Телия В. Н. Вторичная номинация и ее виды // Языковая номинация. Виды наименований


С. Қондыбайдың ғылыми мұрасындағы



Pdf көрінісі
бет58/97
Дата22.09.2021
өлшемі1.05 Mb.
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   97
С. Қондыбайдың ғылыми мұрасындағы 
«ғаламның ұлттық бейнесі»
Рухани  қазыналарымыздың  мазмұнына  сақталған  ұлтты 
ұйытып, тұтастыратын арқау– тіл арқылы ұлттың рухани тарихы 
мен таным-тəжірибесін сақтайтын қазынасы, елдік мұрат-мүддесі 
мен тұтастығын сипаттайтын тілдің ұлттұтастырушылық құралы 
ретіндегі қуаты.
Қазіргі тіл біліміндегі жаңа бағыттың көркем тілінде сақтаған 
тілдік деректердің бүгінгі ұрпаққа жеткізілген осы құдіретін тілдің 
кумулятивтік  (мұрагерлік)  қызметі  арқылы  танудың  ғылыми-
əдіснамалық негізі жасалуда.
Осымен  байланысты  қазіргі  тіл  білімінде  этностың  бүкіл  та-
рихи, мəдени байлығының куəгері іспетті ұлттың рухани-мəдени 
қазынасы ретіндегі тілді зерттеудің ауқымы кеңейе түсуде. Жоға-
рыда  атап  көрсеткендей,  əр  тіл  өз  бойында  ұлт  тарихын,  төл 
мəдениетін, танымы мен талғамын, мінезі мен санасын, кəсібі мен 
салтын,  дəстүрі  мен  даналығын  тұтастықта  сақтаған  таңбалық 
жүйе.  Бұл  арада  тілдің  қызметі  тек  коммуникативтік  емес,  тіл – 
этномəдени  ақпаратты  жинап,  сақтаушы,  келесі  ұрпаққа  жал-
ғастырушы,  сайып  келгенде,  ұлтты  бір  бүтін  етіп  тұтастырушы. 
Демек,  қазіргі  қазақ  тіл  біліміндегі  кешенді  зерттеулерге  сəйкес, 
атап  айтқанда,  белгілі  бір  тарихи/əлеуметтік/географиялық,  т.б. 
ортадағы  тілдің  қызметін,  қалыптасқан  дағды  мен  əлеуметтік 
мəртебені  кеңістік  пен  уақыт  сабақтастығында  жəне  белгілі  бір 
коммуникативтік  кеңістікте  жүзеге  асырылатын  ерекше  тілдік 
қатысым  аясында  айқындауға  дəйек  болатын  тілдік  деректерді 
кешенді де жүйелі түрде зерттеудің теориялық негізі де, қағидасы 
да бар. 
Осымен  байланысты  мазмұнында  халқымыздың  рухани  өрі-
сімен  сабақтас  қалыптасқан,  кумулятивтік  қызметі  арқылы  көр-
кемделген ана тіліміздің төл мəдениетке қатысты ұшан-теңіз тіл-
дік қазынасының ұлттық болмыс-мазмұнын, аксиологиялық мəнін 
деректік  сипатта  анықтап,  дəлелдейтін  зерттеулерге  қосылатын 
нақты дəйектік үлес – «Қырымның қырық батыры» жыр циклі.
Ежелгі  дəуір  адамдарының  əртүрлі  əлеуметтік-тарихи  кезең-
дердегі  өкілдерінің  этномəдени  болмысы,  сөз  қолданысы  бүгінгі 


563
Ұлт тұғыры – тілде
заманға  «Қырымның  қырық  батыры»  тектес  шығармашылық 
көздері арқылы келіп жетті десек, жыр мазмұнынан жинақталған 
тілдік  деректердің  мазмұнындағы  архетиптік  болмыс  пен  мəде-
ниетті  сипаттайтын  бай  мəліметтер  мен  этногенезистік  ақпарат, 
олардың  көркем  мəтінінде  айшықталған  көне  тілдік  деректер 
халқымыздың ұзақ этномəдени даму жолын, материалдық жəне ру-
хани құндылықтарын, түп-тамырын неғұрлым тереңірек танудың 
бір құралы, маңызды таным тетігі ретінде зерттелуі тиіс.
Олай  болса,  қазіргі  тіл  білімінде  тіл  мен  мəдениет  сабақтас-
тығын,  атап  айтқанда,  тілдің  бойындағы  ұлттық  сипатты,  ұлт-
тық  рухты  тануға  негізделген  когнитивтік  лингвистика,  оның 
лингвомəдениеттану,  этнолингвистика,  т.б.  салаларын  негіздеген 
В.  Гумбольдт,  А.  Потебня,  Қ.  Жұбанов,  Ə.  Қайдар,  Р.  Сыздық, 
Е.  Жанпейісов,  С.  Қондыбай,  т.б.  көрнекті  ғалымдардың  ұлт 
пен  тіл,  тіл  мен  мəдениет  қағидасына  сай  кешенді  сипаттағы 
зерттеулердің негізінде «Қырымның Қырық батыры» тектес руха-
ни қазынамызды қазіргі заман болмысымен жалғастырып, игеру – 
аса маңызды.
Сондықтан өз ғылыми шығармашылығының зерттеу нысаны, 
мағлұматтар  алатын  негізгі  дереккөз  ретінде  С.  Қондыбай  «Қы-
рымның  қырық  батыры»  деп  аталатын, 27-30 жырдан  тұратын 
эпикалық  шоғыр  жəне  оның  мазмұнындағы  адамдар  мен  жер-су 
аттары,  этнонимдер,  мифтік  фрагменттерді  таңдап  алған.  Олар-
ды  археология,  сəулет  тарихы,  климатология,  тарихи  геогра-
фия,  шежіре,  жергілікті  аңыздар,  т.б.  импирикалық  мəліметтерді 
тарихи-тілдік мəліметтермен ұштастыра қараған. 
С. Қондыбайдың зерттеу барысында аталмыш жырдың пайда 
болған  мекені  Арал-Каспий  өңірінің  мəдени-тарихи  мұраларын 
тану мəселесі бір ғана гуманитарлық білім саласының жетістіктерін 
қамтумен  шектелмейтіні  байқалады.  Мəселен,  археологиялық 
қазбалар  нəтижесінде  табылған  заттық  айғақтарды  белгілі  бір 
тарихи  мəдениеттің  дерегі  ретінде  қарастыру  үшін  сол  қазба 
нəтижелерінің қай мəдениетке, дамудың қай кезеңіне жататынын, 
қандай  этникалық  ортаға  тиісті  екендігін  сол  ежелгі  этностың 
тұрмыс-тіршілігі,  салт-дəстүрі,  танымы  дəйектелген  мифтердегі 
көне  тілдік  қалдықтарды,  ежелгі  сөз  үлгілерін,  ономастикалық 
атауларды,  əдеби-тілдік  деректерде  сақталған  этнографизмдерді 


564


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   97




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар