Телия В. Н. Вторичная номинация и ее виды // Языковая номинация. Виды наименований


Абайдың шығармалары тілін «тілдік тұлға»



Pdf көрінісі
бет64/97
Дата22.09.2021
өлшемі1.05 Mb.
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   97
Абайдың шығармалары тілін «тілдік тұлға» 
тұрғысынан зерттеу мəселелері
XX  ғасыр  аяғы  тілді  зерттеудегі  ғылыми  парадигманың  ауы-
суымен сипатталады. Атап айтқанда, сол тілде сөйлеушінің тілдік 
жүйе  мен  оның  мүмкіндіктерін  пайдаланудағы  жеке  сапалық 
қабілеттеріне  ерекше  назар  аударылады.  Осымен  байланысты 
тілдің  жалпы  зандылықтары  мен  аялық  білім  индивидуумның 
санасында  қалай  жаңғыратынын  анықтау  үшін  жеке  тілдік 
қолданушының дискурсын зерттеу кажеттілігі туындайды. Соның 
нəтижесінде,  біріншіден,  сөйлеушінің  жеке  сөйлеу  дағдысының 
тілдік  көрінісі  анықталса,  екіншіден,  жеке  сөйлеушінің  сөз  шы-
ғармашылығының ұлттық тілдің тарихы мен дамуына əсері нақты 
көрінеді.
Осыған орай, лингвистикада тілдегі когнитивтік процестер мен 
оның  прагматикалық,  психологиялық  жəне  əлеуметтік  қырларын 
қарастыратын  зерттеулер  күшейіп,  жеке  тұлғаның  ойлау  жəне 
интенционалды  ерекшеліктерін  оның  жасаған  мəтіндері  арқылы 
белгілі  дəрежеде  дəлме-дəл  айқындауға  мүмкіндік  береді.  Бұл 
аспектілердің  интеграциялық  мəнін  кешенді  түрде  зерттеу  тілдік 
тұлға теориясымен тығыз байланысты.
Тілдік  тұлға  теориясының  толық  жəне  жүйелі  түрде  қарас-
тырылуы Ю.Н. Карауловтың еңбектерінде қалыптасқан [60]. Атап 
айтқанда,  зерттелуші  тілдік  тұлғаның  дискурсын  анықтау  жеке 
тілдік  қолданыстың  вербалды-семантикалык,  когнитивті  жəне 
прагматикалық  деңгейлерін  талдау  арқылы  іске  асырылады.  Бұл 
тектес зерттеулердің өзектілігі тілдік тұлғаның шығармашылығы 
негізінде туған дискурстың тек тілге ғана қатысты емес, сонымен 
бірге,  тарихтың  бөлігі  екендігінде.  Себебі  жоғарыда  көрсетілген 
тілді  зерттеудің  жаңа  ғылыми  парадигмасына  сəйкес  өзіндік  са-
насы  мен  ойлау  жүйесі  деңгейінде  білім  алған,  сақтаған  жəне 
пайдаланған  адам  болмысына  ерекше  мəн  беріледі.  Сондықтан 
антрополингвистикалық  бағытқа  сəйкес  тіл  таным  құралы,  білім 


575
Ұлт тұғыры – тілде
қоймасы,  ақпарат  беру  құралы,  сананың  бейнесі  мен  жеке 
қасиет-қабілеттерінің  көрінісі  ретінде  қарастырылады.  Демек, 
интеллектуалдық, əлеуметтік, психологиялық, т.б. негіздеріне сай 
құрылған ракурста жеке тұлғаның болмысы жан-жақты ашылады. 
Сондықтан  ғалымдар  (акад.  В.В.  Виноградов,  т.б.) «автор  тұлға-
сын»,  оның  дискурсының  тілдік  ерекшеліктерін  талдау  арқылы 
анықтауға  тырысады.  Мұндай  зерттеулер  қазақ  тіл  білімінде  де 
бар екені белгілі (Р. Сыздық, Б. Шалабай, О. Бүркіт, т.б.). Соның 
негізінде  лингвостилистика  саласы  қалыптасқаны  да  шындық. 
Бірақ бұл, негізінен, тілдің құрылымдық жүйесіне сүйеніп жасал-
ған  талдаулар  болып  келеді.  Осы  орайда  Абай  тілінің  табиғатын 
тануда  академик  Р.  Сыздық  еңбектерінің  мəні  ерекше [61].  Жеке 
тілдік тұлғаның шығармашылық тілі, көркемдік жүйесін зерттеу-
де  үлгі  ретінде,  қазақ  тіл  білімінің  жетістігі  ретінде  ғылыми  да, 
ресми де жоғары бағасын алған академик Р. Сыздықтың Абай тілі 
бойынша  зерттеулерінің  маңыздылығы – олардың  жаңа  ғылым 
көкжиектеріне  негіз  болып  жалғасуында.  Себебі  біз  сөз  етіп 
отырған  тіл  зерттеу  бағыты  Абайтану  проблемасындағы  өзекті 
мəселенің бірі Абайдың шығармашылық əлемін, Абай феноменін 
оның тілдік тұлғасын анықтау арқылы ашуға жол ашады. Ал ол, 
Ю.Н. Караулов көрсеткендей, «тілді тек өз ішінде емес, тілден тыс 
та  қарастырмай,  оны  жасаушы,  сөйлеуші,  қолданушы – адамға, 
нақты тілдік тұлғаға көңіл бөлмей» зерттеу мүмкін емес. Олай бол-
са, қазақ əдеби тілін қалыптастыруда ғана емес, қазақ мəдениетінде, 
философиясында  ұлттың  санасындағы  ерекше  тұлға  ретіндегі 
Абайдың құдіретін тану үшін осындай кешенді сипатта қарастыру – 
осы  мəселенің  шешімін  табуға  үлес  қосатын,  қазіргі  қоғамдық-
əлеуметтік шындық жағдайында тіл білімі шеңберіне сыймайтын 
өзекті мəселенің бірі.
Ю.Н. Караулов тілдік тұлға ұғымын оның көркем тілі, тілдік 
құралдары  арқылы  көрінісімен  байланыстырады.  Ғалымның 
пікірінше,  тілдік  тұлға  үш  деңгейден  тұратын  құрылым  арқылы 
көрінеді: 1) вербалды-семантикалық  (нөлдік  деңгей,  яғни  аялық 
білім); 2) когнитивті  (тезаурусты  деңгей).  Мұнда  адамның  білім, 
сана,  танымның  бейнелеген  мəтіндері,  тілдік  құралдары,  автор-
лық  қолданыстары,  т.б.  негізінде  тұлғаның  дискурсы  танылады; 
3) прагматикалық (уəждік) деңгей. 


576


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   97




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар