфантильдi тәртiп көрiнiс табады. Мысалы, инфантильдi мектеп оқушысының басты iс-әрекетi оқу емес, керiсiнше ойын болып табылады. Кей жағдайда мұндай балалар сабақ барысында оқу процесiнен ауытқып, өзi байқамастан ойнап кетуi мүмкiн партада машина айдайды, самолет жiбередi. Мектеп жағдайында мұндай инфантильдi көрiнiстер тәртiп бұзушылық ретiнде қабылданады.
Инфантильдi тәртiп тән балалар дербес шешiм қабылдай алмайды, iс-әрекеттi орындай алмайды, өзiне көп назар аударуды талап етедi, өзiн-өзiне баға бере алмайды.
Инфантильдi тәртiп, инфантильдiк дер кезiнде анықталып, балаға көмек көрсетiлмесе, келеңсiз әлеуметтiк салдарға әкелiп соғуы мүмкiн. Инфантильдi тәртiбi бар балалар көп жағдайда өзiнiң құрбыларының ықпалына, әлеуметтiк тиiмсiз көзқарастары бар ересек адамдардың ықпалында болады.
Инфантильдi тәртiбi бар бала құрбыларының мазағына, күлкісіне, мазақталатын карикатуралық реакцияларға жиі ұшырайды. Бұл жағдайлар баланың жан дүниесiне ‘’жара’’ салуы мүмкiн, ол болашақта ешкіммен араласқысы келмейді, ешкім оны түсінбейді.
Тәртiп бұзушылықтың қарастырылған типтерi ересектерде алаңдатушылық шақырады. Бiрақ ерекше тәртiптi балалар да назарсыз қалмауы тиiс. Олар еш ойланбастан, ақыл-ойға қарама-қайшы болса да ересектер мен құрбыларының ақыл-кеңесiн мүлтiксiз орындауға дайын тұрады. Бұндай балалардың тәртiбi – комформды, оның тәртiбi толығымен сыртқы жағдайларға тәуелдi.
Конформды тәртіп, сондай-ақ тәртiп бұзушылықтың басқа да түрлерi көп жағдайда дұрыс емес, авторитарлы немесе гипербақылаушы тәрбие стилiнiң салдарынан пайда болады. Балаларға таңдау бостандығы, дербестiк, инициативалық, шығармашылық дағдылары (ересектер бәрiн балалар үшiн өздерi шешiп, iс-әрекеттер орындағандықтан, балаларға нұсқаулар бойынша ғана әрекет етуге тура келеді) дамымаған. Олар жиi өздерiне деген берген бағаларын, құндылықтарын, өз қызығушылықтары мен мүдделерiн басқа адамдардың ықпалынан жиi ауыстырады.
Ырықсыз түрде елiктеу, тез сенгiштiк, аңқаулық комформды тәртiптiң психологиялық негiзiн құрайды. Бiрақ мектеп жасына дейiнгi балалардың тәртiп ережелерiн игеру, маңызды оқиғаларға баға беру, тәжiрибелiк дағдыларды игеру кезiнде ересектердiң әрекеттерiне елiктеуi қателiк болып табылмайды. Оқу iс-әрекетi жағдайында оқушының да ‘’барлығы сияқты болуға’’ деген тырысушылығы қалыпты жағдай деп қабылдануы тиiс [23, 71 б.].
Бұндай тәртiпке деген тырысушылық себептерi әр түрлi болуы мүмкiн. Бiрiншiден, балалар оқу iс-әрекетi үшiн маңызды әрi мiндеттi дағдылар мен iскерлiктердi игередi. Мұғалiм барлық сыныпқа бақылау жасай отырып, барлықтарын ұсынылған үлгiнi орындауға шақырады. Екiншiден, балалар барлығына және әрбiрiне бiрдей мектептегi және сыныптағы тәртiп ережелерiн игередi. Ішiншiден, көп жағдайларда (әсiресе, таныс емес жағдайда) бала өзi дұрыс әрекет таңдай алмағандықтан, басқа балалардың тәртiптерiне елiктейдi.
Тәртiп бұзушылық өзiндiк коммуникативтi метафора болып табылады, ол арқылы бала өзiнiң жан дүниесiндегi жағдайды, өзiнiң психологиялық жағдайын (мысалы, агрессивтi тәртiп, құрбыларымен төбелесуi – ата-ана қарым-қатынасында суықтықтың орнын толтыру болуы мүмкiн) көрсеткiсi келедi. Бұндай тәртiп симптомды деп сипатталады. Симптом – аурудың, немесе, қандай болмасын жағымсыз (негативтi, қауiптi) жағдайдың белгiсi.
Мысалы, жетi жасар қыз бала мектептен оралысымен, әсiресе мектепке үйрену, адаптация кезеңінде, үйде күтіп отырған жылы жүзді жақын адамы (анасы, апасы) болмаса, кiтаптар мен дәптерлердi бөлмеде шаша отырып, ашуланып өз аффектiсiн шығарады. Бiраздан кейiн ол қайтадан кiтаптар мен дәптерлердi жинап, сабақ оқуға кiрiседi.
Егерде ересектер бала тәртiбiн дұрыс бағаламаса, бала сезiмдерiне назар аудармаса, баладағы психологиялық дискомфорт физиологиялық деңгейге ауысады. Осы кезде ересектер терiс тәртiпке емес, балада қалыптасқан патологиямен яғни ауруымен кезiгедi [24, 53 б.].
Басқаша айтқанда, симптоматикалық тәртiп - қалыптасқан жағдайдың балаға тым қиын екендiгiнiң қауiптi белгiсi болып табылады (мектептегi келеңсiз, қиын жағдайдың көрiнiсi ретiнде баланың жалпы жағдайы төмендеп, лоқсуы, жүрегі айнуы мүмкін).
Кейде симптоматикалық тәртiптi келеңсiз жағдайдан құтылудың тәсiлi ретiнде қарастыру қажет: мектепке бармау амалы, анасының өзiне деген назарын аударту. Мысалы, екiншi сынып оқушысының дене қызуы мектепте бақылау жұмысы (диктант) болатын күнi көтерiледi. Анасы оны мектепке жiбермеуге мәжбүр болады.
Шын мәнiсiнде, әлсiздiк, шарасыздық көрсетiп отырған және қамқорлық көрсетудi талап етiп отырған бала шын мәнiнде оған қамқорлық жасайтын адамды бақылайды. Бұл туралы Л.С. Выготский былай деген: ''Баланың әлсiз екенiн өзiңiзге елестетiңiз. Кей жағдайларда осы әлсiздiк күшке айналады. Бала өз әлсiздiгiн спекулятивтi түрде пайдалануы мүмкiн. Ол әлсiз, нашар естидi – бұл жағдай басқа адамдармен салыстырғанда баланың жауапкершiлiгiн төмендетедi және басқа адамдар тарапынан анағұрлым көп қамқорлықты қажет етедi. Мiне, осы кезде бала санасыз түрде өзiндегі ауруды, немесе кемістікті культқа айналдырады, себебi ауру өз-өзiне жоғары қамқорлықты талап ету құқығын бередi, яғни ''ауруға қашады''. Бала ересектердiң анағұрлым үлкен қамқорлығын шақыратын тәртiптi әрi ауруларды ''таңдайды'' [25, 127 б.].
Сонымен, симптоматикалық жүрiс-тұрыс бiрнеше белгiлермен ерекшеленедi: жүрiс-тұрыс ауытқулары ерiксiз және бала жағынан бақыланбайды, жүрiс-тұрыс ауытқулары басқа адамдарға қатты әсер етедi, сол себептi бұндай жүрiс-тұрыс үлгiсi қоршаған орта адамдарының санасына да жатталып қалады. Баланы аяйды, оған кешірімді болғылары келеді. Баланың іс-әрекеттеріне жоғары талап қойылмайды.
ПДТ бар балалардың тәртiбiндегi ауытқулардың себептерi әр түрлi, бiрақ оларды екi үлкен топқа топтастыруға болады [26, 85 б.].
А) Кей жағдайларда тәртiп бұзушылықтар баланың жеке, нейродинамикалық ерекшелiктерiмен анықталады: психикалық процестердiң тұрақсыздығы, психомоторлы тежеушiлiктің зақмдануы. Осы және басқа нейродинамикалық ауытқуларда тым жоғары белсендiлiк тез арада енжарлыққа, толық әрекетсiздiктен реттелмеген әрекеттiлiкке ауысады.
Б) Кей жағдайларда тәртiп бұзушылық баланы мектеп өмiрiнiң қиындықтарына немесе ересектер мен балалармен қарым-қатынас стилiмен баланың қанағаттанбауына адекватты емес реакцияның салдары болып табылады. Бұл жағдай да бала тәртiбi енжарлықпен, қырсықтықпен, агрессиямен ерекшеленедi. Кейде мұндай балалар тәртiп ережесiн әдейi бұзатын сияқты. Бiрақ бұл қате пiкiр. Бала шын мәнiсiнде өзiнiң қиындықтарын шеше алмай жүр. Балада жағымсыз сезiмдердiң болуы оның ересектер мен құрбыларымен шиеленiсуiнiң негiзгi себептерiне айналады.
1.2 Бастауыш мектеп жасындағы ПДТ бар балалардың тәртiп ауытқуларының түрлерi
Психикалық дамуы тежелген бастауыш сынып жасындағы оқушылардың тәртiбiндегi тәртiп бұзушылықтарды алдын алу жеңiл, егерде алғашқы көрiнiстерi кезiнде бiрден назар аударса. Сондай-ақ, тiптi жай ғана шиеленiстердiң өзi дереу шешiмiн табуы тиiс.
Ата- аналардың тәрбиеге немқұрайлы қарауынан қиын оқушылар саны көбеюде. «Қиын» оқушылар туралы тоқталсақ: «Қиын» оқушылар деген кімдер. Олар – мектеп тарапынан ерекше, қосымша бақылауды талап ететін, тәрбиелеуге қарсылық білдіретін, тәртібі нашар, мұғалімдердің талабын орындамайтын, адамгершілік деңгейі төмен, топтарымен үнемі тіл табыса алмайтын, ұжым мәселелері қызықтырмайтын оқушылар [27, 41 б.].
«Қиын» оқушыларды 2 топқа бөлуге болады.
Біріншісі – тән құмарлығы және жан жарақаты бар оқушылар.
Екіншісі – отбасында, жеке басын қалыптастыруда сыртқы кері факторлардың, әлеуметтік жағдайдың әсері болған және өтпелі кезеңнің күрделілігін мінезі дұрыс қалыптаспай қалған оқушылар.
Жүргізген зерттеулеріміздің нәтижесі бойынша, қылмыс жасауға итермелейтін тағы бір әсер отбасындағы материалдық жетіспеушілік, таршылық.
Адам баласында қалыптасатын жаман мінез - құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, көрген үлгі өнегесінен. «Көпшілікті адамшылыққа тәрбиелеу үшін жас буынды жақсылап тәрбиелеу қажет» - деп М.Әуезов айтпақшы, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде мектептің ерекше орын алатыны анық.
Тәрбие жұмыстарын жүргізгенде тәрбиешінің ролі ерекше. Сапалы білім, саналы тәрбие беруде оның еңбегі ерен. Өйткені ол-балалар мен ата-аналардың, үлкендердің арасындағы сарапшы. Сондай-ақ баланың психологиялық құпияларын жетік біле отырып тәрбиелейді, білім береді. Ең жауапты, ең негізгі болып табылатын тәрбиешінің еңбегі аса жоғары жауапкершілікпен сипатталады. Ата-аналардың өз балаларының жан дүниесін жақсы түсінуі, оларға отбасында дұрыс та тиімді тәрбиелік орта тудыру үшін, бала тәрбиесіне қатысты білімі және біліктерін ұдайы көтеріп отыруы қажеттілігін өздері түсінуі тиіс. Сол үшін де мектептің, сынып жетекшісі ата – аналар педагогикалық жұмыс жүргізуі, оның бағытын дұрыс ұйымдастырып отыруы міндеттеледі.
Баланың жақсы болып өсуі – тәрбиеден. Тәрбиенің дұрыстығы- тәрбиешіден. Баланың ең алғашқы тәрбиешілері- ата- анасы. Бойына білім дәнін себетін басты тұлға- ұстаз. Ұстазы білімді болса, шәкірттерінен озық ойлы азамат шығады. Ана тәрбиесі, әке тәрбиесі, ата- ана тәрбиесі халық тәрбиесімен сабақтасады. Ғұлама ойшылдарды, ақиық ақындарды, әділ билерді, шешендерді, ел қорғаған батырларды, халқын біріктірген хандарды да халқының тарихын ұрпақтан- ұрпаққа жеткізе жырлаған жырауларды да халық тәрбиелеген.
Халық тәрбиесі ұрпақты ақыл-кеңес, тамаша ата-баба дәстүрлерімен тәрбиелеу. Ағашты шыбық кезінде дұрыс күтіп баптаса, өскенде талда өскеннен кейін өз өркенін жайып өсіп жеміс береді. Сол ағаштың түзу болып өсіп-өніп жеміс беруі күтім, тәрбиеден болып отыр. Сондықтан ата-ана баласына дұрыс тәрбие берсе, ағаш тәріздес түзу болып өсіп, өркенін жаяды.
Кейбір ата-ана ұлы мен қызына киемін дегенін кигізіп, жасаймын дегенін жасатып, баласының рухани мүгедек болуына өздері себепкер болады. Баласына қастандық жасағанын кеш түсініп бармағын шайнайды. Ата-ана баласын дұрыс тәрбиелемесе қисық ағаш болып өседі. Сондықтан ұстаз- педагогикалық шеберлігімен үлгілі тұлға бола біледі, үлкен өмір жолына бағыт береді.
Қорытындылай келе «Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады, яғни тәрбиенің түпкі мақсаты- қоғамның нарықтық қарым- қатынасқа көшу кезінде саяси- экономикалық және рухани дағдарыстарында жеңіп шыға алатын, ізгілігімен XXI ғасырды дамытушы, іскер, өмірге икемделген жан-жақты мәдениетті дара тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру» деп тұжырым жасады. Тәрбиенің алғашқы бастамасын бала жанұядан алады. Жанұя - әрбір бала үшін алтын бесік. Тәрбие жұмысын жүргізуде ата-ана мен мектептің бірлігі қажет[28, 7 б.].
Сонымен қатар, осы топтағы балалардың салауатты өмір салтының негіздерімен таныс болғандары да дұрыс. Өйткені, денсаулық- барлық жағымды іс - әрекеттердің негізі.
Психикалық дамуы тежелген балаларды салауатты өмір салтына дағдыландыру жұмыстарын жастарына, жалпы қалыптасу жағдайларына сәйкестендіріп бастаған дұрыс [ 29, 79 б.].
Қазіргі қоғамымызда салауатты өмір салтына деген саналы көзқарастың болмауынан темекі шегу, спирттік ішімдікке салыну, жыныстық аурулардың, соның ішінде «ғасыр індеті» -СПИД ауруларының көбеюіне себепкер болып отыр. Спирттік ішімдіктердің, есірткі мен темекінің адам өміріне зиянды екені баршаға белгілі, сонда да жас балаларға тиімді жолдармен түсінікті жеткізу қажет.
Халқымыз қашанан-ақ денсаулықты алдыңғы орынға шығарып, «бірінші байлық» деп есептеген. «Дені саудың-жаны сау» - дейді халық даналығы. Еліміздің жарқын келешегі бәрімізге керек, оның ойдағыдай болуы қоғам мүшелерінің дені сау, өмірге саналы қарап, еңбек етулеріне әбден байланысты.
Денсаулығы әлсіз, білімі төмен, зиянды әдеттерге әуес, жалқау, тәрбиесіз жастары бар ел қашанда әлсіз, қорғансыз. Жастар болашақ, ертеңгі қоғамның, қала берді отбасының иелері. Сондықтан оларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу, олардың осы дәстүрлі дәріптеуші болып қалыптасуына бағыт беру қажеттігі білім беру мекемелерінің соның ішінде арнайы мектептің алдында тұрған педагогикалық проблемалардың бірі.
Еліміздегі оқу-тәрбие жұмысына байланысты болып жатқан жаңартулар білім мен тәрбие жұмысын қайта қарауды міндеттейді.
Тәрбие –қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның ара қатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жағымды қасиеттерін дамыту болып табылады. Оқушылардың саналы тәртібі мен байымды мінезін қалыптастыру, оған сәйкес сезімін және сенімін тәрбиелеу тәрбиешінің мақсатқа бағытталған іс-әрекетіне байланысты.
Еліміздің болашағы жас ұрпақ екенін ескерсек, сол жас ұрпақтың денсаулығы мықты, интеллектуалды, дүниетанымы терең , білімі сапалы, адамгершілігі мол, бойын «зиянды әдеттерден» аулақ ұстайтын, саналы ұрпақтарымызды тәрбиелеу – барлық ата-аналардың, жақын – жуықтардың , әсіресе тәрбиешілердің міндеті.
Қалай болғанда да ел, ұлт қамы үшін әр адамның саулығын жақсартуға, салауатты өмір орнатуға бәрімізде атсалысуымыз керек.
Зиянды әдеттерге алкоголь ішімдіктеріне үйір болу, темекі тарту, есірткілерді қолдану, СПИД (ЖҚТБ) – жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі жатады.
Қазіргі кезде қоғамымызда ішімдікке құмарту, маскүнемдікке салыну кең өріс алып отыр.
Алкоголизм мазмұны құбылыс ретінде әлі анықталып болған жоқ. Оған бұл сөзді теліген швед дәрігері, әрі қоғам қайраткері М.Гусс: «Организмде пайда болатын бүкіл кеселді өзгерістер спирт ішімдіктерін пайдалану әсерінен» деп жазды ол туралы. Алкоголизм тек медициналық қана проблема емес, педагогикалық та проблема[30, 14 б.].
Ішімдікке салыну және ішімдік салдарынан туындайтын жағдайлар қазір дүние жүзі елдерінің көпшілігінде үлкен әлеуметтік проблемалар тудырып отыр. Бұл проблема – кешенді (комплексті).Ол экономика , саяси, құқық, әлеуметтік, медицина, психология, педагогика салаларын қамтитын проблемалар. Біз жақсы түсінеміз, өткенді білмейінше болашақты бағдарлау қиын. Сондықтан маскүнемдік тарихына сараптама жасау оқушылар арасында теориялық тапсырмалар және практикалық тапсырмаларды орындата отырып, оларды маскүнемдікке қарсы тәрбиелеу мен маскүнемдікке қарсы насихаттау жұмысын жүргізу арқылы іс жүргізу.
Оқушылар арасындағы маскүнемдікке қарсы тәрбие тамыры тереңде жатыр. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезінен бастап тәрбие жұмысы осы бағытта үздіксіз жүріп келеді.
Өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру көпшілік жағдайда халықтың білім мен мәдениет деңгейіне байланысты. Әр адам ақпарат алуға және аурулардың алдын алу, денсаулықты нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы білім алуға құқылы. Адамның жан-дүниесінің күйіне денсаулығы тәуелді екенін біле тұра дұрыс қарым-қатынас жолдарын іздеп, соларды игеріп, бойын соған бейімдеуге тырысу, өзінен кішіге өнеге болу әрбір кісінің міндетіне айналуы керек. Ал мұғалімдер мен тәрбиешілердің бұл кәсіптік парызы, этикалық нормасы.
Осыған орай заманымызға сай Қазақстанда С.А. Назарбаеваның бастауымен «Денсаулықты нығайтуға себепкер мектептер» оқушыларға «Өзін-өзі танып білу» пәні деген тамаша бастамалар бас көтерді. Кейінгі уақытта зиянды заттар және алдын алу жөнінде әдебиеттер, әдістемелік құралдар көптеп жарық көруде.
Ал темекіге деген тәуелдік дерті өзінің таралуы жағынан жұқпалы аурулардан да асып түсіп, қауіптілігі жағынан атом бомбасы мен де теңесіп қалған. Осыған байланысты 2003 жылы 21 мамырда Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау Ассамблеясы темекіге қарсы күрес жөніндегі Конвенцияны бекіткен болатын. Республикамызда жыл сайын темекіге байланысты туындайтын аурулардың салдарынан 20-25 мыңдай адам өмірімен қоштасады. Республикамыздағы адамның әрбір бесіншісі темекі тартады, яғни 3-3,5 миллионға жуық адам темекінің құлы деген сөз. Енді адам организміне зиянды заттың тағы бірі – есірткі заттары. Есірткі заттары ерте заманнан белгілі (3500 жыл бұрын). Дегенмен біздің елімізде 1986 жылдан бастап жастарымыздың шетел жастарына «еліктеуінен» токсикомания мен наркомания белең алды.
Есірткі – (norkosis) ерекше наркоз, ұйықтау, ұйқымен ұмыттыру, жансыздандыру деген мағына береді. Есірткі заттарын немесе жүйкеге әсер ететін заттарды қабылдау денсаулығы дұрыс адамдардың мінез – құлқын қатты өзгертеді. Есірткі – бұл ешқандай еңбексіз, күш-жігер жұмсамай қанағаттану, сәл нәрсеге мәз болу. Есірткіге елігу адамзат баласына мыңжылдықтан астам уақыт бұрын белгілі болса да, дәл бүгінгі қоғамдағыдай басты проблемаларға айналмаған еді. Ғылыми техниканың қарыштап дамуына дейінгі қоғамда есірткіні (апиын, көкнәр, мухомор ерітіндісі, тағы басқалар) түрлі діни рәсімдерде және соғысқа қатысушыларға күш-қуат береді деген мақсатпен пайдаланған. ХХ ғасырдың басында нашақорлық әлемінің түкпір-түкпіріне жайыла бастады. 1960 жылдары есірткі Батыс Еуропа мен АҚШ жастарын, одан соң орта жастағыларды толықтай тәуелді етті. Нашақорлықтың осылай жылдам қарқынмен өсуі 90-жылдарға дейін жалғасып, арты СПИД сияқты тағы бір «абжылан» дертке ұласты.Он бес миллионға жуық тұрғыны бар елімізде 50 мыңнан астам нашақор, түрлі есірткі заттарын пайдаланатын 350 мыңнан астам адамдар бар. Нашақорлардың қатары «жасарып» келеді. Кейінгі деректерге сүйенсек, есірткіге тәуелділердің 60 пайызы – 16 және 30 жас аралығындағы жастар. 20 пайызға жуығы – оқушылар. Мамандардың жасаған зерттеу жұмыстарының қорытындысы әрбір нашақор өз ортасына кем дегенде 13-15 адамды тартатынын анықтады. Есірткі қолданушылардың жиі жиналатын жері отырған ауыр зардаптарын жан-жақты зерттеп, оның қазіргі кезде ең өзекті мәселеге айналғанын дәлелдеп отыр.
Елбасының 2005 жылғы 29 қарашадағы № 1678 жарлығы мен бекітіліп, үш кезеңге бөлінген Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2006-2014 жылдарға арналған стратегиясының негізгі ережелерін басшылыққа ала отырып, ел Үкіметі «Қазақстан Республикасындағы нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын» әзірледі. Бағдарлама бойынша әр адам, өңірлік комиссия күреседі. Пәрменді жұмысты ішкі істер министрлігі, әділет министрлігі, денсаулық сақтау министірлігі, арнайы агенттік, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдар жүргізеді.
Ресми мәлімет бойынша Қазақстандағы нашақорлар саны өткен жылмен салыстырғанда 9,5 пайызға артқан. Бұл алаңдаушылық білдіріп отырған мамандар елде нашақорлар санының артуына әлеуметтік жағдайдың төмендеп кетуі себеп болғанын айтады. Әсіресе, 12-14 жас аралығындағы жасөспірімдер нашақорлыққа бейім болғандықтан осы кезеңде мыңдаған жасөспірім жыл сайын есірткінің жетегінде кетіп жатыр деп ескертеді мамандар.
«Жастардың есірткіге бала жасынан елітуіне біріншіден, әлеуметтік жағдайдың төмендігі себеп болып отыр. Әсіресе, 12-14 жас аралығында өтпелі кезеңді бастан кешіріп, ұшып-қонып жүрген жас жеткіншектер үшін бұл кезең өте қауіпті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша да бұл жаста мыңдаған, миллиондаған жастар есірткі жетегінде кетіп жатады. Оған өтпелі кезеңде жасөспірімдердің ата-ана қарауынан тыс қалуы, олардың демалыс уақытында айналысар іс таба алмауы себеп болуда»
Нашақорлық – сырқат, емдеуден гөрі оның алдын алу жеңіл. Ал жасөспірім нашақорлар өмірінің орташа ұзақтығы – есірткі пайдалана бастаған соң бес жыл. Нашақорлық денсаулыққа қатерлі дерт одан аулақ болудың жолы – ешқашан оның дәмін татпау. Қазақстан үшін СПИД-ке қарсы күрес-нашақорлыққа қарсы күрестен басталмақ. Ендеше, СПИД-ке қарсы күресті Үкіметтің, арнайы орталықтардың ғана шаруасы санап, қанмен-қатерсіз отырмай, әсіресе өсіп келе жатқан жасөспірім балалары бар ата-аналардың, ұстаздардың, тәрбиешілердің бұл мәселеге барынша сергек, сақ болуы керек [31, 8 б.].
Қазақстанда үкімет қаулысымен 2015 жылы 14 қыркүйегінде № 1207 бұйрық жүзінде 2015-2020 жылдар аралығында «Қазақстан Республикасының СПИД эпидемиясына қарсы іс-шаралар бағдарламасы» бекітілген. Оның негізгі мақсаты эпидемия жайлы түсінікті қалыптастыру, жасөспірімдерге өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру арқылы ВИЧ/СПИД-нен зақымдану мүмкіндігін төмендету. Ғалымдардың айтуынша, бұл дерт әлі де кеңінен жайыла бермек. Бұл дерттен аулақ болу үшін салауатты өмір салтын ұстану керек. Қазіргі әлеуметтік проблемаға айналып отырған алкоголь, темекі тарту, нашақорлық, жыныстық жұқпалы аурулардың зиянын оқушылар санасына жеткізу, гумандық көзқарас қалыптастыру кезек күттірмейтін іс. Қазіргі кезеңнің ерекшелігі сол білім мен салауатты өмір сүру кезеңдерін қолма-қол өмірге енгізуді қажет етеді. Адамға ең керегі деннің саулығы. Денсаулықтың саулығы – қоғамның саулығы. Білім ағарту тәрбие жұмыстары оқу орындарында төмендегі бағыттар бойынша жүруі тиіс;
- Оқу үрдісінде оқушыларға тәрбие беру кезінде олардың жас ерекшеліктері, оқытылатын пән мазмұны ескертілуі тиіс;
- Білім ағарту істері сабақтан бос уақыттарда және мәдени демалыс орындарында да үздіксіз өткізілуі тиіс;
- Мұндай жұмыстар балалар үйіндегі оқушылар арасында мектеп интернаттарында, ішкі істер органдарында тіркеуде тұратын жасөспірімдер арасында да жүргізілуі тиіс;
- Құқық қорғау саласының, денсаулық сақтау, ғылыми орталықтар мүшелерін бұл жұмысқа тарту керек;
- Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер қоғамдастығы зиянды заттарды қолданудың алдын алу мақсатында жастар үшін жазғы уақытта білім алуды, жұмыс және демалысты жалғастыру мүмкіндігін ұйымдастыру;
- Каникул кезінде ерікті жұмысқа тарту;
- Жетістіктер, табыстар немесе елеулі нәтижелер туралы материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;
- Зиянды заттарды қолдануға бейімделуден жастардың мүдделерін қорғау саласындағы заттарды және құқықтық тәртібін қолдау және нығайту;
- Оқушылар салауатты өмір салтын, зиянды заттарды қолданбайтын өмірді қолдау және сақтау үшін өмірлік дағдыларына бейімдеу және оларды дамыту.
Мектептің, ата-аналардың көпшіліктің бірлескен жұмысы ғана зиянды заттарды қолданудың қауіптілігін, оларды қолдану жас адамның мінез-құлық нормаларына жат екенін және оның біздің демократиялық қоғамымыздың негізін бүлдіретініне біздің оқушылардың көздерін жеткізе алады.
Жоғарыда аталған зиянды заттарды барлық азамат мойындап отыр. Бұның бәрі бүкіл тіршілік атаулыға қауіпті. Қазір бұған қарсы мына үш бағытта жұмыс жүргізу қажет:
- үздіксіз жүргізілетін тәрбие мен білім ;
- әкімшілік, құқықтық шаралар;
- әркім өз өнегесін басқаға үйрету.

2 Психикалық дамуы тежелген оқушыларының ырықты тәртiп ауытқулардың себеп - салдарын анықтау


3.1 Психикалық дамуы тежелген балалардың өзіндік ерекшеліктері


Балалардың психикалық дамуының тежелу мәселесі дүниежүзілік психологтар мен педагогтардың бірден-бір көкейтесті мәселенің бірі брлып табылады. Олар ақылдылар қатарына жатпайтын, сонымен бірге білім қорының көлеміне қарай олар қорытуға жеткілікті икемділіктері барын кең «дамудың жақын аймағын» көре білді, белгілі категориялы балаларды іріктеп алады. Бұл балалар ерекше топқа кіреді – психикалық дамуының тежелуі бар балалар. Берілген бұзылулар олигофрения мен интеллектінің қалыпты дамудың арасындағы аралық орын алады.
Психикалық дамуы тежелген балалардың тек қана психикасы бұзылған деп қарамау керек, сонымен қатар олардың дене мүшелері мен тілдерінде де дамымаушылық кездеседі. Әдетте психикалық дамуы тежелген балалардың тілінде кемістік болады. Бірақ бұл жағдай да түрлі сөйлеу патологоиясымен байланысты. Яғни, ол ақыл-есі дұрыс балаларда да көрініс беретін кез-келген сөйлеу мәнерінің бұзылуы болып табылады. Алайда психикалық дамуы тежелген оқушылар тобында да сөйлеу мәнерінің фонетикалық-фонематикалық тұрғыда дамымай қалу жағдайы кездесіп жатады [32, 11 б.].
Психикалық дамуы тежелген балалар психологиясы және педагогикасы арнайы психологияның бағыттарының бірі, мұнда мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды қамтиды. Психикалық дамуы тежелген балалардың танымдық іс әрекеті мен жеке тұлғасының динамикасы зерттеледі.
Психикалық дамуы тежелген деп мидың органикалық зақымы салдарынан танымдық іс әрекетінің бұзылуы байқалатын балаларды атайды. XVIII ғасырдан бастап Ж. Эскироль, Э.Сеген, Ф.Гальтон, А. Бине, Э.Крепелин, Дж. Кэттэл сияқты психиатрлар ақыл ой дамуындағы ауытқушылықтардың негізгі көріністерін талдау және зерттеумен айналысты. Олардың алдағы негізгі міндет интеллектуалдық жетіспеушіліктің психикалық аурулармен өзара байланысын анықтау және бұл бұзушылықтардың тереңдігін анықтау болды [33, 341 б.].
ХІХ ғ ортасынан бастап көптеген европалық елдерде жалпыға ортақ бастапқы білім беру жаппай енгізіле бастаған кезде мектеп білімдерін игерудегі тежеу болған интеллектуалдық жетіспеушілігі анықтау мәселесі шиеленісе түсті. Осы кезде психикалық жағынан сау демек мектеп бағдарламасын игере алмайтын балалар жіберілетін қосымша мектептер ашылады.
Ресейлік ғылымда интеллектуалдық жетіспеушіліктің түрлі көріністерін зерттеу кейінгі кезде ХХ ғ. бас кезінде басталып ХХ ғ жиырмасыншы жж Л.С. Выготскийдің [34, 23 б.] күшімен негізделген дефектологияның зерттеу пәніне арналды. Жалпыға ортақ мектептерде білімді игеруде артта қалатын балалар бар екендігіне түңғыш рет ғұламалардың назарын аударған К.Д. Ушинский болды. Педагогтар мен психологтар осы артта қалушылықтың талдауына көп көңіл бөлген. Жиі жағдайда білімді игерудегі артта қалушылықты ақыл ой жетіспеушілігімен түсіндіретін және осы жағдайға байланысты Ресейде көмекші мектептер ашыла басталды. ХІХ ғ. ортасында дәрігерлер ақыл ойы тежеу балаларды психиатриялық емхананың басқа пациенттерінен бөле бастады. Оларды тәрбиелеу және оқыту барысында олардың психикалық іс әрекетінің ерекшеліктері жөнінде білімдер мен мағлұматтар жинақталды. 1915-1916 жж. Ресейде Г.Я. Трошиннің «Тәрбиелеудің антропологиялық негіздері. Дамуы қалыпты және психикалық дамуы тежеу балалардың салыстырмалы психологиясы» атты тұңғыш фундаменталды еңбегі шықты. Автор бұл еңбекте шетелдердің және ресейлік зерттеушілерден алынған материалдарды қорытындылады. Олардың негізінде ақыл ойының дамуы тежеу балалардың танымдық процесстері мен жеке тұлғалық ерекшелігі жөнінде бірқатар қызық тұжырымдамалар білдіртті. Соның ішінде психикалық дамуы тежелген балалардың дамуы, дамуы дұрыс және дамуы бұрыс балаларды дамытудың заңдылықтарының ортақтығы жөнінде сияқты тұжырымдамалар.
1929 ж Мәскеуде балалар үйлердің және арнайы мектептердің ғылыми тәжірибелік институты ашылды, мұнда көптеген жас ғалымдар күштері жұмылдырылды. Олардың арасында Л.С. Выготский Ресейде жалпы және арнайы психологиясының дамуына зор үлесін қосты. Ол маңызды теориялық ережелерді құрастырды, сол сияқты:
- Адамзат психикасының құрылысы жүйе түрде, оның бір буынының бұзылуы барлық жүйенің қызмет етуін өзгертеді;
- Баланың дамуының актуалды және жақын арадағы зоналары жөнінде;
- Дамуы дұрыс және аномалиялық балалардың дамуын шарттайтын факторлардың ұқсастығы жөнінде;
- Аномалиялық баланың дамуындағы алғашқы және екінші қатарлы ауытқуы жөнінде;
- Психикалық дамуы кешеуілдеген балалармен коррекциялық педагогикалық жұмысының негізгі бағыттары жөнінде;
- Баланың жоғары психикалық қызметтерінің дамуының факторы ретінде ұжым жөнінде;
- Ақыл ой жетіспеушілігі кезінде интеллект және аффекттің ара қатынасының өзгеруі жөнінде;
- Психикалық дамуы кешеуілдеген балаға ертеден коррекциялық педагогикалық ықпал етудің маңызы жөнінде.
Қазіргі уақытта психикалық дамуы тежелген балалар кеңінен зерттелген. Белгілі дефектологтардың зерттеулері педагогика ғылымдарының бұл саласына үлкен үлес қосып, мектеп жасына дейінгі мен бастауыш мектептігі психикалық дамуы тежелген балалардың спецификалық жалпы ерекшеліктерін бөлуге мүмкіндік берді.
Орта мектептің бағдарламасын игере алмағандардың көп бөлігін психикалық дамуы тежелген балалар құрайды. Сондықтан мектеп жасына дейінгі сәбилер арасында бұл санаттағы балаларды анықтап, олардың спецификалық психофизикалық ерекшеліктерін зерттеу аса маңызды.
Жалпы психикалық дамуы тежелген балаларға тоқтала кетсек.
«Психикалық дамудың тежелуі» деген түсінік баланың қалыпты психикалық даму сарыны бұзылған кезде айқындалатын «аномалияның ерекше типі» деп анықталады. Оның себептері әртүрлі: конституция ақауы (гармоникалық инфантилизм), соматикалық аурулар, ОЖЖ органикалық зақымдануы (мидың минималды дисфункциясы). Бұл түсінік психологиялық-педагогикалық болып табылады. Психикалық дамуы тежелген балаларды педагогикалық тәрбиелеу ақаулары бар балалардан ажырата білген жөн. өйткені осы екі түрде де білім алу деңгейі төмен болуының себептері әртүрлі. Психикалық дамудың тежелуі мидың органикалық зақымдануымен (туа біткен, ана құрсағында, туған кезде немесе кішкентай кезінде пайда болған) байланысты. Алайда сонымен қатар, бұл жағдайдың олигофрениядан айырмашылығы патогенді факторлар баланың даму сарының бұзылуына ғана алып келеді. Ал симптомдардың бетін қайтаруға әбден болады. Бірақ ол үшін коррекциялық және емдеу жұмыстарын жүргізу қажет.
Т.А.Власова психикалық дамудың тежелуінің келесідей түрлерін бөліп көрсеткен: Психикалық және психофизикалық инфантилизм негізінде пайда болатын психикалық дамудың тежелуі [35, 14 б.] .
Организмнің астеникалық және церебрастеникалық жағдайына байланысты пайда болатын психикалық дамудың тежелуі.
Тежелудің бірінші түрінің пайда болу себебі жүктілік кезеңінде орталық жүйке жүйесіне зиянды әсерлердің болуында жатыр. Ал психикалық даму тежелуінің екінші түрі бала өмірінің бастапқы сатыларында әсер ететін түрлі патогенді факторларға байланысты.
К.С.Лебединская келесідей классификацияны ұсынды [36, 42 б.]. Бұл классификацияның негізінде этиопатогенді принцип жатыр. Осыған орай мына типтерді бөліп көрсетуге болады:
- Психикалық дамудың самотогендік тежелуі;
- Психикалық дамудың конституцуялық тежелуі;
- Психикалық дамудың церебралды-органикалық тежелуі;
- Психикалық дамудың психогенді тежелуі.
Психикалық дамудың соматогенді тежелуінің себебі ұзақ мерзімді соматикалық тапшылық, сондай-ақ жалпы психикалық тонусы төмендететін тұрақты астения болып табылады.
Психикалық дамудың конституциялық тежелуі кезінде баланың эмоционалды-мінез саласы жасына сай келмейді. Мұндай балаларға ойын қызығушылығы тән.
Психикалық дамуыдың психогенді тежелуі баланың патологиялық дамуына алып әкелетін тәрбиелеудің жағымсыз жағдайларына байланысты.
Психикалық дамудың церебралды-органикалық типі эмоционалды салада және танымдық іс-әрекеттегі бұзушылықтармен сипатталады. Психикалық даму тежелуінің осы түрі жиі кездеседі. ОЖЖ жастайынан зақымданған балалардың жалпы эмоционалдық азғандығы ересек адамның қарым-қатынасына эмоционалды жауап қайтарудың төмендегенімен айқындалады. Оның өзі төмендегіден көрінеді. Дамудың маңызды көрсеткіші «жандану кешені» көп жағдайларда ұзақ уақыт бойы жоқ болады немесе рудементарлы форма ретінде бейнеленген. Интелектуалды тапшылығы бар балаларда ол өмірдің алғашқы жылының аяғына қарай эмоционалдық әлсіз түрде кездеседі.
ОЖЖ айқын түрде зақымдалған балаларда ананы «тану», оны басқа ересектер арасынан ажырату сияқты ерекше қатынасы ұзақ уақыт бойы білінбейді. Эмоционалдық көріністердің бастауларына келетін болсақ, ересектің жымиуына баланың жеткілікті назар аудармауын айта кеткен жөн. Бұл және өзге мимикалық құралдар бала үшін түсініксіз болып қала береді. Бала мен ересек арасындағы эмоционалдық қатынасты орнатудың қиындығы қарым-қатынастың өзге күрделі түрлерін құруға кері әсер етеді. Ересектермен сөйлеуге дейінгі қарым-қатынасқа түсудің жеткіліксіздігі, заттық іс-әрекеттердің жоқтығы, ұсақ моториканың жетілмеуі ОЖЖ зақымданған баланың алғашқы сөйлеуінің аздығымен тығыз байланысты болып келеді. Заттық әрекеттердің дамымауы бұл балалардың өте кеш былдырлауының шартты спеттес. Жауап қайтаруға бағытталған интонациялық былдырлау қалыпты дамып келе жатқан балаларды өмірдің алғашқы жылына тән. Ал дамуы жағынантежелген балаларды кейде тіпті былдырламайды да. Оларда тіпті қозғалыстар, мимикалық қимылдар аз немесе мүлдем жоқ.
Психикалық дамуы тежелген балаларда арнайы оқытусыз сөздік белсенділік пайда болмайды, айналасындағы адамдар сөзге дейінгі қатынас түрлері де қалыптаспайды, заттық іс-әрекет дамымайды. Интелектінің дамымауы құрылымында осы санаттағы балалардың интелектуалды және жалпы тұлғалық дамымауымен тығыз байланысты сөйлеудің спецификалық бұзылуының орны ерекше. Олардың сөйлеуінің дамуына ересектердің сөзіне былдырлау арқылы жауап қайтару болмайды, фразалар арқылы сөйлеуді игеру өте баяу және қиын өтеді: жеке сөзден бірнеше сөзді, сөйлемдерді құруға көшу процессі ұзаққа созылады. Интеллекті толық дамымаған балаларда сөйлеу формалары өте баяу қалыптасып, тұрақталады, сөздік шығармашылықта тәуелсіздік жоқ; тұрақты фонетикалық дамымағандық, сөйлеу барысында зат есімдердің басым екені, қимылдарды, белгілер мен қарым-қатынасты бейнелейтін сөздердің аздығы байқалады. Сөздік белсенділік төмен. Кейбір сөз тіркестерін айтатындай сөздік қоры бола тұра интеллектісі дамымаған балалар сөздік коммуникация орнатудан әлі алыс. өйткені олардың игерген сөздік құралдары қарым-қатынас қажеттілігін қанағаттандыруға жеткіліксіз. Сондықтан тұлғааралық қатынас орнатуда қосымша қиындықтар туындайды. Бұзушылықтардың сипатымен ерекшеленген онтогенетикалық дамудығы ауытқушылықтар сөздік қарым-қатынастың толық әрі дамуына кедергі жасайды. Ол интеллектуалды тапшылығы бар мектеп жасына дейінгі балалар үшін зиянды, оның мотивтері баланың органикалық қажеттіліктерінен туындайды. Айналасындағы адамдармен қарым-қатынас орнату физиологиялық қажеттілік салдары.
5-7 жаста психикалық дамуы тежелген балалар ересектермен қатынас орнатуда ойын ойнауға бейім келеді.
Ол қоршаған адамдармен араласу қажеттілігінің төмен екендігінің белгісі. әлеуметтік қажеттіліктердің әлсіз дамуы сөздік қор бола тұра мектеп жасының соңының өзінде балалар сөздік қатынастын құралдарын қиындықтармен игереді. Мына жағдайда да назар аударайық. Интеллектінің дамуының жеңіл формасына шалдыққан 5-6 жасар балалар бала бақшаның арнайы тобына келген уақытта өзінің сөйлеу қабілетін пайдалана алмайтынын байқайды. Сол себепті олар заттарды үнсіз қозғап, құрдастары мен ересек адамдарға сирек тіл қатады. Интеллекті бұзылған балаларға арналған бала бақшаның тәрбиеленушілерін ұзақ уақыт бойы бақылау ұйымдаспаған ойын жағдайында олар қарым-қатынастың екі формасын ғана пайдаланатынын көрсетті. Мектеп жасына дейінгі жоғары жастағы интеллектісі жетілмеген балалардың көпшілігіне қарым-қатынастың жағдайдан тыс танымдық формасы, ал қалғандары үшін тіпті қарпайым жағдайлық-іскерлік түрі тән болып келеді. Олардың ешқайсысынан әлі күнге дейін осы жастағы қалыпты дамып келе жатқан балаларда болатын жағдайдан тыс тұлғалық формасы байқалған. Сол себепті интеллектілі тапшылығы бар балалар сөздік қарым-қатынастардан бас тартады. Ал егер бала ман оның құрдасы немесе ересек адам арасында қарым-қатынас орнаса ол қысқа мерзімді және толық болмайды. Ол бірнеше себептерге байланысты. Олар:

  • бір нәрсе айтуға деген талпыныстың тез жоғалуы әңгімені тоқтатуға әкеп соқтырады;

  • баланың жауап қайтару үшін қажетті мәліметтерді білмеуі және сөздік қордың аздығы бір нәрсе айтуға кедергі жасайды;

  • сұхбатасуды түсінбеу – балалар сөйлесіп отырған адамның сөзін түсінбей қалады. Сондықтан олардың жауаптары әңгімені жалғастыруға кедергі жасайды.

Арнайы педагогика мен психолгия қарым-қатынасты даму бұзушылықтарын коррекциялаудың бір құралы ретінде қарастырады. Ал кейбір сәттерде оның маңызы зор дейді. Мәселен, көру, есту, сөйлеу қабілеті жоқ балаларды тәрбиелеудің бірегей жағдайларында ересек адаммен қарым-қатынас жасау адами психиканы қалыптастырудың жалғыз амалы болып табылады. Интеллектуалды дамуында әртүрлі деңгейіндегі проблемалары бар мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде және оқытуда қарым-қатынасқа ерекше мән беріледі. Интеллектуалды дамуы тежелген мектеп жасына дейінгі балалардың ауытқушылықтарын коррекциялағанда оқыту негізгі құрал ретінде қолданылатыны тәжірибе жүзінде (Л.Л.Катаева, Н.Д.Соколова, Е.А.Стребелева және т.б.) анықталады. Қазіргі заманғы дидактика оқытуды білім, дағды қалыптастыру жолындағы оқытушы мен баланың өзара қатынасы. Осы санаттағы балаларда сөйлеу қабілетінің пайда болуы мен дамуы, олардың қалыпты дамып келе жатқан құрдастарында тәрізді балалар іс-әрекетінің түрлерін игерумен тығыз байланыста жүзеге асырылады. Сондықтан интеллектуалдылық тапшылығы бар балалардың сөйлеу қабілетін дамытуға бағытталған коррекциялық жұмастарды жүзеге асырғанда бала іс-әрекетін қалыптастыру генезмсін ескерген жөн. Сөйлеудің қызмет көрсету сипаты оның заттық-ойын әрекетін, оның ішінде сюжеттік-рөлдік ойынды игерумен тығыз байланыста пайда болып, дамиды.
Л.С.Выготскийдің айтуынша, сюжеттік-рөлдік ойын кезінде баланың ересек адамның өміріне қатысуына деген «жүзеге аспаған талпыныстары орындалады», оның ересек адамның орнында болуға деген қажеттіліктері шығады. Алайда шын өмірді бейнелейтін ұжымдық сюжеттік-рөлдік ойындарды жүзеге асырып, дамыту үшін бала қарым-қатынастың әр түрлі формаларын игеруі қажет. Қарым-қатынастың толыққанды құралдарынсыз топтағы балалар ойынды әрі қарай дамыта алмайды және қатысушы әр бала ойыннан қанағат алмайды. Екінші жағынан ойын ұжымдық сипатта болғандықтан балаларды сөздік қарым-қатынастың түрлі фомаларын игеруге талпындырады. Ол тек сөздік ресурстарды жандандырып қоймай сөздік құралдар қорын байытып, оларды жетілдіреді. Алайда интеллектісі дамымаған балалардың көпшілігінде сөз ойынды ұйымдастыруға көмектеспейді. Әдетте олар тақпақтардың, өлеңдердің үзінділерін немесе жеке сөздер мен дыбыс тіркестерін айтады.
3.2 Мінез-құлқы бұзылған балалар
Жалпы мектептегі оқушылар арасында, әдетте мінез–құлқы аумалытөкпелі, морт (психопат) деп аталатын балалар болады. Ондай психопаттықтың болу себебі – ұрықтың жатырдағы кезеңінде немесе бала өмірінің бастапқы шағында сыртқы фактордың қолайсыз әсер етуі болып табылады.
Психопаттықтың тұқым қуалайтындығы жөнінде түрліше көзқарастар бар. Біреулер психопатияны мінез патологиясы ретінде тұқымнан-тұқымға ауысады десе, тағы біреулер оны психикалық аурулардың нышаны немесе дамымаған түрі деп қарайды. Авторлардың көпшілігі, психопат адам үрімбұтағында психикалық ауруы бар отбасыларда жиі кездеседі деп есептейді.
Психопаттықтың пайда болуына себепші сыртқы қолайсыз факторларға: туған кезде болған жарақат; ұрықтың жатырдағы даму кезеңінде және жас шақта миға инфекцияның түсуі; ұзаққа созылған асқазанішек немесе басқа соматикалық ауруларға байланысты токсикоз; сондай-ақ ұрықтың өсіп-өнуіне зиянды әсер ететін (мерез, маскүнемдік, сәуле қуаты, ананың ұзаққа созылған ауруы, токсоплазмоз, эндокриндік кемістіктер және т.б.) жағдайлар жатады.
Психопат балалардың мінез–құлқында кездесетін қиындықтар биологиялық және әлеуметтік себептермен шарттас болады. Бірақ, сонымен қатар биологиялық деректер, оның ішінде тұқым қуалау деректері болашақ балада қалыптасатын барлық мінез ерекшеліктері мен қасиеттерін алдын ала белгілейтін бастапқы сәт ретінде ғана ескерілуі тиіс. Баланың психопаттық жағдайының өтетіндігіне, көбінесе байланысты [37, 51 б.].
Педагогикалық тұрғыдан алғанда және қолайлы әлеуметтік жағдайда баланың мінезіндегі ерекшеліктер бірін-бірі толықтыратындықтан, ол қоғамның толық құқылы мүшесі бола алады. Егер психопат баланың дамуы қолайсыз жағдайда өтсе, онда оның мінез–құлқында айтарлықтай патологиялық кемістік – ақаулар пайда болуы ықтимал. Балалардың психопаттық күйін теңгерудегі әлеуметтік жағдайдың маңызы, психопатияның ауру емес, бала дамуының өзіндік аномальдық ағымы ретінде анықталатындығында. Психопатия дегеніміздің өзі жеке бір психикалар мен жүйелер қызметінің бірыңғай дамымауы. Өйткені психопат балаларда нағыз ақыл-ойдың дамуымен қатар, эмоциялық-ерік өрісінде дамудың шектелуі мен өзіндік өзгерістер байқалады.
Бір бала отбасындағылардың кейбіреуіне селқос қарағанымен, кейбіріне соншалықты жақын, аса сезімтал, жәбірленгіш болады. Ал тағы біреулері оған керісінше, эмоциялық жағынан өте салқын, біреумен жақындасып, қарым-қатынас жасауы нашар, тұйық әрі өзімшіл келеді. Кейбір жағдайларда психопат балалардың мінездерінде эгоцентризм (өмірдегі ақиқаттың, шындықтың барлығын өз түсінік көзқарасы бойынша шешуге бейімділік), өз мүмкіндігін асыра бағалау, өзін көрсетуге ұмтылу басым болады. Ал мұның өзі, айналасындағылармен ұрыс-жанжалға апарып соғады.
Психопат балаларда жоғары қозғыштық (сезгіштік), кейбір жағдайда қиялы өзгерістерге бейімділік жиі байқалады. Сондай-ақ еріктің дамымауы оларға тән нәрсе, соның салдарынан көңіл-күйдің аумалы-төкпелілігі, бірдеңеге сену тым жоғары болады. Олардың мінез–құлқы неге болса да себепші күш ретінде (сипат алады), қызмет атқарады. Ондай балалардың жұмыс қабілеті төмен, зейінсіз болады, бір нәрсеге ой тоқтата, байыбына жетіп, мектепте берілген тапсырмаларды орындай алмайды.
Психопатияны топтастыру немесе бөлу мәселесі жөнінде әр түрлі пікірлер бар. Қайсыбір авторлар психопатияны жеке клиникалық белгілері бойынша топтастырса, енді біреулері жалпы құлағы, дене құрылысының ерекшеліктері бойынша топтастырады, ал үшінші біреулер дамуының түрлері бойынша топтастырады.
Бұл тұрғыдан алғанда маңыздысы мектеп басшылары мен педагогтардың психопат балаларды топтап, бөлуді білуі емес, олардың өзіндік мінез-құлқын, балалар психопатиясының пайда болуын тудыратын себептер мен оның дамуының заңдылықтарын білу маңызды.
Алайда психопатияның жеке бір түрін әңгімелемес бұрын, мінезқұлқындағы қайсыбір теріс өзгерістердің бәрін де психопатияның бір көрінісі деп қарамау керектігіне баса назар аударуға тура келеді.
Нағыз психопатияға не патологиялық тұқым қуалаушылық немесе ұрықтың жатырдағы кезеңінде белгілі бір ми жүйелерінің немесе баланың алғашқы өмірі кезінде органикалық жағынан зақымдануына байланысты мінез-құлықтың тек дамып-жетілмеген түрлері ғана жиі ұшырайды.
Органикалық психопатия. Ми қабықшалары мен ми жүйелеріне байланысты органикалық кемшілікпен шарттас психопатияда бала шын мәнісінде жан-жақты дамып, жетілмегендігімен сипатталады. Ондай бала ең алдымен өзі істеген теріс ісіне,орындаған жұмысына дұрыс баға бере алмайды, болмашы тұрпайы нәрсеге жиі алданады. Сөйтіп, оның эмоциялық өрісі дамиды. Мәселен,аз ғана эмоциялық белгілер сақталып қалғанның өзінде оларда күрделі эмоциялық білім дамымайды, яғни төңірегіндегілерге айыра,анықтап қарау, терең түсіну болмайды; сондықтан олардың эмоциясы әрі тұрақсыз,үстірт болады. Оның үстіне мұндай психопаттарда қатты қайғыру, әсерлену болмайды. Сол себепті оларда намыс,реніш-өкпе де, жаны күйзелу де кездеспейді.
Психопат бала еркінің дамып-жетілмеуі оның өз іс-әрекетін, мінезқұлқын бақылап,басқарып отыруға кедергі болады, яғни өзінің іс-әрекетіне қойылатын талап пен мінез-құлқын үйлестіре алмайды. Психопат баланың дамуындағы ерекшеліктер өте жас кезден байқалады және оның дегбірсіз қимылы, орынсыз айқайы арқылы, ұйқысының нашарлығымен сипатталады. Ал мектеп жасына дейінгі кезінде ондай бала төбелескіш,басқа құрбылармен тату ойнай алмайтын, өркөкірек болады. Мектепке баратын мезгілінде өрескел әуестік, қыңырлық және қияли өзгеріске бейімділік байқала бастайды. Сөз ,интеллекті және басқалардың дамуы, әдетте бірқалыпты өтеді.
Егер осы жоғарыда айтылған ерекшеліктерге байланысты балаға мектепке барғанға дейін шара қолданбаса,онда баланың мінез-құлқындағы кемшіліктер көбейіп қана қоймай,мектепке дайындықсыз келумен қатар,оқу үлгеріміне де зиянын тигізеді. өйткені ондай балалар мектепте қойылатын талапқа бағына білмейді, үйге берілген тапсырманы орындамайды, жолдастарымен жанжалдаса береді. Тәртіп бұзып, мұғалімдерді тыңдамайды, кейде мектептен немесе үйден де қашып кетіп қалатын кездері болады. Ал қолайсыз жағдайлар туғанда, бұл балалардың өзі істеген ісіне жауапсыз қарайтындығын, тиянақсыздығын, өрескелдігін, ішіп-жеуге т.б. әуестігін пайдаланатын құқылы тәртібін бұзушылардың ықпалына түсіп қалатындығын байқауға болады.
Алайда бала уақытын ойынға көбірек жұмсайтын кезеңнен бастап, мектепке келгенге дейін барлық тұрғыдан алғанда да оның дамитын мезгілі екені анық. Сондықтан ол ең алдымен ойын арқылы қалыптасады. Ойынның оқушы баланың дамуына да зор ықпалы бар. Демек мектепте оқушының балалармен қарым-қатынасын алдымен жолға қою керек. Ойын мінезқұлықтың ерік механизмдерінің дамуына жағдай жасайды, эмоциялық тәжірибені байытады,саналылықты арттырады, белгілі бір ережеге бағынуды үйретеді.Ал мектеп жасына дейінгі психопат баладан шығып қалуы, оның жеке басы кемшіліктерінің,мінез-құлқы кемшіліктерінің дамуына әкеліп соқтырады. Мұндай кұбылыс ол, әсіресе мектепке окуға келгенде алдымен байқалады. Ондай балаларға ересек адамдар да, педагогтар да, окушылар да бәрі бірдей. өйткені олар балалар ұжымында дұрыс бағыт ұстай білмейді де, істеген іс-әрекетке жеткілікті түрде мән бермейді.
Органикалық психопат балалардың интеллектісі бұзылмаған: ойлауы ,есіне сақтауы, көргенін және кеңістікті қабылдап,түйсінуі,сөз сөйлеуі жеткілікті дамыған болады. Бірақ оқуды үлгеруі жоғары болмайды, себебі ондай балалар тапсырманы алдын ала ойланбай, дайындықсыз жасайды. Бірдеңеге ой тоқтатып, көңілін аудара алмайды, тапсырманың да кейбірін есінде сақтамайды, киындықтарды да жеңу қолынан келмейді... сөйтіп, дефектінің (ақаудың) біліну дәрежесі әр түрлі болғанымен, оның құрылымы қашанда бірыңғай қалпында қалады.
Мұндай балалармен жұмыс істегенде, әсіресе олар жаңадан оқи бастағанда,оқу процесін дұрыс ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлу керек. Олар оқу, жазу және есептеуде қинала қоймағанымен, жұмыс істеуге нашар тартылады, бастаған ісін аяғына дейін жеткізіп, бітірмейді. Орындаған жағдайда оны ұқыпсыз, салақ жасайды. Ол үшін алғаш жеңіл тапсырмалардан бастап, қиын, күрделісіне қарай бірте-бірте орындатқан дұрыс.
Білім алудағы олқылықтың болуына жол бермеу,оның алдын алу аса маңызды мәселе, өйткені педагогтар тарапынан жіберілген кемшіліктерге жол берілсе, оңдай балалармен бұдан былайғы жерде жұмыс жүргізуді мүлде қиындатып жібереді. Сонымен бірге олардың интеллектуалдық мүддесін тәрбиелеудің де зор маңызы бар. Бұл оқу ісінің тиімділігін арттырады, оқушы бала бойындағы өрескел әуестіктің тежелуіне жағдай жасайды.
Бұл топтағы психопат балаларға қатысты тәрбиелік шаралар олардың өзі істеген іс-әрекеттеріне талдау жасап, дұрыс баға бере алатындай бағыттағы жұмыс түрлері болуы тиіс.Мұндай балалардың өз мінез-құлқын жеткілікті түрде игере алмайтындығын, тұрақсыздығын ескере отырып, педагог оған ұдайы қатаң күн тәртібін ұсынып, оны көзінен таса қалдырмауы керек.
Органикалық психопат балалармен жұмыс жүргізгенде ұстамдылық сақтап, байсалды болған дұрыс. Өйткені олар тым сезікті болады, болмашы нәрсенің өзіне де булығып, ашуланып шыға келеді. Мұндай жағдайда педагог баланы алдаусыратпай-ақ басқа бір іс-әрекетке жұмсаған тиімді екенін ұмытпағаны жөн. Ал жазалау дегенің баланы бұрынғыдан да есіртіп, өршітіп жіберуі мүмкін.
Балалардың арасында жұмыс жүргізгенде аса елеусіз деген қол еңбегінен бастап, шеберханаға, мектеп жанындағы участкедегі, үйдегі жұмысқа дейінгі еңбектің барлық түріне ондай балаларды үйретудің тәрбиелік зор маңызы бар. Себебі, психопат балалардың ондай түрін жұмысқа тартқанда, сабақ үстінде олардың бүлік іс-әрекетін, бар ықыласын еңбекке жұмылдыру, ңұсқауға бағына білуін қалыптастыру, бастаған ісін ақырына дейін жеткізіп істеу, ұжымда жұмыс істеу жеңіл болады. Еңбек ондай балалардың жалпы еліру, қозуын бәсендетеді, өрескел әуестіктен сақтандырады.
Психопат балалармен жұмыс жүргізген кезде олардың ата-аналары педагогқа үлкен көмек көрсетуі тиіс. Тек сонда ғана бірдей қарым-қатынас, бірдей көзқарас қалыптасуы мүмкін. Ондай көмек педагогтармен, дефектологтармен кеңесе, ақылдаса отырып жұмыс істеумен қатар, нұсқаудағы ережелерді бұзбауға да тығыз байланысты. Бұған қосымша психиатр-невропатолог дәрігерлермен де ұдайы тығыз қатынаста болудың маңызы ерекше. Өйткені бұлар да емдеу шаралары мақсатында қажет болып қалады.
Эпилептоидты психопатия. Органикалық психопат балалар тобымен қатар, конституциялық психопат балалар деп аталатындар да бар. Психопаттық мұндай күйдің этиологиялық (ауру тудыратын себебі) факторы эпилепсия (қояншық) болып саналады. Психопат адамдардың кейбіреуінің мінез-құлқы эпилептоидты болып кездеседі. Олардың негізгі ерекшеліктері эмоциялық белгілерінің тым әлсіздігінде, әрекетсіздігінде.Сондықтан да эпилептоидтар қайғырып-күйінгенде оларды басқа бірдемемен алаңдату қиын болады. Күдікшілдік, қанағаттанбау сезімі, алай-түлей ашу шақыру, мезгіл- мезгіл кек алу, ыза кернеу, сараңдық, ашқарақтық, сипат жалғыз адамнан кездесе бермейді, олардың біліну дәрежесі әр түрлі жағдайда түрліше болады.
Эпилептоидты психопат адамдардың көптеген жағымды жақтары да бар. Олар: еңбекке жақсы қабілет, тапсырманы ұқыпты орындау, мақсатқа бағыттау, бар күш жігерін жұмылдыра білу, қиындықты жеңе білу.
Эпилептоидты психопатта өз заңдылығы бар. Оларда өте жас кезіненақ ашушаңдық пайда болады. Бұл вегетативтік және қан тамырлары жүйесі жұмыстарының нашарлығынан да болуы ықтимал. Өйткені олардың жалпы соматикалық күйінде ешқандай ауытқушылық болмайды. Соның өзінде ашушаңдық оған тән қасиет-ол ұзаққа созылады және басқа көңіл-күймен оңайлықпен алмаса қоймайды. Мектеп жасына дейін оның мазасыздығы мен ашушаңдығына аффектілік мінез – көңіл-күйдің қиялилануы қосылады. Мектеп жасында осы жоғарыда айтылған ерекшеліктердің қосылуынан, мінез-құлыққа тән бірқатар екінші белгілер: жағымды және жағымсыз ерекшеліктер қалыптасады. Мұнда бір жағынан, ондай балалар қиындықтарды жеңе алады, алдына қойған мақсаты, көздеген мүддесі болады; тапсырманы орындауға тиянақты әрі ұқыпты, жұмысты өнімді де тындырымды істейтін болады.
Екінші жағынан, жоғарыда айтылған ерекшеліктер жиынтығынан барып, ұнатпаған нәрсені есінде сақтау, кекшілдіқ, сараңдық және көңілкүйінің киялилыққа бейімделуі сияқты теріс қасиеттер дамиды. Ал бұл, оның төңірегіндегілермен жанжалдасуына соқтырып, өз басының қиялилығын күшейте түседі.
Жас шағының ауыспалы кезеңінде бұл айтылғандардың барлығына көңіл-күйдің толқымалылығы, тұйықтық, күдікшілдіқ, маңындағы кісілерге сенбеушілік қосылады. Мұндай балалардағы мінездің патологиялық белгілері бірте-бірте қалыптасып, дамудың бірлігі бір кезеңінде ғана пайда болады. Сондықтан ондай балалардың жақсы жақтарына сүйене отырып, олардың пайда болуын дұрыс педагогикалық жолмен жеңілдетуге болады. Түзету – тәрбие жұмысындағы басты мәселе – эпилептоид балалардың күйінішренішіндегі тоқыраулыққа бейімділікті жоюға ұмтылу болып табылады. Ол үшін әсер етудің әр түрін іске қосып, оны орындау процесінде қажетті көмекті көрсету керек. Педагогқа қияңқылық жасап, теріс әрекет-мінез ( негативизм) көрсеткенде немесе ыза болғанда, балаға өктемдік жасап, бұйрық беру арқылы ықпал етуге болмайды. Оның орнына өзі ұнатып істейтін, қолынан келетін іске жұмсаған дұрыс. Егер мұндай балалардың жеткілікті интелекті бола тұрып, баяу қимылдап, баяу ойланатын болса, қосымша сабақ оқыту процесінде алдын ала материалды өтіп, «қор жинауды» ескеру керек.
Эпилептоид балалардың мінез – құлқындағы қолайлы қасиеттерді: күш-қуатын, тапсырма орындаудағы мақсаттылықты, табандылығы мен ұқыптылығын пайдалану керек. Оларды пайдалы қоғамдық жұмыстарға, үйірмелерге тартып отырған дұрыс.
Эпилептоид балаларға, әсіресе еңбекпен тәрбиелеу де жақсы ықпал етеді, сондықтан бұларды түрлі жұмыстарға жұмсауды да ұмытпаған жөн.
Көңіл – күйі қиялилыққа бейім балаларға барынша қолайлы жағдай туғызу керек. Оның қозып, ашулануын басатын дәрі- дәрмектерді дәрігермен кеңесе отырып беруге болады. Әрине, бәріне бұрын дәрі ішкізуге жеткізбей тұрып, алдын алған жөн. Бұл үшін педагогтар мен мектеп дәрігері баланың көңіл-күйіне ұдайы көңіл бөліп, бақылап отыруы тиіс.
Мінезінде шизоидті белгілері бар балалар – көбінесе психикалық аурулар түрінде ауыртпалық түскен отбасыларда жиі байқалады. Алайда баладағы шизоидті белгілер сол қалпында шизофрения тәрізді психикалық ауру емес екендігін қашан да есте сақтау керек.
Шизоидті психопат балалардын өзіндік дамуы мектеп жасына дейінгі кезеңде болады . Олардың бірі өте әсерленгіш, жаңа нәрсенің барлығынан қорқатын болса, енді біреулері мазасыз, тыпырши береді, ал үшіншілері өте сылбыр, баяу болады. Бірақ, олардың барлығы да өз құрбыларынан қашқақтап жүреді, араласпайды.
Мұның есесіне ересектермен сөйлесіп, араласқанды дұрыс санайды.
Мектеп жасында дамудың үйлесімділігі байқалады.Мәселен, шизоидты белгілері бар балалардың ақыл-ойы тез дамығанымен моторика дамымайды. Олар икемсіз, қолайсыз қимылдайды, тамақ ішуі дөрекі болады. Эмоциялық - ерік өрісі өзінше дамиды. Олардың бірі эмоциялық жағынан салқын болса, екінші біреуі адамға өте үйірсек келеді. Бұлардың барлығына да тән нәрсе - өз күшіне сенбеу. Мұндай балалар өздерінің сәтсіздігіне қатты қапаланады.
Мінезінде ұстама ауру (истерия) белгілері бар балалар. Мінезінде ұстамалы ауру белгілері бар балаларды тәрбиелеу бірсыпыра қиындықтар туғызады. Біздің елімізде ондай аурулардың көбеюіне ешқандай негіз жоқ. Өйткені истерия соқыр сенімге, діни ықпалдарға, мәдениеттің төмендігіне байланысты туып отырады. Ал бұл кездері истериодты белгілері бар балалар бірен-сараң кездеседі.
Бірақ истериодты балаларға эгоцентризм тән, яғни ол өзін-өзі көрсетуге, өзінше көпшіліктің назарын аударуға тырысады. Міне, осыдан барып мақтаншақтық, өзінің артықшылығын асыра көрсетушілік, басқадан жоғары болуға тырысушылық байқалады. Мұндай сапалық ерекшеліктер өте сенгіштікпен, эмоциялық белгілерінің, көңіл-күйінің тұрақсыздығымен үйлесіп жатады. Истериялық белгілері бар балада мектеп жасына дейінгі кезеңнің өзінде-ақ мінезіне байланысты біраз қиындықтар туады. Себебі олар оқушылармен,құрбыларымен жанжалдасып қала береді: өзі араласқандардың барлығына бұйрық беріп, айтқанын істетуге тырысады, әркімге бір тиіседі, ашушаң болады. Айтып, ескерту жасағанды ұнатпайды, тыңдамайды немесе жата қалып жылайды, аяғымен жер тепкілейді, қалайда ойындағысын істетуге тырысады.
Мектеп жасындағы мұндай балалардың эгоцентризміне ынжықсыздық қосылады, жұмысты ақырына жеткізіп, бітіріп тастауға шыдамы жетпейтін болады.
Жасөспірімдер ағзасында орын алатын психофизиологиялық өзгерістер пайда болуымен байланысты дағдарыстық даму кезеңі орын алады және осы ахуалмен байланысты бала мінезінің кейбір көрсеткіштері шамадан артық дамып кетуі, мазасыздануының, агрессиясының орын алуы байқалады. К.Леонгард, Л.В.Личко, Р.Д.Шмишек т.б.ғалымдар осы құбылыстардың ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп, оның типологиясын, зерттеу әдістемелерін жасаған.
3. Тәртiп ауытқуларын түзетудiң арнайы және қолданбалы әдiстерi

3.1. Тәртiп ауытқуларын түзетудiң қолданбалы әдiстерi


Баланың тәртiбiндегi кемшiлiктерiн түзетудiң ырықты әрекетiн қалыптастыру баланың жеке тұлғасының, оның бiлiмiнiң және тәрбиесiнiң дамуын /бала тек бiлiмдердi ғана емес, сондай-ақ жүрiс-тұрыс нормаларын, ережелерiн игередi, әлеуметтiк маңызды жүрiс-тұрыс тәжiрибесiн иеленедi/ жүзеге асыратын ересектер мен баланың бiрлескен мақсатқа бағытталған iс-әрекет барысында жүргiзiледi. Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшiн мұғалiмнiң әдiстемелiк арсеналында арнайы және арнайы емес әдiстердiң жүйесi болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бағдарламасына сәйкес
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
сәйкес оқыту
Сабақ жоспары
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасы
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
мерзімді жоспар
тоқсанға арналған
республикасы білім
Жалпы ережелер
бекіту туралы
нтізбелік тақырыптық
арналған жиынтық
жалпы білім
болып табылады
Қазақстан республикасының
Зертханалық жұмыс
арналған әдістемелік
рсетілетін қызмет
оқыту әдістемесі
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
Қысқа мерзімді
білім берудің
пәнінен тоқсанға
тақырыптық жоспар
қызмет стандарты
туралы жалпы
атындағы жалпы
пайда болуы
әдістемелік ұсыныстар
Жұмыс бағдарламасы
қарым қатынас
емтихан сұрақтары
пәнінен тоқсан