Телия В. Н. Вторичная номинация и ее виды // Языковая номинация. Виды наименований

Loading...


Pdf көрінісі
бет87/97
Дата22.09.2021
өлшемі1.05 Mb.
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   97
соң иттен жетті» (В. Радлов. Алтын сандық); «Тастүлек кезінде 
елік, тауешкіңді қойып, қасқыр да алып жүрді» (А. Əшенов).
Келтірілген  үзінділердегі  тоғызтүлек  те,  тастүлек  те – ну-
меративтік  конструкциялар.  Олар  алдыңғы  «тоғыз  жас»  мағы-
насында  алынған.  Ал  кейінгі  тастүлек  атауының  семантикасын 
этнограф-ғалымдар бірде «төрт», бірде «бес жаспен» байланысты-
рады.  Аңшылық  кəсіпке,  аңға  салатын  құс  жайына  байланысты 
мұндай «жиын» мəнді есептік конструкцияларға, сондай-ақ, мына 
өлең жолдарындағы атауларды да жатқызуға болады: Сонда да аң 
ілетін  мұзбалақтай.  Аксəуле  айдынына  төніп  айтам;  Қырағың 
қыран болса мен бірімін, Қиядан аққу ілген мұздыбалақ.
Жанақ ақын соңғы жолда өлеңнің буын санын толықтыру үшін 
мұзбалақ  композитасының  алдыңғы  сыңарына  -ды  жұрнағын 
əдейі  жанынан  қосқан.  Осындай  бүркіттің  жасына  қатысты 
этнолингвистикалық  басқа  бір  «жиын»  мəнді  есептік  терминді 


621
Ұлт тұғыры – тілде
Шөже  ақын  да  қолданады:  «Көкбестім  мінілмеген  баршын  екен, 
көрсеткен қызды сұлу аршын екен».
Қазақ тілінде баршын деп, əдетте, «он бір жастағы бүркітті» ай-
тады (ҚТТС. 2; 108). Ақын бұл жерде өзінің мінілмеген көкбестісін 
(яғни бес жастағы көк атын) баршынға, он бір жастағы бүркітке 
балап  (теңеп)  айтып  отыр.  Қазақтар  бүркіттің  бес  жастағысын 
мұзбалақ, ал он бірдегісін баршын дейді, басқа жастағыларын да 
осылай жіктеп түрліше атайды.
Қазіргі тілімізде қолданыстан шығып, мағынасы күңгіртгенген, 
бірақ  барлап  қарасақ,  тамыры  тереңге  тартылып,  ықылым  за-
мандармен  сабақтасатын  тілдік  мұрамыздың  осы  тектес  тілдік 
деректерін  проф.  Е.  Жанпейісов  ескіліктер  деп  атайды.  Оның 
мазмұнын  құрайтын  ұлттық  дүниетанымның  нəр  алатын  орта-
сы,  əрі  көрінер  жері – халықтың  мыңдаған  жылдар  бойындағы 
шығармашылығы,  онда  қауым  мен  жеке  адамның  рухани 
ізденісі,  халықтың  даналығы  мен  адамгершілік  нышандарының 
жинақталған мұрасы. Əр мəдениетте дүние, қоршаған ортаға деген 
сан қилы көзқарас, түсінік қалыптасады. Себебі əр мəдениет зама-
нына,  діліне  моральдық  нормаларына  қарай  адамға,  өмір-өлімге, 
адамның іс-əрекетіне, сұлулыққа тағы басқа əр халықтың басын-
да бар негізгі құндылықтарға байланысты өзінің көзқарас жүйесін 
қалыптастырады.  Міне,  осы  көзқарастың  көрінетін,  таралатын, 
сақталатын құралы – тіл. Тілдің бұл құдіретін ХХ ғасырда əлемдік 
философия мен мəдениеттану да мойындады.
Қазақстан  мəдениеттану  саласының  ғалымдарының  анықта-
уынша,  тіл – тек  қатысымдық  құрал  емес,  сонымен  бірге  адам 
болмысының,  оның  мəдениетінің  көрінісі.  Өйткені  мəдениет 
таңба, ол белгілерден тысқары, яғни тілден тысқары өмір сүре ал-
майды. Адамды түгелдей дерлік таңбалық əлем қоршаған, өйткені 
адам болмысының өзі таңбалық, тілдік болмыс. Адам бір мезгілде 
таңбаны  тудырушы  да,  оны  талдаушы  да.  Тіл – тек  денотативті 
(белгілі,  сигналды)  коммуникация  құралы  ғана  емес,  сонымен 
бірге коннатативті (белгілі əлеуметтік-мəдени, идеологиялық мəні 
бар)  кұрал.  Демек,  тіл  мазмұнында  əр  халыктың  тарихы,  оның 
өмірі, тіршілігі, шаруашылығы мен мəдениеті сіңірілген.
Дəстүрлі  қазақ  мəдениетінде  мифологиялық,  наным-сенімдік 
дүниетаным  басым  жатса,  ғылыми  дүниетаным  мүлде  жоқ.  Ал 


622
Ұлт тұғыры – тілде
адамдардың  бір-біріне  көзқарасында,  қоғамдық  қатынаста  сая-
саттың, соған байланысты ұғымдар да, ережелер де, өлең, мақал-
мəтел  де  көп.  Қазіргі  кезде  қазақ  ортасында,  тілінде,  өкінішке 
орай, этика, адамгершілікке байланысты сөздер қолданыста азай-
ып  (мысалы,  ар,  намыс,  ұят,  қайырым,  рахым),  олардың  орнын 
саяси (оппозиция, сайлау), бизнес (сауда, доллар, кəсіпорын, т.б.) 
лексикондары жаулауда. Мысалы, кезінде қазақтың адамгершілік-
этикалық  кредосы  ретінде  «малым  жанымның  садағасы,  жаным 
арымның  садағасы»  формуласына  сай  «құндылықтық  тұрғыдан 
адамға не қымбат?» дегенге қазақ «өлімнен ұят күшті» – деп, ар-
намысты бірінші орынға қойған.
Қазақтың кестелі тілі арқылы өрілген рухани-мэдени мұрасын 
зерделеу барысында тəн дəстүрлі қасиеттердің (үлкен мен кіші, хан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   97
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар

Loading...