«Тарихи өлкетану» пәнінен бақылау сұрақтары 1 Тарихи өлкетану пән ретінде дамуы. Өлкетану дегеніміз

Loading...


бет1/2
Дата03.04.2020
өлшемі128.97 Kb.
  1   2
«Тарихи өлкетану» пәнінен бақылау сұрақтары

1)Тарихи өлкетану пән ретінде дамуы.     Өлкетану дегеніміз – бір территорияны ғылыми негізде жан-жақты зерттеу.

Өлкетанудың зерттеу объектілері болып табылатындар: табиғат, тұрғындар және өлке экономикасы, өлке тарихы, өлке өнері, табиғат, климат, тарихы, тұрғындары, мәдениет және тұрмысы жатады. Өлкетану– көпқырлы, комплексті құбылыс. Өлкетану өз мазмұны бойынша тарихиәдеби, этнографиялық, биологиялық, географиялық, экономикалық болып бөлінеді

    «Өлкетану» түсінігі пайда болғаннан бері (1761 ж. М.Ломоносов жергілікті тұрғындар және балалардың көмегімен өлкені зерттеуге әрекет жасады) әртүрлі мазмұнда болды.

     ХХ ғ. 20-шы жылдары әкімшілік-саяси немесе шаруашылық белгісімен ерекшелетін шағын территорияны синтетикалық зерттеу әдісі ретінде қарады.

1930-жылдары өлкетануды жергілікті халықты біріктірген, өлкені жан-жақты зерттеуге қызыққан қоғамдық қозғалыс ретінде анықтады. Оны тіпті ерекше ғылым деп атаушылар да болды.

    Қазіргі уақытта өлкетану түсінігі ол жергілікті тұрғындардың өз туған өлкесі деп есептейтін ел бөлігін, қала немесе басқа да елді мекенді жан-жақты зерттеу.

    Өлкені зерттеудің көздері: 1. өлкенің топонимикасы (географиялық атауларды зерттеуге арналған ғылым, өлкенің картасы), 2. мұрағат құжаттары, 3. баспа шығармалары, өнімдер 4. заттар 5. жергілікті өсімдіктердің үлгілері (флора), жануардың түрлері (фауна), 6.статистикалық деректер 7.өлкетану библиографиясы 8. тарих және мәдениет ескерткіштері 9. табиғат процестері мен объектілерін бақылау 9.  пайдалы қазбалар.10. Мектеп өлкетану музейі

     Оқу пән ретінде  өлкетанудың негізгі функциялары: танымдылық (өз білімін жетілдіру),  ғылыми (зерттеулік), білім беру,  мәдени-ағартушылық  (тәрбиелік).

     Қазіргі кезде практикалық міндеттер қажеттілігіне орай өлкетану оны ұйымдастыру формасы бойынша ерекшеленеді:

     Мемлекеттік өлкетануда өлкені зерттеу өлкетану музейлерінің, әкімшіліктердің, мәдениет басқармасы мен бөлімдерінде, ғылыми-зерттеу мекемелері, жоғары оқу орындары, облыстық кітапханалар, оқушылар мұғалімдер басшылығымен іске асырады т.б. жүргізеді.

     Қоғамдық өлкетануда өлкені зерттеу қоғамдық өлкетанушылар, туристер, қоғамдық ұйымдар (өлкетану бөлімі, географиялық қоғам, тарих және мәдениетті қорғау қоғамы, табиғатты қорғау қоғамы) т.б. іске асырады.

      Өлкетану жұмыстарының формалары және әдістері: өлкетану оқулыры, үйірмелер, конференциялар, жас туристер  станциясы, жас табиғатшылар, жас техникте, тақырыптық экскурсиялар, жылжымалы көрмелер, өлкетанушылар қоғамы т.б.

     Тарихи өлкетану курсының арналуы және оның мазмұны: студенттер жер-жерлерден тарих және мәдениет ескерткіштерін табуды үйреніп, оларды қорғауды ұйымдастырып, стилін, жасалған уақыты мен көркемдік ерекшеліктерін білу, тұрғын жай немесе басқа да құрылыстардың шығармашылық бастаманы тану, күнделікті ескі-құсқы заттар арасынан өнер шығармалары заттарын таба білу.

     Тарихи өлкетану жалпы өлкетанудың құрамдас бөлігі ретінде өзін қолданбалы тарих саласында көрсетеді және  екі маңызды  белгілермен ерекшеленеді: тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі материалдандырылған тарихи оқиғаларды шағын зерттеуі және қызметтік сипаты. Басқаша айтқанда бұл тек ғылыми-тарихи таным саласы ғана емес (ескерткіштерде көрсетілген өлке тарихын зерттейді және тарихи ғылымды зерттеудің әдістері мен принциптері заңдылықтарына сүйенеді) тұрғындардың кең арасына өлке тарихы мен оның ескерткіштері туралы білімді таратуға бағытталған, оны оңайлау, қызықтыру арқылы тарихшы-өлкетанушылардың белсенді практикалық қызмет саласына да байланысты.

Тарихи өлкетану адам қызметінің әртүрлі түрлерінің жүйесі ретінде, жеке бастың жан-жақты дамуына ыңғайлы жағдай жасайды.

        Тарихи өлкетану негізгі деректерін үш категорияға бөлінеді: материалдық (археологиялық, архитектуралық, өнер шығармалары ж.т.б.), жазбаша және ауызша.  Өлкетану деректері: баспа, статистикалық, картографиялық, мұрағат, ауызша, өлкетану библиографиясы, тарих және мәдениет ескерткіштері, өлкетану білімінің деректемелері ретінде табиғат процестері мен обьектілерін бақылау болып табылады.

     Баспа деректемелері - өлке мәліметінің негізгі деректемелері болып табылатындар кітаптар, мерзімдік және үздіксіз басылымдар (ғылыми қоғамдар, ғылыми-зерттеу институттары, жоғары оқу орындары т.б еңбектер жинағы және ғылыми жазбалары). Әдеби деректемелер әртүрлі: монографиялар және жинақтар, очерктер және мемуарлар, ғылыми және ғылыми көпшілік әдебиеттер,  публицистика және анықтамалық сипаттағы басылымдар.

     Мұрағат деректемелері. Мемлекеттік архивтер халықтың ұлы игілігі ретінде көп ғасырлық құжатты мүраларды сақтаушы болып табылады. Орталық мемлекеттік архивке жататындар ҚР мемлекеттік орталық архиві, облыстық архивтерде  революциядан бүрынғы қорлары, бұлар бұрынғы губерниялық мекемелердің, губернатор кеңсесінің, губернатор,  жандарм басқармасының, бақылау палатасының қылмыс және азамтық сот палатасының, округтың сот т.б қорлары.

     Өлкетану библиографиясы –жалпы библиография секілді бұрынғы шыққан және қайтадан шыққан әдебиеттер ақпараты туралы маңызды құралы.  Оның міндетіне өлкетану әдебиетін анықтау, есепке алу, сипаттау және насихаттау кіреді.

     Өлкетану библиографиялары әрқилы 1) басылым түріне орай 2) арнаулы және әдебиеттерді таңдау толықтығы  бойынша 3) шығарылуы мерзімділігі және кезеңдігі қамтуы бойынша 4) тақырыбы бойынша .

   Басылымдардың түріне орай ерекшеленеуі

Библиографиялық көрсеткіштер (жеке кітап немесе брошюра ретінде басылып шыққандар мысалы Алматы облысының көрнекті жерлері өлкетану библиографиялық көрсеткіштер);

Жергілікті  кітапханалардың баспа каталогы ( Өлкетану жүйелік каталогі)

    Кітап ішіндегі библиографиялық тізімдер: қолданылған әдебиеттер немесе кітап тақырыбы бойынша әдебиеттер тізімі

    Шығарылым мерзімдік тұрғыдан қаралғанда өлкетану библиографиясы ағымдағы және ретроспективті болып ерекшеленеді. Ағымдағы өлкетану библиографиясы  (есепке алу тіркеу түрінде ) ұдайы шығарылады «Кітап жылнамасы», «Журнал жылнамасы», «Кітап шолуы» , «Жергілікті өлкетану туралы библиографиялық корсеткіш» республикалық обылыстық кітапханаларда шығарылады. Ретроспективті өлкетану библиографиясы - белгілі мерзімде шыққан өлке әдебиеттерді қамтиды әдебиеттердің Республика туралы ұсынылған библиографиялық көрсеткіштері

    Құжаттар тобының сипаттаммасы

    ғылыми мақала - ғылыми басылымға  арналған теориялық немесе экспериметтік зерттеулер нәтижелері бар мақала

    диссертация – ғылыми дәрежені қорғауға үсынылған баспалық немесе қолжазба шығарма



    ғалымдар шығармалар жинағы – автордың барлық немесе шығармаларының бірер бөлігін береді, оның шығармашылығын толық көрсететін бір томдық немесе көп томдық басылым

    библиографиялық көрсеткіштер - көмекші көрсеткіштері бар, қажет жағдайда басқа элементтері, құжаттарды жеке шығару сипатындағы, күрделі құрылымдарды библиографиялық оқу құралы (алғысыз, тарау басы ж тб)

    Өмірбаяндық сөздік – белгілі адам, кісінің шығармасын көрсететін , әрі әдебиет және ол туралы библиографиялық мәліметті көрсететін сөздік.    Анықтамалар, жол көрсеткіштер, естелік кітаптар, табиғатқа, тарихи этнографияға тұрғын тіршілігіне арналған монографиялар: губерниялық статкомитеті шығарған «Нижегород губерниясы бойынша Палата жолбасшы» (1896); «Нижгородтық Волга бойынның адамдары: библиографиялық очерктер» (1886), жаратылыс-сынаушылар, қоғамының еңбек жинақтары және жазбалары, Еркін экономикалық қоғам, жаратылыс, білім,  антропология, этнография әуесқойлар қоғамы, Орыс географиялық қоғамы ежелгі Ресей және тарих қоғамы, университеттердің археологиялық қоғамы, губерниялық архив қоғамдары, жергілікті  өлкетану қоғамдары (мысалы, «Костромалық байырғылар) ж.т.б мекемелер әрі жергілікті газет-журналдар.

        Өлкетану библиографиялық көрсеткіштер, каталогтар және тізімдер, анықтама- ақпараттық сипатта, ересек оқырмандардың кең тобына арналған. Өлкені зерттеушілерге арналған өлкетану библиографиясы, балаларға арналған «Оңтүстік Қазақстан өлкесі туралы не оқуға болады?» библиографиясы болады.

Шығарылым мерзімдік тұрғыдан қаралғанда өлкетану библиографиясы ағымдағы және ретроспективті болып ерекшеленеді.



Ағымдағы өлкетану библиографиясы  (есепке алу тіркеу түрінде ) ұдайы шығарылады «Кітап жылнамасы», «Журнал жылнамасы», «Кітап шолуы», «Жергілікті өлкетану туралы библиографиялық көрсеткіш»  республикалық, облыстық кітапханаларда шығарылады.

    Ретроспективті өлкетану библиографиясы - белгілі мерзімде шыққан өлке әдебиеттерді қамтиды, әдебиеттердің республика туралы ұсынылған библиографиялық көрсеткіштері.

Құжаттар тобының сипаттамасы: ғылыми мақала - ғылыми басылымға  арналған теориялық немесе эксперименттік зерттеулер нәтижелері бар мақала; диссертация  - ғылыми дәрежені қорғауға үсынылған баспалық немесе қолжазба шығарма; ғалымдар шығармалар жинағы - автордың барлық немесе шығармаларының бірер бөлігін береді, оның шығармашылығын толық көрсететін бір томдық немесе көп томдық басылым; библиографиялық көрсеткіштер - көмекші көрсеткіштері бар, қажет жағдайда басқа элементтері, құжаттарды жеке шығару сипатындағы, күрделі құрылымдарды библиографиялық оқу құралы (алғысыз, тарау басы ж.т.б); өмірбаяндық сөздік - белгілі адам, кісінің шығармасын көрсететін, әрі әдебиет және ол туралы библиографиялық мәліметті көрсететін сөздік.

Өлкетану жұмыстарындағы әртүрлі  қоғамдық еңбек қорытындылар: Орыс археологиялық қоғамы Шығыс бөлімшесінің еңбектері. - СПб,1892; Шығыс тарихшыларының кітапханасы. - СПб ,1884; Орыс географиялық мәліметі «Қырғыз далалары мен Түркістан өлкесі туралы», «Үлкен сызба»; Торғай облыстық ведомстволары. - Орынбор,1899;  «Қырғыз даласы тарихына арналған материалдар», «Сібір газетінің жинағы. - СПб, 1876; Спасский И.Г. Шығыс библиографиясы.-СПб, 1827; Орынбор губерниясының әскери-статистикалық шолуы.-СПб, 1848; Орыс географиялық қоғамы Орынбор бөлімінің жаңалықтары; Орынбор ғылыми архив комиссиясының еңбектері 20-шы шығарылу. – Орынбор-Уфа, 1909; Алекторов А.Е. Қырғыздар туралы журнал, газет, кітап мақалаларның көрсеткіші.-Қазан, 1900; Түркістан өлкесі статистикасы үшін материалдар жинағы, 1876; Загряжский Г.С. Қырғыздардың заңдылық әдет-ғүрыптары; Түркістан ведомстволары, 1881; Орыс географиялық қоғамы Батыс-Сібір бөлімінің жазбалары, 1874; Орыс археологиялық қоғамы Шығыс бөлімінің жазбалары, 1896.  

Өлкетану – көп қырлы, комплексті құбылыс. Іс жүзінде өлкетанудың тарихи, табиғаттану географиялық, экономикалық әдеби және басқа түрлері орнықты.

Біз тілге тиек етер зерттеу 1920-30 ж.ж. Қазақстандағы тарихи өлкетану өркендеуі алғашқы өлкетану үйірмелерінің завоттар мен фабрикаларда колхоздар мен совхоздарда, кеңес мекемелері мен оқу орындарында, аудандар, қалалар мен облыстарда бөлімдері мен бюролары, орталықта өлкетану қоғамдарының құрылуының бастапқы қызғылықты қалыптастырудың маңызды кезеңі туралы сөз болмақ.

Сол кезеңдегі Қазақстандағы өлкетану қозғалысы елеулі табыстарға жетеп, бұрыңғы артта қалған өлкенің қайта құруылығын экономикалық, мәдени бағдарламаларын іске асыруға ықпал етті.

2) «Архитектура» түсінігі. Архитектураның шығу кезеңі. Сәулет - құрылыс өнері; жобалау және құрылыс салу өнері. Архитектура, сәулет өнері – құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері. Архитектура латынша арцһітецтұра, ал грекше арцһітектон, яғни құрылысшы деген мағынаны білдіреді. Архитектура туындылары адамның күнбе-күнгі тіршілік ортасын қалыптастырады. Олар: әр түрлі қажеттіліктерді атқаруға арналған және адамның эстетикалық талғамына жауап бере алатындай болып салынған тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер. Сәулет өнері – техниканың, ғылымның және өнердің тоғысқан жері. Адамзат баласы көне заманнан бастап құрылыспен айналысқан. Адамдар неолит кезінде үйді ағаштан, қамыстан, талдан және балшықтан салды. Су айдынында, қағылған қазықтың үстіне тұрғызылған үйлер де болған. Біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың ортасында ірі тастардан қаланған монументті құрылыстар: кромлехтер, менгирлер мен дольмендер пайда болды. Менгирлер тігінен қойылған биік тастар тізбегінен тұрады. Дольмен – қатар қойылған екі тастың үсті үшінші таспен жабылып, біріне-бірі жалғасып келетін дәліз іспеттес.



Ғизадағы пирамидалар



Ал шеңбер жасап, төбелері жабылған тас құрылыстарды кромлех дейді. НілЕвфрат, Тигр, Үнді, Ганга, Чанзен өзендерінің сағаларында көне заманда Мысыр, Месопотамия, Үндістан және Қытай сияқты ірі мемлекеттер пайда болып, ғаламат сәулет туындылары дүниеге келді. Мардук атты құдайға арналған Вавилон мұнарасы іргетасы 250 м биік тұғырға орнатылды. Анығында бұл жеті қабатты, ұшар басына қарай баспалдақтап жіңішкере беретін зиккурат еді. Месопотамияда ежелгі заманның өзінде-ақ біздің заманымыздан бұрынғы 5000 – 1800 ж. каналдар, су қоймалары, акведуктар, көпірлер мен бекіністер салынды. Тигр мен Евфратты қосқан ұзындығы 400 км каналды техникалық зор жетістік деп айтуға болды. Біздің заманымыздан бұрынғы 2700 – 2200 ж. салынған Мысыр пирамидалары мен ғибадатханалары зерттеушілер мен мамандарды әлі күнге дейін таңдандырып келеді. Месопотамияда ғимараттар балшықтан, күйдірілген кірпішпен салынып, сырты қапталып отырса, Мысырда олар сом тастан қаланды. Біздің заманымыздан бұрынғы 2200 – 1500 ж. Фивы қаласы астана болған тұста, жартасқа жартылай үңгіп салынған ғимараттар пайда болды. Жаңа патшалық (біздің заманымыздан бұрынғы 1500 – 1100) кезінде Карнак пен Луксордағы ғибадатхана кешендері салынды. Мысырдағы ең үлкен Карнак ғибадатханасы перғауын Сети І тұсында тұрғызылған.



ПантенонАфинаГрекия

Сәулет өнерінің дамуына зор үлес қосқан, елдің бірі – Грекия. Көне грек архитектурасының ең күшті дамыған кезі – біздің заманымыздан бұрынғы 5 ғасырдағы Периклдың билік құрған тұсы. Алдымен, Афина қаласының ең биік жеріндегі жартасқа ауданы 300Х130 м жерге Акрополь салынды. Ортасында сәулетшілер Иктин мен Калликрат Парфенон ғибадатханасын ұзындығы 70 м, ені 31 м (біздің заманымыздан бұрынғы 448 – 438) тұрғызды. Ғимарат шатырын биіктігі он метрге жуық, 136 (периметріне қойылған) бағана ұстап тұрды. Ішіне Фидий жасаған Афина мүсіні орнатылды. Грек сәулетшілерінің дүниежүзілік архитектураға қосқан бір жаңалығы – архитектуралық ордерлер жүйесі. Ордерлік жүйе бірнеше құрамдас бөліктен тұрады және олардың өзара орналасу тәртібі бар. Ең басты белгісі – бағана, олардың ұшар басы капитель деп аталады. Бағаналар – антаблементті (арқалықты) көтеріп тұрады. Ордерлік жүйенің үш негізгі түрі болған: дори, ионика және коринф ордерлері. Рим сәулет өнері дамудың үш кезеңінен өтті: патшалық дәуір (біздің заманымыздан бұрынғы 8 – 6 ғасырлар); республика кезеңі (біздің заманымыздан бұрынғы 5 – 1 ғасырлар) және императорлық дәуір (біздің заманымыздан бұрынғы1 ғасыр – біздің заманымыздың 5 ғасыры). Римнің дүрілдеп тұрған кезінде туған құрылыс – Пантеон, құдайлар құрметіне орнатылған ғимарат. Оны сәулетші Аполлодор Дамасский 118 – 125 ж. салған. Диаметрі 43 м. дөңгелек қабырға тұңғыш рет күмбезбен жабылды. Кірпіш аралас бетон қабырға алтын түсті сарғылт мәрмәрмен қапталды. Пантеонның диаметрі мен биіктігі бірдей – 43,5 м. Жарық жоғарыдан диаметрі 9 м тесіктен түсіп тұрады. Римнің таңқаларлық құрлыстарының бірі – 80 мың адам сиятын Колизей амфитеатры, онда ордерлер жүйесі қолданылды. Термы моншалар кешені салынды. Каракаллы моншасына үш мың адам бірден кіре алған. Римдіктер тамаша тас жолдар, су құбырларын, акведуктар және көпірлерді сала білді. Еуропа елдерінде бес түрлі архитектуралық стиль бірінен соң бірі орын алмастырды. Олар: роман стилі, готика, ренессанс, барокко, классицизм. Роман стилінің дамуына Франция көп ықпал етті. Мұның басты ерекшелігі – қабырғалары сом соғылған бітеу, салмақты болып келеді. Терезелері енсіз, тар, бекініске ұқсайды. Готика стилінің ерекшелігі – құрылыс композициясы жоғары созылып, салмақ көтеретін құрылыс қаңқасы күрделі болып келеді, терезелері сүйір етіп ойылады, күмбезі қиық болып келеді де қырлары бүріледі. Қиық күмбездің арқасында салмақ құрылыс қаңқасына түседі. Сырттағы тіреулер арқылы қабырғаға түсетін салмақ азаяды. Готиканың алғашқы туындысы Париждегі Нотр-Дам соборы (12 ғасырдың 2-жартысы – 13 ғасырдың басы). Бір келгенде 9 мың адам сияды. Әрбір тетігінде готикаға тән ерекшеліктер сақталған. Готиканың гүлденген шағы – 13 ғасыр. 100 жыл бойы салынған Реймс соборы (1212 – 1311) соның дәлелі. Собордың бір де бос жері жоқ, бәріне мүсіндер қойылған. Терезелердегі түрлі-түсті витраждар көздің жауын алады. Ренессанс стилі 15 ғасырда Италияда пайда болды, оны ежелгі дәуір өнерінің қайта жаңғыруы деп қарауға болады. Ренессанс, яғни Қайта өркендеу дәуірінде архитектураның алатын орны ерекше болды. Бұнда құрылыс тым биіктетілмей айнала кеңістікке бауыр жазды. Ренессанс архитектурасы ежелгі дәуір архитектурасынан ордерлік жүйені ғана алған.



Нотр Дам де ПарижФранция

Еуропа елдерінде 17 ғасыр мен 18 ғасырдың 1-жартысына дейін дамыған барокко стилінің басты ерекшелігі сәулеттік туынды тіп-тік, тақтадай жазық болмайды, оның әр қыры мүсіндік, болмаса әшекейлі әлеміштермен өрнектеледі, сәулетші мүсінші сияқты кең тыныспен, қиялға еркін беріліп жұмыс істейді. Еуропа елдерінде 17 – 19 ғасырларда классицизм стилі дамыды. Бұл бағыт, ежелгі дәуір архитектурасы мен ренессанстық архитектураның композициялық әдістері мен түрлерін жетілдіруден туған. Шығыс архитектурасының тарихы біздің заманымыздан бұрынғы мыңыншы жылдардан басталады. Үндістанда мінажат үйлерінің сәулетті нұсқалары: ступалар, үңгір-ғибадатханалар және жер үсті ғимараттары салынды, зәулім сарай кешендері пайда болды. Үнді архитектурасы композициясының байлығымен, түрінің әсемдігімен және мүсіндік бейнелердің әсерлілігімен көз тартады. Олар: біздің заманымыздан бұрынғы 1000 ж. салынған Каджураходағы, 14 ғасырда салынған Танджордағы ғибадатханалар. Қытай архитектурасының басты ерекшелігі өз елінің сенім-нанымынан туып, тұрмыс-тіршілігіне және табиғатына сай келеді. Жалған монументалшылдық пен бос әлеміштер кездеспейді. Әр тетік лайықты орнында тұрады, бар нәрсенің қолданыс табуы ақылға сыйымды. Әлемге әйгілі Ұлы Қытай қорғаны біздің заманымыздан бұрынғы 3 ғасырда салынған, Цзяюйганьнан (Ганьсу провинциясы) Ляодун шығанағына дейін созылған. Ежелгі Жапония архитектурасының жетістіктері ғибадатхана кешендерімен байланысты. Атап айтқанда олар: Нарадағы (көне астана) Хорюдзи (7 ғасыр), Якусидзи (7 – 8 ғасырлар), Удзидегі Бедоин (11 ғасыр), Киото қаласының түбіндегі Дзиседзи (15 ғасыр) ғибадатханалары. Бұл көне құрылыстардың кейбір композициялық құрылымы 14 – 18 ғасырларда өз жалғасын тапты. 19 ғасырдың 2-жартысынан бастап, 20 ғасырдың басында әлемде өндірістің жаңа түрлерінің пайда болуына байланысты фабрикалар, зауыттар, электр стансалары, вокзалдар, аңғарлар, гараждар, элеваторлар салынды және банктер, биржалар, фирмалар жұмыс істей бастады. Қалаларда көп қабатты үйлер бой көтерді, театрлар, музейлер, ауруханалар, ғылым және оқу ғимараттары салынды. Құрылыс техникасының дамуына байланысты бұл кезеңде металл, әйнек, темір-бетон кеңінен пайдаланылды. Үлкен кеңістіктерді жаба алатын, зәулім үйлер тұрғызуға мүмкіндік беретін жаңа жүйелер мен тәсілдер туды (ірі блокты, ірі панельді қабырғалар, тақия-күмбездер, ванттық құрастырмалар, т.б.). Инженер Александр Эйфель металдан 1889 ж. биіктігі 312 м Эйфель мұнарасын орнатты. Америкада көп қабатты зәулім үйлер пайда болды. Алғашқы биік үй 1880 ж. салынды. 55 қабат «Булворт-билдинг» 1913 ж., 77 қабат «Крайслер – Билдинг» 1932 ж. салынып бітті. 30-жылдардағы ең биік (380 м) 102 қабат «Эмпайр стейт билдинг» ұзақ уақыт биіктігі жағынан 1-орында тұрды. 1971 – 73 ж. Нью-Йоркте архитектор Минору Ямасакидің жобасы бойынша Халықаралық сауда орталығының призма тектес екі үйі іске қосылды (биіктігі 412 м, 110 қабат). Қазіргі әлемдегі ең биік ғимарат – «Сирс-Орбак» Чикагода, биіктігі 442 м, 109 қабат. Дүние жүзі архитектурасының дамуында көптеген бағыт болды: конструктивизм, функционализм, метаболизм, модерн, халықаралық стиль, органикалық архитектура, рационализм. 20 ғасыр архитектурасының дамуына зор үлес қосқан Огюст Перре бірінші болып қаңқалық құрылымдарды, темір-бетонды қолданды, құрылысқа стандарттауды және өнеркәсіптік әдістерді кіргізді. Италия инженері әрі архитектор Пьер Нерви армоцементті ойлап тауып, темір-бетонды тиімді және көркемдік тапқырлықпен пайдаланды. Ол Римде Спорт сарайын, Флоренцияда еңселі биік стадионды салды. Функционализмнің негізін қалаушылар Вальтер Гропиус пен Мис ван дер Роэ «Баухауз» көркем құрылыс мектебін басқарды, архитектуралық формалардың қалыптасу заңдылығын зерттеді. Америка архитекторы Франк Райт органикалық архитектураның (Пенсильваниядағы «Су үстіндегі үй», Нью-Йорктегі «Гуггенхейм» музейі) негізін қалады. Француз Ле Корбюзьенің архитектура тарихында алатын орны өте зор (Роншандағы капелла, Марселдегі тұрғын-үй, Чандигархтың жобасы, ондағы тұрғын және қоғамдық үйлер). Жапон сәулетшісі Кэндзо Тангэ жас кезінде Ле Корбюзьенің әсерінде болған, кейін өз жолын, шеберлік арнасын тапты. Оның Олимпиялық спорт кешені «Йойоги» 22 мың адам сиятын стадионнан, төрт мың адамдық жабық спорт залынан тұрады. Бұл спорт кешені мүсіндік сұлулығымен, батыл инженер-конструкторлық шешімімен, көлемінің динамикасымен ерекше көзге түседі. Тарихшыларымыздың айтуынша қазіргі уақытта Қазақстан жерінде 600-ден астам неолит және энеолит дәуірінің ескерткіштері мәлім. Неолиттік тұрақтар орналасу сипатына қарай – бұлақ, өзен, көл, үңгір тұрағы деп төрт түрге бөлінеді. Орталық Қазақстанда да кромлехтер, менгирлер, дольмендер болған. Бұлардың қойылу ретінде де Мысырдағы, Орталық Америкадағы құрылыстар сияқты астрономиялық заңдылықтар ескерілгендігі, сол кездегі діни-нанымдарға орай салынғандығы байқалады. Қазақстан жерінде біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықта тиграхауда сақтары тайпаларының үлкен тобы қоныстанған. Олар Қазақстан жерінің оңтүстік-шығысы мен оңтүстігін толық игерген. Сырдария, Іле, Талас, Лепсі, Есік, Шелек, Шарын, Кеген өзендері аңғарларында көптеген үлкенді-кішілі обалар шоғырланған. Биіктігі 20 м-ге дейін жететін «патша» обалары Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда өте көп. Біздің заманымыздан бұрынғы 5 ғасырға жататын Бесшатыр қорымынан («сақ пирамидаларынан») бөренелерден тұрғызылылып, жақсы сақталған ірі құрылыстар табылды. Бұлар Орта Азия мен Қазақстанда ағаштан салынған сәулет өнерінің ең ежелгі бірегей ескерткіштері болып табылады. Бесшатыр қорымы Іле өзенінің оң жағасында. Ол 31 обадан тұрады, олардың 21-і таспен, ал 10-ы қиыршық таспен және топырақпен жабылған. Үлкен обалардың диаметрі 45 м-ден 105 м-ге, биіктігі 6 м-ден 18 м-ге дейін жетеді. «Алтын адам» табылған Есік обасы үлкен қорымның оңтүстік шетінде орналасқан. Біздің заманымыздың 6 – 7 ғасырларында керуен жолының үстінде, Қазақстан жерінде Тараз, Құлан, Сайрам (Исфиджаб) Отырар, Сығанақ, Құмкент, Созақ, Алмалық сияқты ірі қалалар, Ақыртас, Баба Ата, Ақсүмбе сияқты қорған-бекіністер болған. Оңтүстік қалалары бекініс, шаһристан, рабаттан тұрған, су құбырлары болған. Торғай, Жыланшық, Кеңгір, Жезді, Сарысу өзендері бойынан 10 – 11 ғасырларда өмір сүрген алпысқа жуық қалашық орындары анықталды. Бабаджа хатун күмбезі, Айша Бибі мазары, Жұбан ана күмбезі, сәулет өнерінің күрт дамығанын көрсетеді. Қарахан әулеті тұсында Алаша хан күмбезі, Жошы хан күмбезі, Аяққамыр күмбезі, Қожа Ахмет Иасауи кесенесі 10 – 14 ғасырлардағы Қазақстандағы сәулет өнерінің жоғары деңгейін танытады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
бойынша жиынты
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
дістемелік сыныстар
Конкурс ткізу
стандарттарын бекіту
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
білім беруді
жалпы білім
ауданы кіміні
конкурс туралы
мектепке дейінгі
рметті студент
облысы бойынша
мерзімді жоспар
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
мелетке толма
директоры бдиев

Loading...