Телия В. Н. Вторичная номинация и ее виды // Языковая номинация. Виды наименований


Дискурс – «ғаламның тілдік бейнесін» жасаушы



Pdf көрінісі
бет69/97
Дата22.09.2021
өлшемі1.05 Mb.
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   97
Дискурс – «ғаламның тілдік бейнесін» жасаушы 
тілдік құрал
Қазіргі тіл біліміндегі ғылыми парадигмалардың қалыптасуы-
на сай тілдің жүйелілік сипаты айқындала бастады. Басқаша айт-
қанда,  тілді  зерттеудің  нысанын  аналитикалық  тəсіл  негізінде 
жіктеп  қарастырудың  орнына  тілді  зерттеудің  практикалық  та, 
теориялық та тұрғыдан тұтас синтездік тəсіліне көшу үрдісі өріс 
алуда.  Нақты  түрде,  бұл  лингвомəдениеттану,  когнитивтік  линг-
вистика салаларында іске асуда.
Бұл  үрдіс,  түптеп  келгенде,  қоршаған  шындықты  адамның 
жүйелі  түрде  қабылдауымен  тікелей  байланысты.  Егер  бұрын 
философтар  «жүйелілік»  деп,  шындық  туралы  пікірлер  мен  көз-
қарастардың,  тұжырымдардың  жүйелілігін  түсінсе,  бүгінгі  ғы-
лыми  даму  деңгейі  санадан  тыс  өмір  сүретін  тілдің  объективті 
жүйелілігін анықтап отыр.
Оны бір арқауда тоғыстырып, дəйектейтін архетиптік, паремио-
логиялық, фразеологиялық, ежелгі тарихи-мəдени, ақпараттық де-
ректер, мəтіндер мəдениеттің прецеденттік көздері ретінде келесі, 
жаңа  мəдени  парадигманың  түзілуіне,  жаңа  көркемдік  сапаның 
тууына негіз болады.
Соның нəтижесінде кестелі сөздің танымдық, аксиологиялық, 
сакралды,  т.б.  мəнде  тұтасқан  (концептуалданған)  бейнесінің 
мазмұны  символдардың  қызметі  арқылы  мəтінде  ғана  ашылады. 


585
Ұлт тұғыры – тілде
Бұл арада танымдық ақпараттың негізі сөзде емес, мəтінде. Ал, мə-
тіндердің  авторлардың,  жеке  тілдік  тұлғалардың  шығармашылы-
ғы – тілдік санада биологиялық, əлеуметтік жəне мəдени синтез-
дің тұтасуынан қалыптасатын ментальділіктің тіл арқылы бейне-
ленетін коммуникативтік əрекетінің көрінісі. Себебі ментальдік – 
тек психофизикалық күш емес немесе тұрақты мəдени символдар 
да емес. Олар – адам санасының терең құрылымдарында мəдени 
концептілер арқылы құралған бейнесі, ұғымдары, тілдік таңбалар. 
Яғни,  концептілер – түпмəннің  «дəнінен»  коммуникация  бары-
сында өсіп шығатын ұғым мазмұны. Демек, ментальділік ана тілі 
арқылы сананың дүниетанымдық құрылымын анықтайды.
Осымен  байланысты  мəдениет  тілдің  вербалды-ассоциативті 
кеңістігінде  дамып,  тілдің  əрекет  субъектісімен  арақатынасын 
тұтастырады.  Себебі  мəдениетті  дамытуға  мүмкіндігі  бар  жал-
ғыз  күш – тіл.  Жəне  ол  əдеби  немесе  мемлекеттік  тіл  емес,  кон-
цептуалды  құндылықтар  жүйесі  ретінде  ғасырлар  бойында 
ата-бабаларымыздың  ежелгі  ойлау  кеңістігінде  (ноосферада)  жи-
нақталып, сақталған, қалыптасқан ұлттық тіл. Мысалы, шаңырақ 
сөзі – тек киіз үйдің бір бөлігінің ғана атауы емес.
Себебі  сөз  арқылы  нақты  ұғым  түсініледі,  ал  дүниені  тану, 
қабылдау  ия  сезіну  концептуалдану  нəтижесіндегі  символ  неме-
се  бейнелі  сөз  арқылы  іске  асса,  концепті  дүниені  қабылдау  мен 
түсінудің  өзіндік  жеке  немесе  топтық  тəсілінің  негізгі  бірлігі 
ретіндегі  ұлттық  менталитетті  анықтайды.  Таратып  айтсақ,  кон-
цептілер – индивидтің я əлеуметтік топтың ойлау ерекшелігі мен 
іс-əрекет  тəртібін  сипаттайтын  когнитивтік  жəне  стереотиптік 
ұстанымдар жиынтығы. Мəдени-танымдық концептінің семанти-
касын  анықтайтын  оның  бейнелі-метафоралық  коннотациялары 
мен прецеденттік байланыстар түріндегі ассоциативтік құрылымы. 
Олар этномəдени социумның барлық мүшелеріне жақсы таныс вер-
балды, символикалық, аксиологиялық құбылыстармен ұқсастыру 
(ассоциация)  қабілетін  сипаттайды.  Мысалы,  Ғ.  Мүсірепов  дис-
курсы автор танымының үрдісін сипаттайтын жеке тұлғаның ойы, 
қиялы, ғалам туралы өзінің біртұтас тұжырымы əрбір оқушыға ете-
не таныс, ұлттық-ассоциативтік парадигма негізіндегі тезаурустық 
құрылым түзеді: күміс қаршыға; көк жалдың үйіріндей жөңкіліп; 
көк қырғи; сасық күзендей, т.б. («Қазақ солдаты»). 


586
Ұлт тұғыры – тілде
Немесе,  көрнекті  ақын  Ж.  Нəжімеденов  қазақтың  тұрмыс-
тіршілігіне  қатысты  тұлыпсөзінің  «жас  төлі  өлген  малды  алдар-
қату  үшін  қолданылатын  бітеу  тері»  деген  семаны  «жұбатуға» 
қатысты  метафораға  айналдырады:  …Жұбау  тапты  ел  тұлып-
тарға мөңіреп, // Бауырынан бала кеткен талай жан…
Дж.  Лакофф,  М.  Джонсон  сияқты  ғалымдардың  еңбектерінің 
өзінде  тілдегі  эмоцияны  концептуалдаудағы  метафоралық  құрал-
дар көрсетілген.
Концептуалдану нəтижесінде сөздің нақты, жеке мағыналары 
көмескіленіп,  сөзді  бағалайтын  оның  əлеуметтік  жəне  мəдениет 
дерегі ретіндегі мəні өзектеледі.
Бұл тектес тұжырымдауға өткен ғасырдың аяғынан бастал-ған 
ғылыми  парадигманың  гуманистік  бағытқа  бұрылуы,  атап  айт-
қанда,  антропоөзектік,  функционалдық,  когнитивтік,  динамика-
лық  парадигманың  өріс  алып,  дүниені  тану  кіндігінің  мəртебесі 
адамға  қарай  ойысуы  негіз  болған.  Осыған  орай  «индивид-
ке  тəн  тілдік  қабілет»  туралы  ұғым  да  кеңейіп,  тереңдей  түсуде. 
Нақты  айтқанда,  ол  тек  санамен  сəйкестікте  ғана  емес,  адамның 
тұлғалық  тұтастығында  қарастырыла  бастады.  Осымен  байла-
нысты  адамның  сөйлеу  қызметі  өзектеліп,  ол  бұрыннан  белгілі 
мазмұнның қалыптасуын, тұрақталуын ия ол мазмұнның ашылу-
ын сипаттайтын үдеріс емес, ол – осы мазмұнды қалыптастыратын 
үдеріс. Яғни сөйлеу қызметі, тіпті тілдің өзі адамдардың қарым-
қатынасында  бір  индивидтің  екіншіге  ақпарат  беруі  деп  емес, 
социумның  өзін  қоршаған  əлемдегі  бағдарын  белгілейтін  жүйе, 
«əлем  бейнесі»  ретінде  түсініледі.  Демек,  жеке  адамның  «ғалам 
бейнесін» қалыптастыратын өзекті негізгі ұғым когнитивтік бірлік 
ретінде тұтас ақпараттық кеңістікте (мəтінде) айқындалады.
Сондықтан  концептуалдық  талдаудың  жəне  лексикалық  қор 
бейнеленген  тілдік  сананы  түзетудің  негізгі  құралы – белгілі  бір 
концептінің  мəтіндегі  əрекетінің  көрінісін  зерттеу.  Концептінің 
тілдік  таңба  ретіндегі  мазмұн  межесінде  мəнді  коммуникативтік 
ақпарат тұтас мəтінде, нақты айтқанда, дискурста анықталады.
Орыс  тіл  білімінде  дискурс  сөзі  əуелде  «речь»  деген  ұғымды 
беріп, «мəтін» ұғымының синонимі іспетті қолданылғанмен, бірте-
бірте  мəні  кеңейіп  келеді.  Солардың  негізгілерін  сараптай  келіп, 
дискурсты  тек  мəтін  деп  қана  емес,  түрлі  экстралингвистикалық 


587
Ұлт тұғыры – тілде
факторларды  (қоршаған  шындық  туралы  дүниетаным,  пікірлер, 
тұжырымдар,  адресат  мақсаты,  т.б.)  қамтитын  күрделі  коммуни-
кативтік құбылыс деп түсінеміз.
Сонымен, дискурс – мəтін түзуші (автор, адресат) – мəтін – 
қабылдаушы  (адресант)  тұтастығында  қарастырылатын,  яғни 
тілдік тұлғаның «таным əлемі» ескерілетін мəтін. Демек, дискурс – 
тілдік  тұлғаның  қасиетін  көрсететін  тілдік  бірлік,  эмпирикалық 
тəжірибелердің  жиынтығы.  Атап  айтқанда,  дискурста  тілдік 
тұлғаның мынадай ерекшеліктері байқалады: 1) сөйленіс деңгейі; 
2)  ұлттық  таным  деңгейі; 3) сөз  қорыту,  түсінік,  ұғыну,  сезіну 
деңгейі; 4) қоғамдық ойының сипаты; 5) интеллект деңгейі. 
Көрсетілген  деңгейлері  жоқ  мəтіндер  дискурстық  сипатқа  ие 
бола алмайды жəне олардың авторлары да тілдік тұлға дəрежесіне 
көтеріле алмайды. Себебі дискурста тұлға əлемі жан-жақты ашы-
лады, «жеке  тіл  əлемі»  пайда  болады.  Демек,  дискурстың  басты 
ерекшелігі – оны жасаушы тілдік тұлғаның көзқарасы мен таны-
мын, көркемдік əлемін оқырманға (адресантқа) аңғарту. Басқаша 
айтқанда, дискурс – тілдік тұлғаның мəтінге түскен таным əлемі, 
«өзіндік ғаламының тілдік бейнесі». Таным қызметі ғана əр инди-
видте əртүрлі дəрежеде болатындықтан, тілдік тұлғаның тіліндегі 
ғаламның тілдік бейнесі де əртекті жəне əрқилы сипатталады.
Тіларалық  көпір  ретінде  қызмет  еткенде  ғана  «ғаламның 
тілдік  бейнесі»  мен  қоршаған  ортадағы  заттар  мен  құбылыстар 
бейнесі  бір-бірімен  байланыста  болады.  Ғаламның  тілдік  бей-
несі – тілдік  тұлғаға  тəн  барлық  қасиеттердің  тіл  арқылы  бейне-
ленген  айқын  суреті.  Психосоматикалық  əрекеттер  арқылы 
қалыптасқан  ғалам  туралы  білім  тілдік  мағыналарды  игерумен 
қатар  жүреді  де,  тілдік  модельдер  арқылы  архетиптік  символдар 
құрылымы  түзіледі.  Осы  негізде  қалыптасқан  ақпарат  жүйесі 
негізінде  тілдік  тұлғаның  əлем  туралы  біртұтас  (концептуал-
ды)  тұжырымдамасы  қалыптасатыны  осы  саладағы  зерттеулерде 
анықталған.  Осы  зерттеулерге  сүйенсек,ғаламның  тілдік  бейнесі 
дегеніміз тіл арқылы берілетін əлем жəне ұлттық құндылықтардың 
жиынтық ақпараты.
Мысалы,  М.  Əуезов  ғаламының  тілдік  бейнесін  танытатын 
дискурсында шымылдық, бесік, торуылға шыққан қасқыр, астау, 
бұғалық, т.б. («Қилы заман») шебер кестеленген.


588
Ұлт тұғыры – тілде
Немесе,  Ə.  Кекілбаевтың  публицистикасындағы:  …Біз  тал 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   97




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар