Телия В. Н. Вторичная номинация и ее виды // Языковая номинация. Виды наименований



Pdf көрінісі
бет5/97
Дата22.09.2021
өлшемі1.05 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97
Ұлт тұғыры – тілде
пы  қыпшақтық  тілдік  модельдердің  сипаты  тілдің  барлық  дең-
гейлерінде  де  көріне  береді.  Бірақ  тілдің  дамуының  сенімді  тео-
риясын жасау үшін нақты тілдік деректер белгілі бір жүйеге негіз-
делген  кең  түрдегі  зерттеулерді  талап  етеді.  Тек  соның  негізінде 
ғана  қыпшақ  лексикасының  жалпы  түркілік  қордан  бөлініп  шы-
ғып  қалыптасуы  жəне  одан  əрі  қарай  жеке  тілдерге  ыдырауын 
айқындауға болады.
Жалпытүркілік лексиканың айырмашылығы, негізінен, дыбыс-
тық  жəне  морфологиялық  (құрылымдық  өзгерістер)  деңгейлерді 
қамтиды  да,  семантикалық  тұрғыдан  оларда  жалпытүркілік  бір-
келкілік  сақталған.  Қазіргі  түркі  тілдерінің  көптеген  граммати-
каларының лексика бөлімінде, басқа да əртүрлі зерттеулерде жал-
пытүркілік атаулардың сан түрлі саласы көрсетілген. Қазақ тілін-
дегі олардың жалпытүркілік қабатын айқындау байырғы (базистік) 
лексиканың  мағынасы  мен  құрылымын  фоно-морфо-семантика-
лық корреляция негізінде қатар зерттеу арқылы анықтаудан баста-
лады.
Ал, байырғы сөздік қордың фоно-морфо-семантикалық құры-
лымы бірдей емес екендігі белгілі. Сондықтан да академик  Ə.Т. Қай-
даровтың үлкен монографиясының көздеген мақсаты – түбір моно-
силлабтардың  фоно-морфо-семантикалық  табиғатын  ашу.  Онда 
қазақ тілінің байырғы лексикалық байлығының негізін құрайтын 
бір буынды түбірлер-негіздер талданып, сипатталады. Осы кітап-
тың қосымша сөздігінде жеке қолданылатын моносиллабтар ғана 
емес,  тарихи  туынды  түбірлерде  «сүрленіп»  қалған,  мағынасы 
күңгірттенген  «өлі»  түбірлер  де  берілген.  Мəселенің  бұлайша 
қойылуының  маңыздылығы  əрбір  түркі  тіліндегі  «бір  буынды 
түбір-негіздер  бүкіл  базистік  лексиканың  өзегін  құрайтындығы-
мен» түсіндіріледі [1, 11].
Сол  сияқты  лексиканың  номинативтік  жəне  этимологиялық 
қырларының  тарихи-құрылымдық  қалыптасуында  дыбысбейне-
леуіш  сөздердің  де  рөлі  үлкен  екені  белгілі.  Осы  орайда  бұл 
құбылысты  арнайы  зерттеген  проф.  К.Ш.  Хұсайынның  еңбегі 
оның  салыстырмалы  талдау  көлемін  кеңейтіп,  дыбысбейнелеуіш 
бірліктерді функционалдық та, тарихи да тұрғыдан қарастырады. 
Соның  нəтижесінде  тілдік  фактілердің  дыбысбейнелеуіштік  тегі 
анықталып,  қазіргі  қазақ  тілінің  лексикасының  дыбыстық,  мор-


457
Ұлт тұғыры – тілде
фологиялық  жəне  семантикалық  ерекшеліктеріне  дыбысбейнеле-
уіштік құбылыстың тигізер əсері айқындалған. Осы мақсатта ға-
лым алғаш рет қазақ тілі материалы негізінде бір жəне екі буынды 
түбір-негіздер деңгейінде дыбыс бейнелеу мəселесін зерттейді [2].
Бұрынғы  кеңестік  түркітануда  қыпшақ  тілдерінің  лексикасы, 
оның лексика-семантикалық топтары жөнінде еңбек аз жазылған 
жоқ [3].
Соның  бірі  лексикалық  құрамы  қазіргі  қыпшақ  тобындағы 
(əсіресе Орта Азия аймағындағы) тілдердің лексикасымен толық я 
ішінара ортақтығымен ерекшеленетін қазақ тілінің де лексикалық 
құрамын зерттеуге қазақ тіл білімі дамуының барлық кезеңінде на-
зар аударылып отырды. Лексикологияның жекелеген мəселелерін 
қарастырған ғылыми еңбектер, əртүрлі сөздіктер жарық көрді [4].
Түсіндірме сөздік пен диалектілік жəне ономастикалық, терми-
нологиялық  лексиканың  қорын  жасау  мақсатындағы  жүйелі  жұ-
мыстардың  нəтижесінде  А.  Байтұрсынұлы  атындағы  Тіл  білімі 
институтында миллиондаған карточка тізілді. Сонымен бірге сөз-
дердің семантикалық жəне тақырыптық топтары бойынша да зерт-
теулер жүргізілуде [5].
Соның  негізінде  қазақ  тілі  лексикасы  тарихи  тұрғыдан  туыстас 
түркі тілдерімен, ескі жазба ескерткіштерімен, тіл дамуындағы əр-
түрлі  тілдік  деңгейлердегі  тарихи  сілемдермен  салыстырылып, 
диахронды түрде талдауды қажет етеді.
Оның басталуын түркі тілдерінің лексикасын зерттеуші К.М. Мұ-
саевтың  монографиясымен  байланыстыра  қараған  жөн  секілді. 
Аталған  еңбекте  қыпшақ  тілдерін,  оның  ішінде  батыс  қыпшақ 
тобының  лексикасын  салыстыра  қараған  осы  бағыттағы  зерттеу-
лердің негізі жасалды деп қарауға болады [6]. Өкінішке орай, осы 
тектес зерттеулердің жалпытүркілік тұрғыдан типологиялық сипа-
ты  соңғы  кезеңде  əртүрлі  объективті  себептерге  байланысты  қа-
жетті жалғастығын таппай қалды.
Шын мəнінде, қазақ тілінің лексикалық құрылысының дамуын 
жеке  бөліп  қарастыру  мүмкін  емес.  Себебі  жалпы  қыпшақтық 
тілдік модельдердің сипаты тілдің барлық деңгейлерінде де көрі-
ніс  береді.  Бірақ  тілдік  дамудың  сенімді  теориясын  жасау  үшін 
нақты тілдердің зерттелуінің мəні ерекше. Бұл қазіргі лингвистика 
ғылымы  деңгейінің  осы  ия  басқа  тілдік  мəселелердің  теориялық 


458


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар