Телия В. Н. Вторичная номинация и ее виды // Языковая номинация. Виды наименований

Loading...


Pdf көрінісі
бет86/97
Дата22.09.2021
өлшемі1.05 Mb.
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   97
Ұлт тұғыры – тілде
Есептік  мəні  бар  мұндай  ескілікті  нумеративтер  түркі  тілде-
рінде əлі жете зерттелген жоқ. Халқымыздың əлде неше ғасырғы 
күн  көріс,  өмір  тəжірибесі  негізінде  қалыптасқан  өзіндік  метро-
логиялық жүйесі, жіктелімдік-есептік кешендері қазақ тілінде де 
аз  емес.  Мына  өлең  жолдары  арқылы  бұған  көз  жеткіземіз: «Бір 
өзі бір бой болған»; «Алтын еннен қылған дорбасын»; «Бес тақа 
баршадан тон қылған»; «Киері үш қат бөз болар»; «Он екі құрсау 
жез айыр»; «он жамбы сатсам жетпейді бір тұлпарға»; «Үй тікті 
он бес бастан сегіз қанат»; «Бес буда уық»; «Төрт кілем, сегіз жұп 
бау кереге көз»; «Алты табан көріңе»;  «Бір қойын ақша, бір шыны 
аяқ  шай  іше  алмай»; «Жалғыз  қарын  май»; «Сібірден  сегіз  дуан 
қоймай озған»;  «Төрт-бес түйір нан»; «Алты қосақ қой; бір қағаз 
шай»; «Бір тайпа ел»; «Сен шыққан жол үстінде жалғыз түп ши»; 
«Бір құшақ тері»; «Бір уыс берер едім қызыл алтын»; «Екі баспақ 
алтында»; «Бір-екі ауыз сөзіңді міндет етіп»; «Алып ең екі зекет 
құрттай санап»; «Екі құрсақ көтерсек аз өмірде», т.б.
Қазақ ақын, жырауларының шығармаларынан келтірілген бұл 
өлең  жолдарындағы  бір  бой,  алты  ен,  бес  тақа,  үш  қат,  он  екі 
құрсау,  он  жамбы,  он  бес  бас,  сегіз  қанат,  бес  буда,  сегіз  жұп 
бау,  алты  табан,  бір  қойын,  бір  шыны,  жалғыз  қарын,  сегіз 
дуан, төрт-бес түйір, алты қосақ, бір қағаз, бір тайпа, жалғыз 
түп,  бір  құшақ,  бір  уыс,  екі  баспақ,  бір-екі  ауыз,  екі  зекет,  екі 
құрсақ  формаларының  алдыңғы  сыңарлары – есептік  сандар  да, 
кейінгілері (бой, ен, тақа, қат, құрсау, бас, уық, қанат, буда, табан, 
шыны, түп, уыс, баспақ, зекет, ауыз, құрсақ дегендері), жоғарыда 
айтылғандай, қазір олар жіктелімдік қызмет атқарады. Ал он бес 
бас  тіркесіндегі  бас – керегелік  екі  сояудың  үстіңгі  жақтарының 
ұйқасуы: «Ауылда көп ұшырайтын алты қанат үйдің əр керегесі он 
бестен, алтауында сонда тоқсан бас болады» (С. Мұқанов).
Қазақ  тіліндегі  рухани  мəдени  лексикасының  қалыптасуын 
арнайы  зерттеген  С.  Жанпейісова  бұл  ретте  халқымыздың  бай 
əдебиет  ескіліктерінде  есептік  сан  лексемасымен  келетін  он  сан 
Оймауыт,  тоғыз  сан  Торғауыт  тіркестеріндегі  Оймауыт,  Тор-
ғауыт  атауларын  этноним  атауы  деп  санайды.  Бірақ  торғауыт 
сөзі  батырлар  жырында  сауыттың  бір  түрінің  атауы  ретінде  де 
кездеседі. Сондай-ақ, аталмыш Оймауыт этнонимімен тіліміздегі 
Аймауыт, Алмауыт антропонимдерін салыстыру да көрсетеді, яғни 


620
Ұлт тұғыры – тілде
тұлпар,  күлік  сөздерімен  мазмұндасады:  Алмауыт  деген  сол  бо-
лар, Артынан қуған жетпесе (Аталар сөзі).
Зерттеуші  С.  Жанпейісова: «Қазақ  ақын,  жырауларының  шы-
ғармаларынан  алынған:  «Қырық  түлеген  бүркіттей,  Жем  ба-
сардан  айрылып;  Үш  түлеген  баппенен  Дауылпаз  соқса  асты-
нан», – деген өлең жолдарындағы «үш түлеген», «қырық түлеген» 
тіркестерін  көрсетеді  (С.  Жанпейісова.  Қазақ  тіліндегі  рухани 
мəдениет лексикасы. Канд. дисс.).
Шынында да, бұл өлең жолдарында туғалы үш жəне қырық рет 
түлеген қырандар əңгімеленіп отыр. Мал мен ит-құс атаулы, əдетте, 
қар кетіп, көк шыққан кезде, жылына бір-ақ рет қана түлейді: түле 
ет. – «көктем кезінде жан-жануардың жүнінің не қауырсынының 
түсуі».  Бұл  етістіктен    жұрнағы  арқылы  жасалған  зат  есім  де 
тілімізде жиі айтылады: түлек. 1. Құстың түлеу процесі; 2. Қыран 
құстың  балапанының  жетіліп,  бабына  келген  ұшар  кезі  (ҚТТС. 
9; 330). Соңғы мағына əсіресе құс салумен, аңға салатын құстың 
күтімімен тығыз байланысты.
«Үш  түлеген», «қырық  түлеген»  тəрізді  мұндай  есептік  кон-
струкциялардың  екінші  сыңары  үнемі  бұлай  есімше  тұлғасында 
емес, қазақ тілінде ол сонымен қоса терминдік мəртебесі жағынан 
едəуір  тиянақталған  түрде,  яғни  тек  түлек  формасында  да 
қолданылады: «Тоғыз түлек болғанда топ қазды алып, Қазасы онан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   97
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар

Loading...