Телия В. Н. Вторичная номинация и ее виды // Языковая номинация. Виды наименований



Pdf көрінісі
бет59/97
Дата22.09.2021
өлшемі1.05 Mb.
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   97
Ұлт тұғыры – тілде
кешенді жүйеде зерттеудің қажеттілігі айқындалады. Осыған орай 
зерттеу  барысында  тарихи  жазбаларға  мəтіндік  талдаулар  жасау, 
мəтін  мазмұны  мен  жеке  сөздердің  мағынасын  тіл  мен  ұлт,  тіл 
мен  мəдениет,  тіл  мен  тарих  сабақтастығында  жаңғырту,  олар-
дың  астарындағы  символдық  белгілер  арқылы  сақталған  этника-
лық  таңбалардың  ұрпақ  санасында  жүйеленуі,  соның  ішінде, 
белгілі  бір  мəдени-ұжымдық  жəне  ерекше  аймақтық  кеңістікте 
қалыптасқан  тұлға  болмысының  ықпалымен  ұштастырыла  қа-
растырылуы  қазіргі  тіл  біліміндегі  лингвокогнитивтік  аспектіде 
талдау жүргізумен үндесетіні түсінікті. Алайда, «Қырымның қырық 
батырының»  деректері  мен  мазмұнының  негізінде  Маңғыстау ~ 
Үстірт ~ Қырым  мен  Ноғайлы ~ Есен-қазақ ~ Арғықазақ  фено-
мендерін кешенді зерттеген С. Қондыбайдың ғылыми мұрасы жо-
ғарыда  көрсетілген  парадигманың  құрамындағы  сабақтастыққа 
географиялық кеңістік ұғымын да кіргізеді [56].
Ғалымның базалық біліміне сəйкес этнограф не тілші емес, ге-
ограф болуы оның осы саладағы зерттеушілік тұлғасын төмендет-
пей,  керісінше,  өре  биігін  көтереді.  Өз  сөзімен  айтқанда,  оның 
«эпостанушы  мен  тарихшы  байқамай  кететін  тарихи-география-
лық  мəселелерге,  басқа  да  ұсақ-түйектерге  мəн  беру  реал-кеңіс-
тікті  географ  ретінде  толықтай  көз  алдына  елестете  алатындай, 
оны  біртұтас  та  күрделі  дүние  ретінде  қарастыра  аларлықтай 
қабілеті бар» [57]. Көріп отырғанымыздай, С. Қондыбайдың зерт-
теуінде географиялық кеңістіктің де дүниенің тұтас бейнесін тану-
да мəні ерекше.
Нақты  айтқанда,  ғалымның  жыр  мазмұнындағы  Маңғыстау 
мен Үстірттің жер-су атауларына қатысты аңыздарды шендестіре 
зерттеуі – осы өңірде болған ежелгі субмəдениеттердің тарихын, 
өлкенің  рухани  тұғырының  түптамырын,  Каспий  аймағында 
қалыптасқан өзіндік этномəдени қордың көзін ашуға көмектесетін 
тиімді əдіс. 
Осы  тұрғыдан  тілдің  мəні  мен  қызметі  туралы  В.  Гумбольдт, 
Э. Сепир, А. Потебня сияқты əлемдік шеңбердегі көрнекті ғалым-
дардың  тұжырымдарын  былай  қойғанда, «тіл-құрал», «тіл-қор» 
деп  санаған  А.  Байтұрсынұлының, «тіл – таным  қоймасы»  деп 
қараған проф. Қ. Жұбановтың, тілдің ұлт мəдениетін архетиптік, 
мифтік  деңгейінен  бері  сақтаған  құдіретін  нақты  көрсеткен 


565
Ұлт тұғыры – тілде
Ш. Уəлиханов, Ə. Марғұлан, Ө. Жəнібеков, Ə. Қайдар, Р. Сыздық, 
Е.  Жанпейісов,  т.б.  ғалымдардың  еңбектерінде  тұжырымдалған 
«тіл  арқылы  ұлт  болмысын  таныту»  деген  антропоөзектік  пара-
дигманың қағидасы белгілі.
Олардың  зерттеуіне  арқау  болған – ұлттың  болмыс-бітімін, 
дүниеге  көзқарасын,  рухани-мəдени  құндылықтарын,  əлеуметтік 
мəнін ұлттық таным қорында жинақталған тілдік таңбалар. Себебі 
қазақ  ұлты  да  басқа  ұлттар  секілді  ғасырлар  бойы  жинақтаған 
ой-тəжірибесін,  даналығын,  дүниетанымдық  көзқарастарын, 
салт-дəстүрін,  т.б.  тілінде  көрсете  білген.  Олар  халық  өмірінің, 
тұрмысының,  мəдениетінің  ортақ  сипаты  ретінде  тұтас  құры-
лымдық  жүйе  құрайды.  Ал  адамзат  үшін  ақиқат  дүние  біреу 
болғанымен, оны түсіну, тану, сол дүниенің біртұтас бейнесін са-
нада  қалыптастыру  əрекеттері  əр  адамда,  əр  ұлтта,  əр  аймақта 
(астын сызған біз – М.Ж.) əр заманда жəне əр мəдени кеңістікте 
əртүрлі деңгейде, сан алуан интерпретацияда беріледі. Соған сай 
əрбір  əлеуметтік  жүйеде,  ұлттық  ұжымда,  түрлі  аймақта  əрбір 
қоғамның өркениеттік даму барысында дүние бейнесі тілде өзін-
дік ерекшеліктерімен ажыратылып отырады. Сондықтан тіл иесі-
нің ой-өрісіне, тұтас (концептуалды) əлеміне байланысты дүние-
нің  танымдық  бөлшектері  тіл  тұтынушының  қолданысында 
өзінше көрініс табады. Сөйтіп, тіл иесі танымдық ойын өз тілінде 
сақталған дүние бейнесіне сəйкес танытуға тырысады.
Бұл  жоғарыда  атап  көрсетілгендей,  қазақ  тіл  білімінде  адам 
санасында  қалыптасатын  ақиқат  дүниенің  бейнесі  арқылы  сақ-
талатын  тілдік  қорды  зерттеуге  мүмкіншілік  жасайтын  антро-
поөзектік бағыттың үрдісін сипаттайтын жаңа теориялық-таным-
дық қағида. Осымен байланысты ғылыми шығармашылығы қазақ 
мəдениетінде ерекше рухани кеңістік құрайтын Маңғыстау айма-
ғының этногенезистік түп-тамырына тереңдеуге арналған талант-
ты зерттеуші С. Қондыбайдың ғылыми мұрасын кешенді сипатта 
игерудің маңызы зор.
Олай  болса,  қазіргі  тіл  білімінде  тіл  мен  мəдениет  сабақтас-
тығын, атап айтқанда, тілдің бойындағы ұлттық сипатты, ұлттық 
рухты  тануға  негізделген  когнитивтік  лингвистика,  оның  лин-
гвомəдениеттану,  этнолингвистика,  т.б.  салалары  бойынша  ке-
шенді сипатта зерттеуге С. Қондыбай мұрасының ғылыми мазмұны 
мен бай дереккөзі толық дəйек береді.


566


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   97




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар