Телия В. Н. Вторичная номинация и ее виды // Языковая номинация. Виды наименований



Pdf көрінісі
бет10/97
Дата22.09.2021
өлшемі1.05 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   97
Ұлт тұғыры – тілде
ғалымдар (Дж. Харрис, т.б.) идиоэтникалық негізді көбінесе лек-
сикадан  анықтап  жəне  номинациялық  таңдауды  ха-лықтың  өмір 
салтымен, көзқарасымен байланыстырады да (Локк.), грамматика-
лық  формалардың  категориялық  мағыналарын  əмбебеп,  жалпы 
деп санайды. Бірақ Э.Б. де Кондаляк, И. Гердер, В. фон Гумболь-
дттан  бастап  дүниені  тіл  арқылы  бейнелеуді  қалыптастыруда, 
халықтың рухын беруде грамматиканың ерекше екені көрсетіледі. 
Гумбольдттың  пікірінше,  грамматиканың  рухтық  ерекшелікке 
туыстығы лексикадан да күшті [17, 20-21].
Мұның қазақ тіл біліміндегі зерттеу үлгісін А. Жаңабекованың 
(Қазақ  тіліндегі  «уақыт»  ұғымының  тілдік  парадигмасы, 2010), 
О.  Жұбаеваның  (Қазақ  тілі  грамматикасының  категорияларының 
антропоөзектілігі, 2010) еңбектерінен көреміз.
Демек  «ғаламның  тілдік  бейнесі»  теориясының  тілдегі  номи-
нация,  таңба,  уəж,  т.б.  мəселелерімен  тығыз  байланыстығы  мен 
сабақтастығын былай қойғанда, грамматикалық құрылымға тікелей 
қатысы  көрінеді.  Осыған  байланысты  ғылымның  диалектикалық 
əдісіне сай уақыт факторларының мəні ерекше екені белгілі. Соған 
сай «ғаламның тілдік бейнесі» де тілдің даму барысымен, мəдени-
рухани  жəне  сананың  дамуымен  байланысы  мифтік  ойлаудан 
поэтикалық ойлау дəрежесіне дейін өзгеріп, дамып отырады. Тілдік 
семантиканың құралдары арқылы тілдік санада сақталған дүниенің 
бейнесі уақытқа сай белгілі бір дəрежеде реликтілік, архаикалық 
деңгейде сақталуы мүмкін. Бірақ олар – тілдің ұйымдастыруымен 
сақталған  дүниенің  тұтас  тұжырымдамасы  (концептуализация), 
тілдік  ұжымның  лексика,  фразеология,  грамматикада  көрініс 
тапқан ұлттық-мəдени тəжірибесінің тілдегі бейнесі.
Бұл  теорияның  негізін  В.  Гумбольдт,  т.б.  салса,  одан  əрі  да-
мытқан – Г.В. Колшанский, Ю.Д. Апресян, А.Н. Леонтьев, Б. Ка-
севич, т.б.
АҚШ  университеттерінде  тіл  мен  танымды  адаммен  біртұ-
тастықта  қарастыратын  ғалымдардың  лингвист-антрополог  деп 
аталуы кездейсоқтық емес. Жоғарыда көрсетілгендей, адамның са-
насы, болмысы жəне рухани негіздерінің тығыз байланыстылығы, 
дəстүр  жалғастығы  мен  сақталуы  тек  тілге  тікелей  қатысты.  Ал 
адамның  этностық  ұғымда  танылуы – белгілі  бір  қоғамдық-
əлеуметтік  ортада,  ұжымда  қалыптасқан  танымның  тілдегі  көрі-


467
Ұлт тұғыры – тілде
ністері.  Осыған  байланысты  этнос  болмысын  оның  тілі  арқылы 
танып-білу  мақсатында  туындаған  тіл  білімінің  жаңа  да  дербес 
саласы – этнолингвистика. «Тіл  əлемінің»  табиғатын  жан-жақты 
зерттеу  барысында  жіктелген  социолингвистика,  психолингвис-
тика,  лингвомəдениеттану  салаларынан  этнолингвистиканың 
ерекшелігі,  тұтастық  сипаты,  академик  Ə.  Қайдар  атап  көрсет-
кендей, оның «этностың инсандық һəм дүнияуи табиғатын терең-
нен  танып  білу  үшін  басқа  емес,  тек  тіл  феноменінің  өзіне  ғана 
тəн  ғажайып  мүмкіншіліктері  мен  қазына  байлығын  зерделеп 
зерттеуді мақсат ететін ғылым» екендігінде [18, 8].
Қазақ тіл біліміндегі осы этнолингвистика саласының негізін 
салушы ғалым Ə. Қайдардың да негізгі көзқарасы «тіл халықтың 
өзін  қалыптастырады» (Ф.  де  Соссюр), «тіл  мен  ұлт  біртұтас», 
т.с.с. тұжырымдармен сəйкес келеді. Ғалымның этнолингвистика 
саласының алдына қойып, анықтап отырған мəселесі де – этнос-
ты танудың жеке бір жағы емес, оны кешенді де тұтас тану. Атап 
айтсақ,  ол – этностың  тұтас  бейнесін  барша  болмысын  анықтау. 
Ал  оған  қажет  этнос  туралы,  толық  мағлұмат  тек  оның  тілдік 
қазынасында ғана сақталады. Осыған байланысты ғалымның этно-
лингвистикаға  қатысты  қалыптастырған  бірнеше  негізгі  ұғым-
дарын  атап  өткіміз  келеді.  Олар  этностың  тұтас  бейнесін  анық-
таумен байланысты этностың сонау балаң кезеңінен бастап бүгінгі 
ұлттық  дəрежеге  дейінгі  кешірген  өмір-тіршілігінің  айнасы,  тілі 
мен жады арқылы сақталған рухани-мəдени қазынасын анықтау-
ды мақсат етуімен байланысты қолданылған «этностық болмыс» 
жəне «тіл əлемі» ұғымдары, «індете зерттеу» əдісі.
Сонымен, тіл мен ой немесе таным, тіл мен ұлт, т.б. мəсе-ле-
лер, сайып келгенде, ұлтты, ұлттың танымын өзінің терең құры-
лымдары  арқылы  тұтастырушы  тілдің  табиғатын  анықтауға  бай-
ланысты  қазіргі  тіл  білімінде  жаңа  бағыттардың  айқындалып, 
қалыптасып, дамып келе жатқаны байқалады. Оның көріністерін 
қазақ тіл білімінің даму күйінен де көріп отырмыз (Б. Ақбердиева, 
Б. Нұрдəулетова, т.б. зерттеулерін қараңыз).
Дəстүрлі  тіл  білімінің  жеткіліксіз  боп,  тілді  зерттеудің  жаңа 
үрдісінің даму себебін қазіргі тіл біліміндегі генеративтік теория-
ның көрнекті өкілі Н. Хомскийдің мына пікірімен түсіндіруге бо-
латын сияқты: «...потому что такие методы (автор Ф. де Соссюрдің 


468
Ұлт тұғыры – тілде
əдістемесі туралы айтып отыр – М.Ж.) в лучшем случае примени-
мы только к явлениям поверхностной структуры и не могут поэ-
тому  вскрыть  механизмы,  которые  лежат  в  основе  творческого 
аспекта использования языка и выражения семантического содер-
жания» [19, 34]. 
Бірақ  бұны  тіл  білімінің  алдыңғы  екі  ғылыми  парадигмалық 
кезеңін  жоққа  шығару  деп  түсінбеу  керек  (əсіресе  құрылымдық-
жүйелік). Əңгіме олардың тіл зерттеу барысындағы тығыз байла-
ныстылығы  мен  сабақтастығы  туралы  болып  отыр.  Ол,  сайып 
келгенде, тіл табиғатының жүйелі де тұтас сипатынан туындайды.
Қорытып айтқанда, тіл білімі дамуының қазіргі деңгейіне сай 
когнитивті  лингвистика  тілдік  семантика,  жұмсалымдық  (функ-
ционалды) лингвистика, т.б. тілді жалпы когнитивті тетік ретінде 
қарастырады.  Атап  айтқанда,  жұмсалымдық  лингвистика  тілдік 
құралдарды, когнитивтік модельдер мен тəсілдердің вербализация-
лануын (тілдік тұлға, «ғаламның тілдік бейнесі», т.б.) айқындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   97




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар