Телия В. Н. Вторичная номинация и ее виды // Языковая номинация. Виды наименований



Pdf көрінісі
бет30/97
Дата22.09.2021
өлшемі1.05 Mb.
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   97
Ұлт тұғыры – тілде
белгілі  дəрежеде  қозғау  салып,  қоғамдық  пікірге  ықпал  етуі  де 
шындық.  Əсіресе,  Білім  жəне  ғылым  министрлігінің,  Тіл  коми-
тетінің,  тілдерді  дамыту  басқармаларының  нақты  да  жан-жақты 
істеліп  жатқан  жұмысы,  көкейтесті  перспективалық  бағыттарын 
белгілеп, кешенді жұмыстар жүргізіп жатқанын, оның мемлекеттік 
тіл қызметінің жандандыруға əсерін ерекше атап өткен жөн.
Дегенмен,  қазақ  тілінің  мемлекеттік  тіл  ретінде  толыққанды 
қызмет  ете  алмай,  қоғамның  барлық  саласында  тиімді  қолданыс 
таппай,  яғни  қазақ  тілінің  барлық  функционалдық  əлеуеті  толық 
ашылмай  отырғаны  жəне  қоғамның  əртүрлі  əлеуметтік,  ұлттық 
топтарының мүшелері тарапынан дұрыс түсінілмей, қазақ тілінің 
ұлттұтастырушылық  қызметі  мен  мəні  жөнінде  қоғамда  тегістей 
дұрыс таным қалыптаспай отырғаны да рас.
Демек, бұл мəселенің шешіміне ықпал ететін, тілдің қоғамдық, 
əлеуметтік мəніне қатысты қағидалар мен ғылыми-əдістемелік ба-
заны анықтауға қатысты мəселелерді əлі де талқылап, айқындай-
тын тұстары баршылық.
Жоғарыда  аталған  нəтижелерді  мемлекеттік  тіл  мəртебесіне 
сəйкес  алғашқы  кезеңде  істелетін  іс-шаралар  ретінде  жағымды 
бағалай отырып, енді келесі кезектегі немесе кезеңдегі мəселелерді, 
яғни мемлекеттік тілдің қызметін жетілдіру, жаңа деңгейге көтеру 
мəселесін алға шығарып, мəн беріп шешетін кез келген сияқты.
Ол мемлекеттік тіл қызметін күшейтуге, жетілдіруге арналған 
іс-шаралармен  үндес,  сабақтас.  Осы  мəселенің  шешімінің  келесі 
сатысы  мен  өзекті  мəселелерінің  бірі  мемлекеттік  тіл  ретінде 
ұлт  тілінің  қазіргі  қазақ  қоғамындағы  сөз  мəдениетімен,  тілдік 
қолданыстың мəдени деңгейімен байланысты. 
Біздің ойымызша, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі қор-
даланып, шешілмей жатқан түйткілдерінің бір себебі – социумның, 
мейлі ол мемлекеттік жүйе қызметіндегі ресми тұлға бола ма, басқа 
ма,  біразы  тілдің  мəнін  дұрыс  түсінбеуі.  Яғни  тілді  тек  қарым-
қатынас құралы деп (онда да қарым-қатынасты терең таным аспек-
тісінде  емес,  тар,  тіпті  тұрмыстық,  қарапайым  түсіністік  құралы 
ретінде ғана) деп түсінеді.
Ал,  шын  мəнінде,  тілдің  мəні  мен  қызметі  туралы  В.  Гум-
больдт, Э. Сепир, А. Потебня сияқты əлемдік шеңбердегі көрнекті 
ғалымдардың тұжырымдарын былай қойғанда, «тіл – құрал», «тіл – 


510
Ұлт тұғыры – тілде
қор»  деп  санаған  А.  Байтұрсынұлының, «тіл – таным  қоймасы» 
деп қараған проф. Қ. Жұбановтың, тілдің ұлт мəдениетін архетип-
тік,  мифтік  деңгейінен  бері  сақтаған  құдіретін  нақты  көрсеткен 
Ш. Уəлиханов, Ə. Марғұлан, Ө. Жəнібеков, Ə. Қайдар, Р. Сыздық, 
Е. Жанпейісов, т.б. ғалымдар еңбектерінің мəні зор. 
Олай болса, тілдің осындай терең танымдық мəнін қоғамдағы 
нигилистер  мен  мəңгүрттерге  ғана  емес,  жалпы  қоғамға  қалай 
дəлелдейміз?  Осыған  байланысты  тілші-ғалымдар  не  ұсынады? 
Əрине, оны дəлелдеу жалаң ұрандық сипатта емес, шын мəніндегі 
нақты  этномəдени  деректер  арқылы  дəйектелген  тарихи-тілдік 
деректерді зерттеу арқылы іске аспақ. 
Олар – ұлттың  болмыс-бітімін,  дүниеге  көзқарасын,  рухани-
мəдени құндылықтарын, əлеуметтік мəнін ұлттық таным қорында 
жинақтаған  тілдік  таңбалар.  Себебі  қазақ  ұлты  да  басқа  ұлттар 
секілді  ғасырлар  бойы  жинақталған  ой-тəжірибесін,  даналығын, 
дүниетанымдық көзқарастарын, салт-дəстүрін, т.б. тілінде көрсете 
білген. Олар халық өмірінің, тұрмысының, мəдениетінің ортақ си-
паты ретінде тұтас құрылымдық жүйе құрайды. Ал адамзат үшін 
ақиқат  дүние  біреу  болғанымен,  оны  түсіну,  тану,  сол  дүниенің 
біртұтас  бейнесін  санада  қалыптастыру  əрекеттері  əр  адамда, 
əр  ұлтта  əртүрлі  деңгейде,  сан  алуан  интерпретацияда  беріледі. 
Сондықтан  тіл  иесінің  ой-өрісіне,  тұтас  (концептуалды)  əлеміне 
байланысты дүниенің танымдық бөлшектері тілде өзінше көрініс 
табады. Сөйтіп, тіл иесі танымдық ойын өз тілінде сақталған дүние 
бейнесіне сəйкес танытуға тырысады. 
Демек  тілді  жаңа  ғасырлар  баспалдағында  жаңа  теориялық-
танымдық  үрдісте  зерттеудің  қажеттігі  туындап  отыр.  Осымен 
байланысты  қазақ  тіл  білімінде  адам  санасында  қалыптасатын 
ақиқат  дүниенің  бейнесі  арқылы  сақталатын  тілдік  қорды  зерт-
теуге мүмкіндік жасайтын қазіргі тіл білімінің танымдық, антро-
поөзектік  бағыты  қалыптасуда.  Себебі  əрбір  əлеуметтік  жүйеде, 
ұлттық  ұжымда,  əрбір  қоғамның  өркениеттік  даму  барысында 
дүние  бейнесі  тілде  өзіндік  ерекшеліктерімен  ажыратылып  оты-
рады. Олардың негізі тілдік санада концептуалдық жүйе арқылы 
құрылады жəне сезімдік қабылдаулар нəтижесінде жеке адамның 
танып-түсінген  деңгейі  мен  дəрежесі  бара-бара  ұлттық  сипат-
та  тұтасады.  Қоғам  дамып,  дүниенің  қасиеттері  одан  əрі  таныла 


511


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   97




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар