Телия В. Н. Вторичная номинация и ее виды // Языковая номинация. Виды наименований


Қазіргі қазақ БАҚ-ғы сөз прагматикасы

Loading...


Pdf көрінісі
бет57/97
Дата22.09.2021
өлшемі1.05 Mb.
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   97
Қазіргі қазақ БАҚ-ғы сөз прагматикасы
Уақыт пен кеңістік контексінде қоғамдағы тіл қызметінің тілді 
тұтынушының  санасы  мен  əрекеті  аясындағы,  атап  айтқанда, 
қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде коммуникативтік қызметінің 
жоғары қоғамдық қолданысының ерекше көрінісі – газет прагма-
тикасы. Бұл арада газет тілінің аясында адресант (журналист) – 
газет мəтіні – адресат (оқушы) байланысына ерекше мəн беріліп, 
осы мақсаттағы прагматикалық пресуппозиция психолингвистика-
мен,  социолингвистикамен  ұштасады.  Газет  мəтініндегі  астарлы, 
т.б. мəндермен астасып, жаңа экспрессивті бояуға ие болған сөздер 
(жаңа  қазақ,  билік,  шенеунік,  т.б.),  жаңа  сападағы  имандылық 
мазмұнға  ие  болған  діни  лексика,  жағымсыз  бағалауыш  лексика 
(жемқорлық,  жымқыру,  т.б.),  əр  түрлі  сөз  құбылтулар  мен  жаңа 
қолданыстардың  прагматикалық  мəні  жеке  сөз  шеңберінде  емес, 
қазіргі  қазақ  газет  мəтіндерінің  тұтас  жүйесінде  анықталатыны 
соңғы зерттеулер барысында айқын көрінеді. Жəне газет мəтініндегі 
контекстік  мағына  негізінде  қалыптасқан  прагматикалық  мағы-
наның  бара-бара  негізгі  мағынаға  да  айналып  кететінін  де  газет 
тілін зерттеу нақты көрсетеді. Мысалы, шенеунік, тұсаукесер, т.б. 


561
Ұлт тұғыры – тілде
Қазақ  тіл  біліміндегі  кешенді  сипатта  қарастырыла  бастаған 
мəтін лингвистикасы тұрғысынан газет мəтінінің тілі соңғы зерт-
теулерде  қазіргі  қоғамда  қарым-қатынас  жасаудың,  тəуелсіздік 
кезеңіндегі  ұлттық  сананы  жаңғырту,  қазақ  тілінің  мемлекеттік 
тіл  ретінде  қоғамның  барлық  саласында  қолданылуының  тиімді 
де,  ықпалды  коммуникативті-прагматикалық  құралы  ретінде 
қарастырылуда. Антрополингвистикалық бағыттағы «ұлт пен тіл 
біртұтас»  қағидасына  сай  зерттеу  сипаты  газет  мəтіні  прагмати-
касынан да айқын көрінеді. Мысалы, тақырыптардағы шешендік 
өнер мен мақал-мəтелдердің, тұрақты тіркестердің газет мəтінінде 
атқаратын  прагматикалық  қызметі  қазіргі  қазақ  газеттерінің 
ерекшелігі ретінде бағаланады.
Ұлттық сананың тілдік көрінісінің жалпыхалықтық сипатын та-
нытатын қазақ тілді басылымдарының саны күрт көбеюмен қатар, 
олардың сапалық-кəсіби деңгейі артып, тəуелсіз елдің еркін ойлау 
үрдісін сипаттайтын, ақпараттық кеңістікте көптеген тың ізденістер 
мен  шығармашылық  тəсілдердің  алуан  түрде  қалыптасуына 
жол  ашылды.  Осыған  орай,  бұқаралық  коммуникация  тіліндегі 
жаңғырған  этнолексикалық  бірліктер  адресат  пен  оқырманның 
когнитивтік санасындағы ұлттық, діни, қоғамдық-əлеуметтік, сая-
си ұғым-түсініктердің тілде айшықталуының бір айғағы болып та-
былады. Жаңа саяси ұғым-түсініктердің тілде айшықталуының бір 
айғағы болып табылады. Жаңа қазақстандық қоғамды тіл арқылы 
қоғамды  ұлттық  белгіге  (тіл,  діл,  дін)  негізделген  ақпараттық 
кеңістіктегі Адам факторы (немесе қоғам) мен тілдік тұлғадан тыс 
қарастыру əсте мүмкін емес.
Осы үрдісті көрнекті жазушы Ə. Кекілбаев шығармашылығы-
ның публицистика тілі негізінде дəйектеп көрсетсек: «Құдайдың 
өз бергенін өзіміз көпсінбейік деп, кебежеміздің түбін қақпаймыз, 
күбіміздің  түбін  сарықпаймыз,  баламыздың  басын,  көгеніміздің 
бұршағын санамаймыз; Қазақ мəдениетінің ағалар құрып, жүзінен 
асырып берген қызылды-жасылды өрмегінің қылышы қолымызға 
тигенде, арқауын босатып, төсегін селкеулеп алмас па екенбіз де-
ген уайым тебіретсе лəзім...».


562
Ұлт тұғыры – тілде


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   97
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар

Loading...