Телия В. Н. Вторичная номинация и ее виды // Языковая номинация. Виды наименований

Loading...


Pdf көрінісі
бет82/97
Дата22.09.2021
өлшемі1.05 Mb.
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   97
Ұлт тұғыры – тілде
Олай  болса,  қазақ  тілінің  қазіргі  өркениетіміз  бен  төл  мəде-
ниетіміздің  жəне  ұлтымыздың  қалыптасуында  негізгі  ұйыс-
тырушы болғандығын қазіргі тіл білімінің антропоцентристік ба-
ғытына, кешенді сипатына сай ғылыми негізде дəлелдеу – А. Бай-
тұрсынұлы  атындағы  Тіл  білімі  институтының  тəуелсіздік  ке-
зеңіндегі іргелі зерттеулерінің негізгі мақсаты.
Осы тектес қағидаға сай қазақ тіл білімінде тіл мен мəдениет 
сабақтастығындағы  зерттеулер  мəдениеттің  өзін  метатіл  деп 
анықтап, оның қатысымдық, кумулятивтік, əлеуметтік қызметтерін 
талдауға  қазақ  тіл  білімінде  ерекше  назар  аударылуда.  Осы 
тұрғыдан  қарағанда,  мəдениет  метатілін  этномəдени  негізде  си-
паттайтын өзекті арналар – тілдік деректерді этнолингвистикалық, 
лингвомəдени, элеуметтанымдық жүйеде зерттеу.
Бұл – өз кезегінде сол үлт тарихымен бірге қалыптасып, дамып, 
жетіліп отыратын, ұлтпен бірге келе жатқан оның тұтас болмысы 
мен ұлттық сипатының айғағын тіл арқылы дəйектеу. 
Біздің  ойымызша,  қазақ  тілінің  мемлекеттік  тіл  ретіндегі 
қордаланып,  шешілмей  жатқан  түйткілдерінің  бір  себебі  –
социумның,  мейлі  ол  мемлекеттік  жүйе  қызметіндегі  ресми 
тұлға  бола  ма,  басқа  ма,  біразы  қоғамдағы,  иə  адам  санасының 
қалыптасуындағы тілдің мəнін дұрыс түсінбеуінде. Яғни тілді тек 
қарым-қатынас  құралы  деп  онда  да  қарым-қатынасты  терең  та-
ным аспектісінде емес тар, тіпті тұрмыстық, қарапайым түсіністік 
құралы ретінде ғана деп түсінеді.
Олай болса, тілдің осындай терең танымдық мəнін қоғамдағы 
нигилистер  мен  мəңгүрттерге  ғана  емес,  жалпы  қоғамға  қалай 
дəлелдейміз?  Осыған  байланысты  тілші-ғалымдар  не  ұсынады? 
Əрине, оны дəлелдеу жалаң ұрандық сипатта емес, шын мəніндегі 
нақты  этномəдени  деректер  арқылы  дəйектелген  тарихи-тілдік 
деректерді зерттеу арқылы іске аспақ.
Олар – ұлттық  болмыс-бітімін,  дүниеге  көзқарасын,  рухани-
мəдени құндылықтарын, əлеуметтік мəнін ұлттық таным қорында 
жинақталған тілдік таңбалар. Себебі, қазақ ұлты да басқа ұлттар 
секілді  ғасырлар  бойы  жинақталған  ой-тəжірибесін,  даналығын, 
дүниетанымдық көзқарастарын, салт-дəстүрін, т.б. тілінде көрсете 
білген. Олар халық өмірінің, тұрмысының, мəдениетінің ортақ си-
паты ретінде тұтас құрылымдық жүйе құрайды. Ал адамзат үшін 


613
Ұлт тұғыры – тілде
ақиқат  дүние  біреу  болғанымен,  оны  түсіну,  тану,  сол  (дүниенің 
біртұтас  бейнесін  санада  қалыптастыру  əрекеттері  əр  адамда, 
əр  ұлтта  əртүрлі  деңгейде,  сан  алуан  интерпретацияда  беріледі. 
Сондықтан,  тіл  иесінің  ой-өрісіне,  тұтас  концептуалды)  əлеміне 
байланысты дүниенің танымдық бөлшектері тілде өзінше көрініс 
табады. Сөйтіп, тіл иесі танымдық ойын өз тілінде сақталған дүние 
бейнесіне сəйкес танытуға тырысады.
Демек,  тілді  жаңа  ғасырлар  баспалдағында  жаңа  теориялық-
танымдық  үрдісте  зерттеудің  қажеттігі  туындап  отыр.  Осымен 
байланысты  қазақ  тіл  білімінде  адам  санасында  қалыптасатын 
ақиқат  дүниенің  бейнесі  арқылы  сақталатын  тілдік  қорды  зерт-
теуге  мүмкіншілік  жасайтын  қазіргі  тіл  білімінің  танымдық, 
антропоөзектік  бағыты  қалыптасуда.  Себебі,  əрбір  əлеуметтік 
жүйеде,  ұлттық  ұжымда,  əрбір  қоғамның  өркениеттік  даму  ба-
рысында дүние бейнесі тілде өзіндік ерекшеліктерімен ажыраты- 
ып  отырады.  Олардың  негізі  тілдік  санада  концептуалдық  жүйе 
арқылы  құрылады  жəне  сезімдік  қабылдаулар  нəтижесінде  жеке 
адамның  танып-түсінген  деңгейі  мен  дəрежесі  бара-бара  ұлттық 
сипатта тұтасады.
Осыған  орай,  қазіргі  тəуелсіздік  кезеңі  мен  жаһандану  дəуі-
ріндегі қазақ тілінің қолданыстық, өміршеңдік деңгейі мен ұлтты 
бірегейлендіру  деңгейін  айқындау,  түсіндірудегі  өзекті  мəселе – 
қазіргі қоғамдағы ұлттық таным мен ой-өрісті мемлекеттік мүддеге 
ұластырып,  қоғамның  түрлі  саласында  кəсіби  тілдік  тұлғаның 
қызмет ету дəрежесін көтеру жəне бағдарлау.
Біраз жылдар бойы сол үрдіс үзіліп қалса, қазіргі қоғамдық сана 
деңгейі мен қоғамдағы тіл мəртебесіне сəйкес ол қайта жаңғыруда. 
Сонымен сабақтас жүргізіліп жатқан зерттеулер өзінің жаңа сипа-
тымен, атап айтқанда, антрополингвистикалық уəжімен, қоғамдық-
əлеуметтік  мүдде  ескерілетін  кешенді  жүйесімен  ерекшеленеді.
Бұл  арада  танымдық  көрсеткіштердің  ұлттық  сипаттарының  да 
(шешендік, бейнелілік, т.б.) мəні ерекше.
Осымен  байланысты  бір  ғана  мысал  келтірсек  те  жеткілікті. 
Мысалы, А. Байтұрсынұлының қазақ тіл білімінде қалыптастырған 
көсемше терминін алайық. Көсем сөзінің қазақ танымындағы мəні 
белгілі. Соған орай осы терминнің лингвистикалық, грамматикалық 
қызметіне мəндік сабақтастығы дəл келгені дау тудырмайды.


614


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   97
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар

Loading...