Тәжірибелік жұмыс №1 Өлшеу құралын таңдау



Дата23.11.2022
өлшемі13.91 Kb.
#362780
түріСабақ

Тәжірибелік жұмыс № 1

Өлшеу құралын таңдау



Берілген білік пен тесік үшін (1 тәжірибелік сабақ шартын қараңыз) әмбебап өлшеу құралын таңдау қажет.Өлшеу қателігінің бұйым сапасына әсеріне талдау жасау керек. Қабылдау шектерін тағайындау қажет. Жұмыстың орындалу реті.
2.1Өлшенетін өлшем шақтамасына қарай, Б.5 кестесінен бойынша (Б қосымшасы)изм өлшемнің рұқсат етілген қателігін анықтаймыз.
2.2 Б.3 кестесі (тесік үшін) немесе Б.5 кестесі (білік үшін) берілген рұқсат етілген қателікпен өлшеу үшін қолдануға болатын өлшеу құралдарының кешенін анықтаймыз.
2.3 Б.4 кестесі (тесік үшін) немесе Б.6 – Б.8 кестесі (білік үшін) мәліметтерін қолдана отырып, барлық көрсетілген өлшеу құралдарының ішінен пайдалануға ыңғайлы, қарапайым және нақты берілген шарттарға оңтайландырылған өлшеу құралын таңдаймыз.
2.4 Б.2 кестесі бойынша бұйым ақаулықтары параметрлерінің мәнін анықтаймыз:бұрыс қабылданған тетіктер саны (m), бұрыс ақау деп табылған тетіктер саны (n), бұрыс қабылданған тетіктердің өлшемдерінің шақтама алаңы шектерінен шығу мүмкіндігі (c).
Тетіктің жұмыс жасау шарттары бойынша алынған параметрлер рұсат етіледі деп танылса, тетіктің сызбасындағы шекті өлшемдері қабылдау шектері болып тағайындалады.
Егер конструктор өлшеу қателіктерінің (m,c) әсерін маңызды және рұқсат ету мумкін болмайды деп тапса, онда ол әсерді кемітудің екі әдісі бар:
а) өлшеу қателіктерінің сапаға әсері қабылдау шегіне жететіндей дәлірек квалитет немесе басқа шақтама алаңын таңдауға болады (ГОСТ 8.051-81, СТ СЭВ 303-76);
б) шақтама алаңының ішінде қабылдау шектерін жылжытуға болады (өндірістік шақтама кіргізу) .
Өндірістік шақтама енгізуде екі тәсіл қолданады:
дайындау технологиялық процесінің дәлдігі белгісіз;
дайындау технологиялық процесінің дәлдігі (атех) белгілі.
Бірінші вариантта қабылдау шектері шақтама алаңының ішіне қарай ауысады. Ауысым стандартта (Б.1 кестесі) нормаланған өлшеудің рұқсат етілген қателігінің жартысынан аспауы тиіс.
Екінші вариантта (атехбелгілі) қабылдау шектерін шақтама алаңының ішіне қарай С шамасына жылжытамыз. С шамасы Б.2 кестесіне сәйкес анықтайды.
Б.2 кестесіне сәйкес ақаулықтар параметрлерінің (m, n, c) мәнін анықтау кезінде келесі қатынасты өлшеу қателіктерін қабылдау ұсынылады:
2.... 7 квалитеттер үшінА мет(СТ) =16 % ,
8, 9 квалитеттері үшінА мет(СТ) =12 % ,
10, одан да дөрекі квалитеттер үшінА мет(СТ) =10 % .
2.5 Есептің шығарылу жолы:
Ø30 H7 (+0,052) тесік үшін өлшеу құралын өлшеу құралын таңдаймыз.
Технологиялық процестің дәлдігі белгілі.
Б.1 кестесі бойынша өлшеудің рұқсат етілген қателігін анықтаймыз изм =12 мкм.
Берілген тесікті өлшеуге Т = 52 мкм, изм = 12 мкм шарттары бойынша Б.3 кестесінен қолдануға болатын өлшеу құралын табамыз, олар шартты түрде кестеде 5б және 11 деп белгіленген.
Берілген размерге 3 класты шеткі тақтайшалары бойынша, өлшеу өзегі 0,1 мм жылжитын, есептеу құрылғысының бөлім бағасы 0,01 мм болатын индикаторлық нутромерді (поз. 5б), сонымен қатар аспаптық микроскопты (поз. 11)Б.4 кестесі бойынша берілген позицияларға қатысты анықтаймыз.
Нақты шарттарға байланысты бөлім бағасы 0,01 мм болатын индикаторлық нутромерді таңдаймыз.
А мет(СТ) =12 %қабылдаймыз.
Б.2 кестесіне сәйкес қабылданған тетіктердің ішінде, ауытқулары +0,061 мм және -0,009 мм болатын 4,1% -ға дейін ақаулы тетіктер болуы мүмкін екендігін анықтаймыз. Бұл жағдай кестедегі мәсіметтерге сәйкес:
m=С;
4,1%= - 0,17, С = 0,17 х 0,052 = 0,00884 мм, -0,009 мм қателіктерді теңдей тарату ықтималдығы IT заңы бойынша(Б.2 кестесінен С IT=0,17; Б.1 кестесінен IT=52 мкм).
Мұндай өлшеу қателігінің болуы бұйым сапасын төмендетеді деп санаймыз. изм қатынасты қателігін компенсировать ету үшін өндірістік шақтама енгіземіз. Технологиялық процестің дәлдігі белгісіз болғандықтан, қабылдау шектерін кестелік шақтама алаңын ішке қарай 6 мкм–ге жылжытамыз.
Тетік сызбасына жазба енгіземіз «Ø30 H7 тескті өлшеуде өндірістік шақтама енгізіледі: өлшем Ø30, 046 мм-ден аспауы және Ø30, 006 мм-ден кем болмауға тиіс».

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
республикасының білім
қарым қатынас
Әдістемелік кешені