Телия В. Н. Вторичная номинация и ее виды // Языковая номинация. Виды наименований


Сөз əлеуетін танудағы антропоөзектік

Loading...


Pdf көрінісі
бет11/97
Дата22.09.2021
өлшемі1.05 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   97
Сөз əлеуетін танудағы антропоөзектік 
парадигманың тілдік сипаты
Əрине, «тіл мен ұлт» сабақтастығындағы тіл болмысын, қыз-
метін жаңа теориялық-танымдық үрдісіне сай жаңа ғылыми пара-
дигманың  тілдің  қарым-қатынас  жасаудағы  қызметін  іске  асыру-
шы барлық деңгейдегі құрылымдық жүйесін жан-жақты зерттеп, 
айқындаған  дəстүрлі  қазақ  тіл  білімінің  жетістіктерінің  жалғас-
тығы екенін дəлелдеудің артық екені түсінікті.
Бұл жалғастықтың бастау көздерін күрделі таңба жүйесі ретін-
де  тілді  тұтынушыларға  тарихи-мəдени  ақпаратты  ұрпақтан-ұр-
паққа жеткізуші, сақтаушы, іске асырушы қызметіне сай  тіл-құ-
рал  деп  санаған  А.  Байтұрсынұлы,  таным  қоймасы  деп  қарас-
тырған  Қ.  Жұбанов  еңбектерінен  тауып,  оның  соған  қоса  тілдің 
қолданыстық  жағдаятына  сай  қайта  құрушы  функционалдық  си-
патын  да  нақты  дəйектеп,  дəлелдеген  Ə.  Қайдар,  Р.  Сыздық, 
Е. Жанпейісов, Т. Жанұзақов, Н. Уəли, т.б. зерттеулерінде жаңғы-
руынан да көреміз. Жаңа ғылыми парадигмада бұл жалғастықтың 
нақты көрінісі тəуелсіздік кезеңімен сабақтасып, мемлекеттік тіл 
мəртебесіне  лайық  тілдің  қолданыстық  аясы  сөз  мəдениетінің 


469
Ұлт тұғыры – тілде
коммуникативтік,  этикалық  жəне  эстетикалық  нормаларын  сара-
лап, қолданыстағы сөздің мазмұндық əлеуетін ашатын мемлекет-
тік  тілдің  ғылыми-лингвистикалық  базасын  жасау – қоғамдық-
əлеуметтік талапқа сай қажеттілік. Нақты айтқанда, қазақ тілінің 
ұлттық тіл ретіндегі нормативтік сөздіктерін, академиялық сипат-
тағы  Қазақ  грамматикасын,  көптілді  аударма  терминологиялық 
сөздіктерді дайындау, жұртшылықтың сөз мəдениетін, мемлекеттік 
тілдің  қолданыс  аясын  кеңейтіп  тереңдететін  лингвоəлеуметтік//
мəдени//елтанымдық зерттеулер мен құралдар əзірлеу, т.б.
Осымен байланысты тілші-ғалымдар тəуелсіздік алғаннан ке-
йінгі  кезеңдегі  қазақ  тіл  білімі  дамуының  ерекше  тың  даму 
үрдістерінің  өрісі  арқылы  жаңа  қарқын  мен  жаңа  сипат  алуына 
ықпал еткен төмендегідей факторларды атап көрсетеді: 1) Қазақстан 
Республикасы  мемлекетқұрушы  ұлтының  тілі  ретінде  қазақ  тілі-
нің  мемлекеттік  мəртебе  алуы  (саяси  фактор); 2) мемлекеттік 
мəртебесіне  сай  қоғамдық  өмірдің  барлық  салаларында  заңды 
түрде бекітілуі (құқықтық фактор); 3) қазақ тілінің қолданыс ая-
сының  кеңеюі  жəне  қолдану  мəдениеті  сапасының  артуы  (əлеу-
меттік лингвистикалық фактор); 4) қазақ тілінде сөйлейтін тіл-
дік тұлғалар саны мен сапасының өсуі (демографиялық фактор); 
5)  қазақ  халқының  ұлттық  бірегейлігін  сақтаушы  тілдік  санасы-
ның жаңғыруы (тарихи-рухани фактор), т.б. [20]. 
Көрсетілген тарихи-əлеуметтік, мəдени-қолданбалы факторлар 
қоғамдық санадағы, қоғамдық болмыстағы осы өзгерістердің тіл-
дегі рефлексиясына талдау жасау, тілдің даму болашағын айқын-
дау,  тілдегі  кейбір  жаңа  үдерістердің  бағытын  тілдік  жүйенің 
іргелі, дəстүрлі зерттеулерімен сабақтастырып, қоғам сұранысына 
тиімді  жауап  бере  алатын  антропоцентристік  бағыттағы  күрделі 
де  кешенді  зерттеулерді  жүзеге  асыру  қазіргі  грамматиканың  да 
инновациялық сипатын айқындайды [21].
Қазіргі тіл білімінің зерттеу парадигмасында қазақ тілінің төл 
лексикалық  қазынасының  тарихи-семантикалық,  жүйелік-құры-
лымдық жəне грамматикалық құрылымының, оның қолданыстық 
қызметіне негізделген функционалдық мəселелерінің өзекті түйі-
нін шешу үдерісі кешенді сипаттағы антропоөзектік қағидаға сү-
йенеді.  Ол  қазіргі  таңда  тілдің  когнитивтік-прагматикалық  қыз-
метін  аша  түсетін,  дүниетанымдық  əлеуетін  ғылыми  тұрғыдан 
пайымдауға арналған ғылыми кең өріс ретінде айқындалуда.


470


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   97
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар

Loading...