Телия В. Н. Вторичная номинация и ее виды // Языковая номинация. Виды наименований

Loading...


Pdf көрінісі
бет9/97
Дата22.09.2021
өлшемі1.05 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   97
Ұлт тұғыры – тілде
Тіл  мен  ойлау  бірлігінің  өзіндік  ерекше  қасиеттерін  тіл  білі-
мінің дəстүрлі, «таза тілдік» жеке ғылым саласы шеңберінде зерт-
теу мүмкін емес. Оған қажет ғылыми парадигма – когнитивті линг-
вистика, онымен сабақтас этнолингвистика, психолингвистика, со-
циолингвистикамен, т.б. тұтасуы. Осы тұтастық «адамсанасы қа-
лай құрылған, адам дүниені қалай таниды, қабылданған мəлімет-
тер  қалай  танымға  айналады,  ментальдық  кеңістіктер  қалай  жа-
салады?»  деген  сұрақтарға  жауапты  тілдің  терең  құрылымдарын 
зерттеу  арқылы  анықтайды  (этнолингвистика – В.  Гумбольдт, 
Ф. Боас, Э. Сепир, Б. Уорф, А. Потебня, Н. Толстой, Ə. Қайдаров, 
Е.  Жанпейісов,  т.б.;  психолингвистика – К.  Юнг,  А.Н.  Леонтьев, 
А. Шахнарович, т.б.; лингвомəдениеттану – Э. Тейлор, Э. Марка-
рян, Ю. Лотман, Ю.С. Степанов, Н.Д. Арутюнова, Е.М. Вереша-
гин, В.Г. Костомаров, т.б.). Осы ғылымдардың, атап айтқанда, фило-
софиялық,  психологиялық,  этностық,  лингвистикалық  теорияла-
рының  жүйесі  дүниені  тұтас  танудың  теориясы  шеңберінде  тіл 
қызметінің  когнитивтік  негіздерін  айқындайды.  Оның  негізгі  ұс-
танымдарын былайша анықтауға болады:
1.  Қоғамдық  тəжірибеге  негізделу,  яғни  дəстүр  жалғастығы, 
танымның қазыналық сипаты.
2.  Таным  модельдерінің  символдық  түрлері,  яғни  тілдің  қыз-
меті – ақпарат беру емес, бейнелеуге мүмкіншілік жасау. Осыған 
катысты мына пікірдің мəні ерекше: «Лексема, вопреки принято-
му  мнению,  не  передает  информации  как  таковой,  она  лишь  ак-
туализирует, возбуждает в сознании слушающего уже имеющиеся 
у него лексические понятия и тем самым создает базу для переда-
чи  информации» [14]. Басқаша  айтқанда,  тіл  арқылы  бейнелілік 
пен дүниедегі объективті шындықты субъективті түрде, яғни сим-
волдар арқылы беру.
3. Таным модельдерінің жүйелі сипаты, сабақтастығы. Яғни ол – 
таным моделінің кұрылымдарының тұтасуынан тұратынын сипат-
тайды.
Байқап  отырғанымыздай,  жоғарыда  көрсетілген  тіл  қызметі-
нің когнитивтік негіздерін айқындайтын үш сипатының да ортақ 
қасиеті – тұтастырушылық, тұтас күйдегі таным тудыру. Сондық-
тан осы қасиеттерге сүйенбей, адамның ментальдық қызметі мен 
тəжірибесінің  қалыптасуы  мен  сақталуын,  ұрпақтан-ұрпаққа  бе-


465
Ұлт тұғыры – тілде
рілуін  қамтамасыз  ету  мүмкін  емес.  Таза  тілдік  тұрғыдан  ол – 
тілдің  кумулятивтік  (мұрагерлік)  қызметімен  тікелей  байланыс-
ты. Ол өз кезегінде қабылдау, ойлау, жад сияқты психологиялық 
ұғымдармен тығыз байланысты болып, тұтас күйіндегі когнитив-
ті парадигма құрайды.
Міне, осылайша дүниені тұтас тануға ұмтылған қазіргі заман-
ның  таным  бағыты  өзіне  сай  ғылым  парадигмасын  талап  етті. 
Психолингвист-ғалым А. Леонтьевтің сөзімен айтқанда: «70-80- жыл-
дарда  «таза»  тіл  білімі,  оның  жүйелі-құрылымдық  парадигмасы 
сахнадан түсті» [15, 20].
Жалпы «когнитивті лингвистика» деген термин 80-ші жылдары 
М.  Бирвиштің  еңбегінде  айтылған.  Дегенмен,  тілдік  құбылысты 
когнитивтік тұрғыдан зерттеудің жалпы үрдісі 60-70-жылдары аме-
рикалық Хомский, Лакофф, Коок,  т.б. ғалымдардың еңбектерінде 
көрініс тапты. Ал бұл бағыт бастау көздерін В. фон Гумбольдттың 
лингвистикалық философияға қатысты зерттеулерінен алады деп 
анықтаған жөн. Бұл жаңа лингвистикалық теорияның шын мəнін-
дегі концептуалдық қағидаларының негізделуі соңғы жылдардың 
еншісінде.
Когнитивті  лингвистиканың  дамуымен  байланысты  анықта-
лып алуға тиіс бірнеше ұғым немесе мəселелер бар. Оның негіз-
гісі – тілдің қызметіне қатысты «ғаламның тілдік бейнесі» (языко-
вая  картина  мира).  Шындықтың  тілдік  бейнеленуінің  ерекшелігі 
неде?  Адам  дүниені  жалпы  адамзаттық  жəне  ұлттық  қоғамдық-
тарихи тəжірибе негізінде бейнеленген тіл арқылы таниды. Сонда 
ұлттық тəжірибе тілдің ерекшелігін анықтап, соның негізінде, сол 
тілде  сөйлеушінің  санасында,  соған  сай  өзіндік  дүниенің  тілдік 
бейнесін жасайды (Кондильяк, Гумбольдт, Сепир, т.б.). Мысалы, 
Э. Сепир былай деп қорытады: «... «реальный мир» в значительной 
мере неосознанно строится на основе языковых привычек той или 
иной  социальной  группы. ... «миры,  в  которых  живут  различные 
общества – это разные миры ...» [16, 261].
Демек  тіл  теориясында  «ғаламның  тілдік  бейнесі»  туралы 
ұғымның пайда болуы тіл мен ойлаудың тепе-тең еместігін жəне 
тілдік ойлаудың мазмұнының ерекшелігін көрсетеді. Ол əр халық-
тың (əртүрлі деңгейдегі, уақыттағы əлеуметтік, этностық, т.б. топ-
тың) əртүрлі ойлауымен тығыз байланысты. Сондықтан көптеген 


466


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   97
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар

Loading...