Телия В. Н. Вторичная номинация и ее виды // Языковая номинация. Виды наименований



Pdf көрінісі
бет72/97
Дата22.09.2021
өлшемі1.05 Mb.
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   97
Ұлт тұғыры – тілде
лынады,  ал  тыңдаушы/оқырман  сол  аталым,  дискурс,  мəтін  тү-
рінде  тілдік  бірліктер  арқылы  кодқа  салынған  мағыналарды  (ой 
мен  сезімді)  ашады,  тіпті  тілдік  кодты  ашып  қана  қоймайды, 
сөз  əрекетінің  нəтижесі  болып  табылатын  коммуникативтік  бір-
ліктердің мəн-мағынасын интерпретациялайды» [61]. 
Демек,  дискурс  түрі  коммуникацияға  түскен  мəтіннің  ашылу 
деңгейіне  сай  анықталады.  Олай  болса,  адамның  қарым-қатынас 
жағдайындағы  серіктесінің  аялық  білімімен  тең  келу/келмеуіне 
орай, аялық білімінің бəсекелесуіне орай, кəсіби біліктіліктерінің, 
коммуникативтік құзіреттіліктерінің деңгейлеріне орай бір қарым-
қатынас үстінде бірнеше дискурс түрлерін жүзеге асыруға болады 
деген сөз.
Осы тұрғыдан алғанда дискурс түрлерін жіктеу үшін дискурс 
жанрларына жүгініп топтастыруға болады. Мəселен, публицисти-
ка жанрына байланысты іскери дискурс, жарнама дискурсы, саяси 
дискурстар іріктеліп шықса, көркем əдебиет жанрынан лирикалық 
дискурс,  шешендік  дискурс,  поэтикалық  дискурс  туындайды, 
кəсіби (институционалды) жанрға байланысты медициналық дис-
курс,  əскери  дискурс,  экономикалық  дискурс,  педагогикалық  дис-
курс деп жіктеуге болады. 
Осыдан барып, дискурс құрылымы макроқұрылымдар немесе 
жаһандық  құрылымдар  деп,  микроқұрылымдар  немесе  локальді 
құрылымдар деп іріктеледі. 
Дискурс макроқұрылымы өз ішінде ірі құрамдас бөліктерді құ-
райды.  Ондай  ірі  құрамдас  бөліктер  тақырыптық,  референциал-
ды,  уақыттық,  т.б  кеңістіктеріне  қарай  тұтасады.  Ал  микроқұ-
рылымдар өз ішінде дискурстық деңгейіне қарай, қарым-қатынасқа 
қатысушылардың аялық біліміне қарай анықталады. 
Жаһандық  дискурстар  ауқымды,  күрделі  тақырыпты  қамти-
тын болса, локальды дискурстар бірнеше кіші (минимальды) дис-
курстық  бірліктердің  жəне  олардың  бөліктерінің  жиынтығынан 
құралады. 
Қорыта  айтқанда,  дискурс  коммуникативтік  лингвистиканың 
негізгі нысаны болып саналады. Сондай-ақ мəдениаралық комму-
никация,  прагмалингвистика,  когнитивтік  стилистика,  лингвомə-
дениеттану салаларының ұғымдары ретінде қарастырылады. 
Дискурс мəтін емес, бірақ мəтін қарым-қатынасқа түссе, дис-
курс  бола  алады.  Сондықтан  мəтін  мазмұнына  қарай,  идеясына 


593
Ұлт тұғыры – тілде
қарай, прагматикасына қарай алуан түрлі болса, қарым-қатынасқа 
түскенде дискурс та соншалықты түрлене алады.
Дискурсқа  қатысты  өзекті  мəселе – дискурс  пен  мəтін  ара-
қатынасы.  Көп  уақыт  бойы  мəтін  тізбекті  түрде  орналасқан  сөй-
лемдер арқылы жасалады жəне коммуникацияның жазбаша форма-
сымен байланысты, ал дискурс тілдік актілерге немесе коммуни-
кативтік  актілерге  бөлінеді  жəне  ауызша  коммуникацияға  сəйкес 
келеді деп есептелініп келді. Кейбір зерттеулерде дискурс ұғымы 
мен мəтін ұғымы синонимдес мəнде, бір-бірін ауыстыра алатын 
жəне  тең  терминдер  ретінде  қаралып  келді.  Біздің  ойымызша, 
мəтін  мен  дискурс  мəселелері  олардың  арақатынасын  талдау  ба-
рысында ашылмақ.
Мəтінге  лингвистикалық  энциклопедиялық  сөздікте  мынан-
дай анықтама берілген: «Мəтін – мағыналық байланысқа біріккен 
таңбалық бірліктердің тізбегі. Мəтінді дұрыс қабылдау тек тілдік 
бірліктер  мен  олардың  қосындылары  арқылы  ғана  қамтамасыз 
етілмейді, сонымен бірге қажетті білім қоры, коммуникативтік қор 
арқылы  да  қамтамасыз  етіліп,  сол  себепті  мəтінді  қабылдау  пре-
суппозициямен байланысты болады» [62]. 
Лингвистикалық  əдебиетте  «мəтін»  терминімен  қатар  «дис-
курс»  термині  қазіргі  зерттеулерде  əртүрлі  түсінікке  ие,  ең  көп 
мағыналы  ұғымдардың  бірінен  саналып,  сөз  түрі,  мəтін,  мəтін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   97




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар