Телия В. Н. Вторичная номинация и ее виды // Языковая номинация. Виды наименований



Pdf көрінісі
бет84/97
Дата22.09.2021
өлшемі1.05 Mb.
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   97
нан шөп алмас, жон терісін сыдыру, ақ қаптал, құтпан айғырдай, 
қарақшылы түйедей, ат жақты, бүйрек бет, бота көз, бие сау-
ым, құрық бойы, тай қазан, ат басындай алтын, қамшының са-
бындай қысқа өмір, ақ түйенің қарны жарылды, т.б.
Сол сияқты тілдің тарихи-лексикалық жүйесіндегі ұлттың мə-
дениеті,  тұрмысының  айнасы  іспетті  қабатының  тілде  сақталған 
таңбалық  жүйесін  қолөнер  бұйымдары  мен  киім  атаулары,  зер-
герлік лексика, тамақ пен тағам атаулары құрайтыны да қазақ этно-
лингвистикасында  жан-жақты  айқындалуда.  Олар  ұлт  болмысын 


616
Ұлт тұғыры – тілде
сипаттайтын тарихи-мəдени тұрғыдағы ақпарат қана емес, тілдің 
шығармашылық  қасиеті  негізінде  қалыптасқан  «тірі»  қазына. 
Себебі, тілдің мұрагерлік қызметі негізінде бүгінгі ұрпаққа да жет-
кен  оның  танымдық-ақпараттық  қызметі  бүгінгі  күннің  рухани-
əлеуметтік талабымен жалғасып жатыр.
Мысалы, ұлттың ерекшелігі ұзағырақ сақталатын тамақ атаула-
ры жүйесін құраушы тамақ атауларының ұлттың салт-дəстүрімен, 
əдет-ғұрпымен контексте қарастыру арқылы этнолингвистикалық 
астары  анықталады.  Мысалы,  дайындау,  сақтау  технологиясына 
сəйкес сүр ет, қақтаған ет, ыстаған ет, іркіт, құрт, бауырсақ, т.б., 
ал  қонақасыға  берілетін:  қазы,  қарта,  жал-жая,  қуырдақ,  т.б.; 
қонаққа ұсынылатын мүшелер: бас, жамбас, омыртқа, т.б. көлемі 
мен  түріне  қарай:  би  қазы,  дөңбек  қазі,  нере  қазы;  сықпа  құрт, 
ақірімшік, т.б. Қымыздың дайындалу əдісі, құрамы, ашыту уақыты, 
дəмі, т.б. сапалық қасиеттеріне қарай: саумал, сары қымыз, бесті 
қымыз, т.б. жіктеледі. Піскен еттің ішіндегі мүшелерді үлестірудегі 
салт-дəстүрлердің сақталуы: басты кімге беру керек немесе төсті, 
желкені, т.б. Немесе ас қайыру, жарысқазан, құйрық-бауыр асату, 
наурыз көже, жеті күлше нан, т.б. – бəрінің өзіндік мəні бар руха-
ни мəдениетпен астасқан көріністер.
Ұлттың  рухани  мəдениеті  мен  сабақтас  құнды  мəліметтердің 
космоним  (аспан  əлемі)  атаулары  туралы  этнолингвистикалық 
тұрғыдан  қарастырылуы  астрономия  пəні  негізіндегі  ғылыми 
түсініктемелерін  толықтырады.  Фразеологизмдер,  мақал-мəтел-
дер, жұмбақтар халықтың күнделікті тұрмысында немесе мифтік 
негізе қалыптасқан: жаңа ай, толған ай, ескі ай, жұлдызы жоғары, 
жұлдызы жану, жұлдызы оңынан туды, ұлыстың ұлы күні (на-
урыз),  күн  тоқырау;  Босаға  батса,  таң  атады;  Үркердің  алды 
тоқ,  арты  жіңішке;  Сүмбіле  туса,  су  суыр;  Таразы  туса,  таң 
суыр,  т.с.с.  Ұзақ  аспан  денелерін  бақылауы  нəтижесінде  немесе 
мифтік  негізде  қалыптасқан:  Темірқазық,  Ақбозат,  Көкбозат, 
Күзетші, Сұлусары, Сүмбіле, Жетіқарақшы, Есекқырған, Құс жо-
лы, Құйрықты жұлдыз, Қызыл жұлдыз, т.б. 
Ұлт  болмысының  тарихи-мəдени  сипатының  айшықты  тілдік 
бейнесі – ономастика. Соның ішінде ұлттың ұжымда қалыптасқан 
əртүрлі  тілдік  жағдаятқа  қатысты  коммуникативтік  қызметінің 
ұлттық сипаты мəдени-антропонимдер: Мəке, Телаға, Ғалеке, т.с.с.; 


617
Ұлт тұғыры – тілде
еркелетуге  байланысты:  Сəулеш,  Күлəтай,  Төлеш,  Мұқаш,  Баян-
жан, т.б.
Ата  кəсібі  мал  шаруашылығымен  байланысты  болған  дəс-
түрлі  мəдениетімізде,  мысалы,  төрт  түліктің  жас  мөлшеріне 
қатысты атаулардың қалыптасуына себеп болған уəждерінің этно-
лингвистикалық сипаты айқындалады: құлыншақ, құлын, жабағы, 
тай,  құнан,  дөнен,  байтал,  айғыр,  бесті  бие,  азбан  айғыр,  ат, 
қысырақ, сақа бие, қасабалы бие, т.б. Немесе бота, көшек, тайлақ, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   97




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар