Телия В. Н. Вторичная номинация и ее виды // Языковая номинация. Виды наименований



Pdf көрінісі
бет81/97
Дата22.09.2021
өлшемі1.05 Mb.
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   97
кəсіби-шығармашылық).  Оның  негізіне  мамандыққа  байланысты 
күнделікті  өндірістік  іс-əрекетте  қолданылатын,  тұтынылатын 
тілдік  қолданыстар,  сəйкес  мəтіндерден,  оқулықтардан,  салалық 
сөздіктерден жинақталған тілдік деректер пайдаланылады. 
2. Тілді зерттеу барысы да, тілді оқытып, үйрету барысында да 
бұрын тілдік жүйенің жазбаша формасы негізінде жүргізілсе, соңғы 
кезде прагмалинвгистика, когнитивтік жəне коммуникативтік линв-
гистика бағытына сəйкес тілдің сөйлеу кезіндегі тілдік көрінісіне, 
яғни нақты сөйлеу əрекетіне, яғни ауызша мəтінге ерекше мəн беру. 
Осыған орай қазақ тілін мамандыққа сəйкес ұлттық терминоло-
гия негізінде меңгертудің тəрбиелік мəніне, атап айтқанда, оларды 
арқау  етіп  құрылған  мəтіндердің  психологиялық,  ұлттық  таным-
дық мəніне ерекше көңіл бөлінеді. Оны дұрыс та, дəл таңдалған 
тиісті  газет  мəтіндерінің  тілді  меңгерту  үшін  қолданылуынан 
көруге болады. Осыған орай, жүргізілетін талдау жұмыстарының 


610
Ұлт тұғыры – тілде
ғылыми  əдістемелік  негізі  танымдық  уəжбен  сабақтастырылып 
тұжырымдалады. Сайып келгенде, осы тектес зерттеулер нəтижесі 
болашақ  маман  иесінің  ұлтжандылық  қасиеттерін  қалыптасты-
рып, олардың ана тіліне, ұлт мəдениетіне, кəсіби мамандығына де-
ген құлшынысын арттыруға қызмет етуге тиіс.
Демек,  мағыналық  дамудың  нəтижесінде  терминденген  сөз-
дердің  табиғатын  талқылау  жəне  оны  қабылдау  танымға  қатыс-
ты  кейбір  маңызды  мəселелерге  тоқталуды  қажет  етеді.  Нақты 
айтқанда,  тілдік  атау  не  термин  қалыптастыру  үдерісінде  психо-
лингвистикалық,  прагматикалық,  философиялық,  əлеуметтік,  ло-
гикалық  қырларының  бір  сабақтастықта  өрілуінің  маңыздылығы 
ерекше. 
Осы  тектес  зерттеулерден  байқалатынындай,  терминдік  бол-
мысқа сай танымдық сипатта қалыптасқан ұғымның тілдік сана-
да қабылдануы мен құрылуы, категориялануы сияқты жағдайлар 
оларды когнитивтік астарда ортақтастырады. 
Олай болса, адамның білімі мен əр саладағы іс-əрекет, қызме-
тіне сəйкес қалыптасатын терминдік жүйенің жасалуын анықтап, 
болашақ  дамыту  бағдарын  белгілеуде  когнитивтік  лингвистика-
ның əдіс-тəсілдері де тиімді болмақ.
Қорыта  айтқанда,  қоғам  жан-жақты  жəне  жаңа  сапада  дамы-
ған сайын онымен сабақтас тілдің де сол дəрежеде дамуы – мем-
лекеттік  тіл  мəртебесіне  сəйкес  тілдің  қоғамдағы  толыққанды 
қызметінің  кепілі.  Олай  болса,  ұлттың  этномəдени  болмысын 
сақтаған мемлекеттік тілдің, осы бағыттағы терминдік жүйесінің 
даму  деңгейі  бұзылмауы  тиіс.  Бұл – қазақ  тіл  білімінің  негізін 
салушы А. Байтұрсынұлы мен Қ. Жұбановтың қазақ тілінің мəні 
мен  қызметін  анықтаған  ғылыми  тұжырымдарынан  бастау  алған 
зерделі ой.
Адам баласы дүниеге келген күнннен бастап ана сүтімен бірге 
өз ұлтының мəдениетін, салт-дəстүрін, əдет-ғұрпын да бойы мен 
ойына  тіл  арқылы  сіңіріп,  өмір  тəжірибесінде  одан  əрі  қалып-
тастырады.  Ал,  əрбір  ұлт  мəдениетінің  айқын  белгі-нышандары 
мен нəзік қырлары оның тілінде көрініс табады. Əрбір тіл – өзіне 
тəн белгілері, қасиеттері бар ғажайып құбылыс. Соның негізінде 
олардың əрқайсысында əлем мен адам бейнесі əртүрлі көрінеді.
Сондықтан,  қазіргі  кезеңдегі  лингвистикалық  зерттеулерде 
басымдылыкқа  ие  бола  бастаған  антропоцентристік  бағыт  негі-


611
Ұлт тұғыры – тілде
зінде адам қызметінің сан қатпарлы сырлары мен оның тұлғалық 
жəне  əлеуметтік  қырларының  ұлттық  болмыспен  сəйкестігін 
анықтауға деген қызығушылық артуда. Соған орай соңғы уақытта 
адамзат баласының санасы мен ой-өрісін, дүниетанымын, ақиқат 
шындықты  қабылдау  мен  ұғынудың  ұлттық  ерекшеліктерін, 
аталған  үдеріс  нəтижелерінің  сол  ұлт  тұтынатын  тілде  белгіле-
нуін кеңірек қарастыруға жол ашылуда.
Олар  тілді  тұтынушы  халықтың  ұлттық  мəдени  құндылық-
тарын сипаттайтын тілдік таңбасы арқылы ұлттың тұтас əлемдегі 
өз  орнын  табуға,  тұрмыс-тіршілігіндегі  алуан  түрлі  əрекеті  мен 
қарым-қатынасын іске асыруға мүмкіндік береді.
Тіл – əр халықтың, əр ұлттың ата-бабаларынан кейінгі ұрпақ-
тарына жалғасатын, оңайлықпен өзгермейтін белгілері. Тіл тари-
хы ұлт тарихынан да ұзақ. Қай халық болмасын, оның толыққанды 
ұлт болып қалыптасуында ең негізгі роль атқаратын – тіл. Ұлтты 
ұлт етіп ұйытып отырған, ұлттық мəдениетімізді қалыптастырып, 
оны  жарыққа  шығарып,  оны  өз  бойына  сақтап,  бүгінге  дейін 
жеткізген  де – тіл.  Демек,  қазақ  тілі  қазақ  халқы  үшін  жай  ғана 
қарым-қатынас  құралы  емес,  ұлттық  болмысымызды  сақтап, 
мəдениетімізді  ұрпақтан-ұрпаққа  жалғастырып,  бір-бірімізбен 
тұтастырып туратын ең өзекті арқау.
Осымен  байланысты  бабаларымыздың  өткен  тарихтағы  асыл 
мұраларын  танып  білу  іс-шараларында  ескі  қазақ  тілінің  жазба 
үлгілеріндегі  материалдардың  қолдағы  барын  игерудің,  жоғын 
іздестіріп, ғылыми айналысқа тарту ісінің маңызы өте зор.
Қазіргі таңдағы ұлтты таныту мен тану үрдісі – ұлттық ойлау 
жүйесіне  тəн  ерекшеліктер  мен  заңдылықтардың  тілдік  деректе-
рінің жан-жақты, айшықты да құнарлы көзі.
Қазақ  мəдениетінде  кеңінен  танылған  тілдік  тұлғалардың 
қаламынан  туған  көркем  мəтіндер – тарихи  шындыққа  негіздел-
ген  көркем  туындылар  тілі.  Бұл  рухани  қазынада  тілдің  дүние-
танымдық қызметі мен ұлттық мүдде көрінісі сабақтасады.
Ақиқат  дүниенің  ұлт  санасында  тілдік  бейне  ретінде  объек-
тивтендіріліп,  вербалдануы  ономастикалық  жүйе  кеңістігінде  де 
айқын көрінеді. Атап айтқанда, қазақ қоғамындағы ұлттың ұжым-
дық  тəжірибесі,  танымы,  қоғамдағы  əлеуметтік  факторлардың 
ықпалын, т.б. сипаттайтын рухани жəне материалдық мəдениетте 
əсіресе, топонимиялық жүйеде таңбаланып, өз ізін калдырады.


612


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   97




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар