Телия В. Н. Вторичная номинация и ее виды // Языковая номинация. Виды наименований



Pdf көрінісі
бет76/97
Дата22.09.2021
өлшемі1.05 Mb.
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   97
Ұлт тұғыры – тілде
кəсіби тілдік тұлғаның қызмет ету дəрежесінің көтерілуіне ықпал 
етеді. 
Мəртебесіне сай тіл қолданысының жаңа да кешенді деңгейінің 
сипаты  мен  тілдің  бойындағы  рухани-əлеуметтік  əлеуетіне  бай-
ланысты  бұл  мəселе  А.  Байтұрсынұлы  атындағы  Тіл  білімі 
институтының  терминология  саласындағы  ғылыми-зерттеушілік 
назарынан тыс қалған жоқ. Керісінше, терминология мəселесінің 
функционалдық парадигмасы контексінде терминологиялық жүйе 
қалыптастырудың  негізгі  тетігі  ретінде  терминдену  үдерісіне 
ерекше мəн беріліп, ол үдеріс оған ықпал етуші ұлттық сананың 
жаңғыруымен сабақтас танылуда. 
Атап  айтқанда,  қазақ  тіліндегі  терминжасам  үдерісіне  қатыс-
ты ұлттық терминологиясының табиғи болмысын ашатын когни-
тивті-семантикалық тəсілдің ерекше мəнін А. Байтұрсынұлы жə-
не  т.б.  ғалымдардың  еңбектерін  зерделеу  нəтижесінде  анықтаған 
Ө. Айтбаевтың, осымен сабақтас қарастырылған терминдену үде-
рісі  туралы  Ш.  Құрманбайұлының,  жаратылыстану  ғылымда-
рындағы  терминдер  қалыптасуының  танымдық  сипаты  туралы 
С. Ақаевтың, аударматану терминдерінің когнитивті сипаты тура-
лы М. Қожаеваның зерттеулерінде когнитивтік бағыттың нышан-
дары мен негіздерінің қазақ терминологиясы ілімінде де бар екенін 
дəлелдейді.
Нақты айтқанда, ұлттық терминжасамның бастау көзінде бел-
гіленген  «əрбір  тілдің  өз  байлығын  сарқа  пайдалану»  қағидасы-
ның қазіргі таңда терминдену үдерісінде жалпыхалықтық лексика-
мен тығыз байланыстырылып, төл тілдік балама табу үрдісі қазақ 
терминологиясын қалыптастырудың жаңаша көзқарасын сипаттап, 
ұлттық терминология қалыптастырудың ғылыми қағидасы ретінде 
анықталады.  Осыған  орай  қоғамдық-əлеуметтік  қызметінің  ке-
ңеюі  мен  мемлекеттік  мүддеге  сай  ұлттық  лексиканың  мүм-
кіндіктерін толығынан іске қосудың негізгі тетігі ретінде термин-
дену үдерісі ғылыми негіздерінің терең танымдық кешенде зерт-
телуінің мəні ерекше.
Термин табиғатын сөз табиғатымен бір байланыста қарастыру 
олардың белгілі бір ғылым саласына тəн тар шеңбермен шектел-
ген сипатын жоққа шығарады. Сондықтан да терминді анықтауда 
қалыптасқан  оның  бір  мағыналылығы,  дəлдігі,  жүйелілігі,  мəн-


601
Ұлт тұғыры – тілде
мəтінге тəуелсіздігі жəне эмоционалды бейтараптығы деген (Лотте, 
Александровская,  Даниленко,  Головин,  т.б.  ғалымдар  көрсеткен) 
сипаттарын термин болмысын толық ашып береді  деп айтуға бол-
майды. 
Терминжасамды іске асыру табиғи тіл негізінде семантикалық 
тетік  арқылы  болатынын  мойындай  келе  ғалымдар  соңғы  кезде 
терминді де «таным құралы» (Ивина), «ғылыми нəтиже жаңалы-
ғының  вербалдануы» (Татаринов), «тілдік  жəне  логикалық  суб-
страт»  немесе  «концептуалды,  функционалды  жəне  тұрпаттық 
құрылым» (Лейчик) деп қарайды.
Көптеген ғалымдар семантикалық тəсілмен жасалған термин-
дер сəйкес ұғымдардың байланыстарды бұзады» (Д.С. Лотте) деп 
санайды. Ал, шын мəнінде семантика аясында «метафораланған» 
көптеген айшықты, дыбысталуы ерекше сөздер мен сөз тіркестері 
терминжасам  өрісінің  мүмкіншілігін  кеңейтіп,  жаңа  ұғымдарды 
бейгені түрде атайды. 
Əрине, бұл арада кең тараған семантикалық тетіктің терминжа-
сам үрдісіндегі тек бір ғана жолы екені белгілі. Оған көп жағдайда 
белгілі бір ғылыми таным өрісінің дамып қалыптасу нəтижесіндегі 
қажеттілік əсер етеді. Басқаша айтқанда, бұрыннан мəннің белгілі 
мазмұндық құрылымына жаңа ғылыми мəн кодталып енеді. Сөйтіп,  
сайып келгенде, олар сан түрлі саладағы (экономикалық, мəдени, 
əлеуметтік,  т.б.  дискурстың)  мазмұндық  құрылымын  кеңейтіп, 
терминдік жүйе құрайды. 
Қазіргі  қоғамдық,  əлеуметтік,  мəдени,  саяси,  экономикалық 
даму  жағдайындағы  тілдік  жағдаят  пен  ондағы  қарым-қатынас 
иесі тілдік тұлғаның ролі мен қызметіне сəйкес бұл құбылыстың 
дəстүрлі  лингвистикалық  түсініктемесі  когнитивтік  бағыттағы 
зерттеу  нəтижелерімен  сабақтастыруды  қажет  етеді.  Экономика-
лық  дискурста  терминдік  жүйе  қалыптастырудағы  лексиканың 
мəнін К.В. Томашевская былай деп анықтайды: «… Структура, от-
ражающая  концептуальные  конструкции  знания  мира,  операции 
над которыми совершаются в когнитивной системе человека в про-
цессе восприятия и порождения речи»  [73].
Қазақ  терминологиялық  жүйесі  дамуының  қазіргі  кезеңінде 
күрделі  сипаттамалы  терминдер  қатары  молая  түсуде.  Осымен 
байланысты арнаулы лексикадан құралатын терминологиялық ата-


602


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   97




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар