Техникалық тапсырма Көркемдік-конструкторлық ұсыныстың кезеңі


Көркемдік-конструкторлық ұсыныстың кезеңі

Loading...


бет2/7
Дата21.09.2021
өлшемі0.62 Mb.
1   2   3   4   5   6   7
1.Көркемдік-конструкторлық ұсыныстың кезеңі
Қазақ әйелдерінің киім-кешегі. Ғұрыптық  негізделген, ұлттық нақыштағы ою-өрнектермен әшекейленген, әлеуметтік дәрежені көрсететін әйелдердің киімдері. Қазақ әйелдер киім-кешегі көшпелі тұрмыс пен ауа райына бейімделіп, шаруашылық пен мәдени ғұрыптық негізде болған.

Әйел киімдерінің қазақ елінің бәріне мәлім ортақ түрлері:  сияқты киімдер. Сондай-ақ, әшекей, ажар жағынан қыз киімдері, келіншек киімдері, орта жастағы әйелдер мен қарт бәйбішелердің киімдері деп жас ерекшеліктеріне қарай тігіледі. Қазақ қолөнер шеберлері киімге катысты әртүрлі әшекейді зерделей білген. Маусымдық, өлкелік, әлеуметтік және жас ерекшеліктеріне байланысты, сонымен қатар күнделікті тұрмыстық және сән-салтанатты киім-кешек түрлерін тігуде мата, басқа да қажетті заттарға үлкен мән берілген.

Қазақтың ұлттық киімін сипатына қарай іштік, сырттық, сулық, бір киер, сәндік және кейбірінде салтанат  киімі деп бөледі. Бір киер киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға, жиын топтарға барғанда, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді киімдерді атайды. Әйелдердің іштік киімдеріне көйлек, дамбал, желетке, қамзол, кәзекей; сырттық киімдер,  сулық киімдеріне қаптал шапан, кебенек, кенеп, сырттық жатады не 

Мереке, той-думандарда, аста, дүбірлі жиындарда әжелер бастарына ақ кимешек, шылауыш, күндіктерін салып, үстілеріне ақ шақ жалбырлы көйлек, жалаң бешпет, сыртынан оқалы шапан, түлкі ішіктерін киіп, белін жібек белбеумен буып, оюлы кебіс мәсі киіп төрден орын алған. Ал келіншектер, әйелдер бастарына кестелі кимешек шылауыш, түйреуіштерін тағып, сәукеле, қызыл желектерін салады, үстілеріне желбір көйлек, кестелі көйлек, кәзекей кестелі жекет, кестелі камзол, жанат ішіктерін киеді, жібек, кемер белбеу тағынады, құлақтарына алтын сырға, мойындарына алтын-күміс алқа тағып, білегіне білезік, саусақтарына жүзік салып, кестелі тізе қап, биік өкшелі көксауыр етік, қызыл етік, шеттік етік киеді. Сондай-ақ, қазақ қыздары мен бойжеткендері шаштарына шашбау тағып, құлаққа сырға, қолға білезік, сақина салып, мойындарына алтын күміс алқалар тағып, қос етекті алты қиық, төрт қиық көйлектерін киіп, кестелі тізе қап, аяқтарына оюлы қызыл, көк, қара былғары етік киеді.

Қазақ әйелдерінің бас киімдері өзіндік ерекшелік терімен өзгешеленеді және жасалуының өзіндік ғұрыптық, салттық негізі бар. Әйелдердің бас киімдері: бергек, бөрік, жаулық, желек, жырға, кимешек, күндік, орамал, қарқара, сәукеле, тақия, шәлі (жібек, шілтер, оюлы түрі бар) қасаба, бүркеніш, шылауыш және т.б. Қазақ әйелдерінің бас киімдері олардың жасы мен отбасыдағы жағдайына байланысты ерекшеленеді. Жаздыгүні қыздар түрлі-түсті жібек, барқыт, мақпалдан тігілген, төбесі жайпақ дөңгелек тақы я (тебетей) кисе, қыс маусымында бөрік киген. Бойжеткендер мен қыздар зере, тақия, қарқара бөріктерінің төбесіне үкі таққан, себебі қазақ наным-сенімінде үкі құсы киелі саналады. Қыздардың тақиясы қызыл, күлгін, жасыл, т.б. бір түсті шұға, барқыт, мауыты сияқты кездемелерден, өңді маталардан қабатталып сырылып тігіледі.[1]



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар

Loading...