Тектік сарын орыс тілінен аударған Дидахмет Əшімханұлы (повесть) жабайы өмірге оралу



Pdf көрінісі
бет5/8
Дата02.01.2022
өлшемі0.53 Mb.
#147459
1   2   3   4   5   6   7   8
(pdf) Тектік сарын (Джек Лондон)
Связанные:
Beyneleu- neri, Ұлық имам Абу Ханифа
ЖОЛ АЗАБЫ

Доусоннан  шыққаннан  кейін  арада  отыз  күн  өткенде  Бэк  бастап

сүйреген  пошта  керуені  Скагуэйге  келіп  кірген.  Иттер  əбден  діңкелеп,

қалжыраған  еді.  Бэктің  салмағы  бұрынғыдай  жүз  қырық  емес,  жүз  он  бес

фунтқа  түскен.  Арық-тұрақ  иттер  бұдан  да  бетер  жүдеді.  Айдаушыларды

өмір бойы алдап келе жатқан айлакер Пайк енді шындап-ақ ақсап қалыпты.

Соллекс те бір аяғын сылтып басады. Жауырыны шығып кеткен Дабтың да

жетісіп тұрғаны шамалы.

Бəрінің  де  табаны  сұмдық  қажалып,  терісі  сыпырылып,  қаны  шығып,

жай  жер  басып  жүрудің  өзі  бұларға  үлкен  мұң  болған.  Мəселенің  бəрі

осыншама  қажып-шаршап  болдыруда  жатыр  еді.  Қысқа  мерзімге

қиналғанның өзінде қайтадан күш жинау үшін кемі екі-үш сағат қажет. Ал

мынандай  болдыру  бірнеше  айға  созылған  ұзақ  əрі  кезең-кезеңмен  күш

сарыққан  күйзелістің  салдары  ғой.  Енді  иттерде  ешқандай  қуат  қоры  да,

оны қалпына келтіретін ешбір мүмкіндік те жоқ еді: күштің бəрі ең соңғы

жұрнағына  дейін  жұмсалған,  бүкіл  денелерінде  шаршамаған,  қажымаған,

жұқарып-тозып  бітпеген  тырнақтай  жер  қалмаған.  Енді  қайтсін!  Иттер

айналасы  бес  айға  жетер-жетпес  уақыт  ішінде  екі  жарым  мың  миль  жол

жүрді,  ал  оның  соңғы  мың  сегіз  жүзінде  небəрі  бес-ақ  күн  дамылдады.

Керуен  Скагуэйге  келгенде  олардың  сүріне-жығыла  жеткені  көрініп-ақ

тұрды.  Олар  жетек  қайыстарын  зорға  тартып,  ал  төменге  құлдилаған

сəттерде шананың астында қалып қоя жаздап əрең жүрген болатын.

— Кəне, кəне, көтеріңдер бастарыңды, менің сайыпқыран ақсақтарым!

—  деп  көтермеледі  айдаушы  бұлар  Скагуэяның  орталық  көшесімен

сүйретіліп келе жатқанда. — Аз ғана қалды, ұзамай жақсылап дем аламыз.

Иə, иə, ұзақ дамылдайтын боламыз!

Адамдар да мұндағы тынығудың біразға созылатынына бек сенімді еді.

Өйткені  бұлар  да  бүкіл  сапар  барысында  екі-ақ  күн  тыныстап,  шаңғымен

мың  екі  жүз  миль  өтті  ғой;  сондықтан  əділет  тұрғысынан  да,  қисын

жағынан  да  əбден  тынығуға  хақылары  бар-тын.  Бірақ  Клондайкке  түкпір-

түкпірден  жиналған  ер-азаматтарға  Отанында  қалған  əйелдері  мен  туған-



туыстарынан  келген  қап-қап  хаттарды  Альп  жотасынан  асыру  міндеті

тұрған-ды.  Одан  соң  əр  түрлі  үкіметтік  нұсқаулар  да  қаптап  келіп  жатқан

болатын.

Cөйтіп жарамай қалған иттерді жаңадан келген тыңдармен ауыстырып,

қайтадан  жолға  шығуға  бұйрық  берілген.  Қатардан  шығып  қалған  иттерді

сату керек-ті, ал доллар иттен құндырақ болғандықтан бұларды тез өткізіп

жіберу қиынға түсе қойған жоқ.

Бэк  пен  оның  серіктері  Скагуэйде  дамылдаған  үш  күн  ішінде  ғана

өздерінің  қаншалықты  шаршап,  титықтағанын  сезінген  еді.  Төртінші  күні

таңертең  штаттық  екі  американдық  келді  де,  оларды  əбзелдерімен  қоса  су

тегінге  сатып  əкетті.  Бұл  адамдар  бір-бірін  Хэл  жəне  Чарльз  деп  атайды

екен.  Чарльз  —  ақсары  өңді,  көкшіл  көздері  үнемі  жасаурап  тұратын  орта

жастағы адам. Ал салбыраған ұзын мұрты дүрдиген еріндерін жасыру үшін

əдейі  қойылғандай  екен.  Хэл  —  түріне  қарағанда  он  тоғыз-жиырмаларда.

Белбеуіне  қыстырған  үлкен  кольтімен  аңшы  пышағы  бар.  Оқ-дəрі

толтырылған осы белдік оның ең қымбат бұйымы. Жəне өз қожайынының

əлі шикі, ысылмаған бозокөпе екенін айғақтайды. Бұл адамдардың екеуінің

мұндағы жағдайға мүлде жат екені көрініп-ақ тұр əрі өздерін осынау Қиыр

Солтүстікке  не  айдап  келгенін  өзгені  қойып  өздері  де  түсінбейтін  секілді.

Бэк  бұл  екеуінің  үкімет  өкілімен  қалай  саудаласқанын  естіді,  оларға

ақшаны  қайтіп  ұстатқанын  көрді,  сөйтіп  шотландтық  пен  пошта  керуені

айдаушыларының  бəрі  де  көп  ұзамай  баяғы  Перро  мен  Франсуа  секілді

қожайындарының  жоғалғанындай  көз  алдынан  мүлде  құритынын  түсінді.

Өзі  мен  жегімдегі  басқа  иттерді  жаңа  қожайындардың  станына  алып

келгенде  Бэк  мұндағы  ластық  пен  тəртіпсіздікті  бірден  байқаған.  Шатыр

жартылай  ғана  тігіліпті,  ыдыс  жуылмаған,  бəрі  қалай  болса  солай  жатыр.

Бір  қызығы  —  бұл  жерде  əйел  заты  да  бар  екен.  Еркектер  оны  Мерседес

дейді.  Ол  —  Чарльздің  зайыбы,  ал  Хэлдің  əпкесі  болатын;  өздерінің

отбасылық жолаушылар екені де аңғарылып тұр.

Бэк  олардың  шатырды  жығып,  шанаға  тиегенін  самарқау  ғана  қарап

жатты.  Əлгілер  істі  құлшына  істегісі  келетін  секілді,  бірақ  тым

қолалайсыздықтары  əр  нəрседен-ақ  көрініп  тұр:  шатырды  умаждап-

умаждап, алатындай етіп орады. Қалайы ыдыстарды жумастан сала салды.

Мерседес  ылғи  да  араласпайтын  іске  араласып  ауыз  жаппай  ақыл  айтып

үнемі  бөгет  жасаумен  болды.  Киім  салынған  қапты  шананың  алдына

орналастырғанда,  оның  орны  бұл  емес,  артта  деп  нұсқады.  Қап  қайта




жайғастырылды,  оның  үстіне  басқа  жүктер  тиелді,  осы  кезде  Мерседес

кенеттен  əлдебір  ұмыт  қалған  заттарды  тауып  алып,  олардың  əлгіндегі

қанарларға  қалай  салынбай  қалғанына  қатты  өкініш  айтқан  —  осылайша

шанадағы дүниені қайта қопаруға тура келіп еді.

Көршілес  шатырдан  шыққан  үш  еркек  бұлардың  ісін  бақылай  тұрып

бір-біріне жымыңдай ымдасқан.

— Жүктерің тым көп қой! — деді олардың бірі. — Əрине, сендерге жөн

сілтейтін  мен  емес,  дегенмен  сендердің  орындарыңда  өзім  болсам  мына

шатырды енді босқа сүйремес едім.

— Əркімнің өз ақылы өзіне! — деп Мерседес қабағын кіржің еткізді —

шатырсыз сонда үсіп өлмекпіз бе!

— Өй, өңшең арамтамақ! — деп ақырды Хэл.

—  Көктем  келді  ғой,  енді  ешкім  суықтан  арам  қата  қоймас,  —  деді

көршісі. Мерседес тіл қатқан жоқ, ал Чарльз бен Хэл шанадағы тау болып

үйілген жүктің үстіне ең соңғы бұйымдарды артып жатты.

—  Тартады  деп  ойлайсыздар  ма?  —  деп  сұрады  қарап  тұрғандардың

бірі.

— Неге тартпайды! — деді Чарльз да сыздана бұрылып.



—  Жарайды,  жарайды,  менікі  əшейін  жай  сөз  ғой...  —  деді  анау

əңгімені  созғысы  келмей.  —  Тек  маған  шаналарыңыздың  жүгі  артықтау

болып көрініп еді.

— Əрине, ештеңе етпейді, — деді оны іштей қостаған екінші адам.

— Иттер мұндай жүкті қиналмай тартуға тиісті.

— Оған сөз бар ма! — деді Хэл салқын ғана. Сөйтті де бір қолына ұзын

бишікті, екінші —қолына тізгін сырықты алды.

— Кəне! Жөнеліңдер! — деп ол сосын бишігін сермеп қалды. — Əй-

йда!



Иттер  күшене  жұлқынып,  барып  бір  орында  тырбаңдаған  да  қалған.

Шана табандары соқыр-соқыр етті де қойды.

—  Қазір  көрсетейін  сендерге!  —  Ол  иттерді  бишіктің  астына  алуға

кірісіп еді. Осы арада Мерседес киліге кетті. — Есің дұрыс па сенің! — деп

ол інісінің қолынан бишікті жұлып алды. — Байғұстарды обалсынсаң етті!

Жолда енді бұларға соқтықпаймын деп сөз бер, əйтпесе бір қадам да аттап

баспаймын бұл жерден!

—  Килікпейтін  жерде  неге  желігесің  сен,  —  деді  Хэл  кіжініп.  —

Иттермен  қалай  сөйлесуді  білмейді  екенсің,  жағаласпа!  Білдің  бе!  Бұл

арамтамақтар  қамшыдан  басқа  ештемеге  бағынғысы  келмейді.  Сенбесең

сұра  əнеки!  Мына  кісілерден.  Мерседес  көршілеріне  жалынышты  түрмен

қараған.  Бірақ  оның  осы  түрінде  иттің  де,  адамның  да  жағдайын  түсіне

қоятындай мысқылдай нышан сезіле қоймап еді.

Егер білгілеріңіз келсе, бұл иттердің құр сүлдері ғана қалған, — деді

оған еркектердің бірі. — Иə, бұлар əбден шалдыққан. Басқа ешқандай кінə

жоқ бұларда. Тек тынығу қажет!

— Қайдағы тынығуды айтасыз сіз! Дəл қазір осыны айтатын сəт пе! —

деп күңк етті Хэд

Оның  боқтанып  тұрғанын  байқаған  Мерседес  ауыр  күрсінді.  Алайда

туыстық сезімі жеңіп кеткен ол лезде:

—  Көлденең  сөзді  көңіліңе  алып  қайтесің,  Хэл,  —  деді  даусың

ыңырсыта созып. — Бұл иттер біздікі, сондықтан не істесең де өз еркіңде.

Хэлдің  бишігі  иттердің  үстіне  қайтадан  төнді.  Олар  тапталған  қарды

тырмалап, барлық күштерін сала, шананы жер бауырлай тартуға тырысқан.

Əйткенмен,  табаны  зілдей  ауыр  шаналар  тырп  етпеді.  Екі  мəрте  əрекеттен

кейін  иттер  ентіге  тоқтады.  Бишік  ауада  ерсілі-қарсылы  ысыл  қақты  да,

Мерседес  қайтадан  иттерді  қорғауға  көшті.  Бэктің  алдына  тізерлей  отыра

қалған ол оны жыламсырап мойнынан құшақтаған.

—  Байғұстарым-ай,  бейшара  иттерім-ай!  —  дейді  ол  аянышты  үнмен.

— Неге тырмыспайсыңдар? Сонда ұрмайды ғой сендерді!

Мерседес Бэкке ұнаған жоқ, бірақ серпіп тастауға əл-дəрмені жетпеген



еді.  Ол  бүгінгі  күні  көңіліне  жақпаған  талай  жайтқа  төзгеніндей,  оның  да

дегеніне көнді.

Осының  бəрін  байқап,  өз-өзін  боқтанудан  тістене  ұстап  жүргендердің

бірі ақыр аяғында төзімі таусылып, айтарын айтып салды:

Ашығын


айтқанда,

сендер


сияқты

топастарға

ешқандай

аяушылығым  жоқ.  Бірақ  иттерге  обал.  Сондықтан  оларға  қалай

жəрдемдесудің  жолын  көрсетуге  мəжбүрмін.  Сендердің  шаналарыңның

табаны  əбден  қатып  қалған.  Алдымен  соның  мұзын  кетіріңдер.  Ол  үшін

шаналарды  орнынан  қозғағанша  бар  күштеріңді  салып  олай-бұлай

ырғаңдар.

Бұл жолы көкейге қонымды сөзге құлақ түрген Хэл мұзды қағып, жерге

жабысып  қалған  шана  табанын  босатты.  Шамадан  тыс  жүк  тиелген

рабайсыз  шана  ақырындап  орнынан  жылжи  берді.  Бэк  пен  оның  серіктері

жон  арқаларына  тарс-тарс  тиген  таяқты  елеместен  алға  қарай  мүшене

ұмтылған.  Жол  тұрақтан  жүз  ярдтай  əткенде  бұрылыс  жасап,  бас  көшеге

қарай күрт төмен түсетін-ді. Мұндай ылдидан ауыр жүк артылған шананы

мына  Хэл  сияқты  түк  көрмеген  байғұс  емес,  тек  тісқаққан  айдаушы  ғана

алып жүре алатын. Сөйтіп əлгі шұғыл бұрылыста шана аударылып түсті де,

жібі  бос  тартылған  жүктің  тең  жартысы  жолға  шашылды  да  қалды.

Иттердің  тоқтайтын  түрі  жоқ.  Енді  жеңілдеген  шаналар  олардың  соңынан

бір  жамбастап  алып  секектеп  бара  жатты.  Ал  осынша  ауыр  жүк  тартуға

мəжбүр  болған  өздерін  тек  ит  деп  білген  екі  аяқтыларға  ызаланғандықтан

да  заулай  түскен  еді.  Бэк  тіптен  құтырынып  кеткендей  екен.  Ол  жегімдегі

барлық  итті  соңынан  ерткен  бойда  аяғы-аяғына  жұқпай  зымыраған.  Хэл:

"Тоқта! Тоқта!" дейді өңеш жырта айқалап. Бірақ оны тыңдаған бір ит жоқ.

Өзі  сүрініп  кетіп  мұрттай  ұшқан.  Аударылған  шана  мұның  үстінен  ұшып

өтті де, иттер көріп тұрғандардың айызын қандыра, жүктің қалғанын шаша

түсіп, Скагуэяның бас көшесімен жүйтки жөнеліп еді.

Көше бойындағы əлдебір жөні түзу адамдар иттерді тоқтатып, шанадан

шашылған заттарды жинауға кіріскен. Сөйте жүріп олар ақыл-кеңестерін де

аяп  қалған  жоқ.  Хэл  мен  Чарльзге  егер  бұлар  əйтіп-бүйтіп  Доусонға

жеткілері келсе, жүктің жартысын тастап, иттердің қатарын екі есе көбейту

жөнінде айтылды. Хэл мен оның апа-жездесі ақылды жүре тыңдады. Бұлар

шатырларын  тігіп,  мүліктерін  сұрыптай  бастаған.  Олар  маңайдағылардың

күлкісін  келтіріп  консерві  құтыларын  лақтырып  тастады  —  өйткені



консерві  Ұлы  Солтүстік  Соқпағында  жолаушының  арманына  айналған  ең

қымбат нəрсе болатын.

—  Мұндағы  көрпелеріңнің  өзі  тұтас  бір  мейманханаға  жетеді  ғой!  —

деді  Хэл  мен  Чарльзге  жəрдемдесіп  жүргендердің  бірі  қулана  күліп.  Ал

сөздің  шындығын  айтсақ,  осы  көрпелердің  жартысының  өзі  көп.  Бұларды

сатып  жібергендерің  дұрыс.  Шатырды  тастаңдар,  ыдыстарды  да  біраз

ықшамдап алғандарың жөн — бұларды жолда кім жуады? Құдай сақтасын,

не  ойлағансыңдар  өзі?  Немене,  осында  Пульман  вагондарымен  шайқалып

жүрмекші ме едіңдер?

Осылайша тəжірибелі адамдардың нұсқауы бойынша артық заттың бəрі

аяусыз  лақтырылды.  Мерседес,  тіпті,  өзінің  жол  қапшығындағы  нəрсенің

бəрін  жерге  төгіп,  əжеттік  заттардың  бір  бөлігін  тастай  бастағанда  жылап

жіберді.  Сосын  көзінен  жасы  тоқтаусыз  төгілген  ол  əрбір  тасталған  зат

үшін  жеке-жеке  жəне  еңіреген.  Екі  қолымен  тізесін  қапсыра  құшақтай

отырып,  өстіп  біраз  жылап  алған  соң,  ақыр  аяғында  кейбір  заттарды  өзі

аяусыз  лақтыруға  кіріскен.  Бұдан  кейін  өз  қабындағы  заттарды  шашып

бітірген соң серіктерінің мүліктеріне жаудай тиген-ді.

Осындай  əрекеттен  соң  шаналарда  жүктің  жартысы  ғана  қалған  еді,

бірақ  əлі  де  өздеріне  жетерлік  дүние  баршылық-ты.  Кешкісін  Чарльз  бен

Хэл ит сатып алуға барды да, олардың алтауын əкелді — бəрі де жергілікті

емес,  сырттан  жеткізілген  екен.  Енді  он  төрт  ит  жегілді  —  алтауы

Перроның  алғашқы  жегімінен  қалған,  одан  соң  рекордтық  сапар  алдында

сатып  алынған  Тик  пен  Купа  жəне  алтауы  жаңадан  қосылғандар.  Алайда

осы  сырттан  жаңа  қосылғандар  бұрын  үйретілді  деген  аты  болмаса,  көбі

тəжірибесіз,  күш  жағынан  əлжуаздау  көрінді.  Бұлардың  арасында  тықыр

терілі  үш  пойнтер  мен  бір  ньюфаундленд  бар-тын,  ал  екі  ит  тұқымы

белгісіз  дүрегейлер  еді.  Расында,  жаңадан  алынғандардың  мүлде

ысылмағандығы  байқалды.  Бэк  те,  басқа  иттер  де  оларды  жақтыра  қойған

жоқ.  Бэк  оларға  тыйым  салынатын  нəрселерді  бірден  көрсеткен,  бірақ

атқарылуға  тиісті  істі  үйрете  алмай-ақ  қор  болды.  Оларға  жүк  тартатын

иттердің  жұмысы  ұнағанды  жоқ-ты.  Пойнтерлеер  мен  ньюфаундлендтер

ұнжырғалары  түсіп,  жабайы  Сібірдің  жағдайы  мен  өздеріне  деген  дөрекі

қылықтардан  мұқалып-ақ  қалған  екен.  Ал  бұрынғы  екі  аула  иті  тіптен

жатып алып сүйек кеміруден өзгені білмейтін тірі өлік секілді.

Міне, осындай жаңадан қосылғандар ештеңеге жарамаса, ал екі жарым



мың  миль  жерді  демалмай  өткен  ескі  жегім  əбден  қалжыраса  —  не

жақсылық күтуге болады! Алайда көңілдері тоқ Хэл мен Чарльз өз-өздеріне

сенімді еді. Енді қалайша, істерінің бəрі ойдағыдай — жегімдегі он төрт ит

ойыншық  па!  Бұлар  жұрттың  Доусон  асуы  арқылы  аттанғанын,  одан  көп

өтпей  қайта  оралғанын  көрген  жəне  сол  жолаушылардың  бірде-бірінде

мұншама ит болып па еді!

Ал  Арктикадағы  жиһанкездердің  бір  шанаға  он  төрт  ит  жекпеуінің

қисынды себебі де жоқ емес-ті: мұншама иттің азығын бір шанаға сыйғызу

мүмкін  емес  қой.  Бірақ  Хэл  мен  Чарльз  мұны  білмейтін.  Олар  бəрін  қағаз

бетіне  қарындашпен  есептеді:  бəленше  ит,  иттің  түгенше  азығы,  жолдасы

осынша  күн,  —  барлығы...  Қарындаш  қағаз  бетінде  ойқастап  жүр,  ал

күйеуінің  иығының  тұсынан  қарап  тұрған  Мерседес  шікірейе  бас  изеді  —

бəрі де қарапайым əрі түсінікті нəрселер.

Келесі  күні  таң  аяғында  Бэк  Скагуэя  көшесімен  ұзын-сонар  ит  тобын

бастап  бара  жатты.  Өзі  де,  өзге  иттер  де  ешбір  серек  қимыл  таныта

қоймады.  Олар  жолға  шаршап,  зорға  шыққан  еді.  Бэк  Тұзды  Су  мен

Доусонның  арасындағы  жолды  төрт  мəрте  өтіп  үлгерген,  енді  əбден

қалжырап, сіңірі шыққан өзін осынша ауыр сапарға тағы салуы оны қатты

ызаландырған. Бұл бұған да, басқа иттерге де ұнамады. Жаңа иттерде зəре

жоқ, ал ескі, кəнігілері мына қожайындарға мүлде сенбеген.

Бэк осы екі еркек пен бір əйелге мүлде үміт артуға болмайтынын іштей

əлдебір түйсік арқылы жақсы түсінді. Қолдарынан түк келмейтін белардың

күндер  өте  келе  ештеңе  үйрене  алмайтыны  айқындалып-ақ  қалған.  Бəрін

қалай болса солай істейді, тəртіп пен ережені сақтамайды. Кештің жарымы

о  ғып,  бұ  ғып  шатыр  тігуге,  жарты  таң  жолға  жиналуға  кетеді,  ал  шананы

ешбір ойсыз, қолапайсыз тиейтіндері сонша, күні бойы тоқтап, жүкті қайта-

қайта  туырлауға  тура  келеді.  Қайсыбір  күндері  он  миль  де  жүріп

үлгермейді, кейде тіпті орнынан да жылжи алмай қалатын кездері болады.

Əдетте  Солтүстіктегі  жолаушылар:  иттерге  қанша  азық  қорын  алу  керек,

бір  күнде  орташа  қанша  жол  жүру  қажет  деген  сияқты  нəрселердің  бəрін

есептеп алушы еді, ал бұларда бұның бірі де ескерілмеген-ді.

Əуел  бастан-ақ  Хэл  мен  Чарльзге  жолда  иттерге  азықтың  жетпейтіні

белгілі  болған.  Бірақ  өздері  бұған  қарамастан  оларды  шамадан  тыс  артық

тамақтандырып, қысылшаң күндерді қолдан апатты жақындата түскендерін

білген  жоқ.  Жол  жүріп  үйренген  басқалар  сияқты  ашқұрсақтық  пен  азға



қанағаттанып дағдыланбаған жана иттер сұмдық қомағай еді. Ал жергілікті

иттердің  сылбыр  қозғалуын  əдеттегі  қорек  мөлшерінің  аздығынан  деп

ойлаған  Хэл  оларға  азықты  екі  есе  көбейтті.  Оның  үстіне  Мерседес  те

көздеріне  жас  үйіріліп,  даусы  дірілдей  түсіп,  иттерге  тамақты  көбірек

беруді өтінеді одан. Ал Хэл көнбеген кезде иттерді оңашада қаптан ұрлаған

балықпен  өзі  жарылқап  тастайды.  Бірақ  Бэк  пен  оның  жолдастары

тамақтан  бұрын  демалысқа  зəру  еді.  Жəне  оларды  өздері  сүйреп  келе

жатқан жүктің ауырлығы да қатты діңкелеткен.

Бұл  да  аз  екен,  артынша  бұған  аштық  келіп  қосылды.  Күндердің  бір

күні  Хэл  жолдың  ширегіне  жетпей  ит  азығының  тең  жартысы  желініп

қойғанын, ал бұл жақта оны алтынға да сатып ала алмайтындарын жайып

салды.  Сөйтті  де  иттерге  күндіз  беретін  тамақ  мөлшерін  бірден  азайтып,

есесіне  жылдамырақ  жүруді  ұйғарды.  Əпкесі  мен  жездесі  оған  келісті.

Бірақ  бұдан  ештеңе  шықпаған:  өйткені  жүк  шамадан  тыс  көп,  ал  адамдар

тəжірибесіз.  Иттерге  тамақты  аз  беру  тым  оңай  болғанмен  оларды  тез

жүргізу  бəрібір  қолдарынан  келмеді,  себебі  қожайындардың  салбөк-

селігінен таңертең жолға кеш шығады, сөйтіп көп уақыт босқа кетеді. Яки

бұл адамдар иттерді ширата алмады, ал өздері жинақталуды білмейді.

Алғашқы  болып  Даб  құлаған.  Ұрлығы  үшін  ылғи  қолға  түсіп  таяқ

жейтін бейбақ бір жағынан өте еңбекқор да еді. Шығып кеткен жауырыны

орнына салынбай, жағдайы бірте-бірте мүшкілдей берді де, ақыры оны Хэл

үлкен кольтімен атып тастады. Солтүстікке басқа жақтан əкелінген иттерді

жергілікті  төбеттермен  бірдей  қарап  тамақтан  көбірек  қағып  жіберсе,

аштан  өлетінін  мұндағылардың  бəрі  біледі.  Ал  Хэл  сол  мардымсыз

тамақтың  өзін  жартылай  қысқартып  тастағаннан  кейін  Бэкпен  бірге

жегілген  алты  иттің  бəрі  бірдей  ажал  құшатыны  анық  еді.  Алдымен

ньюфаундленд, оның соңын ала пойнтердің үшеуі де өліп тынды.

Бұл  уақыт  аралығында  əлгі  үш  жолаушы  оңтүстіктерге  тəн  баяғы

жұмсақтық  пен  сыпайылықтан  мүлде  айырылған.  Арктикадағы  саяхаттың

енді  көңіл  шалқытар  өсері  жоқ.  Шындық  өте  қатал  болып  шықты.

Мерседес  иттерді  аяп  жылауды  қойды  —  бұдан  былай  ол  тек  өзін  ғана

мүсіркеп егілетін болған жəне барлық уақыты күйеуімен, інісімен ұрысуға

кететін. Шындығында, бұлар бір-бірімен салғыласудан ешқашан жалыққан

да  емес:  қайсысының  болмасын  сіркесі  су  көтермей  тұрады.  Ерік-жігер,

ақыл,  қайрат  дегеннің  бəрінен  бұлар  айырылған  ба  дейсін.  Осы  екі  еркек

пен  жалғыз  əйел  Ұлы  Солтүстік  Соқпағының  жұртты  қатал  жағдайларда




мейірімділікке  баулып,  еңбекте  шындай  түсетін  ғажайып  қасиетін

бойларына  мүлде  сіңіре  алмады.  Бэктің  жаңа  қожайындарына  титтей  де

төзімділік бұйырмаған еді. Суықтан сүмірейген олардың ауырмайтын жері

де  жоқ:  бұлшық  еттері  де,  сүйектері  де,  тіпті,  жүректері  де  сыздайды.

Есесіне  таңертеңнен  кешке  дейін  бір-біріне  тілдерін  безеп,  ұрсысады  да

жатады.


Мерседестің  көзі  сəл  тайып  кетсе  болды,  енді  Чарльз  бен  Хэлдің  өзі

өзара  тəжікелесе  кетеді.  Бұлардың  əрқайсысы  жұмыстың  қомақты  бөлігін

өздері  атқарып  жүргеніне  бек  сенімді  еді  əрі  осыны  сəт  сайын  еске  алып

отырудан  бір  жалықпайды.  Ал  Мерседес  болса  біресе  күйеуінің,  біресе

інісінің  сөзін  сөйлейді,  —  сөйтіп  отбасының  ұшы-қиырсыз  дау-дамайы

басталады. Мəселен, Чарльздің немесе Хэл екеуінің қайсысы отқа жағатын

бұта  əкелуге  тиіс  деген  тартыс  туады  да,  бас  жоқ,  аяқ  жоқ,  осыдан  мың

миль жерде жатқан барлық туған-туыс, əке-шеше, немере бауыр-қарындас,

тіпті, о дүниедегі адамдар түгел ауызға ілігеді. Кейде тіпті Хэлдің нағашы

ағайы жазған пьесасы отын шабу мəселесіне қалай кіріп кеткенін өздері де

байқамай  қалады.  Артынша  бұған  жауап  ретінде  Чарльздің  саяси  сенімі

қыстырылады.  Жəне  Чарльздің  апайының  ұзын  тілі  мен  Юкондағы  от

жағудың  қандай  байланысы  бар  —  бұл  осы  тақырыпқа  орай  үстін-үстін

түсінік беретін, сөйтіп күйеуінің өзге де туыстарының жағымсыз жақтарын

қопара жөнелетін жалғыз Мерседестің өзіне ғана аян жайт еді. Əйткенмен,

от жағылмайды, жатар алдындағы тамақ даярланбайды, иттер аш қалады.

Мерседестің  қыржиып-тыржиып,  болмасқа  дауыс  көтеріп,  долданып

шыға келуі көбінде оның таза əйелдік мінезінен туындап жатады. Ол сұлу

еді,  нəзік  еді,  оған  еркектер  əрдайым  серілерше  қызмет  ететін.  Ал  күйеуі

мен  інісінің  оған  деген  қазіргі  қатынасын  ешбір  серілік  мінез  деп  атай

алмайсың!  Мерседес  ылғи  өзінің  əйелдік  дəрменсіздігіне  жүгініп

дағдыланған.  Бұл  Чарльз  бен  Хэлге  ұнамайды.  Бірақ  ол  өз  жынысының

басты  артықшылығы  деп  санайтын  ұғымының  бəрін  қызғыштай  қорғап

жанындағыларды жалықтырып біткен. Ол шаршаған еді, ол өзін сырқатпын

деп сезінген еді, сондықтан да енді иттерді аяуды қойып, шанаға шоқайып

отырып  алатын  болған.  Алайда  осынау  "əлсіз  де  нəзік"  жаратылыстың  өзі

ғана  жүз  жиырма  фунт  еді.  Ал  əлсіреген  əрі  аш  иттерге  бұл  да  əжептəуір

жүк  біршама  салмақ  болатын.  Мерседес  сөйтіп  күні  бойы  —  иттер

қалжырап,  мұрттай  ұшып  құлағанша  шанадан  түспейді.  Чарьлз  бен  Хэл

оған:  иттерге  сəл  жеңіл  болсын.  сен  біраз  шаңғымен  жүрші  деп  өтінеді,

жалынады,  бірақ  оны  тыңдап  жатқан  Мерседес  жоқ,  алдымен  екі  өрнекті



сабап-сабап  алып,  сосын  Құдайды  қарғауға  кіріседі.  Еркектер  ақыры  оны

шанадан  түсірді,  бірақ  ол  сол  бойда-ақ  бұдан  былай  бір  адым  да  жаяу

жүрмейтінін  айтып,  қыңыр  балаша  жорта  ақсап  жолға  отыра  кетті.

Еркектер  ілгері  озған,  ал  анау  орнынан  табжылмайды.  Үш  миль  өткеннен

кейін олар қайта оралып, жүктің бір бөлігін түсіріп, əйелді күштеп шанаға

қайта отырғызуға мəжбүр болды.

Өз бастарымен əлек болған бұл үшеуі біртіндеп иттерді ойлауды естен

шығара  бастаған.  Хэл  шынығудың  қажетті  нəрсе  екенін  білетін,  бірақ  ол

өзінің  бұл  ілімін  өзгелерге  қолдануға  бейім.  Бастапқыда  əпкесі  мен

жездесіне жасап көріп сəтсіздікке ұшырағаннан кейін онысын таяқ арқылы

иттердің бойына сіңіруге күш салған. Бұлар Бес Саусаққа жеткен мезгілде

иттердің  азық  қоры  түгесілді  де,  əлдебір  кемиек  үндіс  кемпір  Хэлдің

белдігіне  ұзын  аңшы  пышағымен  бірге  сəн  берген  кольтқа  бірнеше  қадақ

қатқан жылқы терісін айырбастауға келісті. Осы маңайдағы бір малшының

бұдан  бір  жыл  бұрын  аштан  өлген  атының  терісі  əйтеуір  аз  да  болса  ас

орнына  талғажау  етуге  жарайтын  бірдеңе  еді.  Өзі  қаңылтырдай  қатып

қалған.  Иттер  зорға  дегенде  бір  кесегін  жұтып,  əлден  уақытта

асқазандарына бірдеменің қатты батып ауыртқанын сезіп еді.

Осының  бəріне  шыдаған  Бэк  əлдебір  ауыр  түс  көріп  жүргендей  күші

жеткенше  шананы  тартып,  жегімнің  басында  ирелеңдеп  келе  жатады.  Ал

шамасы  біткен  мезгілде  құлап  түсіп,  таяқпен  немесе  бишікпен  ұрып

тұрғызғанша  жата  береді.  Кезінде  жылт-жылт  етіп,  көрген  кезді  жауын

алатын  қалың  жүні  енді  жалба-жұлба  боп,  өңі  қашып  əбден  біткен.  Үсті-

басы кір-қожалақ, Хэлдің таяғы, оңбай тиген жон арқасының əр жеріне қан

қатыпты.  Бұлшық  еттері  өрілген  талшық  жіпке  ұқсап,  мүлде  азып-тозған.

Божырап,  қатпарлана  салбыраған  терісінің  астынан  əрбір  сүйегі  арбиып-

арбиып  көрінеді.  Мұндайда  кез  келген  жүрек  жарылып-ақ  кетер  еді,  бірақ

Бэктің  жүрегі  баяғыда  қызыл  свитерлі  адам  айтқандай  темірден

жаратылған ғой.

Қалған  иттердің  жағдайы  да  Бэктен  асып  тұрған  жоқ.  Олар  да  құр

сүлдерін сүйретіп жүр. Өздері — Бэкті қосқанда жетеу ғана. Əлсірегендері

соншалықты,  бишік  пен  таяқты  сезбейтін  күйге  түскен.  Дəлірек  айтқанда

бұлар  енді  таяқ  уытын  соншама  бұлыңғыр  түйсінеді  жəне  айналадағының

бəрін  бейнебір  алыстан  естіп-білетіндей  халде  болады.  Аялдамаларда

өздерін ағытып болғанша жол жиегіне əл-дəрменсіз сұлық түседі: сондайда

соңғы  демдері  бітіп,  жан-тəсілім  еткен  екен  деп  қаласыз.  Ал  таяқ  пен




бишіктің  соққысы  жауып  кеткен  сəттерде  сол  тіршілік  оты  аз-кем

ұшқындағандай болады да, əзер көтеріліп тағы да іліп жөнеледі.

Бір  күні  мейірімді  Биллидің  де  құлап  түсіп,  тұра  алмай  қалған  кезі

жетті. Енді Хэлдің тапаншасы да жоқ еді, сондықтан ол Биллиді балтамен

бастан бір ұрып жайрата салды да, үстіндегі əбзелін шешіп алып, өзін жол

шетіне  сүйретіп  тастады.  Бэк  мұның  бəрін  байқады,  өзге  иттер  де  көрді

жəне  бəрі  де  көп  ұзамай-ақ  бұл  жағдайды  өздерінің  де  бастан  кешетінін

түсінді. Келесі күні Куна жан тапсырды, енді бұлардың бесеуі ғана қалған

еді.  Олар:  сау  тамтығы  қалмай  діңкелеп,  тіпті,  ырылдауға  жарамай  қалған

Джо,  барлық  қулық-сұмдығынан  айырылған  ақсақ,  мүгедек  Пайк,  сыңар

көзді  Соллекс,  дəл  осы  қыстағыдай  ешқашан  ұзақ  жолға  шығып  көрмеген

əрі  бəрінің  ішіндегі  тəжірибесіз  болғандықтан  таяқты  да  жиі  жеген,  сөйте

тұра  шана  тартуға  күш-қайратының  жетпегені  үшін  өзін-өзі  жер  етіп  келе

жатқан  Тик  жəне  күні  бүгінге  дейін  көсемнің  орнын  босатпаған,  бірақ

тəртіпті  сақтауға  дəрменсіз,  əрі  оған  бəлендей  ұмтыла  да  қоймайтын  Бэк.

Ол


əлсіздіктен

соқыр


иттей

зорға


ілбігенмен

аяқтары


əбден

дағдыланғандықтан  да,  тұман  арасынан  жолды  жазбай  танып,  сүрлеуден

титтей де ауытқып көрген емес.

Көгілдір  көктем  де  жеткен  еді,  алайда  соны  адамдар  да,  иттер  де

аңдамай  қалды.  Əр  таңда  күн  ерте  көтеріліп,  кеш  еңкейеді.  Таң  үштің

кезінде-ақ  аппақ  болып  атады,  ал  ымырт  кешкі  тоғызда  бір-ақ  жабылады.

Сөйтіп  сəске  ауғанша  көзді  қарықтырып  күн  шақырайып  тұрады.  Қыстың

мүлгіген үнсіздігі түлеген өмірдің көктемгі дүбірімен алмасты. Дүр сілкіне

шаттанған бүкіл дүние жайнап сала берді; ұзақ аязды айларда жансыздана

сіресіп  қалған  нəрсенің  бəрі  қайта  тіріліп,  қозғалысқа  түскен.

Қарағайлардың  шайыры  мөлт-мөлт  етіп  көзге  ұрады.  Тал-шілік  пен  көк

терек  бүршік  жарды.  Бұта  біткен  жасыл  мауытыға  оранған.  Түнде  қара

шегіртке  шырылдап,  күндіз  жер  бетіндегі  жəндік  атаулының  бəрі  күнге

қыздырынып, үйме-жүйме тіршілігіне кіріседі. Орман ішінде құрлар өзара

үн  қатысып,  тоқылдақтар  ағашты  тоқылдатып,  ақ  тиіндер  ескек  қағысып,

əнші  құстар  құйқылжыта  сайрайды;  ал  сонау  көк  зеңгірінде  қанаттарын

киле жайып оңтүстіктен қайтқан жабайы қаздар қаңқылдайды.

Əрбір төбешіктен су жүгіріп, ауада көзге көрінбеген бұлақтардың əуені

құйқылжиды.  Айнала  төңірек  жіпсіп,  көктемгі  самалмен  тербеле  шулап,

тіршілікке  асығады.  Юкон  кеудесін  қысқан  мұз  құрсауды  серпіп  тастауға

ұмтылады.  Ол  тоңды  төменнен  бұзса,  үстіден  күн  шуағы  қыздырып  тұр.



Жылға пайда болып, мұз жарығы бірте-бірте кеңейе түсіп, жұқарған қатқақ

сетінеп,  суға  айналып  жатыр.  Ал  көктемнің  осынау  барлық  сəн-салтанаты

арасында, оянған тіршіліктің дүбірі мен көз қарықтырған күн мен еркелей

желпіген  самал  аясында  иттердің  соңындағы  екі  еркек  пен  бір  əйел

ажалдарына беттегендей мимырт сенделіп барады.

Иттер  сəт  сайын  сүрінеді,  шанадан  түспеген  Мерседес  жылаудан

тынбайды,  ашынған  Хэл  кіжіне  боқтанады,  Чарльздың  жасаураған  көзіне

мұң ұялапты.

Бұлар  осылайша  Ақ  өзеннің  жағасындағы  Джон  Торнтонның  тұрағына

да  келіп  жеткен  еді.  Шаналар  тоқтаған  бойда  иттер  жан  тəсілім  еткендей

сұлап-сұлап  түсіскен.  Мерседес  көз  жасын  сүртіп  Джон  Торнтонға

қарайды.  Чарльз  дамылдау  үшін  бөренеге  тізе  бүкті.  Ол  өте  баяу,  əрең

отырған еді — тұла бойы икемге келмей сіресіп қалыпты.

Сөзді Хэл бастаған. Джон Торнтон қайың кеспегінен балтаға сап жасап

жатқан-ды.  Əңгімеге  жұмысын  істеп  отырып-ақ  құлақ  түрген  ол

жанындағыларға анда-санда ғана күңк етіп тіл қатады немесе өзінен бірдей

қолқа  салып  сұраған  кезде  ғана  қысқаша  кеңес  береді:  ол  мұндай

адамдардың  түрімен  таныс-тын  һəм  айтқан  ақылының  орындалмайтынын

жақсы білетін.

—  Анда,  жоғарыдағылар  да  бізге  жол  сенімсіз,  сондықтан  əрі  қарай

жүрмей-ақ  қойыңдар  дегенді  айтқан,  —  деді  Хэл  Торнтонның  қазір  мұз

үстімен  жүрудің  қауіптілігін  ескерткен  сақтығына  жауап  ретінде.  —  Ақ

өзенге жете де алмайсыңдар деп қарғанған еді. Міне, жеттік қой!

Соңғы сөзі кекесінмен, ащы мысқылмен айтылған.

— Онда сендерге дұрыс берген екен кеңесті, — деді Джон Торнтон. —

Мұз  сəлден  кейін-ақ  жүріп  кетуі  мүмкін.  Дəл  қазір  өзеннен  өтуге  есалаң

біреулер  ғана  тəуекел  ететін  шығар.  Əдетте  ақымақтардың  жолы  болғыш

келеді.  Бірақ  сендерге  турасын  айтайын:  мен  басымды  қатерге  тікпес  едім

жəне  Алясканың  барлық  алтынын  берсе  де  мына  мұздың  бетіне  шықпас

едім.


—  Енді,  əрине,  сіз  ақымақ  емессіз  ғой,  —  деді  Хэл.  —  Ал  біз  бəрібір

Доусонға қарай тарта береміз.




Ол бишігін сермеп қалды.

— Тұр, Бэк! Кəне! Тұр дедік қой саған! Түс алға!

Торнтон  төмен  қараған  күйі  сазарып  отыр.  Ол  білетін  еді:  есалаңды

есалаңдықтан сақтандырудан пайда жоқ. Əрі ақыр аяғында екі-үш ақымақ

азая түссе дүние бүліне қалмайды.

Əйткенмен,  иттер  ақырғанға  да  қарамастан,  тұрмады.  Олар  таяқтамаса

орындарынан  көтерілмейтін  халге  баяғыда  жеткен.  Ана  тұстан  бір,  мына

тұстан бір ойнақ салған бишік өзінің қатыгез ісіне кірісксен. Джон Торнтон

тістенді. Бірінші болып зорға дегенде Соллекс тұрды. Одан соң Тик, Тиктен

кейін ауырсына қыңсылап Джо көтерілді. Пайк те қатты азаптанып тұруға

əрекеттенген.  Алдыңғы  аяқтарына  тұрған  ол  бір  құлап,  екі  құлап  барып,

үшінші  мəрте  дегенде  ақыры  түрегелді.  Бэк  болса,  тіптен,  талпынған  да

жоқ-ты.  Құлаған  жерінде  қыбыр  етпестен  жатыр.  Ол  денесіне  бишік

соққысы  жауып  бергенде  қыңсылаған  да,  қарсыласқан  да  жоқ.  Торнтон

əлдене  айтқысы  келгендей  бірнеше  рет  оқталды  да  үндемеді.  Көзіне  жас

толып  кетіпті.  Хэл  Бэкті  сабауын  тоқтатпады.  Орнынан  тұрып  кеткен

Торнтон күмілжіп, ерсілі-қарсылы жүре бастады.

Бэк  алғаш  рет  бағынудан  бас  тартқан  еді,  бірақ  осының  өзі-ақ  Хэлдің

зығырданын  қайнатуға  жетіп  жатқан.  Ол  бишікті  лақтырып  жіберіп,

сойылға  жармасты.  Алайда  алдыңғыдан  ауыр,  жаңа  соққылар  да  Бэкті

тұрғыза  алмады.  Басқа  иттер  сияқты  мұның  да  əупірімдеп  көтерілуіне

болар  еді,  əйткенмен  əлгілерден  айырмашылығы  —  бұл  саналы  түрде

тұрмады.  Ол  таянып  келе  жатқан  ажалды  бұлдырата  болжаған.  Шананы

жағаға  тарта  бастаған  мезгілде-ақ  пайда  болған  ондай  түйсік  Бэктің

санасында  əлі  жүр  еді.  Ол  күні  бойы  табанының  астынан  жұп-жұқа,  əлсіз

мұзды  сезініп,  қазір  қожайыны  қайта  қуғалы  тұрған  төңірекке  тақала

түскен  апатты  түйсінгендей  болатын.  Сол  себептен  де  тұрғысы  келмеген.

Өзінің  əбден  қажып  біткені  соншалықты,  етіне  тиген  соққыны  да

сезінбеген.  Таяқ  үсті-үстіне  жауған  сайын  оның  соңғы  демі  де  біртіндеп

түгесіле  түскендей-тін.  Бэк  өліп  бара  жатты.  Өне  бойының  бір  түрлі

жансызданып қалғанын аңдаған. Ауырғанды сезінуден қалған ол өзін ұрып

жатқанын  бұлыңғыр  ғана  түйсінеді,  тəніне  тиген  сойыл  соққысын  да

аулақтан  естігендей  болады.  Бірақ  сол  дене  өзінікі  емес  сияқты,  осының

бəрі əлдебір алыста өтіп жатқандай.




Осы  сəтте  мүлде  күтпеген  жерден  Джон  Торнтон  əлдебір  хайуанның

үніне  ұқсас  шыққан  түсініксіз  айқаймен  сойыл  ұстаған  адамға  тап  берді.

Хэл  кескен  ағаштың  астында  қалғандай  болып  мұрттай  түсті.  Мерседес

шыңғырып жіберген. Чарльз осынау көрініске баяғы мұң ұйыған жанармен

қараған.  Бірақ  тұрған  жоқ,  өйткені  денесі  зіл  батпан  болып  сіресіп

қалыпты.


Джон  Торнтон  өз-өзін  зорға  ұстап  Бэктің  үстінен  төніп  тұр.  Бойын

билеген ашу-ызадан сөйлей алар емес.

— Егер мынау итті тағы бір рет ұратын болсаң, мен сені өлтіремін! —

деді ол ақыр аяғында ентігіп.

—  Ит  менікі,  —  деп  қарсыласты  орнынан  көтеріліп,  аузының  қанын

сүртіп  тұрған  Хэл.  —  Кəне  жоғал,  əйтпесе  орныңда  жайратамын  сені.  Біз

Доусонға кетеміз!

Бірақ  Бэк  пен  əлгінің  арасында  тұрып  алған  Торнтонның  жоғалатын

түрі мүлде байқалмады. Хэл белбеуінен өзінің ұзын аңшы пышағын жұлып

алған.  Мерседес  біресе  шыңғырып,  біресе  жылап,  біресе  күледі,  қысқасы,

əбден  екіленіп  алған.  Торнтон  Хэлді  балтаның  сабымен  қолдан  қағып

жіберіп  пышағын  ұшырып  түсірді.  Жерден  пышақты  көтеруге  ұмтылған

Хэлдің  қолына  екінші  мəрте  соққы  тиді.  Одан  соң  Торнтон  еңкейіп,

пышақты өзі алды да, Бэктің жетек жібін қиып жіберді.

Хэлдің барлық жыны бу болып ұшып кетті. Оның үстіне өзінің қолына,

анығында,  иығына  сұлай  кеткен  əпкесімен  əуре  болуға  тура  келген,  жəне

Бэктің  енді  қажеті  жоқ  —  бəрібір  өлгелі  жатыр,  шана  тарта  алмайды  деп

ұйғарған еді.

Арада əлденеше минут өткенде шаналар жағадан мұзға қарай түсіп келе

жатты.  Ұзап  бара  жатқан  көліктің  дүбірін  естіген  Бэк  басын  көтерген.

Жегімнің басындағы мұның орнында Пайк орналасқан, Соллекс — ортада,

ал  олардың  арасына  Джо  мен  Тик  жегіліпті.  Бəрі  де  ақсап,  сүріншектеп

барады. Шанадағы жүктің үстіне Мерседес жайғасыпты, Хэл алдыда, жетек

сырықтың түбінде бара жатыр. Арттан ілбіп Чарльз ілесіпті.

Бэк  олардың  соңдарынан  қарай  қалыпты,  ал  мұның  жанына  тізерлей

отыра  кеткен  Торнтон  өзінің  қарулы  қолдарымен  мұның  əлдебір  сүйегі

сынғаннан  аман  ба  деп  аялай  сипалап,  тексеруге  кіріскен.  Ол  тек  иттің



оңбай  таяқ  жегенін  жəне  соншалықты  азғанына  көз  жеткізді.  Бұл  кезде

шаналар  ширек  мильдей  алыстап  кеткен  еді.  Адам  мен  ит  мұз  бетімен

қыбырлап  бара  жатқан  солар  жаққа  көз  тіккен.  Кенет  бұлардың  көз

алдында  шананың  артқы  жағы  шұңқырға  батқандай  шоңқия  кетті  де,  Хэл

жармасқан  сырықтың  басы  көкке  көтерілді.  Мерседестің  зар  қаққан  үні

естілген.  Бұдан  соң  Бэк  пен  Торнтон  Чарльздің  кейін  бұрылып,  жағаға

қарай  жанталаса  ұмтылғанын  көрді.  Бірақ  сол  сəтте  олардың  аяғы

астындағы  мұз  аумағы  түгелдей  опырылды  да,  адамдар  да,  иттер  де  суға

кетті.  Əлгі  орында  орасан  жылға  пайда  болған.  Мұз  бетіндегі  жол  қаусап

қалды.


Джон Торнтон мен Бэк бір-бірінің көздеріне қараған.

—  Əй,  байғұсым-ай!  —  деді  Джон  Торнтон.  Бэк  оның  қолынан  жалап

алды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақтың мақсаты
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Жалпы ережелер
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
Реферат тақырыбы
арналған тапсырмалар
арналған жиынтық
білім беретін
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
пәнінен тоқсанға
республикасының білім
сәйкес оқыту
Қазақ әдебиеті
Мектепке дейінгі
оқыту мақсаттары
қазақ тілінде
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
Жұмыс бағдарламасы
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
мамандығына арналған