Технологиялық карта. Күні



Дата22.09.2021
өлшемі17.84 Kb.

Технологиялық карта.

Күні: 17.09.2021


Білім беру саласы: Әлеумет
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Ауылдағы адам еңбегі
Мақсаты: Балаларды ауылдағы адамдардың еңбегімен таныстыру.
Билинагвальдық компонет : адам-человек-human,
еңбек –труд-work,
ауыл-село-
village
Көрнекіліктер: тақырыпқа байланысты суреттер.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап,жұмбақ, ойындар.


Іс-әрект кезеңдері

Тәрбиеші іс-әректі

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациалық- қозғаушылық


Шаттық шеңбері
Кішіге де сіз,
Үлкенге де сіз
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
Сәлем күн - анамыз,
Бүгін бәріміз қуанамыз.
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Күліп шыққан бүгін Күн!


Балалар қайталайды

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Сұрақ-жауап

– Қазір жылдың қай мезгілі? (Күз)

– Күз мезгілінде неше ай бар? (үш ай бар)

– Бүгін аптаның қай күні? (жұма)



Мақал:

Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей!

Осы мақалдың мағынасы қандай?

Еңбек еткен адамның ырысы мол болады, яғни еңбек еткеннің арқасында тамағы тоқ болып жүреді.

Балаларға ауылдағы адам еңбегі туралы суреттерді көрсетіп, оларды әңгемеге тарту.



Жұмбақ
Әжем уыстап сығып,
Далада кептірген.
Қатты әрі тәтті дәмін,
Кім бар жеп көрген?
(құрт)

Аппақ сұйық,
Қалса ұйып,
Шөлің қанады,
Ішсең құйып

(сүт пен айран)

Маң-маң басып келеді,
Тапырақтап желеді.
Мойны ұзын, үсті тау,
Ертеден елге бел еді.
(түйе)

Үсті тас, асты тас,
Ортасында піскен ас.

(таба нан)


Сергіту сәті

Тереңдет ойыңды,


Тiк ұста бойыңды.
Құстарға ұсайық,
Қалықтап ұшайық.
Шық алға оң қанат,
Шық алға сол қанат,
Шаршаған кездерде
Қонайық жорғалап.

”Қатесін тап” ойыны
Шарты:
тақтаға белгілі бір өнімнен алынған тағамдардың суреттері ілінеді. Балалар сол суреттерден қатесін табуы керек.
Билинагвальдық компонет : адам-человек-human, еңбек –труд-work, ауыл-село-village

Балалар сұраққа жауап береді.

Жұмбақтың шешімін табады.

Бірге қайталайды.

Балалар қызығушылықпен ойнайды.



Рефлексивті-түзетушілік компонент


Қорытынды:
−Балалар бүгін біз не жайлы білдік?
- Сіздерге ауылға барған ұнайды ма?
- Мал шаруашылығымен айналысатын адамдар не істейді?
- Егістікті қай мезгілде орады екен?

−Бүгін  балалар, мен сендерге риза болып отырмын. Рахмет сендерге.



 Оқу іс-әрекетіне жақсы қатысып отырдыңдар.

Балалар сұрақтарға жауап береді.


Күтілетін нәтиже:

Орындайды: Ауыл еңбегі туралы жалпы білім алады.

Түсінеді: Егінші, бақташы сияқты еңбек адамдарының еңбегі туралы.

Қолданады: Ауыл адамдарының еңбегін бағалауды үйренеді, дастарқандағы тағамның неден жасалатынын біледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар