Тексерген: Кенжина Н. К сөЖ тақырыптары



бет1/3
Дата09.06.2022
өлшемі37.78 Kb.
#267201
түріПрезентация
  1   2   3
Байланысты:
сөж Жедел жардем
6-сабак лекция, неделя 2 сем 1, Inside Google Marketing - Three Steps to Master Digital Advertising - UK ext, Деректер қорының негізгі ұғымдары(1), Деректер қорының негізгі ұғымдары, modul suraktar , Регламент Game.TV CIS Challenger Series, 23905913110226, Тест гос, 216

Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжі
СӨЖ
Орындаған:Болатов А
Тексерген:Кенжина Н.К
СӨЖ тақырыптары
1.Тыныс алу ағзаларының аурулары кезіндегі шұғыл жағдайлар
ПРЕЗЕНТАЦИЯ
2.Жүрек-қантамыр жүйесі кезіндегі шұғыл жағдайлар
Жүрек-қан тамыры аурулары әлемнің көптеген дамыған елдерінде денсаулық сақтаудың басты проблемаларының біріне айналып отыр. Ол көбіне ересек адамдарды не мүгедектікке шалдықтырады, немесе өлімге әкеліп соқтырады. Жалпы өлім-жітімнің 52 пайызын жүрек-қан тамыры аурулары құрайды. Еуропада жыл сайын осы ауру салдарынан шамамен 3 миллион адам қайтыс болса, Ресейде 1 миллион адам, ал Қазақстанда 80 мың кісі осы аурудан көз жұмады. Жүрек-қан тамыры ауруларына әкеліп соқтыратын басты себептер қандай? Басты себеп адамдардың өз денсаулығына көңіл бөлмеуінен десек, сонымен қатар жағымсыз экологияның да салдары жетерлік. Әсіресе, соңғы жылдары инфаркт пен инсульттен болатын өлім тым жиілеп барады. Оның негізінде, атеросклероздан басқа, адамдардың жүйке жүйесінің шаршауы, олардың дәрменсіздікке ұшырап, депрессияға түсуі жатыр.
Жүрек-қан тамыр аурулардың себептеріӨңдеу
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазіргі уақыттағы жүрек- қан тамыры ауруларының эпидемиясы тамақтану құрамының өзгеруіне тікелей байланысты деп отыр. Қоршаған ортаның 80 пайыздан артық жағымсыз факторлары адам ағзасына жеген тамағы арқылы әсер етеді. Артық салмақ және семіздік, жүрек- қан тамыры ауруларының, қант диабеті және басқа да күрделі аурулардың қауіпті факторы болып табылады. Сондықтан адамдардың дұрыс тамақтану мәдениетінің де маңызы зор. Жүрек-қан тамыры ауруларын қоздыратын тағы бір себеп - стресс, торығу, ол адамдарды жасына қарамай, жүрек талмасына ұшыратады. Адамның көңіл-күйінің денсаулыққа әсері мол. Көңіл күйдің толқуы, мазасыздануы, біріншіден, адамның миы арқылы беріледі. Жағымсыз эмоциялар вегетативтік жүйені қоздырады, одан барып ағзадағы қан айналымына, ішкі органдарға, эндокриндік бездердің қызметіне әсер етеді. Соның салдарынан ағзадағы гормондардың балансы бұзылады. Оның әсері жүрек соғысының, ырғағының бұзылуына, қан қысымының көтерілуіне, бұлшық еттердің, қан тамырларының тартылуына апарады. Мидың қан айналымы нашарлайды, мидың клеткаларында оттегі жетіспеушілігі пайда болады. Жүректің, мидың қан тамырларының қысылуы инфаркт, инсульт сияқты ауыр жағдайға алып келуі мүмкін, немесе жүректің ишемиялық ауруы, гипертония, асқазан жарасы сияқты созылмалы ауруларға ұшыратады Жүрек-қан тамыры ауруларына әйелдерден гөрі ерлер көп шалдығады. Мұндай тенденция 50-55 жасқа дейін, яғни әйелдердің жыныстық гармондарының жұмысы бәсеңдеген тұсқа дейін сақталады. Алдын – алуға, немесе жеңуге болатын қауіпті факторлар- холестериннің жоғары деңгейі, артериалды гипертония, темеку шегу, қант диабеті, семіздік, түрлі күйзелістер болып саналады.
Алдын алу жолдары
Жүрек-қан тамыры ауруларының пайда болуына әкеліп соқтыратын тағы бір фактор ол - темекі шегу. Орта есеппен алғанда темекі шегу адам өмірін 7-10 жылға қысқартады екен. Темекі шекпейтіндерге қарағанда темекі шегетін адамдар миокард инфарктісіне шалдығуы екі есе көп, ал, осы аурудан қайтыс болатындар саны темекі шегетіндер арасында шекпейтіндермен салыстырғанда 4 есеге артық. Бүгінгі таңда жүрек- қан тамыры ауруларының алдын- алу үшін мынадай маңызды нәрселерді есте сақтау керек:
Ең алдымен темекіден толықтай бас тарту қажет;Тиімді тамақтану ережелерін сақтау;Майлы тамақтардан бас тарту, тұзды пайдалану мөлшерін азайту - тәулігіне 4 грамм, құрамында калийі мол (бұршақ, өрік, құрма, теңіз қырыққабаты) тамақтарды көп пайдалану, сарыуызды барынша аз пайдалану;Көкеніс пен жеміс-жидектерді барынша мол пайдалану;Алкогольді ішімдікті белгіленген мөлшерде ғана пайдалану;Дене белсенділігін арттыру, семіздіктен сақтану;Қандағы холестерин құрамын үнемі тексеріп, бақылап отыру;
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе айтарым- дәрігер ауру адамды емдейді, ал, аурудың алдын алу әрбір адамның өз тірлігі. 
3.Асқорыту ағзалары жүйесінің аурулары кезіндегі шұғыл жағдайлар
Гастрит бүгінде – «бүкілхалықтық сырқат». Гастроэнтеролог дәрігерлер асқазан сөлінің қабынуымен жер шарының жартысынан көбі ауыратындығын, осы немесе басқада формадағы аурулар 30 жастан асқан басым көп тұрындарда кездесетінін айтады. Бұған қоса, созылмалы гастрит жиілігі жыл сайын 1,4 есеге артуда. Ал асқазанның ойық жара ауруы мен он екі елі ішек аурулары жер шарының 5-10 пайыз тұрғындарында кездеседі. Әдеттегі ойық жарасы бар адам - ол үлкен қалада тұратын белгілі бір маман иесі. Медициналық статистикаға жүгінсек, бұл диганоз ауылды аймақтардан қарағанда, қалалық жерлерде екі есе жиі кездеседі. Ауру 70-80 пайыздық жағдайда 40 жасқа дейінгі жаста анықталады. Кезінде асқазан-ішек ауруларымен бір отбасында бірнеше адам ауырса, тұқымқулаушылық деп ойлаған (алайда, жара ойығын отбасындағы ауырып жүрген науқастан дені сау адамдарға қарағанда жұқтырып алу 5-10 есеге артық). Егер сіздің отбасыңызда асқазанның ойық жарасымен ауыратын науқас болса, онда отбасыңыздағы адамдардың барлығын емдеу қажет, себебі бұл бактерия көптеген жол арқылы тарайды – ыдыс-аяқтың дұрыс жуылмауынан, сүюге дейін. 1983 жылдан бастап австралиялық ғалымдар Барри Маршалл және Робин Уррен Нобелл сыйлығымен бағаланған ашылу жасады, гастрит Helicobacter pylori тудырады. Осы «залалсыз» бактерияның арқасында асқазан сөлі қабығының қабынуы асқазан жарасына немесе қатерлі ісікке ауысыуы мүмкін.
Ғалымдар біздің елімізде Helicobacter pylori 60-80 пайыз тұрғындардың ішінде өмір сүретінін дәлелдеді.
Көктем айында асқазан-ішек жолының аурулары: тоқ ішектің қабынуы, іш қатуы, геморрой болуы мүмкін. Мұндай аурулармен көбінесе: мұғалімдер (сабақты немесе лекцияларды бөле алмайтын), жүргізушілер (әсіресе ұзақ жолда жүретін, қалалық көлік жүргізушілері), кеңсе жұмысшылары, компьютер алдында ұзақ уақыт еңкейіп жұмыс атқаратын жұмысшыларда болады. Құрсақ қуысы еңкейгеннен басылып қалады да қан айналым, без қызметтері бұзылады.
Асқазанның ойық жара ауруы көп жағдайда егде адамдарда кездеседі, ал он екі елі ішек ауруы – жастарда. Бұл аурулар қауіпті, себебі кез келген уақытта қан кетіп, адам өліп кетуі мүмкін.
Айтпақшы, сарықұба, көк көз және бірінші қан тобына жататын, сонымен қоса резус-факторы теріс әйел адамдарында асқазан жарасы мен он екі елі ішек аурулары осал жері болып табылады.
Аталмыш кеңінен таралған аурулардың сеп-салдары: консерванттар мен химиялық қоспалар қосылған азық-түліктер, жалма-жан жүріс кезінде (хот-дог, чипсы, шаурма, қуырылған бәліш) жеу, ащы дәмдеуіштер мен газдалған сусындарды шамадан тыс пайдалану. Сонымен қоса қатты күйзелу, шамадан тыс ішімдік ішу, темекі шегу.
Көп жағдайда осы ауруға жұмыс уақыты нормаланбаған адамдар шалдығады. Олар күндіз тамақтануға үлгермей, түскі уақытта чай мен бутерброд немесе бірнеше шыны-аяқ кофе ішіп, жей салады.
«Гастритті –ойық жара қауіпі» бар топқа – жүйке жүйесі, қызбалы, тым белсенді адамдар жатады. Күзеліс асқазан сөлінің шамадан тыс бөлінуін қоздырады.
Жасөспірімдік шақта ата-ана махаббатын сезінбей, эмоциналды күйзелістің арқасында асқазанның ойық жарасы ауруы пайда болады. Ауру белгілері білінбей, тек күтпеген жағдайда қан кеткенде ғана айқын болуы мүмкін.
Созылмалы гастрит кезінде тамақтан кейін асқазанның ауруы және іш өтуімен мінезделеді. Басқада белгілері: кекіру, қыжылдау, құсу. Алайда, көп жағдайда (60 пайызға жуық жағдайда) сырқат қандайда бір белгілерісіз болады да, науқастың шағымдары функционалды бір-бірімен байланысты басқада ас қорыту мүшелерінің патологияларымен шатастыруы әбден мүмкін.
Созылмалы гастритті анықтау қиын, «таза» түрінде сирек кездеседі. Ең бастысы мұнда – дәлме-дәл анықтап, уақытында дұрыс ем қолдану қажет.
Асқазан сөлінің қышқылдығы төмен созыламалы гастрит кезінде – күніне 5-6 рет езбе түріндегі аз мөлшерде жеңіл тағам тағайындалады. Сонымен қатар асқазан мен секрецияларды аз қоздыратын тағамдар: жарма көжесі, сүт, үкішттен өткізілген сүзбе, жұмыртқаның ағынан жасалған тағамдар, сүтке дайындалған ботқалар, кепкен ақ нан, итмұрын тұндырмасы. Мұндай емдәм 3-4 жұмадан кейін етті, балықты, көкөністі және жарма сорпаларымен, майлы емес қайнатылған балық, жұмыртқа омлетімен, айран, піскен көкөністерден дайындалған ботқалармен, компотпен ауыстырылады. Бұл кезеңде тағамдар калориялары жеткілікті, әртүрлі, қалыпты физиологиялық нормалары екі есе жеткілікті дәрумендермен, және асқазанның шырышты қабығын қалыпқа келтіру үшін міндетті түрде ақуыздармен бай болуы тиіс.
Күнделікті рационнан майлы ет немесе балық, шұжық, рассольник, окрошка, сүрленген тағамдар, саңырауқұлақтар, консервілер, маринадталған, консервіленген ет, үгілмелі қамыр, қайнатылған кремдерді мүлдем алып тастау қажет.
Қышқылды шырындарды – лимонды, мүкжидек, анар шырыны, сонымен қоса орамжапырақ шырынын күніне 3 реттен тамаққа дейін 1/3-1/2 стақан езіп ішу қажет.
Сонымен қатар ас тұзы қосылған минералды ауыз суы - №17 Есентуки, Ижевиялық және басқада минералды суларды ішу ұсынылады. Оларды тамақтың алдында 20-30 мин. 3 реттен 1/3-1/2 стақан ішу қажет. Қолыңызда минерелды су болмаса, онда жоғарыда келтірілген тәртіппен ¼ стақан жылы қайнатылған суға ½ шәй қасық бал қосып ішу керек. Нөлдік қышқыл кезінде қайнатылған суға 1 ас қасық жолжелкен мен кепкен таңқұрай жапырақтарының (1 стақан қайнаған суға 1 ас қасық, 1 сағат бықтыру) қайнатпасын ішу. Асқазан сөлінің қышқылдығы төмен созыламалы гастритін емдеушілер – сонымен қоса асқазанның ойық жарасының алдын алады. Терапияға апаратын жол тағыда емдәмге алып келеді:қаймағы алынбаған сүт, кілегей, сары май, үкішттен өткізілген ірімшік, кілегей мен қатық, кепкен ақ нан, құрғақ печенье, бүтіндей піскен жұмыртқа, бұқтырылған омлеттер, жармадан жасалған сорпалар. Сонымен бірге пайдалы азық-түліктер: піскен майлы емес ет пен балық, бұқтырылған котлет, май қойылған ботқалар, ботқа түріндегі кеспе, макорон, көкөніс(саумалдық, қымыздық, орамжапырақтарды қоспағанда). Күніне 5-6 реттен, аз мөлшерде қабылдау қажет.
Қышқылды емес сортты жемістерден жасалған компот, кисель, желе, тәтті шырындар, итмұрын қайнатпалардың да емдік қабілеті зор. Асқыну кезінде сұйық немесе ботқа тәрізді кисель, сүт, бүтіндей піскен жұмыртқа немесе омлет түрінде пісірлген жұмыртқа, сұйық немесе сары май, үкіштелген ірімшік, ет пен балықтан жасалған суфле қолданған жөн.
Асқазанның қышқылдығының функцияларын түзеу үшін минералды ауыз суын – Боржоми, Смирнов, Славянканы – тамаққа дейін 1,5 сағат бұрын, жұмасына 2-3 реттен 1/3-1/2 стақаннан жылы, газдалмаған түрде қабылдау қажет.
4.Зәр шығару жүйесінің аурулары кезіндегі шұғыл көмек


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы