Телия В. Н. Вторичная номинация и ее виды // Языковая номинация. Виды наименований



Pdf көрінісі
бет60/97
Дата22.09.2021
өлшемі1.05 Mb.
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   97
Ұлт тұғыры – тілде
Атап  айтқанда,  Маңғыстау  өлкесіне  қатысты  кешенді  зерттеу 
жүргізген  талантты  ғалым  С.  Қондыбайдың  ғылыми  мұрасын 
«Қырымның  қырық  батыры»  жырындағы  əдеби  жəне  тілдік  де-
ректерге,  топонимдер  мен  сакралды  атауларға,  мифологемалар 
мен прецеденттік мəтіндерге ғылыми сараптама жасау, ескерткіш-
терде  сақталған  көне  жазба  мұраларға  графикалық,  текстоло-
гиялық, лингвистикалық талдау жасау тəрізді кешенді де ауқымды 
жұмыстар  құрайды.  Мысалы,  Қырым  топонимінің  құрамындағы 
Қыр  компонентін  Үстірт  атауымен  синонимдес  деп  тануы [58, 
38-б.], немесе «Асан Қайғы ~ Есен ата, Асан Қайғы ~ Қазтуған 
бір  бейне  ме?»  деп  зерттеуі,  Баба  түкті  Шашты  Əзиз,  Бəйте-
рек,  Балқан  тау,  Жерұйық,  Кемпірқосақ,  Құмай,  Ұмай  [59]  ми-
фологемаларының  негізін  сипаттайтын  прецеденттік  мəтіндерді 
талдауы,  иттің  түркілер  санасындағы  о  дүниенің  өкілі  ретіндегі 
мифтік  бейнесін  дəйектейтін  иткөйлек,  қызғанғаны  қызыл  итке 
жем болды, итжан, т.б. модельдер арқылы талдауы, т.б.
Нақты  түрде  С.  Қондыбай  мұрасында  деректелген  Маңғыс-
таудың  тарихы  туралы  шежірелер,  топонимикалық  атаулар  мен 
соған қатысты аңыздар, аңыз əңгімелер мен мифтік таным түрлері, 
көне  дəуірден  сақталып  жеткен  салт-дəстүр,  əдет-ғұрып  түрлері, 
этнографиялық  атаулар,  би-шешендер  сөздері,  фольклордағы, 
жыраулар  поэзиясындағы  тарихи,  тілдік,  танымдық  деректер 
Маңғыстау  мəдени  мəтінін,  өлкенің  руханиятының  əлемдік  кон-
текстегі орны мен жалғастырушылық қызметін айқындайды.
Ұлт,  тіл,  мəдениет  арақатынастарының,  өзара  байланысын 
зерттеудің  жаңаша  антропоцентристік  парадигмасы  С.  Қонды-
байға  тілдік  деректерді  кешенді  түрде,  яғни  қазақ  халқының  са-
насымен,  дүниетанымымен,  өмір  сүрген  табиғи  ортасымен,  ға-
сырлар бойы қалыптасқан шаруашылығымен, т.б. тұрғыда қарас-
тыруға  үлкен  мүмкіндіктер  беріп  отыр.  Мысалы,  қазақ  тіліндегі 
өте бай ономастикалық қорда қазақ этносына қатысты орасан мол 
этнотанымдық  ақпараттар  жинақталғаны  белгілі.  Осымен  байла-
нысты  антропоөзектік  ұстанымда  жүргізілетін  лингвистикалық 
зерттеулердің  нысаны  ретінде  қазақ  тілінің  аймақтық  (регионал-
дық)  жүйесін  қарастыру  белгілі  бір  шектеулі  аймақ – жер-су 
аттарының  сол  өңірдің  этномəдени,  рухани  тарихымен  байланы-
сын зерттеу болып табылады. Аймақтық деректер сол аймаққа ғана 


567
Ұлт тұғыры – тілде
тəн лингвотарихи, этномəдени, этнотанымдық тарихына қатысты 
жəне  соның  жалпы  қазақ  топонимиясына  тəн  заңдылықтарды 
айшықтап, аражігін көрсетіп бере алады.
Мысалы, Маңғыстау атауы – қазақ тілі ономастикалық кеңіс-
тігіндегі түркі халқы мəдениетінде айрықша мəнге ие феномендік 
атау, 362 əулие  мекен  еткен  ұлтымыздың  бойтұмары  іспетті 
прецедентті атау.
Осы тұжырымды дəлелдейтіндəйек деп, Маңғыстау атауының 
сиэнергетикалық  қуатын  бейнелейтін  мифологиялық  таным 
жүйесіне  сəйкес  ерте  заманнан  қазақ  халқының,  жалпы  түркі 
əлемінің рухани құндылықтар (аксиологиялық) жүйесінен мықтап 
орын  алған  мəдени  дерек  екенін  санаймыз.  Ал,  С.  Қондыбай 
зерттеулерінде  Маңғыстау  өңірі  топонимиясының  лингвомен-
талды  (этнотанымдық)  кеңістігі  мифтік  танымға  сай  тарихи-
топонимиялық қабаттар негізінде қалыптасқаны нақты дəйектеледі. 
Соның  негізінде  Маңғыстау  феномені  қазақ  мəдени  кеңістігінде 
рухани эталон, əулиеліктің (киеліліктің) бір метафорасы мен сим-
волы ретінде танылады; бұл феноменнің жəне оған қатысты Маң-
ғыстау прецеденттік топонимінің мəдени-философиялық, тарихи-
танымдық,  діни,  идеологиялық  жəне  аксиологиялық  мəні  дəлел-
денеді.
Қорыта  айтқанда,  ұлттық  санада,  қазақ  халқынының  рухани 
мəдениеті мен тарихында қайталанбас жəне мəңгі өшпес өз орны 
бар Маңғыстау аймағында қалыптасқан мəдени-ұлттық сипаттағы 
С. Қондыбай жан-жақты көрсеткен эталондар, стереотиптер, ми-
фологемалар мен т.б. ассоцияцияға түсетін бейнелі оралымдар осы 
мəдени кеңістікте өмір сүруші тіл иесінің санасында біртұтастылық 
жүйені құрайды.
Сонымен,  қазіргі  тіл  білімінің  лингвокогнитивтік  теориясы 
мен  антропоөзектік  бағытына  үндесетін  С.  Қондыбай  ғылыми 
мұрасының  арқауын  құрайтын  тарихи,  этномəдениеттанымдық 
зерттеулердің кешенді сипаттағы негізгі нəтижелері мен тұжырым-
дамасын былай деп көрсетуге болады: 
 - Маңғыстаудың ежелгі кезеңнен ортағасырлық кезеңге дейінгі 
дамуы мен осы өңірдің этномəдениетінің қалыптасуын байланыс-
тыратын деректерді көрсету;
 - Маңғыстау  мəдениеті  тарихының  оғыз,  қыпшақ,  ноғайлы 
кезеңі туралы тілдік деректеріне кешенді зерттеу жүргізу;


568
Ұлт тұғыры – тілде
 - Ноғайлық жыр-дастандары мазмұнындағы Маңғыстау тари-
хымен сабақтастықты бейнелейтін тілдік деректерді лингвомəдени 
салыстыру  арқылы  ноғайлы  жырауларының  тілдік  тұлғасын 
анықтайтын «ноғай феноменін» дəлелдеу;
 - Маңғыстау мəдени кеңістігіндегі діни-мифологиялық таным 
дəйектелген  мəтіндерге  кешенді  лингвотекстологиялық  талдау 
жүргізу, соның нəтижесінде олардың сакралды (киелі) мазмұнын 
жаңғырту; 
 - Көркем  мəтіндерде  айшықталған  қазақ  халқының  сакрал-
ды,  утилитарлық,  эстетикалық,  этикалық  санасын  бейнелеген 
этнотаңбаларға лингвосемиотикалық талдау жасау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   97




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар