Телия В. Н. Вторичная номинация и ее виды // Языковая номинация. Виды наименований


Тілдің таңбалық сипаты мен мұрагерлік (кумулятивтік)



Pdf көрінісі
бет33/97
Дата22.09.2021
өлшемі1.05 Mb.
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   97
Тілдің таңбалық сипаты мен мұрагерлік (кумулятивтік) 
қызметінің сабақтастығы
Тілді  адамның  əлеуметтік  тұрмысын  қамтитын  мəдениеттен, 
тарихтан тыс қарапайым таңбалық жүйе деп қарастыру ол туралы 
түсінікке  кереғар  əсер  етеді  жəне  оны  зерттеудің  мүмкіндіктерін 
шектейді.  Академик  Ю.В.  Бромлей  сөзімен  айтсақ: «Əрбір  эт-
носта  мəдениет  элементінің  сыртқы  көрінуі  мен  «ішкі»  мазмұ-
нында  ерекшелік  бар.  Мағынасына  байланысты  барлық  мəдени 
құбылыстар  өзіндік  екіжақтылыққа  ие:  өзінің  «сыртқы»  көріні-
сімен қатар, олардың «екінші өмірі» бар. Олар мағынасы арқылы 
айқындалады. Мағына затта жасырылған, ол ақыл-ой, эстетикалық 
сезіммен, адамгершілік интуициямен белгілі болады, бір көргеннен 
танылмайды.  Мағынаның  бұл  мəні – мəдениетті  тану  кілті» [35, 
25].  Ал  мұның  өзі  оның  мəдени  фонын  зерттеуге  əкеп  тірейді. 
Мəселен, шаңырақ, сəукеле, жөргем, т.б. Демек, тіл, көнеден ай-
тылып келе жатқандай, таңбалар жүйесі ғана емес, ол осы жүйені 
көмкерген мəдениет, сондықтан да ол – əр халықтың ұлы мұрасы, 
ұлттың тарихи жетістігі. 
Тіл – мəдениет  дерегі,  өйткені  ол  мəдениеттің  құрастырушы 
бөлігі жəне тіл мəдениетті танудағы негізгі құрал, себебі ол арқы-


516
Ұлт тұғыры – тілде
лы  біз  мəдениетті  меңгереміз.  Тіл  мəдениеттің  жалпы  сипатын 
танытады,  негізгі  ақпаратты  жинайды,  сақтайды  жəне  жеткізеді. 
Осыған сай тіл əрбір этникалық қоғамдастықта, бір жағынан, этнос-
тың мəдени өзгешелігінің факторы ретінде, екінші жағынан – тіл 
шеңберінде  мəдениеттің  ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасуын  қамтама-
сыз  етеді.  Осылайша  қазіргі,  келер  ұрпақты  бір  тұтастырып, 
бүтіндікте  байланыстырады.  Демек,  тіл  мəдениетте  өсіп-өнеді, 
дамиды жəне соны бейнелейді. Мəдениет этномəдени ақпараттар 
береді.  Ал  этномəдени  ақпараттар  əртүрлі  формаларда  жүзеге 
асады.  Олар – материалдық  жəне  рухани  мəдениеттің  туынды-
лары. Атап айтқанда, белгілі бір этномəдени ортадағы өмір сүру 
жағдайы, эстетикалық норма, тұрмыстық дағдылар, пайымдаулар, 
этникалық  көзқарас,  жергілікті  культ  пен  дəстүрлік  тəжірибе  –
ғасырлар бойы қалыптасқан бай «мəдениет тілі». «Мəдениет тілі –
этномəдени əрекеттердің объективті жəне субъективті факторлары 
жəне ұлттық сана-сезімді айқындайтын генезис» деп анықталады. 
Мəдениет тілін құрайтын таңба – символдар жиынтығы. «Мəдениет 
тілінің» мұндай дəстүрлі өзіндік құрылым элементтеріне кеңістікті 
бағдарлау,  тұрғылықты  жерді  жоспарлау,  тұрғын  үй  жəне  оның 
ішкі жабдықтары, тағамның түрлері жəне оны жіктеу, киім түрлері 
жəне  оны  жіктеу,  т.б.  жатады.  Осымен  байланысты  мəдениеттің 
немесе  оның  жеке  түрлері  мен  формаларының  таңбалық  сипаты 
туралы ой ертеде қалыптасқан. 
«Таңба»  категориясының  енуімен  лингвистикадан  тыс  салт-
дəстүр,  əдет-ғұрып,  т.б.  белгілі  бір  мəтін  ретінде  қарастыру 
көпмағыналы  мəнге  ие  «мəдениет»  терминінің  астарында,  қоғам 
тұтастай,  салт-дəстүр,  əдет-ғұрып  жатқанын  жеке  алып  қарауға 
мүмкіндік туды. Сондықтан мəдениет тілін адамзат əрекетін көрсе-
тетін таңбалар жиынтығы ретінде сипаттауға болады. Мұндай таң-
балық құралдарды этнотаңбалар деп айтуға болады (Ю.М. Лот-
ман, т.б.). Бірақ ең негізгі форма – сөздік ақпарат. Бұның негізін 
құрайтын этнографизмдер мəдениетті айқындап қана қоймай, оны 
символдау  қызметін  атқарады.  Ал  этнографизмдер  дегеніміз – 
өткен  тұрмысымызда  болған,  көбі  əлі  де  қолданып  келе  жатқан 
тұрмыстық  бұйымдардың,  белгілі  бір  кəсіпке,  шаруашылыққа, 
салт-дəстүрге,  əдет-ғұрыпқа,  наным-сенімге,  баспанаға,  киім-
кешекке,  ішер  асқа,  туыстық  қатынасқа,  ел  билеу  ерекшелігіне, 


517


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   97




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар