Телия В. Н. Вторичная номинация и ее виды // Языковая номинация. Виды наименований



Pdf көрінісі
бет36/97
Дата22.09.2021
өлшемі1.05 Mb.
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   97
Ұлт тұғыры – тілде
архетиптік  бейнесі  ретіндегі  сөз  үлгілері  тілдік  қазынамыздың 
этномəдени  қорында  жетерлік.  Мысалы, «Ер  Төстік»,  шаңырақ, 
қазан, қамшы, т.б.
Сонымен  бірге  елдік,  этностық  белгілердің  көбі  салттық  мə-
дениеттің  жеке  сөз,  иə  сөз  тіркестері  түріндегі  тілдік  бейнесінде 
сақталған: тұсаукесер, естірту, үкі тағу, иткөйлек, т.б. 
Үкі  тағуды  қазақ  тілінің  онбестомдық  сөздігінде  былайша 
анықтайды:  «Күйеу  жігіттің  əке-шешесі,  туыстары  құдаласқан 
күні қалыңдықтың бас киіміне үкінің жүнін тағып, қызды айтты-
рып  қойғанының  белгісін  жасауы.  Үкі  тағылған  қыз  сол  күннен 
бастап айттырылған болып, оған басқалар құда түспейді [39]. 
Үкі тағу, иткөйлек сияқты рухани мəдениеттің этнотаңбалық 
уəжі олардың мифтік дүниетанымға сай тотемдік мəнімен байла-
нысты. 
Осы  тектес  көне  тілдік  деректер  халқымыздың  ұзақ  этномə-
дени даму жолын, материалдық жəне рухани құндылықтарын, түп-
тамырын неғұрлым тереңірек танудың бір құралы, маңызды таным 
тетігі ретінде зерттеледі.
Қазіргі қазақ қоғамындағы маңызды ерекше сипатқа ие болған 
ұлттық  мүдделі  мақсат – халық  рухын,  оның  өзегі  мəдениетті 
жаңғырту.  Мысалы,  қазіргі  күнде  жаңа  терминдік  мағынаға  ие 
болған тұсаукесер сөзінің қызметі оның архетиптік мағынасының 
қазіргі замандағы ассоциациялық жаңғыруы. Шын мəнінде қазақ-
тың рухани мəдениетінде тұсаукесер ұғымы «Сəби қаз тұрған соң 
тез  жүріп  кетсін  деген  тілекпен  жасалатын  ғұрып,  ырым» [40]. 
Ал  қазіргі  «алғаш  рет  таныстыру  рəсімін»  [сонда]  білдіретін 
терминдік  мағынасы  тілдің  өміршеңдік,  мұрагерлік  қызметін  дə-
лелдейді.
Əрине, мəдениетті, рухани көріністерді бейнелейтін тіл, миф, 
өнер, дін жəне т.б. негізінде құрылатын семиотикалық жүйе. Бірақ 
көшпенді  мəдениетінде,  қазақ  мəдениетінде  рухани  мəдениеттің 
таңбалық  негізі,  рəміздік  жүйедегі  ұлттың  психологиясы,  сакра-
лизациясы негізінен тіл арқылы сипатталады. Сондықтан рухани 
мəдениеттің коммуникативтік, мұрагерлік табиғатына сəйкес оның 
ашық  жүйе  ретінде  сақталуы,  кейінгі  ұрпаққа  жетуі,  жаңғыруы, 
танымы,  игерілуі,  жетілуінің  тіл  арқылы  іске  асатынын  қазіргі 
тіл білімінің антропоөзектік бағыттағы зерттеулерінде қарастыру 


523
Ұлт тұғыры – тілде
тиімді. Себебі ашық жүйе ретіндегі бір этностық (ұлттық) ұжымды 
мəдени  коммуникацияның  іске  асырылу  құралдарының  дені, 
таңбалар  жүйесі,  рəміздер,  əдет-ғұрыптар,  материалдық  өндіріс 
туындыларының өзі тіл арқылы қызмет етеді де, мəдениетті тарихи-
əлеуметтік үдеріс ретінде сипаттайды. Сондықтан да қазіргі қазақ 
тіл  білімінде  қазақ  этносының  таным-парасатын,  дүниетанымы 
мен мəдениетін тіл арқылы тану – аса маңызды. 
Мысалы «Жеті қарақшы» жұлдызының атауына жеті санының 
киелі, діни уəж болып тұр десек, оның «жеті қараңғы түн» тіркесін 
де қатыстылығын байқауға болады. Сол сияқты «жеті шəріп» деген 
тіркестің діни ұғымы: 1) Мекке шəріп; 2) Мəдина шəріп, 3) Бұхар 
шəріп, 4) Шам шəріп, 5) Қатым шəріп, 6) Құддыс шəріп (Мысыр 
шəріп), 7) Кəлем шəріп.
Жеті  санының  символдануы  жалпы  адамзаттың  өркениетте 
белгілі «жеті ғаламат» құбылысының да түп тамыры сабақтасады. 
Тіліміздегі  жеті  нан,  жеті  тиын  садақа  деген  діни  мазмұнды 
қолданыстарды  былай  қойғанда,  табиғаттан  тыс  ерекше  күшті 
бейнелейтін жетібасты жалмауыз, жетібасты аждаһа сияқты 
қолданыстар да қалыптасқан.
Қазақ танымына сай мəдениетте бұл санның қалыптануы мен 
заңдасуының  бір  дəлелі – «қазақтың  жеті  атадан  бері  қыз  алыс-
пау» заңы.
Күнделікті тұрмыс пен өмірдегі көп нəрсені де осы өлшеммен 
белгілеу  де  қазақ  танымына  сай  қалыптасқан:  жеті  атасынан 
шынжыр балақ, шұбар төс; жеті атасынан бері қонған (ақын-
дық, ұсталық, сынықшылық, т.б.). Бұл арада жеті сөзі өзінің тура 
мағынасында тұрған жоқ, олар «о бастан», «ежелден», «арғы атала-
рынан», т.с.с. ұғымды бейнелейді. Сол сияқты «жеті жұрттың тілін 
біледі» дегенде де тура «жеті» мағынасын емес, «кең» мағынаны 
меңзейді. 
Демек,  тіл – мəдениет  дерегі,  өйткені  ол  мəдениеттің  құрас-
тырушы бөлігі жəне тіл мəдениетті танудағы негізгі құрал, себебі 
ол  арқылы  біз  мəдениетті  меңгереміз.  Себебі  тіл  мəдениеттің 
жалпы  сипатын  танытады,  негізгі  этномəдени  ақпаратты  жинай-
ды,  сақтайды  жəне  жеткізеді.  Осыған  сай  тіл  əрбір  этникалық 
қоғамдастықта, бір жағынан, этностың мəдени өзгешелігінің фак-
торы ретінде, екінші жағынан, тіл шеңберінде мəдениеттің ұрпақ-


524
Ұлт тұғыры – тілде
тан-ұрпаққа  жалғасуын  қамтамасыз  етеді,  қазіргі  келер  ұрпақты 
бір тұтастырып, бүтіндікте байланыстырады. 
Сонымен,  антропоөзектік  парадигма  адам  санасында  қалып-
тасатын ақиқат дүниенің бейнесі арқылы сақталатын тілдік қорды 
зерттеуге  мүмкіндік  жасайды,  себебі  əрбір  əлеуметтік  жүйеде, 
ұлттық  ұжымда,  əрбір  қоғамның  өркениеттік  даму  барысында 
дүние  бейнесі  тілде  өзіндік  ерекшеліктерімен  ажыратылып  оты-
рады. Олардың негізі тілдік санада концептуалдық жүйе арқылы 
құрылады жəне сезімдік қабылдаулар нəтижесінде жеке адамның 
танып-түсінген  деңгейі  мен  дəрежесі  бара-бара  ұлттық  сипат-
та  тұтасады.  Қоғам  дамып,  дүниенің  қасиеттері  одан  əрі  таны-
ла  бастаған  сайын  дүние  бейнесінің  мазмұны  да  өзгеріп  отыра-
ды.  Оның  мысалын  жоғарыда  көрсетілген  тұсаукесер  сөзінің 
бастапқы  этнографиялық  ұғымынан  қазіргі  таңдағы  терминдік 
сипатқа  ие  болуынан  көреміз.  Антропоөзектік  бағытқа  сай  тіл 
арқылы  ұлт  болмысын  тануға  ұмтылған  қазақтың  бүкіл  заттық 
жəне  рухани  мəдени  атаулары  мен  ұғымдарының  ұлт  санасында 
этномаркерленіп, жадыда терең сақталу құбылысы анықталады.
Мысалы, ежеғабыл құда, бел құда, бесік құда, жаушы, қалың 
мал, бес жетім, сауын айту, т.б.
Сонын нəтижесінде қазақ этнотаңбаларының рухани ұғымдар 
мен  ырым-тыйымдарды,  наным-сенімдерді  таңбалауда  жиі 
қолданысқа түсетіндігі жəне олардың халықтың астырт санасында 
ұзағынан сақталатыны анықталады.
Сонымен, ұлттық дүниетанымның нəр алатын ортасы, əрі кө-
рінер жері – ұлттық мəдениет. Мəдениет халықтың мыңдаған жыл-
дар бойындағы шығармашылығы, онда қауым мен жеке адамның 
рухани ізденісі, халықтың даналығы мен адамгершілік нышанда-
ры жинақталады. Əр мəдениетте дүние, қоршаған ортаға деген сан 
қилы көзқарас, түсінік қалыптасады. Себебі əр мəдениет заманы-
на,  діліне,  моральдік  нормаларына  қарай  адамға,  өмір – өлімге, 
адамның  іс-əрекетіне,  сұлулыққа  тағы  да  басқа  əр  халықтың  ба-
сында  бар  негізгі  құндылықтарға  байланысты  өзінің  көзқарас 
жүйесін қалыптастырады. Міне, осы көзқарастың көрінетін, тара-
латын, сақталатын құралы – тіл.
Сан  ғасырлар  бойы  ұлттық  болмыс  пен  рухани  санаға  сай 
қалыптасқан қазақ тілінің тілдік мұрасы осыны толық дəлелдейді. 


525
Ұлт тұғыры – тілде
Қазақтың ғасырлар бойғы тарихының, наным-сенімінің, болмыс-
тіршілігінің,  шаруашылығының,  дəстүрінің,  мінез-құлқының, 
адамгершілік, сұлулық туралы түсінігінің энциклопедиясы іспет-
ті  тіліміздің  өзегі – ұлттық  дүниетанымның  сақтаушысы,  қазы-
насы  ретіндегі  қызметі.  Мəдениетіміз  бен  тарихымызды  қазақ 
тілінің қатпарларынан іздеп, ұлтымыздың адамзат мəдениеті ара-
лығындағы  орнын  анықтау,  оның  рухани  түбін  білу  үшін  ұлт-
тық  тілге  тереңдей  үңілу  ғылыми  тұрғыдан  дұрыс  жол-бағыт 
екенін  қазіргі  тіл  біліміндегі  когнитивтік  бағыт  пен  лингвомə-
дениеттанымдық негіздер көрсетіп отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   97




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар