«Тарихи өлкетану» пәнінен бақылау сұрақтары 1 Тарихи өлкетану пән ретінде дамуы. Өлкетану дегеніміз


) «Этнография» түсінігі.Этнологиялық материалдарды жинақтаудың әдістері

Loading...


бет2/2
Дата03.04.2020
өлшемі128.97 Kb.
1   2

3) «Этнография» түсінігі.Этнологиялық материалдарды жинақтаудың әдістері. Этнология(грек etnos-тайпа,халық, grapho-жазамын)- қоғамдық ғылымның тайпалармен халықтарды зерттейтін бір саласы. Этнология қазіргі халықтарды және ертеде өмір сүрген көне этностық топтардың шығу тегін,ру-тайпалық құрамын, қонысын, олардың өзіндік ерекшеліктері мен бәріне бірдей ортақ жайларды,тарихи және мәдени қарым-қатынастарының кәсібін, қоғамдық және жанұялық қарым-қатынастарын, рухани мәдениетін жан-жақта ғылыми негізінде зерттейді.

Археология деректердің өлкетанудағы атқаратын рөлі. Археологиялық дәуірлер мен кезеңдерге бөлу туралы мағлұметтар. Археологиялық ескерткіштер түрлері. Зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары. Қазба жұмыстарынан материалдарды өңдеу әдістері. Археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуге рұқсат алу, арнайы дайындық жұмыстарын жүргізу. Археологиялық материалдарды мектептегі өлкетану жұмыстарына пайдалану тәсілдері жайлы мағлұматтар жинауына арнайы тапсырма біреудің маңызы.

Алғашқы этнографиялық дереетер туралы мағлұматтар. Этнографияның ғылым ретінде дамуының өлкетану жұмыстарына тигізген әсері. Этнографиялық деректердің түрлері. Өлкетанушылық үшін этнографиялық терминдер. Өз өлкесінің салт-дәстүр, әдет-ғұрып білудің маңызы. Студенттерді өз өлкесінде этнографиялық жұмыстар жүргізуге дайындау. Әр студентке өз өлкесінің этнографиялық деректерімен өлкетанушылық сипаттағы реферат дайындауға тапсырмалар беру.

Орта ғасыр дәуірінің алғашқы кезеңінде Батыс Еуропа елдеріндегі мәдени құлдыраудың салдарынан халықтар туралы этногрофиялық деректер жинастыру жоқтың қасы болды. Тек Византияда Араб халифатында,Қытайда ғана этногрофиялық деректер жинала берді. 1955жылдан бастап этногрофиялық бөлімнің қызметкерлері “Орта Азия және Қазақстан халықтарының тарихи-этногрофиялық атласы” атты көне жылдың үлкен тақырып бойынша деректер жинауға кірісіп, 60 жылдары оның әр түрлі салалары бойынша:қазақ халықтарының этногрофиялық тұрғыдан зерттеу тарихы,ру-тайпалық құрамы, ұлттық киімдері туралы еңбектер жарияланды.

Этнографиялық білімдердің қайнар көзі көне дәуірден басталады. Алайда ғылыми сала ретінде этнография ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қалыптасты. Көне Шығыс жеріндегі Мысыр, Бабыл Парсы мемлекеттері өздерін қоршаған елдерге, халықтарға қызығушылықпен қарап, кейде олардың байлықтарының мөлшерін білу мақсатымен оларға соғыс ашса кейде сауда байланысын орнатты.

Этнография алғаш рет ғылыми пән ретінде Ресейде географиялық ғылымнан бөлінді. К. Леви-Стросс еңбектерінде этнография, этнология және антропология және адам мәдениті оқып танудың 3 кезеңі деп қарастырылды.

1.Этнография даналық зерттеуді жүйелеумен сипаттау.


  1. Этнология – географиялық,тарихи жүйелік бағыттарды синтездеу.

3.Антропология – адамды тануға бағытталған ғылым. Этнос адамға тән құбылыс.

4.Этнос термині грек тілінде халық тайпа ру деген мағынаны білдіреді.



4) Қ.Р. Мемлекеттік мұрағат құжаттары. Қазақстан Республикасының Ұлттық Мұрағаты- қоғамның рухани, мәдени, ғылыми, әлеуметтік - құқықтық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында Қазақстан халқының тарихи-мәдени құжаттық мұраларын сақтайтын мұрағаттар, мемлекеттіліктің нысандарын бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасының ұлттық мұрағаты


Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат ғимараты

Құрылған уақыты

2006 жыл

Орналасқан жері

Астана

Мұражай түрі

Ұлттық мұрағат




Мемлекеттің өркениеттілігінің деңгейі халықтың естелік құжаттарын сақтаушы мұрағаттарға деген көзғараспен бағаланады.

Жаңа астанада Ұлттық мұрағат құру идеясы бүгінгі уақыт талабына жауап. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен 2002 жылы 12 желтоқсандағы № 01- 8.15 тарихи хаттамалық шешімімен Ұлттық мұрағат ғимаратты 2003 жылы Астана қаласында салынатын мемлекеттік нысандар тізбесіне енгізілді.



5)Қазақстанда өлкетанудың қалыптасу кезеңдері.   1.Қазақстанда өлкетану ісінің басталуыӨлкетану бұл жаңа құбылыс емес, оның тамыры адамзат тарихының көне дәуірінен басталады. Бұл жұмыстар ХVІІІ-ғасырдың басталу кезеңі, сол кездегі қазақ халқының экономикасы мен мәдениетін, тарихын зерттеумен айналысқан орыс және жергілікті зиялылардың демократиялық бөлігінің прогрессивті ролінің күшейген кезеңі.

     Қазақстандағы өлкетанудың пайда болуы – ХУII ғ. Өлкетану ХУ111 ғасырда әсіресе кең құлаш жайған. Географияның гүлденген уақыты деп аталады. Өлкетану зерттеулерінің нәтижесі жергілікті әкімшілік құжаттарында, губернатор «Есебінде»,губернияның «Топографиялық жазбаларында», Бас жер өлшеушілер материалдарында көрініс берді .

     1834 ж. жергілікті статистикалық мәліметтерді жинау,өңдеу қажеттілігі, губерниялық статистикалық комитеттер құру қажеттігін айқындады. Олардың міндеті: жергілікті әкімшілік статистикасының толық нақты жазу, статистикалық экспедицияларды жабдықтау.

     Өлкетану жұмысын өлкетану музейлер Х1Х- ғасырда кең жайдырды. ХХ-ғасырдың басында  өлкені зерттеуші қоғамдар пайда бола бастады.

     Ресейде губерниялық және уездік (болыстық) экономикалық кеңестер, жергілікті еңбек және қорғаныс кеңесін ашуға шешім қабылдады (СТО – Совет труда и обороны). 1917 жылы Халық-ағарту комиссариатының құрамында ғылыми бөлім құрылды. 1923 ж. өлкетану журналдары шыға бастады: «Өлкетану»,«Орталық өлкетану бюросының хабаршысы» (Известия ЦБК, 1925 ж.) .1930-1936 жж. «Кеңес өлкетану» деп аталды. Бүкілресейлік өлкетану конференциялар 1924, 1927, 1 Бүкілқазақстандық ғылыми-өлкетану съезі  6.04.1930 ж. өтті .

     Өлкетану зерттеулер көп университеттер, ғылыми қоғамдардың бөлімшелер мен  филиалдар: Еркін экономикалық, археологиялық, географиялық, Ресейдің бұрынғы тарихы, жаратылыстану қызығушылар, антропология және этнография қоғамдар, губерниялық архив комиссия, земстволар жүргізді.



     2.Қазақстанда өлкетану жұмыстарының негізгі кезеңдері

     1 кезең. Революциядан  бұрыңғы кезең, патшалық Ресейдің қиыр алыс түкпірлерінде өлкетану үйірме, қоғамы мұражайлары пайда болды. Олар жергілікті мәдениет саласы халық тұрмысын жазып, жинау зерттеуде елеулі табыстарға жетті. Бұл кеңес дәуірі кезеңіндегі өлкетану қозғалысының кең өркендеуіне бастама болды.

     2 кезең.  Кеңес  өлкетануының пайда болуы мен қалыптасуы 1917 жылдан 20 – жылдардың ортасына шейін. Онда өлкетану ғылыми – мәдени қозғалыс ретінде нығайды.



     3 кезең.  Көпшілік өлкетану қозғалысының гүлдену кезең. 20-шы жылдардың ортасынан 30-жылдардың ортасына шейін. Онда Кеңес тарихы өлкетануының негізгі тек орталықта ғана емес, Республикада да қаланды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
білім беруді
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...