Тексерген: Магзумова Л. К

Loading...


Дата30.03.2020
өлшемі37.67 Kb.
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

《ИК және М кафедрасы

Баяндама


Тақырыбы: Маркетингтегі тауар және баға саясаты

Орындаған: РЭТ 17-2 тобы

Студенті Болатов Б.А.

Тексерген: Магзумова Л.К.

Қарағанды 2020 жыл

Бағалар және баға саясаты – кәсіпорынның маркетингтік қызметінің маңызды элементтері. Бұл тауарларға арналған бағалар деңгейіне  кәсіпорын-ның коммерциялық нәтижелерінің тәуелді болуымен байланысты, ал олардың таңдаған бағалық саясаты оның рыноктағы жұмысының тиімділігіне шешуші әсер етеді.

Баға, сұраныспен және ұсыныспен қатар, рынокты құрайтын, түйінді  пункттердің бірі. Бұл сұраныс пен ұсынысты тепе-теңдік, баланс күйіне  келтіретін  басты  құрал.                

Сонымен, баға және маркетингтегі баға саясаты дегеніміз не? Баға ақшаға сатушына сатқысы келетін, ал сатып алушы тауарды сатып алғысы келетін, ақшалар сомасын білдіретін, экономикалық категорияны білдіреді. Тауардың белгілі мөлшерінің бағасы оның құнын құрайды, осыдан баға – тауардың ақшалай құны. Нақты тауар бірлігі басқа тауардың белгілі санына айырбасталғанда, бұл соңғысы берілген тауардың тауарлық бағасы болады.



Баға – күрделі экономикалық категория. Онда қоғамдағы барлық негізгі экономикалық қатынастар тоғысады. Ең алдымен бұл тауарларды өндіру мен өткізуге, олардың нарықтық құнын қалыптастыруға, сондай-ақ ақшалай жинақталуларды құруға, бөлуге және пайдалануға жатады. Баға барлық  тауарлық-ақшалай қатынастарды жанамалайды.

Классикалық анықтамаға сәйкес баға тауар құнының ақшалай түрін білдіреді. Алайда ол құнмен сирек сәйкес келеді, өйткені оған көптеген әр түрлі факторлар әсер етеді: өнімге сұраныс, оның бәсекеге қабілеттілігі, рынокта кәсіпорынның алатын орны және т.б. Кейде кәсіпорын өз өнімін монополия-лық жоғары  бағалар бойынша сата алады, ал кейде рынокта ұсталып тұру үшін ғана, төмен бағаларға қанағаттануға мәжбүр болады.

Баға сатып алушы үшін ғана емес, сонымен бірге өндіруші үшін де талғаусыз емес, өйткені бұл оның кірістерінің өлшемдерін анықтайтын, жалғыз фактор. Барлық қалған факторлар ең алдымен өзіндік құнды және ол арқылы ғана кірістерді анықтайды.

Бағалардың негізгі қызметтеріне: сұраныс пен ұсынысты есептік, ынталандырушы, үлестіруші теңгерімдеу, өндірісті ұтымды орналастыру критерий-лері жатады.



Баға – бұл маркетингтің икемді құралы, өйткені сұраныс, шығын немесе бәсеке факторларын есепке алып, оны жылдам және оңай өзгертуге болады.

Ол кезде сұраныс шамасы ұсыныс шамасына тең болатын баға, ол бойынша тауар рынокта нақты сатылатын, раноктық бағаны құрайды. Рыноктық (тепе-тең) баға – ол бойынша берілген тауарлық рынокта сатып алу-сату жүретін баға.

Алдымен   «баға саясаты» ұғымымен танысамыз.

Баға саясаты – фирма өзінің тауарлары мен қызметтеріне бағаларды   белгілеу  сферасында  ұстанатын  қызметінің  жалпы принциптері.

Тауарды иеленушінің баға саясатын әзірлеуіне алты жүйелі саты қосылады: міндеттерді таңдау және мақсаттарды құру; рыноктың талаптарын анықтау және есепке алу; шығындарды белгілеу; бәсекелестер бағаларын талдау; бағаларды құру әдісін таңдау; түпкілікті  бағаны анықтау.

Фирманың рыноктағы тәртібі бәсекелес-фирмалар тарапынан оның бағалық әрекеттерінде анықталады. Олардың реакциясы егер  бәсекелестер көп, тауарлар  мәні бойынша бірдей болса,  әсіресе жылдам болады.

Бәсекелес ылғи да жалғыз  деп жорамалдайық. Онда оның тәртібінің екі болжамы мүмкін болады. Біріншісі – бәсекелес бағаларды өзгертуді   бастама-шыға ұқсас әрекет жасайды. Екіншісі – бәсекелес әрбір нақты жағдайда берілген жағдайда меншікті мүдделерінен алғанда, әр түрлі  әсер ете алады; бұл жағдайда тәртібін болжау бәсекелестің сату деңгейін, қуатын, рыноктағы беделін зерттеуге құрастырылуы мүмкін.  Кез келген  жағдайда   бәсекелестің ойлау барысын есептеу маңызды.

Мәселенің екінші жағы – бәсекелестермен ұсынылған бағаның өзгеруіне пікір білдірудің меншікті жолдарын таңдау. Гомогенді рынок жағдайларында, өз тауарын оқшаулау мүмкіндігі жоқ фирма, әсіресе бұл төмендеу болса, болып жатқан өзгерістерге бағынуға мәжбүр болады. Егер бәсекелес бағаны өте қымбаттатып жіберсе, және егер бұл фирманың мүдделеріне жауап бермесе, онда бәсекелестің ұмтылыстары болжануы  мүмкін.

Бәсекелік реакцияны таңдаудан бұрын компания бірқатар сұрақтарға жауап беру керек:

1. Неліктен бәсекелес өзінің бағаларын өзгертті?

Ол рынокты қамту мақсатын көздейді ме, өзіндік құнның өсуімен  қақты-ғысты ма немесе  салалық бағаларды  өзгерткісі келеді ме?

2. Бәсекелестің уақытша акциясы немесе ұзақ мерзімді стратегияның салдары  болып табылады ма?

3. Басқа компаниялар пікір  білдіреді ме, және атап айтқанда қалай?

Бағаларды өзгертуді бастамашының ылғи да уақытының артықшылығы болады: ол өзінің ынтасын ұзақ дайындауы мүмкін, ал бәсекелестер жағымсыз сыйлыққа кідірмей пікір білдіруге мәжбүр болады! Жалғыз ғана, бұл жерде  бәсекелестердің мүмкін әрекеттерін алдын ала көруге үйрену керек деп кеңес беруге болады. Тауарға бағаны белгілеп, фирма оның сапасының деңгейімен тығыз байланыста әр түрлі стратегияларды таңдай алады.

 

Бағалар және баға саясаты – маркетингтік қызметті басты құраушылардың бірі, оның ролі уақыт өткен сайын өсіп келеді.



 

Бағалар маркетинг пен фирма қызметінің басқа айнымалыларымен өзара тығыз байланыста болады. Фирма үшін баға – аса маңызды көрсеткіш, өйткені  оның негізгі қызметі – тауарларды сатудан пайданы қамтамасыз ету. Маркетингтегі мақсатты бағытталған баға саясатының мәні мынадан тұрады: фирма-ның тауарларына сондай бағаларды белгілеу және олардың рыноктағы орнына байланысты оларды түрлендіру үшін,  оның белгілі үлесін иелену үшін, пайданың көзделген көлемін қамтамасыз ету және басқа стратегиялық және шұғыл міндеттерді шешу керек. Фирманың белгілеген кез келген бағасы, қалай да болса тауарға сұраныс деңгейінде көрсетіледі. Бағаны құру стратегиясын әзірлеуден бұрын, фирма бағалар бойынша шешімдерге әсер ететін, барлық сыртқы факторларды талдау керек (1 сурет).    



      


Сурет 1 – Бағалардың қалыптасуына әсер ететін факторлар
Бағаны белгілеу кезінде анықтаушы факторлар: тауардың өзіндік құны, фирманы қанағаттандыратын пайданың мөлшерлері; бәсекелестер мен  ауысты-рушылардың бағалары, берілген тауардың ұқсастықтары, төлем қабілетті  сұраныстың  күйі  болады.

 

Баға стратегиясы – бұл баға белгілеу облысындағы әрекеттердің барлық мүмкін бағыттарынан бағаларды анықтау және өзгерту бойынша  ұзақ және  орта мерзімді шешімдер.

Баға стратегиясының мәні мынада: баға маркетинг кешенінің тұрақты элементі болып табылады, ал күшті инфляция кезеңінде баға стратегиялары басым мәнді иеленеді.

Баға белгілеудің келесі  стратегиялары  аса жиі  кездеседі:



Тірі қалу – фирма қарқынды бәсеке, төлем қабілетті сұраныстың күрт төмендеуі жағдайларында асыра қарқынмен жұмыс істейді. Бағалар төмендейді, бұл  жақын болашаққа ғана арналған міндет, ол  ұзақ мерзімді болуы мүмкін.

Баға стратегиясы әр түрлі рыноктар, әр түрлі тауарлар, тауарлардың өмірлік циклінің сатысы, фирманың рынокта бар болу уақыты және өзге  негіздемелер үшін  әзірленуі мүмкін.



Баға саясаты – қысқа мерзімді және бір реттік сипатты шаралар. Оларға  әдетте  уақытша  жеңілдіктер  мен бағаларға  үстеме ақылар  жатады.

Тактикалық шаралар өндірістік бөлімшелердің қызметінде және рыноктық коньюктураның күтпеген өзгерістері салдарынан пайда болатын,  деформация-ны жоюға бағытталған.

Ағымдағы пайданы максимумдандыру – ең көп мүмкін болатын  пайданы, қолма-қол ақшаны кідірмей алу, аса жылдам капитал айналымы саясаты. Сонымен бірге фирма, сату бағасын көтермелеп, бәсекелестердің реакциясына қарамастан,  ұзақ мерзімді перспективаларға зиын келтіріп, ағымдағы  жағдайға назар аударады.

Ағымдағы табыстарды максимумдандыру – дәл шығындарды анықтау мүмкін болмаған жағдайларда, сатудан түсетін табысты   максимумдандыруға  негізделген стратегия.

Тұжырым. Барлық  баға саясатының мәні  стратегиялық және тактикалық  әрекеттерді  жоспарлау мен іске асыру процесінде ашылады.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...