Телия В. Н. Вторичная номинация и ее виды // Языковая номинация. Виды наименований



Pdf көрінісі
бет34/97
Дата22.09.2021
өлшемі1.05 Mb.
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   97
Ұлт тұғыры – тілде
заң тəртібіне, əдеттік правоға байланысты қолданылатын, халқы-
мыздың тұрмыстық жəне тілдік өзіндік ерекшелігін көрсететін ар-
наулы атаулар мен сөз тіркестері.
Мысалы, кез келген зат күнделікті тұрмыс қажеттілігін өтеумен 
қатар,  символдық,  белгілік  қатынаста  да  жұмсала  алады.  Оның 
нақты  көрінісін  фразеологиялық  тіркестердегі  этнотаңбалардан 
көреміз: байғазы беру, қалжа жеу, қанжығаға байлау, бесік құда, 
ежеғабыл құда, киіт кию, т.б.
Сонымен, көне тамырлы этнолексика – халықтың этномəдени 
тарихы жəне тілдік процестері мен тілдік шығармашылығы тура-
лы баға жетпес «ақпарат» көзі.
Демек,  мəдениеттің  өзегін  жалғастық,  мұрагерлік  құрайды 
десек, мəдени мұралардың сақталуы, танылуы, қабылдануы, шы-
ғармашылықпен дамуы тілдік ақпараттар арқылы іске асады.
Бұл тектес еңбектердің тілдік дəйектері мен ғылыми дəлелдері, 
біздің  ойымызша,  тіл  арқылы  ұлтты  тану  мен  танытудың  кепілі 
мен  қажетті  шарты  бола  алады.  Мысалы,  зерттеушіге  архаизм-
терминдерді,  прецеденттік,  мифтік  мəтіндердегі,  т.б.  архетиптік 
ұғымдарды  түсіндіруге,  ең  ежелгі  мағынасын  ашуға  сол  сөздік-
терде берілген этнографиялық, тарихи, археологиялық, культуро-
логиялық, т.б. деректер көмектесіп, этностың тұрмысы мен соған 
сəйкес  терминнің  пайда  болу  заңдылығы  мен  оны  қолданыста 
бекітетін «тілден тыс» жағдайларын анықтауға мүмкіншілік береді. 
Кешенді  лингвомəдени  зерттеу  барысында  бір  кезде  күнделікті 
өмірде  өте  қажетті  болған  көптеген  заттардың  атаулары  ғана 
қазіргі қазақ тілінде мəдениеттің, дəстүрдің жəне ұлттық мұраның 
жұрнағы  ретінде  сақталып  қалғаны  анықталады.  Демек,  атаулар 
жүйесінің қызметі тек атауыштық қана емес, танымдық та. Міне, 
осы тектес зерттеулер нəтижесінде тілдің негізгі коммуникативтік 
қызметіне  қоса,  ұлттың  рухани  қазынасын  бойына  сақтаған 
құжаттық, этномəдени мұралық (кумулятивтік) қызметінің нақты 
мазмұны ашылады.
Тіл  байлығын  бұлайша  зерттеудің  қағидасының  дəстүрлі  тіл 
білімінен  ерекшелігіне  сай  академик  Ə.  Қайдар  зерттеушіні  бұл 
арада «тіл тамыршысы» бола білуі керек деп санайды.
Себебі, кез келген халықты мəңгілікке ұластырып, жетілдіріп, 
кемелдендіріп отыратын мəдениетінің қазынасы – тілі.


518
Ұлт тұғыры – тілде
Оларды  ұрпақтан-ұрпаққа  жеткізетін  ауыз  əдебиеті,  эпостық 
жырлар, шешендік-паремиологиялық-фразеологиялық, ономасио-
логиялық  жүйе,  ақын-жыраулар  шығармашылығы,  т.б.  Мұндай 
рухани-мəдени мұра үлгілерінің арқауы болған сөз өнері, айшықты 
тілі  арқылы  қазақ  халқының  этникалық  тарихы  мен  мəдениеті, 
көркем  ойлау  жүйесі  мен  танымдық  деңгейі  заманнан  заманға 
этнотаңбалық ақпарат түрінде жетіп отыр. 
Ұлттың  болмысын  тілі  арқылы  сипаттайтын  төл  мəдениеттің 
этнотаңбалық деректерінің мəні жоғарыда көрсетілген үлгілерде, 
біріншіден,  эстетикалық,  екіншіден,  тарихи-этникалық  тұрғыдан 
уақыт пен кеңістік контекстегі əлеуметтік-функционалдық, үшін-
шіден,  танымдық-аксиологиялық  (құндылықтық)  қызмет  атқа-
рады.  Бұл  мəселені  зерттеу  қазіргі  қазақ  тіл  білімінде  «ұлт  пен 
тіл  біртұтас»  деген  қағиданы  ұстанатын  антропоөзектік  бағытқа 
сəйкес жүргізіле бастады.
Тілді  зерттеудегі  бұл  үрдістің  қазақ  тіл  біліміндегі  бастау 
көзін проф. Қ. Жұбанов еңбектерінен табамыз. Олар – ғалымның 
қазақ  тілінде  сақталған,  кейде  қазіргі  қолданысы  тарихи-таным-
дық  тұрғыдан  жаңғыртылып,  анықталған,  иə  мифтік  таным  дең-
гейіне  сай  қалыптасқан  архетиптік  сипаттағы  тілдік  деректер-
дің,  антропонимдердің,  топонимдердің,  терминдердің,  фразеоло-
гизмдердің, т.б. мəнін ұлт мəдениетімен байланыста қарастырған 
зерттеулері  мен  ғылыми  топшылаулары.  Мысалы,  ғалым  қазақ 
тіліндегі  зат  атауларының  қалыптасуындағы  негізгі  қағидасын 
сөздің аталуының ұлттық ерекшелік, тарихи-мəдени, əлеуметтік-
кəсіптік, т.б. жағдайларымен байланыстырады: «лошадь – жылқы, 
бірақ  ол  ат,байтал,  айғыр  емес.  Ал,  біздің  ісек,  тұсақ,  құнан, 
құнажын, дөнен, дөнежін деген сөздеріміз басқаларда жоқ. Қазақ 
синий,  голубой,  зеленый  деген  түстердің  бəрін  көк  дейді.  Адай-
ларда,  арабтарда  түйе  түлігінің  аттары  көп:  Еділ,  Каспий  (Аты-
рау)  бойының  қазақтары  балық  түрлерінің  аттарын  көп  біледі. 
Демек,  қолданылмаған  затқа  ат  жоқ».  Бұл  пікірді  ұлт  болмысы 
сипатын  танудың  жолы  десек,  қазақ  тіліндегі  ұлттың  əлеуметтік 
тұрмысын,  тарихы  мен  мəдениетін  белгілеген  тілдік  деректері-
қазақ  əлеуметтік-мəдени  кеңістігінде  қалыптасқан  ұжымның 
этнотаңбалық  жүйесі.  Мысалы,  тайға  таңба  басқандай,  қой  үс-
тіне бозторғай жұмыртқалаған заман, т.с.с. идиомалар көркем-


519
Ұлт тұғыры – тілде
дік  ойлау  деңгейін  ғана  емес,  ұлттың  күнделікті  тəжірибесінен 
қалып-тасқан танымдық тұжырымын да белгілейді.
Ал,  əрбір  этностың  ежелден  қалыптасқан  төл  мəдениеті – 
оның  тілі  арқылы  сақталған,  таңбаланған  ішкі  мазмұны.  Сол 
мазмұнды ашу арқылы ұлт мəдениетінің мəні айқындалады десек, 
«мəдениетті тану кілті» тіл арқылы сақталған мəдени ұғымдардың 
мəдени фонында астарланған.
Тіл  құдіреті  арқылы  берілген  мазмұнды-дерек – сол  тілді  тұты-
нушы этностың бүкіл рухани, мəдени байлығының асыл қазынасы. 
Осымен  байланысты  қазіргі  тіл  білімінде  тілдің  мұрагерлік 
қызметінің  мəнін  зерттеудің  əлеуметтік  лингвистика  негізінде 
кеңейіп, ұлттық мазмұны тереңдей түсуде. Оның себебі, əр тіл – өз 
бойында ұлт тарихын, төл мəдениетін, танымы мен талғамын, міне-
зі мен санасын, кəсібі мен салтын, дəстүрі мен даналығын тұтас-
тықта сақтаған таңбалық жүйе. Осындай мазмұнды құрылымына 
сəйкес ол – жай таңбалық жүйе емес, ұлт болмысының ұрпақтан 
ұрпаққа жалғасқан тұрақты да тұтас сипаты.
Уақыт пен кеңістік сабақтастығында қарастырылатын кешен-
ді  лингвомəдени  зерттеу  барысында  бір  кезде  күнделікті  өмірде 
өте қажетті болған көптеген заттардың атаулары ғана қазіргі қазақ 
тілінде  мəдениеттің,  дəстүрдің  жəне  ұлттық  мұраның  жұрнағы 
ретінде сақталып қалғаны анықталады. Міне, осы тектес зерттеу-
лер  нəтижесінде  тілдің  негізгі  коммуникативтік  қызметіне  қоса, 
ұлттың  рухани  қазынасын  бойына  сақтаған  құжаттық,  этномə-
дени мұралық (кумулятивтік) қызметінің, елдің мəңгілік құныды-
лықтарының нақты мазмұны ашылады.
Мəңгілік елдің тілдік дерегінің өзегі – елдігіміздің қайнаp бұ-
лағы, саpқылмас қазынасы, бай мұpасы іспетті дəстүpлi қолөнеpi. 
Олай  болса,  тəуелсіздіктің  қалыптасқан  кезеңінде  ұсынылып 
отырған  «Мəңгілік  ел»  идеясының  негізі  ұлтымыздың  тілдік 
қазынасында  екенін  айқын  көрсететін  академик  Ə.  Қайдардың 
мына  тұжырымын  қайталап  береміз: «Этностың  басып  өткен 
санғасырлық  даму  жолы,  оның  белгі-бейнелері  біздерге  тас 
мүсіндер мен жартастарға қашалған сына жазулар арқылы, мəдени 
ескерткіштер  мен  əртүрлі  ғимараттар  түрінде  жетуі  мүмкін. 
Бірақ бұлардың бəрі этнос өмірінің мың да бір елесі ғана. Оның 
шын  мəнісіндегі  даналығы  мен  дүниетанымы  тек  тілінде  ғана 


520
Ұлт тұғыры – тілде
сақталады. Əрбір дəуірде өмірге қажет болған құрал-сайманның, 
қару-жарақтың, киер киім мен ішер тамақтың, тұрмыстық заттар 
мен  салт-санаға,  əдет-ғұрып,  наным-сенімге,  ойын-күлкі,  той-
томалаққа байланысты ұғымдардың аты-жөні, сыр-сипаты, т.б. тек 
тіл фактілері ретінде ғана, яғни жеке сөздер мен тіркестері, фра-
зеологизмдер мен мақал-мəтел арқылы ғана бізге жетуі мүмкін».
Бұл  қағиданың  тілдік  нақты  дəйегі  ғалымның  «Қазақтар  ана 
тілі  əлемінде»  атты  үш  томдық  этнолингвистикалық  сөздігінің, 
кешенді зерттеуінің мазмұнында жан-жақты көрсетілген. 
Ұлт  тарихынан  да  ежелгі  болып  саналатын  тіл  тарихын  зер-
делеу арқылы анықталған этнотаңбалық тіл деректерінің кешенді 
зерттелуі «Мəңгі ел» ұғымын дəлелдеуге кепіл бола алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   97




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар