Мәнмәтін 25. Қортық Пипин
Пипин Короткий (плод художественного воображения Нового времени).
Қортық Пипин франктер мемлекетіндегі жаңа әулеттің негізін қалады. Бірақ ол Пипиннің емес, оның әкесі Карл Мартелдің атымен Каролингтер (Карлдың латынша аты Карлоус болатын) әулеті деп аталды.
Жан Фуке. «Үлкен француз хроникасынан» миниатюра. Шамамен 1460 ж. Каролингтер әулетінің ең атақты королі: Ұлы Карл
Қортық Пипин король атағына қол жеткізді: Құдай атымен сөйлеуге құқы бар Рим папасын пайдалану арқылы
«Пипин сыйлығының» жұрнағы болып табылатын мемлекет: Ватикан
Ұлы Карл. Франк империясы. 843 жылы Карлдың кіші ұлына тиесілі болтан империя бөлігі: батыс
Мәнмәтін 26. XII ғасырда Сайрамнан шыққан діндар, шайқы Қожа Ахмет Яссауи Түркістан өңіріндегі кішкене ғана шаһарға қоныс тепті. Йассауи мекендеген шаһарда қылует мешіт ашылғаннан бастап мұсылман дінінің сопылық ағымының орталығына айналды. Қожа Ахмет бүкіл мұсылман халқын ынтымақ пен бірлікке шақырған тамаша діни шығармаларын сонда жазды. ассауи қайтыс болғаннан кейін оның денесі қойылған қабірдің басына кішігірім кесене салып, шаһарға Иассы аты берілді. ХІҮғасырда Тоқтамыс Йассыны шауып, Ахмет Йассауидің кесенесін талқандап, ішіндегі құнды да, қасиетті мұраларын тонап кетеді. Бірақ көп ұзамай оның ізімен қуып барған Әмір Темір Алтын Орданың астанасы Сарайды талқандап, тонаудан жиналған қазынаға Қожа Ахметтің басына зәулім кесене тұрғызады. Кесененің жалпы құрылысы:
Ахмет Яссауи кесенесі бөлмелерінің ішіндегі негізгісі: Кітапхана
Ахмет Яссауи кесенесінің биіктігі: 37,5 м
Ахмет Яссауи кесенесінің ішіндегі үлкенді-кішілі бөлмелер саны: 35
Залдың ортасында тұрған тайқазанның жасалған мерзімі: 1399 жылы
Көрхананың үстіне қатпарлы күмбез орнатылған. Күмбездің барабандарында салынған өрнек: Араб жазуымен өрнектелген
Мәнмәтін 27. Леонардо да Винчи (1452-1519 жж. немесе 1456-1519 жж.) – Италияның қайта өркендеу дәуірінің аса ірі қайраткері және оның негізін қалаушылардың бірі. Оның жан-жақты ғылыми және көркем шығармашылық қызметінің маңызы кейін оның қолжазбаларын жинақтап, үңіле түскенде ашыла түсті. Леонардо да Винчи тек ұлы суретші ғана емес, ұлы математик, физик, астраном, архитектор және инженер болған.
Аждаһа қалқаны
Ұлы суретшінің алғашқы қарымы туралы мынандай аңыз бар. Әлдебір шаруашылықтың қожайыны Леонардонын әкесіне інжір ағашынан жасалған қалқанын табыстап тұрып, тәуірлеу суретші тауып, қалқанның бетіне өрнек салдырып беруге өтініш қылады-мыс. Ал басы артық жұмысқа бола бас қатырғысы келмеген Пьеро бұл шаруаны ұлына тапсырады. Содан, қалқанға көзі түскен кісінің зәресі зәр түбіне кетсе деген ой иектеп, Леонардо, жылан мен құбыжық кейіпті құрт-құмырысқаларға қарай отырып қалқанның бетіне қиял ғажайып аждаһаның суретін салған екен. Ертесіне расында баласының қолынан шыққан дүниені көріп, қайран қалған әкесі.............: оны бейнелеу өнеріндегі кватроченто тәжрибесін ұстанушы Андрео дель Верроккьоға жетектетіп қоя береді. Сөйтіп бозбала жігіт сол замандағы мен деген суретшінің шеберханасынан бір-ақ шығыпты.Қайта өркендеу дәуірінің суретшілері мен олардың туындыларын сәйкестендіріңіз: 1-С, 2-В, 3-А
Достарыңызбен бөлісу: |