Телия В. Н. Вторичная номинация и ее виды // Языковая номинация. Виды наименований



Pdf көрінісі
бет16/97
Дата22.09.2021
өлшемі1.05 Mb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   97
қызметімен  тікелей  байланысты.  Міне,  осы  арада  мəдениет  игі-
ліктерін өндіруші (сол кезеңдегі) мен тұтынушы (қазіргі кезеңде-
гі)  арасындағы  мəдениаралық  жалғастырушы  қызметті  тіл  атқа-
рады.  Мысалы,  нақты  айтқанда,  мəтін  мазмұнында  суреттелген 
тарихи-мəдени феномен шығарманың көркем тілі арқылы оқушы 
танымынан орын алып, мəдени-тілдік коммуникация іске асады.
Сонымен, мəтін теориясына сүйенсек, көркем тілдің, сөз құді-
ретін танудың тетігі мен табиғатын жекелеген көріктеу құралдары 
негізінде емес, қаламгердің шығарма мазмұнына арқау еткен тұл-
ғалық  мұратына  сай  құрайтын  өрмегінде,  яғни  тұтас  мəтіндік 
жүйеде анықталатыныдəлелденеді. Соның нəтижесінде шығарма-
лардың  тілі  арқылы  жазушының  «көркемдік  əлемінде»,  иə  көр-
кемдік санасында қалыптасқан өзін қоршаған шындыққа, уақыт-
қа  деген  қатынасы,  түсінігі  анықталады.  Суреткердің  осындай 
тұлғалық тұжырымдамасы мен дүниені бейнелеуінің өзіндік «тіл-
дік  əлемін»  ашып,  жан-жақты  талдану  тілдің  рухани  əлеумет-
тік  əлеуеті  тілдік  тұлға  қолданатын,  ия  туғызатын  сөз  құдіреті 
арқылы іске асатыны зерттеушілерді Ғабең тілін, Мұқағали фено-
менін,  Жұмекен  жұмбағын  ашатын  тұжырымдарға  əкелмек.  Сөз 
құдіретінің,  мəдениетінің  коммуникативтік  сапасы  мен  құдірет-
тілігінің  айқын  көрінісі – күнделікті  қолданыста,  яғни  қоғамдық 
қызметінде.
Себебі  қарым-қатынас  (əңгімелесу,  сөйлесу,  пікір  алмасу,  сұх-
баттасу, шүйіркелесу, т.б.) – кез келген қоғамның өмір сүру, қыз-
мет  ету,  тыныс-тіршілігін  іске  асыруға  көмектесетін  маңызды 
құрал. Ол, негізінен, сөз арқылы көрініс табатыны белгілі. Табиғат-


480
Ұлт тұғыры – тілде
пен  астас  өмір  сүрген  көшпенді  мəдениеттің  өкілдері  ретіндегі 
сөзді өнер деп түсінген ата-бабамыз қоғамның көп мəселесін ше-
шуде  жағдаятқа  қарай  сөз  құдыретінің  əлеуетін  тиімді  қолдан-
ған. Бірақ əр заманның сан қилы тарихи-құрылымдық өзгерістері 
қоғамдық санаға жəне қарым-қатынас құралы ретіндегі тілдің де 
коммуникативтік  қызметінің  сапасына  ықпал  ететіні  шындық. 
Нақты айтқанда, қазіргі қоғамдағы əлеуметтік жіктелістерге (бала 
мен  ата-ана,  ұстаз  бен  шəкірт,  бастық  пен  қызметкер,  тума-
туыстар, дос-жолдас, əріптестер, дəрігер мен сырқат, сатушы 
мен сатып алушы, т.б.) сəйкес сөздің дұрыс құрылуы, сол салаға 
тиісті,  арнайы  сөздерді  орнымен  қолдану,  коммуниканттардың 
тұлғалық сипатын (жасын, жынысын, кəсібін, білім деңгейін, т.б.) 
жəне  психологиялық  болмысын  ескеру  адам-дардың  арасын-
да  қажет  қарым-қатынас  пен  тығыз  байланыс  орнатуда  тиімді 
болмақ.  Осымен  байланысты  мəселелер  қазақ  тіл  білімінде 
коммуникативті-прагматикалық деңгейде сөз мəдениеті, лингвоэ-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   97




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар