Телия В. Н. Вторичная номинация и ее виды // Языковая номинация. Виды наименований


Этнотаңбалық тіл деректерінің көздері



Pdf көрінісі
бет40/97
Дата22.09.2021
өлшемі1.05 Mb.
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   97
Этнотаңбалық тіл деректерінің көздері
Ежелгі  дəуірлерде  пайда  болған  эпос – халықтың  рухани  да 
заттық мəдениетінің мол көзді арнасы. Оның бойында халықтың 
өткен өмір жолын бейнелейтін таптырмайтын бай тілдік деректері 
сақталған. Халықтың қоғамдық өмірімен тығыз байланыста пайда 
болған эпикалық жырларда ғасырлардың шындығы кейде жанрлық 
сипатына  сəйкес  тым  асырылып,  əртүрлі  көркемдік  тəсілдермен 
құбылып бейнеленеді. Себебі, халықтың өмірінің жиынтығы, ұзақ 
уақыт бойында қалыптасқан оның дүниетанымы, əдет-ғұрпы, ар-
маны, мүддесі, рухани өмірі бейнеленеді. 
Ол тек рухани ғана емес, сонымен сабақтаса қалыптасып дами-
тын  заттық  (материалдық)  та  мəдениетімен  бейнеленеді.  Себебі, 
қай  халықтың  болса  да,  оның  ертеден  келе  жатқан  өзіне  тəн 
тұрмыс-тіршілігі,  əдет-ғұрпы,  салт  дəстүрімен  қатар  күнделікті 
тұрмысқа тікелей қатысы бар дүниелері болады. Эпоста олар сан 
қырынан көрінеді. Ш. Уəлихановтың, Ə. Марғұланның, С. Қаси-
мановтың,  Е.  Жұбановтың,  Н.  Уəлиевтің,  А.  Жылқыбаеваның. 
А. Мұқатаеваның, А. Сейілханның, Р. Шойбековтің, т.б. еңбекте-
рінде  көне  мəдениеттің  эпостағы  көріністерінен  көптеген  мəлі-
меттер келтіріледі.
Бұл арада қазақ халқының мəдениеті артта қалған, ия тұйық-
талған  емес,  ол  о  бастан-ақ  өзіндік  ерекшелігін  дамыта  отырып, 
сыртқы  мəдени  дүниеден  ең  алдымен  туыс  түркі  халықтарының 
мəдениетінен оқшау емес екенін атап өту орынды.


534
Ұлт тұғыры – тілде
Ал,  ұлттық  ерекшелік, «халықтық  рух» (В.  фон  Гумбольдт) 
ұлттың тұрмысы, əдет-ғұрыптары, дүниетанымы мен эстетикалық 
талғамдары  тек  қана  рухани  мəдениет  арқылы  ғана  емес,  соны-
мен бірге ол күнделікті тұрмыс бұйымдарында, үй жиһаздары мен 
мүліктерінде, киімі мен əшекейінде де бейнеленіп, олардың тілдік 
атаулары арқылы көрінеді, танылады. Ол атаулардың бəрін жалпы 
атаумен  «Материалдық  мəдениетке  (МЛ)  қатысты  лексика»  деп 
сипаттауға болады. 
Бұл  орайда  өз  бойында  бай  тарихты  жəне  тұрмыстық,  руха-
ни лексиканы сақтаған тіл қазынасы іспетті эпостық жырлардың 
мəні ерекше. Тілдің осындай ұлттық байлығының негізінде туып, 
дамыған  фольклордың  негізгі  тақырыбы  ұлттың  тарихы,  əлеу-
меттік  жəне  рухани  өмірі,  тұрмысы  жəне  еңбегі,  т.б.  тығыз  бай-
ланысты. Осыған қатысты фольклор – тілдік деректерді молынан 
көрсететін үлкен бір арна. 
Қазақтардың  ішкі  жан-дүниесі,  рухани  байлығы  «Қозы-Көр-
пеш – Баян  сұлу», «Қыз  Жібек», «Айман-Шолпан»,  т.б.  лиро-
эпостық жырларында қалай айшықталғанын этнолингвистикалық, 
лингвомəдениеттанымдық негіздегі талдаулар дəлелдейді. Бұл жағ-
дай фольклорда, мысалы, қазақ халқының материалдық мəдениеті 
кеңінен  бейнеленгенін  көрсетеді:  материалдық  өндіріс  деңгейі, 
тұрғын үй, киім, т.б. шаруашылық мұқтаждарын қанағаттандыруға 
бағытталған қазақтардың халықтық қолөнерінің сипаты, түрлері, 
бұйымдары жəне т.б. Осы тұрғыдан фольклор рухани мəдениетпен 
қатар  біздің  материалдық  мəдениет  туралы  білімімізді  байы-
тады.  Себебі,  қазақ  фольклорынан  жинақталған  лексика  тари-
хи  құндылығымен  бағаланатын  қазақ  халқының  рухани  жəне 
материалдық байлығын бейнелейтін заттарды атап көрсетеді.
Бұл  мəселелерге  ерекше  көңіл  бөліп  зерттеген  осы  еңбектер 
фольклорда  рухани  жəне  материалдық  мəдениетке  қатысты 
халықтың  өмірі  мен  тұрмысын  жан-жақты  қамтыған  табиғатына 
сай негізделген белгілі бір дəрежедегі лексикалық жүйе бар екенін 
көрсетеді [48]. 
Қазіргі  рухани-əлеуметтік,  қоғамдық  даму  барысынан  туын-
дайтын  қажеттілік  ағынына  сай  туып  жатқан,  аударылып  жатқан 
ұлттық ұғымдар мен атауларға негіз болатын төл мəдениетімізде 
қалыптасқан  сөзжасамдық  үлгілердің  көбі  диалектілік  лекси-


535


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   97




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар