Телия В. Н. Вторичная номинация и ее виды // Языковая номинация. Виды наименований



Pdf көрінісі
бет38/97
Дата22.09.2021
өлшемі1.05 Mb.
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   97
стереотиптік  этномаркерлер  пайда  болады.  Мысалы,  айран-
дай  аптап,  күбідей  күптеу  (толықтай  өзіне  қарату,  бағындыру); 
ақ киізге көтеру; ақ түйенің қарны жарылу, Асан қайғыға түсу; 
асығы алшысынан түсу; асығы түгел; аузынан ақ май ағу; ауызды 
қу шөппен сүрту; аузыңа май, астыңа тай; ауыл итінің құйрығы 
қайқы; əңгір таяқ ойнату; бармағын тістеу; бас жарылса бөрік 
ішінде,  қол  сынса  жең  ішінде;  безбүйрек;  бетегеден  биік,  жу-
саннан аласа; бетке күйе жағу, бетке таңба болу; бет моншағы 
үзілу, бетін айдай қылу; бие сауымдай уақытбір күн бие, бір күн 
түйе; бір тарының қауызына сыйғызу; дəм-тұз атсын; дəм-тұзы 
жарасу; екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды; есік көрген; 
етінен өтіп сүйегіне жету, т.б. 
Жалпы  лингвомəдениеттану  саласында  ұлттық  мəдениетті 
таңбалайтын бірліктер ретінде ұлттық-мəдени концептілерді, линг-
вокультуремаларды (лингвомəдени бірліктер) келтіретін болса, эт-
нолингвистика саласында жеке бір ғана ұлтқа тəн ерекшеліктерді 
бейнелейтін  этнографизмдер  көрсетіледі.  Дегенмен,  осы  екі 
саладағы  лингвокультурема,  этнографизмдер  мен  одан  туындай-
тын  тұрақты  тіркестердің  түп  тамыры  ұлт  санасында  тұрақты 
түрде  сақталып,  этномаркерлік  деңгейге  жеткен  таңбалардан  ба-
стау алады.
«Таңба – қоғамдық дамудың интеллектуалдық қуатын, ойшыл-
дық  өріс  қабілетін,  даналық  тұғыр  деңгейін  танытатын  қасиетті 
нышан, ұлттың зерделеу рəсімі. Таңба – қоғамдық қарым-қатынас 
құралының айрықша стратегиялық түрі» [43]. Сондай-ақ таңба ұлт 
мəдениетін тілде белгілеп, бір этностың мəдениеті екінші этносқа 
оның тілдік таңбалары арқылы баяндалады. 
Таңбаны қарастыратын семиотика ғылымында дыбыстық (тіл-
дік)  таңбалармен  қатар  мағыналық-шартты  таңбалар  болатыны 
да  белгілі.  Жалпы  алғанда,  мағыналық  таңба  белгілі  бір  ұғым-
ның  ерекшеленген  қасиеті,  қызметтік  белгісі,  бейнесі  арқылы 
айқындалып, мағыналық мəні таңба ретінде жадыда қалыптасып, 
сөз қолданысында заттық таңба ретінде ұғымды танытатын əлеует 
деңгейін сақтап қалады. 
Олардың қатарына «дархан дала» бейнесін (еркіндік, кеңдік), 
«шаңырақ»  бейнесін  (отау,  отбасы,  жанұя),  «қыран  бүркіт»  бей-
несін  (ержүрек,  күштілік),  «қамшы»  бейнесін  (билік)  жатқызуға 
болады.


530
Ұлт тұғыры – тілде
Тілдік таңбаның символдық қызметін арнайы зерттеген Қ. Қа-
йырбаева, т.б. зерттеушілердің пікірінше, таным-түсініктердің этно-
маркерленген  тілдік  таңбасының  қызметін  ең  алдымен  символ 
атқаратыны  анықталды.  Демек,  қазақ  мəдениетін  танытатын 
этномаркерлік  бірліктер  алдымен  ұлттық  санада  бейнеленіп  (об-
раздалып),  содан  кейін  тұрақты  таңбаланып  барып,  символдық 
деңгейге  жеткенде  ғана  толық  қалыптасады  екен [44]. Ұлттық 
санада  ұлттық  мінез-құлықтың,  тұрмыс-тіршіліктің  бейнеленуі 
метафоралық, теңеулік, метонимиялық, эпитеттік жолдармен жү-
зеге асады. Соның ішінде ең ұтымдысы, яғни ұғым мен оның па-
йымдайтын бейнелі таңбаның өзара үйлесуі ұтымды болғанда ғана 
оның  константалық  дəрежесі,  тұрақтылығы  ұзаққа  созылады  да, 
этномаркерлік мəртебеге ие бола алады. 
Этномаркерленген  бірліктердің  басым  көпшілігінің  бейнелеу 
құбылысының ішінде əсіресе символдану үдерісінен өтетінін ай-
қындайтын  болсақ,  оның  себебі,  символдың  лакондық,  яғни  ық-
шамды түсіндіру қасиетіне келіп тіреледі. Символ болып қалып-
тасу  иерархиясында  идиоэтникалық,  ұлттық  таным-түсінік,  жал-
пыадамзаттық  интерпретация,  əмбебаптық  түсінік  сатыларынан 
өтіп барып, типтену, үлгілену, модельдену қызметіне көшеді. 
Мифологемдік  этномаркерлер  ұрпақтан-ұрпаққа  бұзылмастан 
жалғасатын  ұлттық  құндылық  деп  танылса,  стереотиптік  этно-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   97




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар