Тексерген: Махмутов Б. Л орындаған: Тургинбай Ж. Е группа



Дата14.09.2022
өлшемі51.55 Kb.
#290362
Байланысты:
Әлеуметтану эссе Тургинбай Жанерке ТОП21-11
математикаответ, топырақ биологиясы кешен, колбиол №7, колбиол №15

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ


ЭССЕ
Тақырыбы: Басты үш әлеуметтанулық бағыт тұрғысынан (құрылымдық, функционализм, қақтығыс теориясы, символдық интеракционизм) қоғамдағы кез келген құбылыс (спорт, кино, отбасы және т.б.)

Тексерген: Махмутов Б.Л
Орындаған: Тургинбай Ж.Е
Группа:ТОП 21-11


Алматы 2022
Әлеуметтану — қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым. Әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының институты. Әлеуметтік фактыларды ғылыми бақылау мен топтастырып жіктеудің алғашқы әрекеттері біз үшін Платонның "Республикасы" мен "Заңдарында" және Аристотельдің "Саясатында" сақталып қалды, бірақ олардың бәрі тек алғашқы талпыныстар болған еді. Алайда, осынау шығармаларда тұтас алғанда коғам азаматтық қауымға немесе мемлекетке ұйымдасу ретінде қарастырылады, ал Рим империясы заманында, орта ғасырларда және Ағартушылық ғасырларында әлеуметтік құбылыстарды барлық ғылыми зерттеулер тым үзік-үзік болды. Бұл зерттеулердің кейбіреулері экономикалық, енді біреулері - заңгерлік, үшіншілері - шіркеулік, төртіншілері - саяси сипатта болды. Ешкім де ассоциация мен әлеуметік ұйымды толық күйінде сипаттауға талпынған жоқ; ешкім де нақты өмір тұтастығын түсінуге бас қатырған жоқ. Тек ағымдағы ғасырда ғана ғылыми әдістер бұл ауқымды міндетті шешуге жүйелі қолданыла бастады, және де ол қолданылғанан кейін зерттеуде басқа салаларындағы секілді, қоғамды зерттеуде, ол әдістер өзін білімнің ортақ жиынтығына елеулі үлесімен молынан марапаттады. Қазіргі кезде біздің қолымызда әлеуметтік қатынастар жөнінде сыннан өткен және ой елегінен өткен, тез ұлғайып келе жатқан білім қоры бар. Енді біздің қолымызда тұтас күйінде қарастырылған қоғамды суреттеу және түсіндіру деп анықтама беруге болатын әлеуметтану бар деп кесіп айту тым қауіпті емес. Ол әлеуметтік құбылыстар туралы ортақ ғылым.
«Əлеуметтану» ұғымы қазіргі кезеңде кеңінен таралып, тек қана əлеуметтану ғылымында емес, сонымен бірге психология, педагогика, этнология, криминалистика, əлеуметтік жұмыс, дінтану жəне басқа да қоғамдық ғылымдар саласында қолданылады. Тұлғаның түрлі теорияларының негізін құрайтын əлеуметтену процесінің көптеген парадигмалары қатар өмір сүріп келеді. Əлеуметтену процесін зерттеуге қатысты тəсілдердің көптігі бұл əлеуметтік құбылыстың күрделі жəне қарама-қайшылықты екендігін жəне топтастыру мен жүйелеудің əрқилы түрлерінің мүмкін екендігін көрсетеді.
Әлеуметтану категорияларының қатарында жалпы ғылыми, жалпы ұлттық және арнайы категориялар бар. Жалпы ғылыми категориялар (құрылым, функциялар, процесс, механизм, элемент, байланыс, орнықтылық, құбылмалылық, заңдылықтар, даму және т.с.с.) жалпы әдістеме тілінен алынған. Басқа гуманитарлық ғылымдарда пайдаланылатын жалпы әлеуметтік категорияларды әлеуметтану осылардан алған. Ол, мысалы, философияның (қоғамдық сана, қоғамдық қатынастар, қоғам), әлеуметтік психологияның (ұжым, тұлға, мінез-құлық, уәждеу, сәйкестендіру, бейімделу, конформизм, өзара әрекет) және бірқатар басқа да ғылымдардың категорияларын пайдаланады. Әлеуметтанудың ерекшелік категориялары – оның ішінде пайда болған және қоғамды зерделеудің тек өзіне тән көзқарастары мен тәсілдерін көрсететін категориялар.
Біздің қоғамымыз күрделі әлеуметтік байланыстар мен қарым-қатынастар жүйесінен тұрады. Мұндай байланыстар өзара серіктестікке, ынтымақтастыққа негізделіп, жасампаздыққа немесе қарама-қайшылықтар мен дау-жанжалдық ситуациялардың әсерімен қиындықтарға да алып келуі мүмкін. Осындай жағдайда Әлеуметтану пәні қоғамның әлеуметтік жағдайын теориялық тұрғыдан түсінуге, сипаттауға және жүйелеуге, тәжірибелік тұрғыдан деректер жинауға мүмкіндік береді. Әлеуметтанудың мақсаты – түрлі әлеуметтік байланыстардың қалыптасу зандылықтарын түсіндіріп, дауларды шешудің тиімді жолдарын көрсету болғандықтан бізге, яғни қоғамда болған әр құбылысқа тікелей байланысты. Әлеуметтік байланыстар мен қарым-қатынастардың қалыптасу сипаты адамдардың құндылықтарымен, өмірге деген көзқарастарымен мәдениетімен, психологиясымен анықталады және олардың қалай қалыптасатындығы әлеуметтік жағдайға белгілі бір деңгейде байланысты. Сондықтан да әлеуметтануды оқу арқылы өзімізді, өзіміз өмір сүріп отырған ортаны, түрлі топтарды немесе ұжымдарды, олардың әлеуметтік психологиясын, мәдениетін, түрлі ситуацияда қандай әрекетке дайын болатындығын түсіне аламыз. Мысал келтіретін болсақ, қарапайым жеке тұлғаның бір ортадан екінші ортаға ауысуы сол тұлға үшін өте бір үлкен құбылыс болып саналады. Себебі, ол тұлғаның әлеуметі, яғни қоғам, ортасы ауысты. Жаңа әлеуметке үйрену оңайға түспейді. Әр ортаның өзіндік мінезі, жүріс- тұрысы, талқылайтын мәселесі, мәдениеті өзгеше.Құрылымдық функционализм– негізінен алғанда, Толкотт Парсонс, Роберт Мертон және олардың шәкірттері мен ізін жалғастырушылар еңбектеріндегі басты әлеуметтану теориясы. Келісім теориялары, оның бірі – құрылымдық функционализм және конфликт теориялары арасындағы ерекшеліктерді қарастыру аса маңызды. Көп уақыт бойы конфликт теориясы құрылымдық функционализмге балама болып келген екен. Дегенмен құрылымдық функционализм мен конфликт теорияларының арасындағы айырмашылықтарды көрсеткенмен, олардың ұқсастықтарының да маңызды екенін ұмытпау керек. Қандай уақыт, қандай мезет болмасын қоғам әр кез қарым-қатынаст, сондықтан оны бір орында ұстап тұру немесе белгілі бір тәртіпті енгізген күйде де оның арасында конфликт немесе түсініспеушілік болмайды деп айта алмаймыз. Құрылымдық функционалдық теория, әлеуметтік ұйымның қалай жүзеге асыралытыны туралы проблеманы зерттейді. Бұл теориялық казқарас жаратылыстану ғылымынан және қоғам мен ағза арасындағы ұқсастықтардан бастау алады. Барлық әлеуметтанушылар қоғамның қалай жұмым істейтінін зерттеуге мүдделі. Құрылымдық- функционалдық теорияны қолданатын әлеуметтанушылар әлеуметтік құрылымдардың табиғатын және салдарын зерттеумен шұғылданады. Бұл функцияның әлеуметтанушылар үшін маңызы өте зор. Мысалы, белгілі бір жоғарғы сынып оқушыларының сауық кешін алайық. Мектеп кештері негізінен мектеп рухын қалыптастыру, оқушылар арасындагы әлеуметтік байланыстарды нығайтуға сияқты бірнеше функцияларды атқаруға арналған. Бұл мысалдан қоғамды сақтауға үлес қосатын әлеуметтік құрылым кейбір топтарға басқалардан артық пайда әкелу мүмкіндігін байқаймыз.
Əлеуметтенудің социологиялық анықтамаларында тұлғаның қалыптасуына тигізетін əлеуметтік факторлардың (рөлдер жəне мəртебелер, құндылықтар, талаптар, əлеуметтік институттар, т.б.) əсеріне ерекше көңіл бөлінеді. Психологиялық анықтамаларда дербестіктің қалыптасуына жəне адамдардың жекелік айырмашылықтарына ак- цент жасалынса, педагогикалық анықтамаларда əлеуметтену процесіндегі тəрбиенің рөлі қарастырылады.
Əлеуметтенудің мүдделер немесе бағыну принципіне негізделген механизмдерінің ерекшеліктеріне байланысты оның құралдарының қандай да бір түріне артықшылық беріледі. Тоталитарлық қоғам жағдайында бағыну принципіне негізделген əлеуметтенудің ақпараттық-білімдік құралдары идеологиялық, бір жақтылық сипатымен ерекшеленді. Ұйымдастыру-реттеу құралдары мемлекеттік тапсырыстың негізінде мемлекетке қажет адамдарды қалыптастырды. Сондықтан да өзін-өзі ұйымдастырушы жүйелердің орнына сыртқы факторлардың əсерімен қалыптасқан жүйелер орын алды. Барлық аталған құралдардың ішінде бақылау құралдары негізгі орында болды. Ал стимул беруші (ынталандырушы) құралдар көбінесе қоғам алдында шексіз қарыздарлық пен борыштарын сезінген адамдардың энтузиазмдерін көтеру мақсатын орындады. «Адам мақсат ретінде» – бұл əлеуметтенудің қазіргі үлгісінің түрі.

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
оқыту мақсаттары
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
болып табылады
қызмет стандарты
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
арналған әдістемелік
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсанға
білім берудің
Әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді
республикасының білім
туралы жалпы
атындағы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Жұмыс бағдарламасы
пайда болуы
қазақ тілінде