Тарих және құқық



бет4/6
Дата09.09.2017
өлшемі0.71 Mb.
#19856
1   2   3   4   5   6

1.Криминология ұғымы.


2.Криминология пәні.

3.Криминология білімнің пәнаралық саласы.

4.Криминология курсының жүйесі.

Мақсаты: Криминология (латынша «crimen» - қылмыс, «logos» - ғылым) – қылмыс туралы, кең мағынада алсақ – қылмыскерлік туралы ғылым.

Бұл терминді алғаш рет итальяндық ғалымдар Гарофало мен Топинар қолданған, олар 1885 жылы осылай аталатын монография шығарған.

Криминология – бұл қылмыскерлікті, оның себептерін, қылмыскердің жеке басын және қылмыскерліктің алдын алу іс-шараларын ұйымдастыруды зерделейтін өзінше дербес әлеуметтік ғылым.

Криминология пәні:

- қылмыскерлік;

- қылмыскерліктің себептері;

- қылмыскердің жеке басы;

- қылмыскерліктің алдын алу шаралары.



Бақылау сұрақтары:

  1. Қылмыскерліктің себептері мен жағдайлары?

  2. Қылмыскерліктің алдын алу?

  3. Криминология жүйесі?

Әдебиеттер:


1. Алауханов Е.О. Криминология (Қылмыстықтану): Оқулық. Алматы: Жеті жарғы, 2005

2. Алексеев А.И. Криминология: Курс лекции. М.: Щит - М, 1999

3. Долгова А.И. Криминология: краткие учебные курсы юридических наук. М.: Норма, 2002
Лекция -2

Тақырып: Криминологияның тарихы мен бүгінгі жағдайы.

1. Криминологияның қалыптасуы.

2. Криминологиядағы биологиялық теориялар.
Мақсаты: Криминологияның даму кезеңдері: классикалық, позитивтік, қазіргі.

Классикалық кезең (18-ғасырдың екінші жартысы – 19-ғасырдың соңғы үштен бірі) ағарту дәуірінің идеяларына негізделген, бұл кезеңде қылмыс жасау құдыреттің ісі деген діни ұғымнан ғылым арыла бастаған.

Бұл классикалық кезеңнің белгілі өкілдері Беккариа (1764 жылғы «Қылмыс және жаза туралы» еңбегі) және Бентам еді.

Позитивтік кезең (19-ғасырдың соңғы үштен бірі – 20-ғасырдың 20-жылдары) үш бағытты: биологиялық, социологиялық және психологиялық бағыттарды өзіне негіз етіп алды.

Биологиялық бағыт қылмыскерлікті зерделегенде антропологиялық көзқарас шеңберінде қалыптасты. Бұл көзқарастың елеулі өкілдері: Галль, Ломброзо, Гарофало, Ферри.

Социологиялық бағыт статистикалық, әлеуметтік-экономикалық, социологиялық, әлеуметтік-құқықтық тәсілдерге негізделген. Өкілдері: Кетле, Герри, Дюкпетьо, Хвостов.

Психологиялық бағыт өкілдері: Гарофало, Коулмен, Фокс.

Қазіргі (плюралистік) кезең (20-ғасырдың 30-жылдарынан осы уақытқа дейін) осы күнгі қылмыстардың себептеріне түсініктеме беретін көптеген теориялардың туындауымен ерекшеленеді.


Бақылау сұрақтары:


    1. Интеракционизм?

    2. Таңбалау теориясы?

Әдебиеттер:

1. Алауханов Е.О. Криминология (Қылмыстықтану): Оқулық. Алматы: Жеті жарғы, 2005

2. Алексеев А.И. Криминология: Курс лекции. М.: Щит - М, 1999

3. Долгова А.И. Криминология: краткие учебные курсы юридических наук. М.: Норма, 2002


Лекция -3

Тақырып: Криминологияның тарихы мен бүгінгі жағдайы.

1. Криминологиядағы социологиялық теориялар: факторлар теориясы (Кендле мен оның ізбасарлары).

2. К.Маркс., Ф.Энгельс қылмыс жасаудың экономикалық детермирлігі туралы.

3. Криминологияның бүгінгі жағдайы.

Мақсаты: Социологиялық бағыт статистикалық, әлеуметтік-экономикалық, социологиялық, әлеуметтік-құқықтық тәсілдерге негізделген.

Статистикалық тәсіл. Өкілдері: Кетле, Герри, Дюкпетьо, Хвостов.

Қылмыскерлікті зерттеудің статистикалық тәсілдерінің негізгі идеясы қылмыскерлікті болжағанда және оның алдын алғанда жасалған қылмыстардың, қылмыскерлер мен олардан зардап шеккен адамдардың саны, түрлері, сипаты туралы статистикалық мәліметтерді пайдалануға келіп тіреледі.

Социологиялық тәсіл. Оның өкілдері: Дөркгейм, Мертон, Сатерленд.

Әлеуметтік-экономикалық тәсіл. Өкілдері:Гарофало, Ферри, Марро, Ашшафенбург, Энгельс.

Әлеуметтік-құқықтық тәсіл. Өкілдері: Гарофало, Марро, Дюркгейм, Маркс, Хвостов, Орлов.


Бақылау сұрақтары:

      1. Сигментация?

      2. Мәдениеттер қақтығысы теориясы?

Әдебиеттер:

1.Долгова А.И. Криминология: Краткий учебный курс. М.: Норма, 2002

2. Жадбаев С.Х. Криминология: Краткий курс лекций. Алматы: Жеті жарғы, 2002

3.Криминология: Учеб./ Под ред. И.И. Рогова, К.Ж. Балтабаева. Алматы: ТОО Изд-во Норма -К, 2004


Лекция - 4

Тақырып: Криминологиялық зерттеулер әдістемесі.

1. Қылмысты криминологиялық зерттеулердің және оған байланысты проблемалардың міндеттері.

2. Жекелеген объектте, аймақта құқық бұзушылықты зерттеудің ерекшеліктері.

3. Криминологиялық ақпарат ұғымы.


Мақсаты: Криминологиялық зерттеулер әдістемесі дегеніміз – қылмыскерлік, оның себептері мен жағдайлары, қылмыскердің жеке басы, қылмыскерлікпен күрес шаралары туралы ақпаратты жинақтаудың, өндеудің, талдаудың және бағалаудың нақты әдістерінің, амалдарының, тәсілдерінің, құралдарының, қылмыскерліктің дамуын криминологиялық болжау және онымен күресті жоспарлау әдістерінің жүйесі, сондай-ақ қылмыскерліктің алдын алу практикасын жетілдіру және ол қызметтің тиімділігін арттыру мүмкіндіктері жөніндегі ұсыныстарды іске асыру.

Криминологиялық зерттеулердің кезеңдері:



    • дайындық кезеңі – зерттеу тақырыбын таңдау, болжамды құрастырып баяндау, зерттеу пәнін, нысанын және әдістерін таңдау, ұйымдық-техникалық мәселелерді шешу;

    • методологиялық жақты қамтитын бағдарлама жасау (проблеманы, теорияларды, бұрын алынған нәтижелерді суреттеп жазу, болжам ұсыну және т.б.) және процедуралық жағын қарастыру (зерттеудің жоспары мен мерзімін көрсету, әдістемесін беру т.б.),

    • зерттеудің эмпириялық объектілерін анықтау;

    • нақты зерттеулердің әдістемесін жасау;

    • әдістемелер пилотажы және оларды аяғына жеткізу;

    • бастапқы ақпараттарды жинастыру;

    • алынған мәліметтерді сандық және аналитикалық өңдеу;

    • зерттеу нәтижелерін, ұсыныстар мен пікірлерді ескерту.

Бақылау сұрақтары:

  1. Статистикалық әдіс дегеніміз не?

  2. Статистикалық әдістің кезеңдері дегеніміз не?

  3. Ішінара таңдау әдісі дегеніміз не?

Әдебиеттер:

1.Долгова А.И. Криминология: Краткий учебный курс. М.: Норма, 2002

2. Жадбаев С.Х. Криминология: Краткий курс лекций. Алматы: Жеті жарғы, 2002

3.Криминология: Учеб./ Под ред. И.И. Рогова, К.Ж. Балтабаева. Алматы: ТОО Изд-во Норма -К, 2004


Лекция-5

Тақырып: Криминологиялық зерттеулер әдістемесі.

1. Криминологиялық зерттеулер тәсілдері. Қылмыстық істердің құжаттарын зерттеу, материалдарын талдау.

2. Криминологиялық зерттеулерді ұйымдастыру.
Мақсаты: Социологиялық әдістер:


    • сұрау;

    • бақылау тобы әдісі;

    • құжаттық әдіс;

    • бақылау;

    • эксперимент;

    • сараптық баға.

Сұрау – респонденттердің жауабы арқылы апарат алу. Оның негізгі түрлері: анкета тарату, сұхбаттасу.

Анкета тарату – арнайы құрастырылған жазбаша анкета бойынша адамдардың белгілі бір санынан жауап Алу немесе мәліметтерді жинақтап қорыту және сол жинақталған мәліметтерді талдау және бағалау жолымен криминологиялық проблемаларды зерттеу тәсілі.

Сұхбаттасу - әңгімелесіп отырған екі адамның біреуі сұрақ қояды, екіншісі жауап береді.

Бақылау тобы әдісінде зерттеуге объектілердің екі немесе одан көп тобы қатысады, оның біреуі бақылау тобы, ал басқасы – експеримент тобы болады.

Құжаттық әдісте криминологиялық зерттеулер үшін құндылығы бар ақпараттар келтірілген құжаттар зерделенеді.

Бақылау әдісі дегеніміз – криминологиялық маңыздылығы бар жағдайларды (ахуалды) көзбен көріп бақылау.

Эксперимент – ғылымға сүйенген тәжірибе.

Сараптық бағалау қандай да бір құбылысты болжау үшін қажет.



Бақылау сұрақтары:

    1. Социометрия дегеніміз не?

    2. Тестілеу дегеніміз не?

Әдебиеттер:

1. Криминология / Под ред. В.Н. Бурлакова, Н.М. Кропачева. СПб: Питер, 2002

2. Криминология: Учебник / Под ред. В.Н. Бурлакова, Н.М. Кропачева. СПб: Питер, 2004

3. Криминология / Под ред. Долговой А.И. М.: Норма, 2001



Лекция-6

Тақырып: Қылмыс жасаушылық және оның негізгі сипаттамасы.

1. Қылмыс жасау - әлеуметтік-құқықтық орта. Қылмыскерлік және қылмыс, олардың арақатынасы.

2. Қылмыскерліктің сандық және сапалық жақтары және олардың көріністері.

3. Қылмыскерлік динамикасы, бұл динамикаға әсер ету.

4. Латентті қылмыскерлік проблемасы.
Мақсаты: Қылмыскерлік ұғымын және оның сипаттамаларын анықтауда әр түрлі тәсілдер қолданылады, олар: құқықтық, социологиялық, философиялық, биологиялық тәсілдер.

Құқықтық тәсіл қылмыскерлікті қылмыстар жиынтығы деп қарастыруды көздейді.

Социологиялық тәсілде қылмыскерлік құбылысы әлеуметтік кесел деп, ал нақты қылмыстар – оның жекелеген көрінісі деп қарастырылады.

Биологиялық тәсіл қылмыскерлікті жеке адамның сырқат күйі, оның психикалық және физикалық ауытқуының нәтижесі деп қарастырады.

Философиялық тәсілде қылмыскерлік «жақсылық» және «жамандық» деген философиялық ұғымдар тұрғысынан сипатталады.

Бақылау сұрақтары:


    1. Қылмыскерлікке тән қасиеттер?

    2. Тұрақтылық дегеніміз не?

Әдебиеттер:

1. Криминология / Под ред. В.Н. Бурлакова, Н.М. Кропачева. СПб: Питер, 2002

2. Криминология: Учебник / Под ред. В.Н. Бурлакова, Н.М. Кропачева. СПб: Питер, 2004

3. Криминология / Под ред. Долговой А.И. М.: Норма, 2001



Лекция-7

Тақырып: Қылмыс жасаушылық және оның негізгі сипаттамасы.

1. Қылмыскерліктің салдарлары.

2. Қазақстан Республикасындағы қылмыскерлік сипаттамасы.

3. Бүгінгі таңдағы шетелдердегі қылмыскерлік сипаттамасы.



Мақсаты: Қылмыскерлік жинақтаушы ұғым, себебі ол өзіне жеке алынған уақыт аралығында жасалған нақты қылмыстардың жиынтығын қамтиды. Соған сүйене отырып қылмыскерліктің жайы, динамикасы, деңгейі, құрылымы сияқты сандық және сапалық сипаттамаларын анықтауға болады.

Қылмыскерліктің сандық сипаттамасы жасалған қылмыстар санынан және оларды жасаған адамдар санынан тұрады.

Қылмыскерліктің коэффициенті қылмыскерлік жайының маңызды көрсеткіші болып табылады.

Қылмыстық белсенділік індексі дегеніміз – қылмыстық жауапкершілік жүктелетін жасқа жетіп қылмыс жасаған адамдар санының сол аймақтағы адамға шаққандағы орта көрсеткіші.

Қылмыскерлік динамикасы дегеніміз – қылмыскерліктің, сондай-ақ оның кейбір қасиеттерінің белгілі бір уақыт аралығында өзгеруі.

Қылмыскерліктің негізгі сапа көрсеткішіне оның құрылымы жатады, ол қылмыскерліктің әр түрлі формалары мен түрлерінің тіркелген қылмыстардың жалпы санындағы ара салмағын көрсетеді.

Сапалық сипаттаманың біреуі – қылмыскерліктің сипаты, ол жасалған неғұрлым қауіпті (ауыр) қылмыстардың санымен және қылмыскердің жеке басының сипаттамасымен анықталады.

Бақылау сұрақтары:

1.Қылмыскерлік құрылымының көрсеткіштері?

2.Қылмыскерлік динамикасы дегеніміз не?

Әдебиеттер:

1. Хохряков Г.Ф. Криминология: Учеб. М.: Юристь, 2000

2. Алауханов Е.О. Криминологические проблемы предупреждения корыстно - насильственных преступлений. СПб: Юрид. центр ПРЕСС, 2005

3. Алауханов Е.О. Пайдақорлық - зорлық қылмыстардың алдын алудың криминологиялық проблемалары: Монография. Алматы: Ғылым, 2005


Лекция-8

Тақырып: Қылмыскердің жеке басы және оны криминологияда оқып үйрену.

1. Қылмыскердің жеке басы ұғымы және оны криминологияда зерттеудің мәні.

2. Қылмыскердің жеке басы және әлеуметтік орны.

3. Қылмыскердің жеке басының құрылымы.



Мақсаты: Адамның жеке басы дегеніміз - әлеуметтік қатынастар субъектісі, адамның әлеуметтік мәні бар қасиеттерінің жүйесі.

Қылмыскердің жеке басы – адамның оны қылмысқа итеретін келеңсіз қасиеттерінің жиынтығы.

Криминологиялық зерттеулер мен статистимәліметтер қылмыскер тұлғасының мынадай жақтарын көрсетіп отыр:

- қылмыскерлердің басым көпшілігі (74%) еркектер.

- қылмыскерлерді жасына қарай алатын болсақ, қылмысты 25-тен 29 жасқа дейінгілер жиі жасайды екен, одан кейін тұрғандар: 18-24, 14-17, 30-40, 50-... жастағылар. 25 жасқа дейінгілер көбіне көлікті айдап кету, ұрлық әйел зорлау, бұзақылық сияқты қылмыстарды жиі жасайды, ал 30 жастан кейін экономикалық қылмыстар көбейеді;

- қылмыскерлерде, әдетте орта немесе аяқталмаған орта білім болады;

- қылмыскерлерді әртүрлі әлеуметтік топтарға бөлсек, олардың 50%-ы жұмысшылар үлесіне тиеді;

- барлық қылмыскерлердің жартысына жуығы бойдақтар немесе тұрмыс құрмаған қыздар;

- қылмыскерлердің 25%-ы бұрын қылмыс жасағандар.

Бақылау сұрақтары:


    1. Адамның жеке басы дегеніміз не?

    2. Қылмыскердің жеке басы дегеніміз не?

Әдебиет:

1. Хохряков Г.Ф. Криминология: Учеб. М.: Юристь, 2000

2.Алауханов Е.О. Криминологические проблемы предупреждения корыстно - насильственных преступлений. СПб: Юрид. центр ПРЕСС, 2005

3. Алауханов Е.О. Пайдақорлық - зорлық қылмыстардың алдын алудың криминологиялық проблемалары: Монография. Алматы: Ғылым, 2005


Лекция-9

Тақырып: Қылмыс жасаушы адамдардың типологиясы.

1. Қылмыскердің жеке басының проблемасы - әлеуметтік тип.

2. Қылмыскерлер типологиясы.

3. Қылмыс жасаушыны жіктеу.

4. Қылмыскердің әлеуметтік позициялары.

Мақсаты: Қылмыстық іс-әрекеттің субъективтік ішкі себептерін зерделеу қылмыскерлер топтамасының мынадай типтерін бөліп алуға мүмкіндік береді:

- әлеуметтік-демографиялық белгілері бойынша (жынысы: еркек, әйел; жасы: 14-15, 16-17, 18-24, 25-39, 30-40; білім деңгейі: бастапқы, толық емес орта, арнайы орта, аяқталмаған жоғары, жоғары);

- әлеуметтік жағдайы және айналысатын жұмысы бойынша (жұмысшы, қыметкер, оқушы, зейнеткер, еңбекке қабілетсіз, жұмыссыз);

- мекен-жайы және ұзақ тұрған жері бойынша (қала, ауылды жер, мигрант, тұрақты тұрғын);

- қылмыстық әрекетінің сипаты бойынша (рецидив, топтасқан және т.б.).

Бақылау сұрақтары:


      1. Қылмыскер тұлғасының құрылымы?

      2. Қылмыскерлер тұлғасы типологияларының түрлері?

Әдебиет:

1. Алауханов Е.О. Айып тағу және айыптау қортындысын бұзу: Монография. Алматы: Нұрлы Әлем, 2003

2. Криминологическая характеристика и профилактика современных проявлений преступности в РК: Научное здание. Алматы: Дәнекер, 2001

Лекция-10

Тақырып: Қылмыстық мінез-құлық.

1. Қылмыстық мінез-құлықтың мұқтаждығы мен детерминациясы.

2. Қылмыскерлердің құқықтық санасының деңгейі мен ерекшеліктері.

3. Қылмыстық мінез-құлық ұғымы.



Мақсаты: Қылмыскерлердің адамгершілік санасының спецификасы, қылмыскерлердің жеке басының әртүрлі типтерінің құнды бағдарлары.

Қылмыскерлердің құқықтық санасының деңгейі мен ерекшеліктері. Құндылық бағдарлар жеке адам бағытының интегралдық көрсеткіші.

Қылмыстық мінез-құлық ұғымы. Жеке адам мұқтаждығы мен мүмкіндіктерінің өзара ықпалы. Қылмыстық мінез-құлықтағы құнды бағдарлар мен құқықтық сана. Шешім қабылдау және орындау.

Бақылау сұрақтары:


      1. Қылмыстық мінез-құлық ұғымы?

      2. Қылмыскерлердің құқықтық санасы?

Әдебиет:

1. Алауханов Е.О. Айып тағу және айыптау қортындысын бұзу: Монография. Алматы: Нұрлы Әлем, 2003

2. Криминологическая характеристика и профилактика современных проявлений преступности в РК: Научное здание. Алматы: Дәнекер, 2001
Лекция-11

Тақырыбы: Виктимология және виктимологиялық сақтандыру шаралары.

1. Қылмыс құрбанының түсінігі.

2. Виктимдік және виктимизация.

3. Қылмыс жасаудағы құрбанның рөлі.

4. Виктимологиялық типология.

5. Қылмыстылықты виктимологиялық алдын алу.



Мақсаты: Виктимология (латынның «victima» - құрбан және гректің «logos» - ілім деген сөздерінен) – құрбан туралы ілім.

Виктимологияның айналысатын нәрсесі – қылмыстың құрбаны, ол формалдық-заңдық (іс жүргізушілік) тұрғыдан емес, оның қылмыс тетігіндегі нақты рөлі тұрғысынан қаралады.

Қылмыс құрбаны – қылмыстық іс жүргізу процесінде өзінің жәбірленуші ретінде танылған-танылмағанына қарамастан, ол – зардап шеккен жеке тұлға.

Бақылау сұрақтары:

1. Виктимология нені зерделейді?

2. Виктимдіктің түрлері?

Әдебиет:

1. Алауханов Е.О. Криминология (Қылмыстықтану): Оқулық. Алматы: Жеті жарғы, 2005

2. Алексеев А.И. Криминология: Курс лекции. М.: Щит - М, 1999

3. Долгова А.И. Криминология: краткие учебные курсы юридических наук. М.: Норма, 2002



Лекция-12
Тақырыбы: Қылмыскерлік пен қылмыстың себептері мен шарттары.

1. Қылмыскерлік себептер ұғымы.

2. Қылмыскерлік себептері мен шарттары, қылмыскерлік детермирлігінің ұғымы.

3. Қылмыскерлік себептері мен шарттарын жіктеу.



Мақсаты: Детерминация (латынша «determinare» - анықтау) – барлық объектілердің, заттардың, құбылыстардың және процестердің ортақ ара байланысын, өзара әрекеттестігін аықтау процесі.

Қылмыскерлік детерминациясы дегеніміз – қылмыскерлік деңгейі мен қоршаған ортадағы құбылыстар арасындағы өзара байланысын анықтау (функционалдық, статистикалық байланыстарды, жай-күй байланысын, себептік-салдарлық байланыстарды және т.б.).

Функциоалдық байланыс қатар болатын құбылыстардың сәйкестігін, бірлігін және сол екі фактордың өзгергіштігін көрсетеді.

Статистикалық байланыста бір құбылыстың сапалық немес сандық мазмұны басқа бір құбылыстағы өзгерістерге тәуелді.



Бақылау сұрақтары:

1. Қылмыскерліктің себептері дегеніміз не?

2. Жағдайлардың байланысы дегеніміз не?

Әдебиет:

1. Алауханов Е.О. Криминология (Қылмыстықтану): Оқулық. Алматы: Жеті жарғы, 2005

2. Алексеев А.И. Криминология: Курс лекции. М.: Щит - М, 1999

3. Долгова А.И. Криминология: краткие учебные курсы юридических наук. М.: Норма, 2002


Лекция-13

Тақырып: Қылмыскерлік пен қылмыстың себептері мен шарттары.

1. Қылмыскерліктің әртүрлі әлеуметтік себептерінің кешенді сипаты мен өзара ықпалы.

2. Қылмыс және қылмыскерлік.

3. Қылмыскерлікпен күрестегі құқық қорғау органдарының мүмкіндіктері.



Мақсаты: Қылмыскерліктің себептері дегеніміз – қылмыскерліктің әлеуметтік құбылыс және оның жекелеген түрлері ретінде көрініс табуына жадай тудыратын әлеуметтік құбылыстар мен процестердің жиынтығы.

Олар былайша бөлінеді:

Пайда болуы жағынан:

- объективті (қоғам өміріндегі, экономикалық және әлеуметтік қатынастардағы қайшылықтар);

- субъективті (әлеуметтік психология элементтеріне, құқықтық сан элементіне, мақсатқа, құндылыққа негізделген).

Мазмұны бойынша:

- саяси;

- экономикалық;

- әлеуметтік;

- құқықтық;

- ұйымдық;

- психологиялық.

Әрекет деңгейі бойынша:

- жалпы қылмыскерліктің себептері мен жағдайлары;

- әр түрлі топтардың себептері мен жағдайлары;

қылмыстардың жекелеген түрлерінің себептері мен жағдайлары;

- нақты қылмыстың себептері мен жағдайлары.

Әлеуметтік мәнділігі жағынан:

- жалпы әлеуметтік себептер мен жағдайлар;

- жекелеген әлеуметтік топтар шегіндегі себептер мен жағдайлар;

- жеке-дара қылмыстық іс-әрекет шегіндегі себептер мен жағдайлар.

Бақылау сұрақтары:


      1. Қылмыскерлік себептерінің бөлінуі?

      2. Қылмыскерлітің себептері дегеніміз не?

Әдебиеттер:

1. Долгова А.И. Криминология: Краткий учебный курс. М.: Норма, 2002

2. Жадбаев С.Х. Криминология: Краткий курс лекций. Алматы: Жеті жарғы, 2002

3. Криминология: Учеб./ Под ред. И.И. Рогова, К.Ж. Балтабаева. Алматы: ТОО Изд-во Норма -К, 2004


Лекция-14

Тақырып: Қылмыскерлікті ескерту

1. Әлеуметтік процестерді реттеудің арнаулы саласы ретінде қылмыскерлікті ескерту.

2. Қылмыскерлікті ескерту деңгейлері.

3. Қылмыскерлікті ескерту субъектілері.


Мақсаты: Әлеуметтік процестерді реттеудің арнаулы саласы ретінде қылмыскерлікті ескерту.

Қылмыскерлікті ескерту деңгейлері. Қылмыстарды жеке-жеке ескерту. Қоғамға қарсы мінез-құлықтың әртүрлі сатысындағы ескерту іс-әрекетінің ерекшеліктері.

Қылмыскерлікті ескерту субъектілері. Ішкі істер органдары, сот иен юстиція, прокуратура, қылмыстық атқару органдары, қоғамдық ұйымдар жүзеге асыратын іс-қимыл ерекшеліктері.

Қылмыскерлікті ескертудің құықтық реттелуі. Қылмыскерлікті ескертуді ақпаратпен қамтамасыз ету. Криминологиялық болжамдар және қылмыскерлікті ескертуді жоспарлау.

Қылмыскерлікті ескертуді үйлестіру. Ескерту қызметінің заңдылығын сақтауға прокурорлық қадағалау.

Бақылау сұрақтары:

1. Қылмыскерлікті ескерту дегеніміз не?

2. Қылмыскерлікті ескерту субъектілері?

Әдебиет:

1. Долгова А.И. Криминология: Краткий учебный курс. М.: Норма, 2002

2. Жадбаев С.Х. Криминология: Краткий курс лекций. Алматы: Жеті жарғы, 2002

3. Криминология: Учеб./ Под ред. И.И. Рогова, К.Ж. Балтабаева. Алматы: ТОО Изд-во Норма -К, 2004


Лекция-15

Тақырып: Қылмыскерлікті ескерту

1. Қылмыскерлікті ескертудің құқықтық реттелуі.

2. Криинологиялық болжамдар мен қылмыскерлікті ескертуді жоспарлау.

3. Қылмыскерлікті ескертуді үйлестіру.

4. Ескерту қызметінің заңдылығын сақтауға прокурорлық қадағалау.

Мақсаты: Әлеуметтік процестерді реттеудің арнаулы саласы ретінде қылмыскерлікті ескерту.

Қылмыскерлікті ескерту деңгейлері. Қылмыстарды жеке-жеке ескерту. Қоғамға қарсы мінез-құлықтың әртүрлі сатысындағы ескерту іс-әрекетінің ерекшеліктері.

Қылмыскерлікті ескерту субъектілері. Ішкі істер органдары, сот иен юстиція, прокуратура, қылмыстық атқару органдары, қоғамдық ұйымдар жүзеге асыратын іс-қимыл ерекшеліктері.

Қылмыскерлікті ескертудің құықтық реттелуі. Қылмыскерлікті ескертуді ақпаратпен қамтамасыз ету. Криминологиялық болжамдар және қылмыскерлікті ескертуді жоспарлау.

Қылмыскерлікті ескертуді үйлестіру. Ескерту қызметінің заңдылығын сақтауға прокурорлық қадағалау.

Бақылау сұрақтары:

1.Криминологиялық болжамдар дегеніміз не?

2.Қылмыскерлікті ескертуді жоспарлау дегеніміз не?

Әдебиет:

1. Криминология / Под ред. В.Н. Бурлакова, Н.М. Кропачева. СПб: Питер, 2002

2. Криминология: Учебник / Под ред. В.Н. Бурлакова, Н.М. Кропачева. СПб: Питер, 2004

3. Криминология / Под ред. Долговой А.И. М.: Норма, 2001


Лекция -16

Тақырып: Ұйымдасқан қылмыстардың криминологиялық сипаттамасы.

1. Ұйымдасқан қылмыстылықтың ұғымы, белгілері.

2. Ұйымдасқан қылмыстық топтар: ұйымдасу деңгейі мен құрылымы.

3. Елдегі ұйымдасқан қылмыстылықтың пайда болуына ықпал ететін факторлар.

4. Қылмыстық бірлестіктер қатысушыларының жеке бастарының типтік белгілері. Оларды жіктеу.

5. Ұйымдасқан қылмыстылықтың алдын алу.



Мақсаты: Кәсіби қылмыскерліктің ең қауіпті түрі – ұйымдасқан қылмыскерлік. Ол қылмыстық элементтердің басон қосады, оларды бақылайды, қылмыстық әрекет жасауға мәжбүрлейді. Мұндай қылмыскерліктің криминология үш негізгі белгісін бөліп алады.

Бірінші белгі – оның иерархиясы, қатаң тәртібі және тұрақты қылмыстық дәстүрлер жүйесі болады, онда қылмыстық қызметпен ұдайы айналысатын адамдар бірлестігі бар.

Екінші белгі – экономикалық. Заңды ұдайы бұзудағы мақсат – баю, капитал жинақтау, ол қылмыстық жолмен тапқан табысты заңдастырумен байланысты.

Үшінші белгі – сыбайлас жемқорлық.



Бақылау сұрақтары:
1. Ұйымдасқан топтың белгілері?.

2. Ұйымдасқан қылмыстық топтардың міндетті түрдегі сипаттамасы?



Әдебиет:

1. Криминология / Под ред. В.Н. Бурлакова, Н.М. Кропачева. СПб: Питер, 2002

2. Криминология: Учебник / Под ред. В.Н. Бурлакова, Н.М. Кропачева. СПб: Питер, 2004

3. Криминология / Под ред. Долговой А.И. М.: Норма, 2001



Лекция-17

Тақырып: Кәсіби қылмыскерлік.

1. Кәсіби қылмыстылықтың ұғымы және оның сипаттамасы.

2. Бүгінгі қылмыстылықтағы кәсіпқойлық.

3. Кәсіпқойлық қылмыстылықтың себептері.

4. Кәсіпқойлық қылмыстылықты ескерту.

Мақсаты: Кәсіби қылмыскерлік – бұл субъект үшін өмір сүрудің негізгі және бірден-бір көзі болып табылатын қылмыстық қызмет түрі, ол мамандануды талап етеді, сол кәсібіне қарай білім мен тәжірибе жинақталады, қылмыстық ортамен тұрақты байланыс болады.

Криминалдық кәсібиілік қылмыстық рецидивпен тығыз байланысты. Бұл құбылыс өзінің дәл құқықтық-қылмыстық бағасын әлі ала қойған жоқ, дегенмен ол криминологияда жан-жақты зерттелуде.

Қылмыскерліктің бұл Турін зерделеуге деген құштарлық мына сипаттамалар мен белгілер арқылы түсіндіріледі:

- қоғамға аса қауіптілігі;

- келеңсіз көріністердің қоғамда кең таралуы;

- қоғамдық сана мен моральна теріс ықпал туү (әсіресе жастарға);

- ұйымдасқан қылмыскерлікпен тығыз байланысты.

Бақылау сұрақтары:


  1. Кәсіби қылмыскерліктің себептері?

  2. Кәсіби қылмыскерге тән ерекшелік?

Әдебиет:

1. Хохряков Г.Ф. Криминология: Учеб. М.: Юристь, 2000

2. Алауханов Е.О. Криминологические проблемы предупреждения корыстно - насильственных преступлений. СПб: Юрид. центр ПРЕСС, 2005

3. Алауханов Е.О. Пайдақорлық - зорлық қылмыстардың алдын алудың криминологиялық проблемалары: Монография. Алматы: Ғылым, 2005


Лекция-18

Тақырып: Сыбайлас жемқорлық қылмыстары.

1. Сыбайлас жемқорлықтың ұғымы және криминологиялық сипаттамасы.

2. Сыбайлас жемқорлықпен күрестің құқықтық негіздері.

3. Сыбайлас жемқорлық детерминациясы мен себептілігінің спецификасы.

4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттер шараларының ерекшеліктері.

Мақсаты: Сыбайлас жемқорлық – лауазымды адамды сатып алумен және ресми қызметтік өкілеттікті, онымен байланысты беделді, мүмкіндікті, байланысты бас пайда үшін пайдалануды сипаттайтын әлеуметтік құбылыс.

Сыбайлас жемқорлық қылмыскерлігі қылмыстық-құқықтық іс-әрекеттің бірнеше түрін қамтиды. Олардың негізгілері ретінде мемлекеттік билікке, мемлекеттік және басқадай қызметке қарсы қылмыстардың мына түрлерін алуға болады:

- парақорлық;

- қызметтік өкілеттікті теріс пайдалану;

- қызметтік өкілеттіктің шегінен шығу;

- коммерциялық ұйымдардағы қызметке қарсы қылмыстар;

- кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу;

- көрінеу кінәсізді қылмыстық жауаптылыққа тарту;

- қылмыстық жауаптылықтан заңсыз босату және т.б.

Бақылау сұрақтары:

1. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасау тәсілдері?

2. «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заң қашан қабылданды?

Әдебиет:

1. Хохряков Г.Ф. Криминология: Учеб. М.: Юристь, 2000

2. Алауханов Е.О. Криминологические проблемы предупреждения корыстно - насильственных преступлений. СПб: Юрид. центр ПРЕСС, 2005

3. Алауханов Е.О. Пайдақорлық - зорлық қылмыстардың алдын алудың криминологиялық проблемалары: Монография. Алматы: Ғылым, 2005




Лекция-19

Тақырып: Экономикалық қылмыстылық.

1. Экономикалық қылмыстардың ұғымы мен классификациясы.

2. Криминологиялық сипаттама.

3. Көлеңкелі экономика мен экономикалық қылмыстылықтың байланысы.

4. Детерминация мен себептіліктің спецификасы.

5. Экономикалық қылмыстылықты ескерту.



Мақсаты: Экономикалық қызмет саласында жасалатын қылмыстар да меншікке қарсы қылмыстар қатарына жатады, олар үшін Қылмыстық кодексте жауаптылық көзделген. Экономикалық қызметтің әр түрлі саласындағы: салық салу саласындағы, кәсіпкерлік саласындағы, кеден және т.б. субъектілердің құқықтары мен мүдделерінің, оларға жүктелген міндеттердің бұзылуы осы саладағы қылмыстардың негізі болып келеді.

Ондай қылмыстарға мыналар жатады:

- заңсыз кәсіпкерлік;

- заңсыз банк қызметі;

- ақшаны немесе құнды қағаздарды қолдан жасау немесе өткізу;

- несие немесе есеп айыру карталарын, өзге де төлемдік құжаттарды қолдан жасау немесе өткізу;

- контрабанда;

- салық төлеуден және жеке тұлғадан немесе ұйымдардан жиналатын ақша төлемінен жалтару.



Бақылау сұрақтары:

    1. Қылмыс жасауға итермелейтін факторлар?

    2. Қылмыскер тұлғасының сипаттамасы?

Әдебиет:

1. Алауханов Е.О. Айып тағу және айыптау қортындысын бұзу: Монография. Алматы: Нұрлы Әлем, 2003

2. Криминологическая характеристика и профилактика современных проявлений преступности в РК: Научное здание. Алматы: Дәнекер, 2001

Лекция-20

Тақырып: Зорлық қылмыстары.

1. Зорлық қылмыстардың киминологиялық сипаттамасы.

2. Зорлық қылмыстарды жасауға итермелейтін себептер мен шарттар.

3. Зорлық қылмыстарды ескерту шаралары.



Мақсаты: Криминологиялық талдау жасағанда зорлық көрсетілетін қылмыскерлік көптеген қылмыстық-жазаланатын іс-әрекеттерді қамтиды.

Мысалы, Қылмыстық кодексте зорлық көрсетіліп жасалатын қылмыстарға арналған 50-дей бап бар. Қылмыстың бұл түрінің негізгі белгісі сонда – қылмыскер тарапынан жәбірленушіге заңсыз күш қолданылады , оны қндай да бір әрекетке мәжбүрлейді, яғни оған зорлық көрсетіледі. Зорлық көрсетілетін қылмыскерлікке қастандық жасалынатын нысандарды әр түрлі болғанымен, өздерін ортақ сылтау біріктіретін іс-әрекеттер жатады.

Бұл қылмыскерліктің негізгі бөлігін ҚК-нің «Адамның жеке басына қарсы қылмыстар» бөлімінде көзделген қылмыстық жазаланатын іс-әрекеттер құрайды:
Бақылау сұрақтары:

1. Зорлық көрсетілетін қылмыскерліктің себептері мен жағдайлары?



Әдебиет:

1. Алауханов Е.О. Айып тағу және айыптау қортындысын бұзу: Монография. Алматы: Нұрлы Әлем, 2003

2. Криминологическая характеристика и профилактика современных проявлений преступности в РК: Научное здание. Алматы: Дәнекер, 2001


Лекция-21

Тақырып: Рецидивтік қылмыскерлік.

1. Рецидивтің ұғымы және түрлері.

2. Рецедивтік қылмыскерлік ахуалы.

3. Қылмыскер рецидивистердің жеке басы.

4. Рецидивтік қылмысты ескерту.

Мақсаты: Қылмыс рецидиві (лат. «recidivus» - қайталану, қайта келу) – қылмыстар көптілігінің түрі. Қылмыстар рецидивінің әр түрлі ұғымдары бар – қылмыстық-құқықтық, криминологиялық немесе іс жүзіндегі және пенитенциарлық рецидив.

Қылмыстық кодексте қылмыстар рецидиві деп бұрындары қасақана жасаған қылмыстары үшін соттылығы бар адамның қасақана қылмыс жасауын айтады.

Қылмыстар рецидиві мына жағдайларда қаіпті деп танылады:

- адам нақты бас бостандығынан айыру жазасын алатындай ауыр қылмыс жасаса және ол бұрындары орташа ауырлықтағы қасақана қылыс жасағаны үшін екі немесе одан көп рет бас бостандығынан айыруға сотталса;

- адам ауыр қылмыс жасаса және ол бұрындары ауыр немесе аса ауыр қылмысы үшін нақты бас бостандығынан айыру жазасына сотталған болса.

Бақылау сұрақтары:

1. Пенитенцирлық рецидив дегеніміз не?

2. Криминологиялық рецидив дегеніміз не ?

Әдебиет:

1. Алауханов Е.О. Криминология (Қылмыстықтану): Оқулық. Алматы: Жеті жарғы, 2005

2. Алексеев А.И. Криминология: Курс лекции. М.: Щит - М, 1999

3. Долгова А.И. Криминология: краткие учебные курсы юридических наук. М.: Норма, 2002


Лекция-22

Тақырып: Абайсыздық қылмыстардың криминологиялық сипаттамасы.

1. Абайсыздық қылмыстылықтың жалпы сипаттамасы мен оның түрлері.

2. Абайсыздық қылмыстылықтың себептері мен шарттары.

3. Абайсыздық қылмыстылықтың ниеттері мен мақсаттары.

4. Абайсыздық қылмыстылықты ескерту.

Мақсаты: Әр түрлі қоғамдық қатынастарға қарсы абайламай жасалатын қастандықтар түрі өте көп. Олардың жасалу формалары әр түрлі болғанмен, негіздері ортақ – алаңғасарлық немесе ұқыпсыздық.. Жасалатын өрісіне қарай олар былайша бөлінеді:

- тұрмыстық абайламау;

- техникалық абайламау;

- лауазымдық абайламау.

Абайламай жасалған қылмыстардың себептері мен жағдайлары:

- жалпы қоғам деңгейінде алсақ, бұл - әлеуметтік тәртіпсіздік, бетімен кеткендік;

- абайламай жасалған қылмыстардың субъективтік детерминанттары адамның мынадай құлықтылық-психологиялық қасиеттерімен байланысты;

- ішкі тәртіпсіздігімен;

- ұқыпсыздығымен;

- қамсыздығымен;

- өзіне өте сенушілігімен;

- менмендігімен;

- басқаның пікірімен санаспаушылығымен;

- абайламай жасалатын қылмыстардың едәуір бөлігі мас күйде, өзін-өзі бақылау нашарлағанда жасалады.



Бақылау сұрақтары:

1. Тұрмыстық абайламау дегеніміз не?

2. Техникалық абайламау дегеніміз не?

3. Лауазымдық абайламау дегеніміз не?



Әдебиет:

1. Алауханов Е.О. Криминология (Қылмыстықтану): Оқулық. Алматы: Жеті жарғы, 2005

2. Алексеев А.И. Криминология: Курс лекции. М.: Щит - М, 1999

3. Долгова А.И. Криминология: краткие учебные курсы юридических наук. М.: Норма, 2002


Лекция-23

Тақырып: Бас бостандығынан айыру орындарындағы қылмыскерлік.

1. Пенитенциарлық қылмыстылықтың сипаттамасы.

2. Сотталғандардың психологиясы.

3. Пенитенциарлық қылмыстылықтың себептері мен оны алдын алу.



Мақсаты: Бас бостандығынан айыру орындарындағы қылмыскерлік қылмыстық рецидивтің айрықша түріне – пенитенциарлық қылмыскерлікке жатады.

Мұндай қылмыскерліктің қоғамға аса қауіптілігі сонда, оны бұрынғы қылмысы үшін жазасын өтеп жатқан адамдар жасайды, ал бұл жағдай ондай қылмыскерлердің берілген жазадан ешқандай сабақ алмағандықтан, оларда дұрыс жолға түсу ниетінің жоқ екендігін көрсетеді.

Бұл қарастырылып отырған қылмыстардыңкейбір түрлерін жазасын өтеп жатқан адамдар ғана (немесе алдын ала қамауда отырғандар) жасайды: бас бостандығынан айыру орнынан, тұтқында немесе қамауда отырған орнынан қашу, бас бостандығынан айыру жазасынан бұлтару, қоғамнан оқшауландыратын мекеменің жұмысына кедергі келтіру.

Бақылау сұрақтары:

1. Бас бостандығынан айыру орындарында қылмыс жасайтын адамдардың сипаттамасы?

2. Пенитенциарлық қылмыскерліктің салдары?

Әдебиет:

1. Долгова А.И. Криминология: Краткий учебный курс. М.: Норма, 2002

2. Жадбаев С.Х. Криминология: Краткий курс лекций. Алматы: Жеті жарғы, 2002

3. Криминология: Учеб./ Под ред. И.И. Рогова, К.Ж. Балтабаева. Алматы: ТОО Изд-во Норма -К, 2004


Лекция-24

Тақырып: Әйелдер қылмыскерлігі және оны алдын алу.

1. Әйелдер қылмыскерлігінің жалпы криминологиялық сипаттамасы.

2. Әйелдер қылмыскерлігін ескерту.

Мақсаты: Әйелдер қылмыскерлігі еркектер қылмыскерлігіне қарағанда өзінің сипатымен және салдарымен, қылмыс жасау тәсілдерімен және құралдарымен, құрбанды таңдау түрімен және отбасылық-тұрмыстық мән-жайлар жағдайымен ерекшеленеді. Сонымен қатар, әйелдер жасаған қылмыскерлікте сезімге берілу, ойланбай істеу жағыбасым болады.

Әйелдер қылмыскерлігінің ең көп таралған себептері:

- саяси және экономикалық тұрақсызды, ертеңгі күнге сенімнің жоқтығы;

- қоғамдағы шиеленісті жағдай, жаппай дәрменсіздік, ашу, өмір қиындығына бейімделе алмаушылық;

- балаға қамқорлық, отбасын жалғыз өзі асырап отырғандықтан, қалайда табыс табу;

- нашақорлық, маскүнемдік, жезөкшелік, қайыршылық және қаңғыбастық сияқты қоғамға жат құбылыстардың етек алуы.



Бақылау сұрақтары:

1. Әйелдер арасында жиі кездесетін қылмыстардың түрлері?

2. Экономикалық қызмет саласындағы әйел қылмыскерлігінің ерекшеліктері?

Әдебиет:

1. Долгова А.И. Криминология: Краткий учебный курс. М.: Норма, 2002

2. Жадбаев С.Х. Криминология: Краткий курс лекций. Алматы: Жеті жарғы, 2002

3. Криминология: Учеб./ Под ред. И.И. Рогова, К.Ж. Балтабаева. Алматы: ТОО Изд-во Норма -К, 2004

 

Лекция-25

Тақырып: Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың жалпы сипаттамасы.

1. Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының жағдайы, құрылымы және динамикасы.

2. Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының себептері.

3. Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылықты алдын алу.



Мақсаты: Елдегі әрбір он қылмыстың біреуін кәмелетке толмағандар жасайды екен.

Криминологияда кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар ішінде қасақана адам өлтіру, қасақана дене жарақатын салу, әйел зорлау, тонау, қарақшылық, ұрлық, бұзақылық сияқты қылмыстарға баса назар аударылады.

Кәмелетке толмаған қылмыскерлердің басым көпшілігі қоғамға жат іс-әрекет жасауға дағдаланғандар, соны ұнататындар. Қылмысты кездейсоқ жасайтындар сирек кездеседі. Ал басқалар, негізінен мынадай жағдайларда жасайды:

- көпшілік мойындаған тәртіп нормаларын әдейі бұзу (мас күйде көшеде жүру, балағат сөздер айту, біреулермен ілінісу, қоғамдық мүлікті бүлдіру және т.б.);

- ішімдікке, есірткіге үйір болу, құмар ойындар ойындау;

- қаңғыбастық, үйден қайта-қайта қашып кету;


- жыныстық қатынасты ерте бастау, соған салыну;

- ашыну, өштесу, дөрекілік таныту, ондай мінезді жиі көрсету;

- қолына түскенді тастамау, әлсіздерге күш көрсету.

Бақылау сұрақтары:

1. Кәмелетке толмаған қылмыскерлердің жекебасының сипаттамасы?

2. Кәмелетке толмағандардың қылмыскерлігінен сақтандыру және онымен күрес шараларының кезеңдері?

Әдебиет:

1. Криминология / Под ред. В.Н. Бурлакова, Н.М. Кропачева. СПб: Питер, 2002

2. Криминология: Учебник / Под ред. В.Н. Бурлакова, Н.М. Кропачева. СПб: Питер, 2004

3. Криминология / Под ред. Долговой А.И. М.: Норма, 2001


Лекция-26

Тақырып: Меншікке қарсы қылмыстар.

1. Меншікке қарсы қылмыстардың ұғымы, түрлері.

2. Меншікке қарсы қылмыс жасайтын қылмыскелердің жеке басы.

3. Меншікке қарсы қылмыстардың себептері мен жағдайлары.



Мақсаты: Меншікке қарсы қылмыстарды кейде мүліктік қылмыстар деп те атайды, себебі меншікке қарсы қылмыстардың көздеген мақсаты – бөтеннің мүлкін иелену.

Меншікке қарсы қылмыстардың түрлері:

Мүліктік пайданы заңсыз табумен байланысты қылмыстар:

- бөтеннің мүлкі ұрлау: ұрлық, алаяқтық, иелену немесе жұмсап қою, тонау, қарақшылық жасап тонау, аса құнды заттарды ұрлау;

- ұрлықпен жанасатын қылмыс – қорқытып талап ету;

- өзге де қылмыстар: алдау немесе сенімге кіру жолымен мүліктік зиянкелтіру; ұрлау мақсатында автомобильді немесе басқадай көлік құралын заңыз иелену.

Мүліктік пайда түсірумен байланысты емес мүлікке қарсы қылмыстар: мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру; мүлікті абайламай жою немесе бүлдіру.

Бақылау сұрақтары:

1.Ұрлықтың формалары?

2.Меншікке қарсы қылмыстардың себептері мен жағдайлары?

Әдебиет:

1. Криминология / Под ред. В.Н. Бурлакова, Н.М. Кропачева. СПб: Питер, 2002

2. Криминология: Учебник / Под ред. В.Н. Бурлакова, Н.М. Кропачева. СПб: Питер, 2004

3. Криминология / Под ред. Долговой А.И. М.: Норма, 2001



Лекция-27

Тақырып: Компьютерлік ақпарат саласындағы қылмыстар.

1. Компьютерлік ақпарат саласындағы қылмыстарың ұғымы.

2. Компьютерлік қылмыстарды топтастыру.

3. Қылмыскер тұлғасының сипаттамасы.

4. Компьютерлік қылмыстарды ескерту.

Мақсаты: Компьютерлік қылмыс жасаудағы басты қылмыстық мақсат:

- ақша ұрлау (есептесу және төлем құжаттарын қолдан жасау), ақшаны неше қайтара алу, басқа біреулердің есебіне ақша аудару);

- заттар ұрлау (жалған төлем жасап тауар сатып алу);

- машиналық ақпараттар ұрлау;

- машиналық ақпаратқа өзгертулер енгізу;

- машина уақытын ұрлау;

- жалған құжаттар жасау (жалған диплом алу, қызмет бабында көтерілу);

- жүйені рұқсатсыз пайдалану;

- саботаж;

- шпионаж (саяси және өнеркәсіптік).



Бақылау сұрақтары:

  1. Қылмыскер тұлғасының сипаттамасы?

  2. Компьютерлік қымыстар жасаудың тәсілдері?

Әдебиет:

1. Хохряков Г.Ф. Криминология: Учеб. М.: Юристь, 2000

2. Алауханов Е.О. Криминологические проблемы предупреждения корыстно - насильственных преступлений. СПб: Юрид. центр ПРЕСС, 2005

3. Алауханов Е.О. Пайдақорлық - зорлық қылмыстардың алдын алудың криминологиялық проблемалары: Монография. Алматы: Ғылым, 2005


Лекция-28

Тақырып: Экологиялық қылмыстар.

1. Экологиялық қылмыстардың жалпы сипаттамасы.

2. Экологиялық қылмыстардың түрлері.

3. Қылмыскер тұлғасының сипаттамасы.

4. Экологиялық қылмыстарды ескерту.

Мақсаты: Экологиялық қылмыстар – бұл табиғи ортаға, оны қорғау және ұдайы жаңғырту жөніндегі әр түрлі қатынастарға қол сұғатын, қылмыстық қайталанатын іс-әрекет.

Қылмыстық кодексте қылмыстың бұлтүріне көптеген баптар арналған, олар суды, атмосфераны, теңіз айдынын ластағандық, жерді бүлдіргендік, жер қойнауын, балық қорларын қорғау және пайдалану ережелерін бұзғандық, орманды жойғандық немесе бүлдіргендік, заңсыз аң аулағандық және т.б. үшін жауапкершілік қарастырған.



Бақылау сұрақтары:

1.Экологиялық қылмыстарды топтастыру?

2.Экологиялық қылмыскерліктің себептері?

Әдебиет:

1. Хохряков Г.Ф. Криминология: Учеб. М.: Юристь, 2000

2. Алауханов Е.О. Криминологические проблемы предупреждения корыстно - насильственных преступлений. СПб: Юрид. центр ПРЕСС, 2005

3. Алауханов Е.О. Пайдақорлық - зорлық қылмыстардың алдын алудың криминологиялық проблемалары: Монография. Алматы: Ғылым, 2005


Лекция-29

Тақырып: : Салық жүйесіндегі қылмыстар.

1. Салық жүйесіндегі қылмыстардың ұғымы.

2. Салық салу саласындағы қылмыстардың латенттік дәрежесі жоғары болуының себептері.

3. Салық жүйесіндегі қылмыстарды ескерту.



Мақсаты: Салық жүйеіндегі қылмыстар:

- салық төлеуден және (немесе) жеке тұлғалардан алынатын аамдардан жалтару;

- салық төлеуден және (немесе) ұйымдардан алынатын алымдардан жалтару;

- салық агентінің міндеттеулерін орындамау;

- солардың есебінен салық немесе алым өндірілетін ақша қаажатын не ұйымның немесе жеке кәсіпкердің мүлкін жасыру.

Бақылау сұрақтары:

1.Салық жүйесіндегі қылмыскерлер тұлғасының сипаттамасы?

2.Салық жүйесіндегі қылмыскерліктің туындау себептері?

Әдебиет:

1. Алауханов Е.О. Айып тағу және айыптау қортындысын бұзу: Монография. Алматы: Нұрлы Әлем, 2003

2. Криминологическая характеристика и профилактика современных проявлений преступности в РК: Научное здание. Алматы: Дәнекер, 2001
Лекция-30

Тақырып: Девианттық іс-қимыл.

1. Нашақорлық.

2. Нашақор тұлғасының сипаттамасы.

3. Нашақорлықтың себептері мен жағдайлары.

4. Жезөкшелік.

5. Сицид (өзін-өзі өлтіру).



Мақсаты: Нашақорлы, маскүнемдік, жезөкшелік, өзіне-өзі қл салу және басқа антиәлеуметтік қоғамдық құбылыстар әлеуеттік девиацияларға жатады.

Қылмыскерлік девианттық іс-әрекет формаларының бірі болып табылады, ол өзінің қоғамға өте қауіптілігімен ерекшеленеді, сонымен қатар, девианттықтың басқа санаттары да қоғам мүддесіне қауіп төндіреді, олар қылмыскерліпен өзара тығыз байланыста.

Нашақорлық – есірткі қабылдаумен байланысты пайда болатын ауру, ондайға ұшыраған адамға есірткіге психикалық және физикалық тәуелділік болады, оған ұдайы ұмтылып тұрады, адам ағзасының физикалық және психикалық функциялары біртіндеп нашарлайды.

Жезөкшелік – адам ұнасын-ұнамасын, бапайда үшін біреумен некеден тыс жыныстық қатынасқа бару.

Суицид – адамның өз еркімен өмірден кетуі.

Бақылау сұрақтары:

1.Жезөкшеліктің негізгі белгілері?.

2.Нашақорлықтың себептерім ен жағдайлары?

Әдебиет:

1. Алауханов Е.О. Айып тағу және айыптау қортындысын бұзу: Монография. Алматы: Нұрлы Әлем, 2003

2. Криминологическая характеристика и профилактика современных проявлений преступности в РК: Научное здание. Алматы: Дәнекер, 2001

5.2. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
1. Алауханов Е.О. Криминология (Қылмыстықтану): Оқулық. Алматы: Жеті жарғы, 2005

2. Алексеев А.И. Криминология: Курс лекции. М.: Щит - М, 1999

3. Долгова А.И. Криминология: краткие учебные курсы юридических наук. М.: Норма, 2002

4. Долгова А.И. Криминология: Краткий учебный курс. М.: Норма, 2002

5. Жадбаев С.Х. Криминология: Краткий курс лекций. Алматы: Жеті жарғы, 2002

6. Криминология: Учеб./ Под ред. И.И. Рогова, К.Ж. Балтабаева. Алматы: ТОО Изд-во Норма -К, 2004

7. Криминология / Под ред. В.Н. Бурлакова, Н.М. Кропачева. СПб: Питер, 2002

8. Криминология: Учебник / Под ред. В.Н. Бурлакова, Н.М. Кропачева. СПб: Питер, 2004

9. Криминология / Под ред. Долговой А.И. М.: Норма, 2001

10. Хохряков Г.Ф. Криминология: Учеб. М.: Юристь, 2000

11. Алауханов Е.О. Криминологические проблемы предупреждения корыстно - насильственных преступлений. СПб: Юрид. центр ПРЕСС, 2005

12. Алауханов Е.О. Пайдақорлық - зорлық қылмыстардың алдын алудың криминологиялық проблемалары: Монография. Алматы: Ғылым, 2005

13. Алауханов Е.О. Айып тағу және айыптау қортындысын бұзу: Монография. Алматы: Нұрлы Әлем, 2003

14. Криминологическая характеристика и профилактика современных проявлений преступности в РК: Научное здание. Алматы: Дәнекер, 2001



6. Семинар сабақтарының жоспары




Тақырып

Семинар сабақтарының сұрақтары

Апта

Әдебиеттер

1

Ғылыми ілімдердің өзге салалардың ішінде криминолгия ұғымы, пәні және орны.

