Телия В. Н. Вторичная номинация и ее виды // Языковая номинация. Виды наименований



Pdf көрінісі
бет25/97
Дата22.09.2021
өлшемі1.05 Mb.
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   97
Құман тұр от басында келін болып
Туырлық,үзік, белдеу, ши, дөдеге,
Шалқалап түндік жатыр дəл төбеде.
Орнықты бəйбішедей қара саба,
Астында орындықтың мыс тегене
Тағы да мен айтпаған күнің қалды
Қабыңда түтілмеген жүнің қалды
Шелек, қайрақ, ұстара, адалбақан,
Отбасы, ошаққасы, күлің қалды.
Тағы да мен айтпаған мосы қалды
Ыңыршық пен ашамай, қосы қалды.
Тосыннан төре жарлық қылғаннан соң,
Бұл шерің сөз таба алмай шошып қалды.
Болғанда тотай, құлға асық қалды.
Аяққапта қырғыш пен қасық қалды,
Тосыннан төре жарлық қылғаннан соң,
Бұл Шерің жауап таппай сасып қалды.


499
Ұлт тұғыры – тілде
Демек,  тіл – этностың  бүкіл  рухани,  мəдени  байлығының 
куəгері  іспетті.  Осыған  орай,  ұлттық  рухты  жаңғыртып,  ұлттық 
мəдениетті тану мен танытуда соның бір жолы тіл арқылы рухани-
мəдени  мұрамызды  ежелден  келе  жатқан  тəжірибе  негізінде 
қорытып,  тарихи  қызметін  саралап,  қайта  бағалауға  бағытталған 
кең  арналы  да  терең  зерттеулердің  қажеттілігі  туындап  отыр. 
Нақты айтқанда, қазақтың күнделікті тұрмысында қолданылатын 
бұйымның, ия бір заттың атауы – ұлттық сана мен ұлттық талғам 
сабақтастығының  нəтижесінде  пайда  болып,  қалыптасатын  ин-
тегралды  туындының  тілдегі  бейнесі.  Демек,  тілдік  атау  белгілі 
бір  затты  атап  қана  қоймай,  ұлттың  өзіне  тəн  дүниетанымдық 
ерекшелігіне сай туындаған бұйымды дəйектейді. Осымен байла-
нысты тілді мəдениетке қатысты зерттейтін, сонымен бірге тілдің 
қызметі  мен  дамуының  этномəдени  жəне  этнопсихологиялық 
факторлардың  негізінде  қалыптасып,  сипатталатынын,  өзара 
əсерін  қарастыратын  тіл  білімінің  жаңадан  дамып  келе  жатқан 
салаларының  бірі – лингвомəдениеттану.  Осыған  орай,  ұлттық 
болмысымен  ерекшеленетін  нақты  тілдік  деректерді  туыстас 
түркі  халықтары  жəне  жалпыадамзаттың  өркениетімен  тамыр-
ласатын  қазақ  мəдениетінің  өміршең  сипаттарын  лингвоелтану 
аспектісінде  талдау,  біріншіден,  оларды  қазіргі  қазақ  қоғамының 
рухани-əлеуметтік  мүддесіне  сəйкес  өз  ішінде  ұлттық  санасына 
сіңіру, екіншіден, мəдениаралық коммуникация қызметіне сəйкес 
өзгеге танытатын қазақ тіл білімінің жаңа бағыттарын белгілейтін 
өзекті  мəселелерінің  бірі.  Сондықтан  да  осы  əлеуметтік  үрдісті 
нақты  түрде  іске  асыру  тіл  білімінің  лингвоелтану  деп  аталатын 
саласының еншісіне тиіп отыр. 
Оның себебін қазіргі əлемдік өркениет кеңістігіндегі жаһандану 
үрдісі  өріс  алған  кезеңде  жеке  ұлт  болмысы  мəдениетін  жіктеп 
көрсетуге мүмкіншілігі бар кешенді де интеграциялық сипаттағы 
тіл  біліміндегі  жаңа  бағыттағы  зерттеулер  негізінде  түсіндіруге 
болады.  Соның  нақты  бір  дəлелі – ұлттың  тілдік  санасында 
қалыптасқан  «ғаламның  тілдік  бейнесін»  ұлттық  тілдің  нақты 
деректері (реалийлер, баламасыз лексика, лакуналар, т.б.) арқылы 
зерттейтін  лингвоелтану  саласы.  Жəне  бұл  мəселенің  шешіміне 
тек бір тілдің, мысалы, қазақ тілі деректерін зерттеудің шеңберінде 
ғана толық қол жеткізу мүмкін еместігін қазіргі қазақ тіл біліміндегі 


500
Ұлт тұғыры – тілде
зерттеу тəжірибесі мен барысы көрсетіп отыр. Осыған орай, қазақ 
ұлттық мəдениетінің тілде бейнеленген көрінісін жəне сақталуын 
анықтау,  дəлелдеу  үшін  салыстырмалы,  салғастырмалы  зерттеу 
бағыты да лингвоелтану саласын сипаттайды. 
Осымен  байланысты,  лингвоелтанудың  жүйелі  құрылымы, 
теориялық-əдістемелік негізі, зерттеу нысаны, т.б. сəйкес ғылыми 
базасы  лингвомəдениеттану,  этнолингвистика,  психолингвистика 
салаларымен, жалпы алғанда, ортақтығымен сипатталса, практи-
калық құндылығы тұрғысынан аталмыш сала дəйекті түрде ерек-
шеленеді. Атап айтқанда, этнолингвистика сөздік қордағы ұлттан, 
этностан  мұра  болып  келе  жатқан  лексемалардың  ішкі  мəнін, 
қалыптасу тарихын диахронды тұрғыда зерттейді. Этнолингвисти-
када  арнайы  тақырып  аясы  шектелмейді.  Жалпы  сөздік  қордағы 
белгілі бір этносқа тəн атаулар (көбінесе көне сөздер, яғни этно-
графизмдер) зерттелінеді. Бұндай сөздер төрт түлік малға қатысты 
болуы мүмкін, алғыс, қарғыс сөздері болуы мүмкін, аспан денелері 
мен  табиғат  құбылыстарын  өздігінше  тану,  түсінуге  қатысты 
сөздер болуы мүмкін.
Осы тектес тілдік деректердің арнайы жіктеліп, жүйелі түрде 
зерттелуін Ə. Жақыповтың, Б. Тлепиннің, Б. Тоқтағұлдың, Р. Пан-
зарбекованың,  Қинаятұлының,  М.  Отыншиеваның  еңбектерінен 
табуға  болады.  Осы  жұмыстардың  мазмұнын  зерделеу,  қарас-
тырылған  этномəдени  тілдік  бірліктердің  зерттеу  нысанын  кеңі-
тіп,  айқындай  түсу  қажеттігін  көрсетеді.  Атап  айтқанда,  лингво-
мəдениеттанымдық  зерттеу  бағыттарының  негізгі  ұстанымы  мен 
əдіс-тəсілдерінің  өзара  ұқсастығын,  айырмашылығын  анықтау 
міндеті  туындайды.  Ол  өз  кезегінде  лингвомəдениеттанымдық 
зерттеу  нысанына  алынатын  тілдік  материалды  сұрыптау  мен 
жинақтаудың негізгі критерийлерін айқындауды қажет етеді. 
Сонымен,  жалпы  тіл  білімінде  тіл  мен  мəдениеттің  жалпы 
бастапқы  мəселесі  жөнінде  белгілі  бір  теориялық  алғышарттар 
жасалынған  жəне  олар  лингвомəдениеттану,  лингвоелтаным,  эт-
нолингвистика  арасындағы  айырмашылықтарды  лингвистикалық 
пəндер жүйесіндегі олардың иерархиялық қатынастары негізінде 
айқындауға мүмкіндік берді. Сол сипаттамалар бойынша лингво-
мəдениеттану жалпы жəне салыстырмалы тіл біліміне, ал лингво-
елтану мен этнолингвистика екеуі нақты тіл біліміне жатады [28]. 


501


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   97




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар