Тегі,аты,әкесінің аты(толығымен) Бекен Мерей Қайратқызы



Дата14.09.2022
өлшемі28.25 Kb.
#290437
Байланысты:
Бай мен кедей ертегі.
бай мен кедей ертегі




Атауы

Толық мағлұмат

1

Тегі,аты,әкесінің аты(толығымен)

Бекен Мерей Қайратқызы

2

Туған күні,айы,жылы

24.08.2004

3

Жұмыс(оқу) орны лауазымы

ЖЖГТК студент

4

Қала,облыс

Жетісу облысы Жаркент қаласы

5

Шығарманың бағыты:(ертегілер,шағын әңгімелер)

Ертегі

6

Шығарманың атауы

«Бай мен кедей»

7

Қатысушының байланыс телефоны

87078950105

8

E-mail

bekenmerei590@gmail.com

9

Қатысушының әлеуметтік парақшалар сілтемесі

https://instagram.com/mikosh_be?igshid=YmMyMTA2M2Y=



10

Қатысушының өмірбаяны мен жетістік тері

Жаркент қаласы Кішішыған ауылында дүниеге келген.

11

Толтыруға күні

19.08.2022


Бай мен кедей
(ертегі)
Ерте заманда бай мен кедей бір ауылда өмір сүріпті. Бай үнемі ел ішіне көмектесіп, жетім-жесірлерге қолындағы барын аямайды екен. Ал кедей: “өз күнімді әрең көріп жүрмін, елді жарылқап қайтемін” деп ешкімге көмектеспей, тіпті үйіндегі бір тоқаш нанын бөліспейтін болған екен. Бай өзінің адал еңбегімен байыса, кедей оны көре алмай, үнемі артынан өсектейді екен. Кедей айналасындағы адамдарға: «Байдың еңбегі адал емес, ол үйінен шықпай, бар тапқанын сандығына тығады»-деп елге өтірік қауесет таратады. Бұл әңгіме байдың да құлағына жетіп, бай сабырлықпен, кісімен сөзге келіп, ұрсысқаннан ештеңе таппайтынын түсініп жүре береді.
Кедейдің кезекті өсегінің бірін бай өз құлағымен естіп таң қалады:
- Әне, мен сендерге айттым ғой, бай үйінен шықпай алтындарын күзетеді деп. Оның бір дәлелі, менің әңгімем оның құлағына жетсе де , ол менің үйіме келіп, маған ештеңе деген жоқ. Менің әңгімем өтірік болса маған келіп, бұл айтқандарың дұрыс емес, өтірік өсек таратпа деп айтуы керек еді ғой, демек менің айтқаным тура келді. Оның өз алтындарын қорғаудан басқа жұмысы жоқ,-деп мысқылдап күледі. Бай оның қасына келеді. Кедей тыным таппай, тыпыршып, сасқалақтап қалады.
-Ассалаумағалейкум байеке, қал-жағдайыңыз қалай, ауырмай сырқамай жүрсізбе?
-Уағалейкум-ассалам, аман-есенмін, әңгімең қызып жатқан сияқты ғой?!
-Байеке, мен сіздің жомарттығыңыз бен кеңпейілділігіңізді мына қасымдағы көршілеріме айтып, сізбен мақтанып жатқан едім, дәл келдіңіз ғой-деп жағымпаздана бастайды. Бай ұялтпайын деп, кедейді жеке сөйлесуге шақырады: Мен ел ішінен көп әңгіме естіп жүрмін, мен туралы өзім білмейтін қауесеттер де бар екен, жарайды мен оған көндім. Бірақ, бағана сенің мен туралы әңгімеңді естіп қалдым да өзіңе кеп айтуды жөн көрдім. Менің саған сол күні келмеген себебім, алтынымды күзеткенім емес. Жай ғана сенімен сөзге келіп қалмайын дедім. Бірақ жаңағы айтқан әңгімең менің көңіліме қатты тиді. Оның дұрыс болмады. Алайда, сенің ақшадан қатты қиналып жүргеніңді білемін, мінекей, саған сыйлығым болсын, сен де ел ішіне көмектесіп, қалғанын өз керегіңе жаратарсың деп оған бір қап алтын береді де, өз жөніне жүре береді. Кедей өзінің ісіне қатты өкініп, осыдан кейін өтірік қауесет таратпай, керісінше өзінің қолындағы бар дүниесін елмен бөлісетін болыпты. Байдың жомарттығы кедейді рухани жағынан қатты өзгерткен екен.
“Таспен атқанды аспен ат” деген мақал осыдан шыққан екен.

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
оқыту мақсаттары
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
болып табылады
қызмет стандарты
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
арналған әдістемелік
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсанға
білім берудің
Әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді
республикасының білім
туралы жалпы
атындағы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Жұмыс бағдарламасы
пайда болуы
қазақ тілінде