Мақсаты: Студенттерге криминология жөнінде жалпы түсінік беру.


Криминология ұғымы, пәні және мемлекеттік органдардың практикалық қызметі үшін маңызы.

Ғылыдар жүйесіндегі криминология орны.




1

(1)-10-16

2

Криминология тарихы және оның бүгінгі жағдайы.

Мақсаты: Жетістіктерді айқындау.


Криминологияның қалыптасуы.

Қылмыстылықтың биологиялық теориясы.

Криминологиядағы әлеуметтік теориялар.


2

(2)-19-27

3

Қылмыскерлікті оқып үйренуді ұйымдастыру және оның әдістемесі.

Мақсаты: Қылмыскерлік туралы толық ақпарат алу.


Криминологиялық зерттеулердің міндеттері.

Криминологиялық ақпаратқа қойылатын негізгі талаптар

Қылмыскерлікті оқып үйрену әдістемесі.


3

(3)-17-29

4

Қылмыскерлік және оның негізгі сипаттамалары.


Қылмыскерлік ұғымы және оның түрлері.

Қылмыскерліктің сандық және сапалық сипаттамалары.

Латенттік қылмыскерлік проблемасы.

ҚР-ғы қылмыскерлік сипаттамасы.




4

(4)-20-34

5

Қылмыскердің жеке басы және оны криминологияда зерттеу.


Қылмыскердің жеке басы ұғымы және оны криминологияда зерттеудің шегі.

Қылмыскердіңжеке басының әлеуметтік және биологиялық арақатынасы.

Қылмыскердің жеке басының құрылымы, оның сипаттамасы.


5

(5)-28-35

6

Қылмыс жасаушы адамдардың типологиясы.


Қылмыскердің жеке басының проблемасы - әлеуметтік тип.

Қылмыскерлер типологиясы.

Қылмыс жасаушы адамдарды топтастыру.

Әртүрлі типтегі қылмыскерлердің әлеуметтік позициялары.




6

(6)-34-39

7

Қылмыстық мінез-құлық тетігі.


Қылмыстық мінез-құлық қажеттілігі және детерминация.

Қылмыскерлердің құндылық бағдарлары. Жеке бастың адамгершілігінің қолайсыз қалыптасуының шарттары.

Қылмыстық мінез-құлық тетігі ұғымы.


7

(7)-30-39

8

Қылмыскерлік себептері.


Қылмыскерлік себеп ұғымы.

Қылмыскерлік себептері мен шарттарын жіктеу.

Қылмыскерлік себептердің тарихи өтпелі сипаты және әртүрлі себептерінің өзара ықпалы.


8

(8)-34-42

9

Қылмыскерлікті ескертуді ұйымдастыру.


Қылмыскерлікті скерту ұғымы және ескерту жүйесі.

Алдын алу шараларын жіктеу.

Алдын алу жұмыстары субъектілері, олардың мідеттері мен функциялары.

Алдын алу жұмыстарының әрекетін қамтамасыз ету.




9

(9)-42-49

10

Пайда күнемдік қылмыстылық.


Пайдакүнемдік қылмыстылықтың жалпы сипаттамасы.

Пайдакүнемдік қылмыскер тұлғасының типологиясы.

Пайдакүнемдік қылмыстылық детерминациясы


10

(10)-42-50

11

Бұзақылық қылмыстардың криминологиялық сипаттамасы.


Бұзақылық ұғымы мен жалпы сипаттамасы.

Бұзақылықтың себептері мен шарттары.

Ұсақ бұзақылықты ескерту.


11

(10)-42-50

12

Әскери қылмыстылық.


Әскери қылмыстардың негізгі себептері мен шарттары

Әскери қылмыстарды ескерту.




12

(10)-52-54

13

Жеке адамға қарсы қылмыстардың криминологиялық сипаттамасы.


Жеке адамға қарсы қылмыстардың түсінігі, түрлері.

Жеке адамға қарсы қылмыстарды ескерту.




13

(10)-52-54

14

Кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар.


Кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы.

Кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың себептері мен шарттары.

Кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстарды ескерту.


14

(10)-42-50

15

Мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар.

Мақсаты: Мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстарды айқындау.


Мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы.

Мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстардың түрлері.

Мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстардың себептері мен жағдайлары.

Қылмыскер жеке тұлғасының сипаттамасы.

Мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстарды ескерту.


15

(10)-52-54



7.Пәнді меңгеру бойынша әдістемелік нұсқау

Теориялық білімді меңгеру бойынша методикалық нұсқау

Криминология пәні бойынша дәрістер өткенде студенттер ҚР қылмыстық құқығы, ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы пәнінен алған білімдері еске түсіреді

Дәріс сабағында сабақ жоспары қалай құрылатындығын , сабақта қандай жағдайда қандай оқыту әдістерін қолдануға болатындығы жөнінде талданады, теориялық анықтамалар беріледі, маңызы түсіндіріледі.Сонымен қатар қаржылық бақылау мен қадағалау, қаржы құқығының басқа құқық салаларымен байланысы, оның ішінде сақтандыру қызметімен, бюджет қызметімен, банк қызметімен арақатынасы туралы түсніктер беріледі

Студент ұсынылған әдебиеттер негізінде семинар сабағының барлық сұрақтары бойынша конспект құрастыруы қажет және сабақ барысында қысқаша баяндама жасауы тиіс


ГЛОССАРИЙ

«Криминология» пәні бойынша


Құқық

Жалпыға бірдей мемлекет тарапынан шығарылатын мінез құлық ережелерінің жиынтығы.

Қағидалар

Көп қырлы қызметінің аса елеулі сипаттары мен белгілері және оларға қойылатын негізгі , басшылыққа алынатын ережелер.

Санаткерлік

Меншікті қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөнінде ұсыныстарды әзірлеуге қатысу.

Контрафактілік аудио

Аудиобейне өнімдерді анықтау жөнінде сараптамалық қорытындылар беру, сараптамалық зерттеулер жүргізу .


Заңдылық

Заңда көрсетілген ережелерді сақтау.

Кодекс

Біртектес қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар біріктіріліп жүйеге келтірілген заң.

Санкция

Жазаның түрі мен мөлшерін анықтайтын қылмыстық-құқықтық нормалардың бөлігі.

Заң

Қоғамдық қатынастарды реттейтін , ҚР Конституциясында көзделген түбегейлі принциптер мен нормаларды белгілейтін ҚР Президенті қабылдайтын Нормативті Құқықтық Акті. .


Практикалық семинарлық сабақтарға әдістемелік нұскаулар
Семинар сабақтарын орындау бойынша нұсқаулар:

-студент семниарға силабуста берілген тақырып бойынша дайындалуы тиіс;

-Семинарға дайындалу барысында студент ұсынылған әдебиеттерді қарастыруы тиіс;

-Студент тақырыпқа қатысты нормативтік-құқықтық актілерді қолдануы тиіс

-Семинар тақырыбы бойынша конспектісі болуы тиіс;

- конспект негізінде қысқаша баяндама жасауы тиіс.

Семинар сабағында студенттер теориялық анықтамаларға түсініктеме жасауы,оқыту және тәрбие әдістерінің маңызын ашуы тиіс.Ең бастысы олра семинарда криминология пәнінен оқытушының берген тапсырмаларын орындауы қажет.Оқытушы семинар барысында семинар материалдары қаншалықты меңгерілгендігі және ұсынылған оқулықтар қолданылуына байланысты студенттін жауабы бағаланады. Оқытушы семинар соңында сабаққа жалпы баға береді, сонымен қатар студенттердің жауаптарынада баға береді.

1 семинар

Тақырып: Ғылыми ілімдердің өзге салалардың ішінде криминолгия ұғымы, пәні және орны.

Мақсаты: Студенттерге криминология жөнінде жалпы түсінік беру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақтың мақсаты
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Жалпы ережелер
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
Реферат тақырыбы
арналған тапсырмалар
арналған жиынтық
білім беретін
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
пәнінен тоқсанға
республикасының білім
сәйкес оқыту
Қазақ әдебиеті
Мектепке дейінгі
оқыту мақсаттары
қазақ тілінде
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
Жұмыс бағдарламасы
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
мамандығына арналған