Телия В. Н. Вторичная номинация и ее виды // Языковая номинация. Виды наименований

Loading...


Pdf көрінісі
бет68/97
Дата22.09.2021
өлшемі1.05 Mb.
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   97
Ұлт тұғыры – тілде
Сонымен бірге заманның өзгерісін, болашағын сезінген əкесі-
нің арқасында əуелі жергілікті орыс-қазақ мектебінде оқуы, кейін 
Теке (Орал) қаласындағы реалдық училищені үздік бітіріп, соңын-
да  Санкт-Петербургтегі  əскери  медициналық  академияны (1903-
1909) үздік бітіруі жас талаптың өнер-білімге құштарлығын ғана 
қанағаттандырмай,  оның  жан-жақты  білім  парасатын,  биік  ой-
өрісінің көкжиегін кеңейтіп, тұлғалық деңгейге көтерді. 
Екінші  деңгейде  тілдік  тұлғаға  тəн  танымдық  кеңістікті  құ-
райтын  əртүрлі  түсініктер  мен  білімі  өзектеліп,  тілдік  тұлғаның 
өзіндік  ғаламының  тілдік  бейнесі  ашылады,  өзіндік  тілдік  əлемі 
(тезаурусы) қалыптасады. 
Х. Досмұхамедұлының бұл деңгейге сəйкес тұлғалық шығар-
машылығының жүзеге асып, тұлға ретінде танылуының бір қыры – 
оның  публицистикасы  мен  өзіндік  көсемсөз  үлгілері.  Оларды 
шартты  түрде  бірнеше  топқа  бөлуге  болады:  тарих,  əдебиет,  тіл, 
медицина, гигиена, биология, табиғаттану, т.б.
Мысалы,  Х.  Досмұхамедұлының  тарихқа  қатысты  мақалала-
рында  ерекше  көзге  түсетін  сипаты:  деректілік,  ақпараттылық, 
түсінікті  де  нақты  тіл,  жай  мазмұндау  емес,  пайымдау  жəне  өзі 
баяндап отырған тұлғалардың бағасын беріп, сипаттап отыруы.
Бірақ ең бастысы – сол дерктердің бəрі ел аузынан жинақталған 
жырлармен  өрнектеліп,  олар  тек  жалаң  тарих  емес,  рухани 
құндылық, тілдік қазына ретінде айшықты көркемделіп дəйектелуі.
Мысалы,  Жанұзақ  жыраудың,  Боран  жыраудың,  Махамбеттің 
Жəңгір ханға айтқаны, Шернияздың, Мұраттың сөздері тарихпен 
тамырлас беріледі.
Х.  Досмұхамедұлының  өзіндік  танымдық  деңгейде  білімінің 
өзектеліп,  тілдік  тұлғасын  анықтайтын  мақалаларының  ғылыми 
танымдық  сипаты  назар  аударады.  Мысалы,  аламан  ұғымының 
«тəртіпке,  жолға,  низамға  көнбейтін,  өз  дегені  болмаса  басқаны 
елемейтін  топ»  деп  анықтауы,  біріншіден,  жаңалық  сипатымен, 
екіншіден,  халқымыздың  «өзімшілдік», «бəсекелік», «менмендік» 
сияқты жағымсыз қылықтарымен байланыстыруы арқылы өзекті. 
Жəне  ойын  «əлеумет  туралы  бір  ой  жоқ»  деп  қорытып, «Отан 
бірлігі, Отан сүю сезімі, əлеуметшілік міндеті секілді бүтін мемле-
кетке керек сезімдерді «менмендік», «бəсекелік», «ерегіс» секілді 
аламандықтың  жеңгенін»  де  ел  арасынан  жиналған  ескі  сөздер 
арқылы анықтайды (Жиембет батырдың сөзі, т.б.).


583
Ұлт тұғыры – тілде
Ал,  тіл  туралы  мақалалары,  соның  ішінде, «Қазақ-қырғыз 
тіліндегі сингармонизм заңы» мақаласының өзегі тілінің ғылыми-
көпшілік  стилін  былай  қойғанда,  қазіргі  тіл  біліміндегі  əрбір 
тілдің заңдылықтарын жат жұрттық ықпалға емес өз табиғатында 
түсіндіру  жəне  тілді  əрекет  үстінде,  яғни  сөз  (речь)  барысында 
қарау қағидасымен үндесетіні таңдандырады.
Үшінші, яғни прагматикалық деңгейдің басты өзегі – сөйлеуші 
(я жазушы) мен тыңдаушының (я оқушының) арақатынасы. Нақты 
айтқанда,  тыңдаушының  танымын,  көзқарасын,  психологиясын 
айтушының ескеріп, барынша оған ықпал етуді, сөзін ұғындыруды, 
ойын жеткізуді мақсат етуі. Бұл арада прагматикаға негіз болатын 
уəж бен мақсат тілдік тұлға сатысына көтерерлік қуатты факторлар 
екенін атап өткен жөн.
Х.  Досмұхамедұлының  тілдік  тұлғасын  уəж  мақсат-мүдделе-
рінің мазмұны белгілеп, тілдік, тұлғалық прагматикалық ерекше-
ліктерін қалыптастыратын, біздің ойымызша, медицина, гигиена, 
т.б. саласындағы мақалаларын, еңбектерін ұлт қамын, болашағын 
ойлаған мемлекеттік мүдде мен кəсіби тұлға тұрғысынан жасаған 
мұрасы,  қазақ  тілінде  жазылған  ғылыми  стильдің,  ғылыми 
түсініктеменің прагматикалық үлгісі деп бағалауға болады.
Кез келген тілдік тұлға, ең алдымен, ана тілін дамытушы. Осы 
орайда Х. Досмұхамедұлының тілдік тұлғасының танымдық-шы-
ғармашылық нəтижесі ретіндегі нақты прагматикасы – ол ұсынған 
пəн  сөздері  «барынша  сөйленіп  жүрген  ылайықты  сөздер»,  тер-
миндер, биология, жануарлар, адамның тəн тірлігі бөлімдеріндегі 
пəн сөздер жəне олардың қазақша, бірақ ғылыми сипатта берілген 
интерпретациясы.  Мысалы:  теңге  қотыр,  жап-жайшалар,  бір 
қуыстылар,  былқылдақ  тəнділер,  боршалар,  кебістер,  шыбырт-
қылар, астыр, үстірт, шеткей, т.б.
Х. Досмұхамедұлы еңбектерінің прагматикалық деңгейін, ше-
шендігін сипаттайтын мынадай тілдік құралдарды көрсетуге бола-
ды: риторикалық сұраулар, ойтолғаныстар, ойбөлісу, шығарманың 
жазылу себебі, мақсаты, өзіндік көсемсөз үлгілері, шешендік өне-
рі, т.б. Əрине, Х. Досмұхамедұлы тілдік тұлғасының прагматика-
лық деңгейін, мақсатын анықтайтын негізгі өзек – ұлтты сүю, оған 
насихат айту.
Сонымен,  Х.  Досмұхамедұлының  тілдік  тұлғасының  табиға-
тын ашып, ғалымдық қабілетін, тілдік шеберлігін танытатын оның 


584
Ұлт тұғыры – тілде
мұрасының ұлттық мазмұны мен көркем де түсінікті тілінің арқа-
уы – көріктеу  құралдары,  архаикалық  этнолексика,  риторикалық 
сұраулар, мақал-мəтелдер жəне айқын мақсат. 
Ал, бұл ұлы мақсаттардың іске асуының негізгі тетігін Х. Дос-
мұхамедұлының  мұрасынан  табылатын  асыл  мұрасы,  оны  таны-
татын  ұлт  мəдениетінің  ерекше  қасиетін  хабарлаушы  танымдық 
ақпараты, сонымен байланысты ХХ ғасыр басында пайда болған 
ағартушылық  жəне  ұлттық  сананы  оятушы  өзіндік  тілдік  əлемі 
десек, соның негізінде оны дəлелдейтін – Х. Досмұхамедұлының 
тұлғалық  болмысын  толық  танудың,  яғни  Халелтанудың  бола-
шағына  дəйек  болатын  ғылыми-танымдық  негіздің  бірі  тілдік 
тұлға теориясы деп білеміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   97
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар

Loading...