Тасымал. Тасымалдауға болмайтын жағдайлар



Дата31.01.2021
өлшемі214.5 Kb.
#40289
Байланысты:
Тасымал
Сыныптан тыс іс шара, Мыңжасарова Несібелі, Дидактикалық жұмыс, 7 апта БӨЖ Мыңжасарова Н

Тасымал. Тасымалдауға болмайтын жағдайлар.

  • Тасымал. Жазу барысында бір жолға сыймаған сөз буын жігі арқылы екінші жолға тасымалданады. Тасымал дауыссыз дыбыстан басталып жасалады. Мысалы, қа - раторғай, қара - торғай, қаратор - ғай; күн - делікті, күнде - лікті, күнделік - ті, т. б. Санаулы сөздер дауысты дыбыстан басталып тасымалданады. Мысалы, ау - ыл, бу - ын, қи - ыр, жи - ын, т. б.
  • Екі дауысты дыбыстың ортасында –й-у- дауыссыз дыбыстары бар сөздерді буынға бөлгенде, бұл дыбыстар келесі буынның басында келеді және солай тасымалданады.
  • Мысалы: жа-уап, қа-йын, са-уын, ке-йін, қа-уын, жа-уын, ба-уыр, та-уар т.б.
  • 2. Тасымал буынға негізделеді.
  • Тасымалдауға болмайтын жағдайлар төмендегіше:
  • 1.Бір дауысты әріпті жол соңында қалдырып, сөздің қалған бөлігін тасымалдауға болмайды. Мысалы: әке, ана, әже, ата, осы, өмір, өнер, әзір сияқты сөздер тасымалданбайды.
  • Сол сияқты сөздің ең соңғы бір дауысты әріптен тұратын буынын тасымалдауға болмайды. Мысалы, армия, Жәния сияқты сөздердегі соңғы я әрпі келесі жолға тасымалданбайды.
  • 2.Бас әріптен қысқарған сөздер тасымалданбайды: МТС, РТС т.б.
  • 3.Қысқартылып алынған кісі аттары тасымалданбайды: А.Құнанбаев, М.О.Әуеуов, С.Мұқанов т.б.
  • 4.Цифрмен алынған сандарды оларға қатысты қысқарған сөзден бөліп тасымалдауға болмайды: 15м, 30см, 60 т.
  • 5. Қысқартылып жазылған өлшем атауларын алдындағы саннан бөліп тасымалдауға болмайды: 11 - сынып, ХХІ ғасыр, 2012 жыл, 22 наурыз, 70 км, 52 кг.
  • 6.Бір буынды сөздерді тасымалдауға болмайды: нан, көл, ор, ел, күрт, жұрт, т. б.
  • Сөз ішіндегі бір сөздің, бір буынның, бір дыбыстың көтеріңкі айтылуы екпін деп аталады. Қазақ тілінде екпін сөздің соңғы буынына түседі. Екпін 1) сөз екпіні, 2) ой екпіні, 3) тіркес екпіні, 4) дыбыс екпіні болып бөлінеді.
  • Сөз екпіні – екі немесе көп буынды сөздің бір буынының көтеріңкі айтылуы. Көктем таңының мұншалық сұлулығын бұрын байқамапты.
  • Ой екпіні – сөйлем ішіндегі бір сөзді оқшаулап, даралап бөліп айту. Ой екпіні түсетін сөз көбінесе баяндауыштың алдында тұрады. Мысалы, Тілектің әкесі ертең Астанадан келеді. Ертең Астанадан Тілектің әкесі келеді. Тілектің әкесі Астанадан ертең келеді.
  • Бірнеше сөздің тізбектеліп келіп бір ғана екпінге ие болуы тіркес екпіні деп аталады. Мысалы, ар - ұждан, ұзын бойлы, үнсіз қалды, қоңыр ала, төбе шашы тік тұрды, құлақ қой, т. б. Бір сөздің ішіндегі бір дыбысты көтеріп, созып айту дыбыс екпіні деп аталады.
  • Дыбыс екпіні қуанышты көңіл күйді білдіргенде дауысты дыбысқа түседі: тама - ша - а, жара - а - йсың, т. б. Ренжу, қынжылу сезімін білдіргенде дауыссыз дыбысқа түседі: отыр - р - р, тоқт - тат, ж - жап есікті, т. б.


Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
оқыту мақсаттары
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
болып табылады
қызмет стандарты
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
арналған әдістемелік
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсанға
білім берудің
Әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді
республикасының білім
туралы жалпы
атындағы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Жұмыс бағдарламасы
пайда болуы
қазақ тілінде