Тарих және құқық факультетінің


ҚР АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҒЫ ПӘНІ БОЙЫНША ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ



бет9/12
Дата09.09.2017
өлшемі0.77 Mb.
#19824
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

5.ҚР АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҒЫ ПӘНІ БОЙЫНША ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ
Дәріс №1. Азаматтық құқықтың жалпы ережелері

Азаматтық құқықтың бір саласы – ол тауар - ақша қатынастарын және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай- ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастарын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Азаматтық құқықтың пәні – азаматтық құқықтық қатынастар:

1. Тауар- ақша қатынастары, мүліктік қатынастар.

2. Мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар.

3. Мүліктік емес жеке қатынастар.

2. Принциптер азаматтық құқықтық жүйеде әрқашанда бастапқы норма болып табылады. Принциптер азаматтық құқық нормаларының барлық жүйесін қамтып, басшылыққа алынады.

Азаматтық құқықтың принциптері:

1. Азаматтық құқықтың қатнастарына қатысушылардың теңдігі.

2. Меншікке және басқа да заттардың құқықтарына қол сұқпаушылық.

3. Шарт еркіндігі.

4. Жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуының жол берілмеуі.

5. Азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асырылуы.

6. Нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірілуінің қамтамасыз етілуі.

7. Азаматтық құқықты сот арқылы қорғау.

3. Азаматтық құқықтың қайнар көздеріне заңдар, нормативтік құқықтық актілер, әдет- ғұрып (іскерлік айналымдағы әдет) және халықаралық шарттар жатады.

ҚР-ның Азаматтық коджексінің жалпы бөлімі 1994 жылдың 27 желтоқсанында қабылданып, 1995 жылы 1 наурыздан бастап, ал ерекше бөлімі 1999 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді. Халықаралық шарттар Азаматтық құқықтың қайнар көздеріне жатады. Халықаралық шарттар ҚР-ның ішкі азаматтық заңдарына қарағанда басым құқыққа ие болады.


Дәріс №2. Азаматтық құқықтың қатынастары

Азаматтық құқық нормаларының талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаларға тәуелді болатын жақтар арасындағы қатынастар азаматтық құқық қатынастары деп аталады.

Адамдар өз өмірінде және әрекет үстінде үнемі әрқилы азаматтық құқық қатынастарына араласып жүргенімен, өздерінің әрекеттерінің заң жөніндегі сипатын көбінесе ескере бермейді. Мысалы, қайсыбір затты болсын сатып алуда сатушы мен алушының арасында Азаматтық кодексте көрсетілген сату-сатып алу мәмілесінен туындайтын өте күрделі құқықтыққатынастар пайда болады. Бұл мәміле бойынша сатып алушы белгілі бір сомада ақша төлеуге міндетті, ал сатушы сатқан затты сатып алушының меншігіне беруге, немесе затында сапасы жағынан бір кемшілігі немесе сан жағынан кемістігі болса, онда оны басқа затпен ауыстыруға, толықтыруға, әйтпесе алған ақшасын қайтарып беруге міндетті және т.с.с.

Заңды тұлғалардың барлық істері де нақ жаңағыдай азаматтық құқық қатынасы ретімен жүзеге асады. Өндіріс жабдықтарын тапсыру, өнімдерді сату, банк арқылы есеп айыру – осылардың бәрі де құқықтық қатынасты тудырады, яғни осылардың бәрінің де заң арқылы белгілі салдары болады.


3 дәріс Жеке тұлға – азаматтық құқықтардың субъектісі ретінде

ҚР- ның Азаматтық кодексінің 12-бабына сәйкес жеке тұлғалар деп ҚР-ның азаматтарын, басқа мемлекеттің азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды айтады. Құқықтың субъектілерін сипаттайтын негізгі құқық қасиеттері құқық қабілеттілігі болып табылады. Азаматтық кодексінің 13 -бабында азаматтық құқық қабілеттілігі азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеттілігі барлық адамдарға бірдей деп тұжырымдалады. Азаматтық құқық қабілеттілігі оның туған сәтінен бастап және өлуімен бірге қысқарады. Азаматтың әрекет қабілеттілігі - адамдардың өз әрекеті мен құқықтарына ие болуға және оны жүзеге асыруда өзі үшін азаматтық міндеттемелер жасап, оларды орындау қабілеті болып табылады. Азамат әрекет қабілеттілігі оның жасы мен психологиялық жағдайына қатысты болып келеді. Азаматтық Кодекстің 18-бабына сәйкес әрекет қабілеттілігі кәмелетке толғанда, яғни 18 –ге толғанда толық көлемде пайда болады.

Азамат әрекет қабілеттілігін 3 түрге бөлуге болады: толық, ішінара (толық емес), шектеулі.
4 дәріс Заңды тұлғалар

Құқықтар мен міндеттердің иесі бола білу, азаматтық айналымда құқықтың дербес субъектісі ретінде қатысу, біз жоғарыда айтқанымыздай, жеке тұлғаға ғана емес, заңды тұлғаларға да тән. Азаматтық кодекстің 33-бабында оған мынадай тұжырым берілген: «Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтары мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп табылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады».

Азаматтық құқық ғылымы заңды тұлғаны мынадай белгілері бойынша айқындайды: 1) ұйымдасқандық бірлігі; 2) мүліктік оқшаулығы; 3) дербес мүліктік жауапкершілігі; 4) азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы.

Ұйымдасқан бірлігі - заңды тұлғаның ішкі құрылымынан көрінеді, сол арқылы қызмет аясы айқындалады. Заңды тұлғалар өз қызметтерін, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғы не құрылтай шарты арқылы, не тек құрылтай шарты негізінде жүзеге асырады.

Мүліктік оқшаулау - заңды тұлғаның экономикалық-құқықтық белгісі болып табылады және оның мүлікке заттық құқығын иеленуін білдіреді. Коммерциялық ұйымдағы дербес балансының мөлшері мен мекемедегі смета заңды тұлғаның оқшаулық мүлкін айқындайтын құжаттар.

Дербес мүліктік жауапкершілік – ол заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлікпен жауап беруі. Бұл жалпы ереже. Ал, меншік иесі қаржыландыратын 44-бабының 1-тармағы 2-бөлігіне сәйкес өз міндеттемесі бойынша өз билігіндегі ақшалай қаражатпен жауап береді. Қаражат жеткіліксіз болған жағдайда мекеме мен қазыналық кәсіпорынның міндеттемелері бойынша (қосымша) оның құрылтайшысы жауапты болады.

Азаматтық айналымға өз атынан қатысуы - процессуалдық-құқықтық белгісі. Ол оның сотта талапкер және жауапкер болуына, өз атынан шарт жасасуға, бір жақты мәміле жасауына мүмкіндік береді.
5 дәріс. Шаруашылық серіктестіктер – коммерциялық ұйымдардың бір түрі ретінде

Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесiне (салымдарына) бөлiнген коммерциялық ұйым шаруашылық серiктестiк деп танылады. Құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдары есебiнен құрылған, сондай-ақ шаруашылық серiктестiк өз қызметi үрдiсiнде өндiрген және алған мүлiк меншiк құқығы бойынша серiктестiкке тиесiлi болады. 


     Шаруашылық серiктестiктер толық серiктестiк, сенiм серiктестiгi, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк, қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк нысандарында құрылуы мүмкiн. 
     Толық және сенiм серiктестiгiнен басқа, шаруашылық cepіктестікті бiр тұлға құра алады, ол оның жалғыз қатысушысы болады.
      Толық серiктестiктiң қатысушылары және сенiм серiктестiгiндегi толық серiктер азаматтар ғана бола алады.       
     Құрылтай шарты мен жарғы шаруашылық серiктестiктiң құрылтай құжаттары болып табылады. 
      Жарғы бiр адам (бiр қатысушы) құрған шаруашылық серiктестiктiң құрылтай құжаты болып табылады. 
     Шаруашылық серiктестiктiң құрылтай құжаттарын (жарғы және құрылтай шартын) нотариат куәландыруға тиiс. 
     Шаруашылық серiктестiктiң құрылтай құжаттарында осы Кодекстiң 41-бабының 4 және 5-тармақтарында аталған мәлiметтерге қоса әрбiр қатысушының үлес мөлшерi туралы; серiктестiктiң жарғылық капиталына олар салатын салымның мөлшерi, құрамы, мерзiмi және тәртiбi туралы; серiктестiктiң жарғылық капиталына салым салу жөнiндегi мiндеттердi бұзғаны үшiн қатысушылардың жауапкершiлiгi туралы ережелер, сондай-ақ заң құжаттарында көзделген өзге де мәлiметтер болуға тиiс.
     Шаруашылық серiктестiк, заң құжаттарында көзделген реттердi қоспағанда, басқа шаруашылық серiктестiктердiң құрылтайшысы болуы мүмкiн.
     Шаруашылық серiктестiк бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысымен шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзу шартын жасасуға құқылы.
      Құрылтай шартының қолданылуы шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар тiзiлiмi қалыптастырылған күннен бастап тоқтатылады. Шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар тiзiлiмiнен үзiнді-көшiрме қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзудi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталындағы үлеске құқықты растайтын құжат болып табылады.
      Акционерлiк қоғам қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзудi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серiктестiгi болып қайта құрылған жағдайда құрылтай шарты жасалмайды.
      Қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзудi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталына қатысу үлесiне құқықтар шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар тiзiлiмiнде осы құқықтардың тiркелген кезiнен бастап туындайды.

Дәріс №6. Коммерциялық ұйымдардың өзге де түрлеріне жалпы сипаттама

Өзiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлiк қоғам болып танылады. Акционерлiк қоғамның акционерлерi осы заң актiлерiнде көзделгеннен басқа жағдайларда оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және өзiне тиесiлi акциялар құнының шегiнде қоғамның қызметiне байланысты шығындар тәуекелiн көтередi. 


Жарғылық капиталының басым бөлiгiн басқа заңды тұлға қалыптастырған не олардың арасында жасалған шартқа сәйкес (не өзгедей түрде) негiзгi ұйым осы ұйымның қабылдайтын шешiмдерiн айқындай алатын заңды тұлға еншiлес ұйым болып табылады.
Егер акционерлiк қоғамның дауыс берушi акцияларының жиырма проценттен астамы, басқа (қатысушы, басымырақ) заңды тұлғанiкi болса, ол тәуелдi қоғам деп танылады. 
Азаматтардың бiрлескен кәсiпкерлiк қызмет үшiн мүшелiк негiзде олардың өз еңбегiмен қатысуына және өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң мүлiктiк жарналарын бiрiктiруiне негiзделген ерiктi бiрлестiгi өндiрiстiк кооператив деп танылады. 
Мемлекеттiк кәсiпорындарға:
     1) шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген;
     2) оралымды басқару құқығына негiзделген (қазыналық кәсiпорын) кәсiпорындар жатады.
     Мемлекеттiк кәсiпорынның мүлкi бөлiнбейдi және оны салымдар (үлестер, жарналар) бойынша, соның iшiнде кәсiпорын қызметкерлерiнiң арасында бөлуге болмайды.
     Мемлекеттiк кәсiпорындардың фирмалық атауында оның мүлкiн меншiктенушi көрсетiлуге тиiс.
Құрылтайшы бекiтетiн шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген кәсiпорынның жарғысы оның құрылтай құжаты болып табылады. 
     Шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген кәсiпорын өз мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлкiмен жауап бередi.

Жедел басқару құқығымен мемлекет мүлкiне ие болған кәсiпорын қазыналық кәсiпорын деп танылады.



7 дәріс. Коммерциялық емес ұйымдар

Коммерциялық емес болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғамдардың тұтыну кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестік нысанында және өзге де нысандарда құрыла алады. Басқару, әлеуметтiк-мәдени немесе өзге де коммерциялық емес сипаттағы қызметтердi жүзеге асыру үшiн құрылтайшы құрған және қаржыландыратын ұйым мекеме деп танылады. 

Қазақстан Республикасында қоғамдық бiрлестiктер болып, саяси партиялар, кәсiптiк одақтар және азаматтардың заңдарға қайшы келмейтiн, өздерiнiң ортақ мақсаттарына жету үшiн ерiктi негiзде құрған басқа да бiрлестiктерi танылады. 

Азаматтар және (немесе) заңды тұлғалар ерiктi мүлiктiк жарналар негiзiнде құрған, әлеуметтiк, қайырымдылық, мәдени, бiлiм беру және өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарды көздейтiн мүшелiгi жоқ коммерциялық емес ұйым қоғамдық қор деп танылады. 

Қатысушылардың материалдық және өзге қажеттерiн қанағаттандыру үшiн өз мүшелерiнiң мүлiктiк (үлестiк) жарналарын бiрiктiру арқылы жүзеге асырылатын азаматтардың ерiктi бiрлестiгi тұтыну кооперативi деп танылады. 
      Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда тұтыну кооперативiне заңды тұлғалар кiре алады. 
Рухани қажеттерiн қанағаттандыру үшiн өз мүдделерiнiң ортақтығы негiзiнде, заң құжаттарында белгiленген тәртiп бойынша бiрiккен азаматтардың ерiктi түрдегi бiрлестiгi дiни бiрлестiк деп танылады.
8 дәріс. Мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөлініс – азаматтық құқықтың субъектілері ретінде

Қазақстан Республикасы азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастарға осы қатынастардың өзге қатысушыларымен тең негiздерде кiредi. 


     Қазақстан Республикасының мемлекеттiк өкiмет билiгi мен басқару органдары өздерiнiң осы органдардың мәртебесiн айқындайтын заң құжаттарында, ережелерде және өзге де құжаттарда белгiленетiн құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының атынан өз әрекеттерi арқылы мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтар мен мiндеттердi алып, оларды жүзеге асырады, сотта өкiлдiк ете алады. 
      Заңдарда көзделген реттер мен тәртiп бойынша Қазақстан Республикасының арнайы тапсырмасымен оның атынан өзге де мемлекеттiк органдар, заңды тұлғалар мен азаматтар өкiлдiк ете алады. 
     Азаматтық-құқықтық дауларды Қазақстан Республикасының қатысуымен соттар шешедi. Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастарда бұл қатынастардың өзге де қатысушыларымен тең негiздерде кiредi. 
     Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар осы органдардың мәртебесiн айқындайтын заң құжаттарында, ережелерiнде және өзге де құжаттарында белгiленетiн құзыретi шегiнде өз әрекеттерi арқылы әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң атынан мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтар мен мiндеттердi алып, оларды жүзеге асырады, сотта өкiлдiк ете алады. 
     Заңдарда көзделген реттер мен тәртiп бойынша арнаулы тапсырмамен әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс атынан жергiлiктi мемлекеттiк органдар, заңды тұлғалар мен азаматтар өкiлдiк ете алады. 
     Заңдарда белгiленген реттерде әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс азаматтық құқық қатынастарында мемлекет атынан өкiлдiк ете алады. 
     Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс пен оның органдарына, егер заңдардан өзгеше жағдай туындамаса, осы Кодекстiң тиiсiнше мемлекет пен оның органдарының азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастарға қатысуы туралы ережелерi қолданылады. 
     Азаматтық-құқықтық дауларды әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң қатысуымен соттар шешедi.
9 дәріс. Азаматтық құқықтың объектілері

Азаматтық құқықтық қатынаста құқықтар мен міндеттер не нәрсеге бағытталған болса, сол нәрсе құқықтық қатынастардың объектісі болып табылады. Азаматтық кодекстің 115-бабында азаматтық құқық объектісіне кеңінен тізбе келтірілген:

1. Мүліктік игіліктер мен құқықтарға жататыңдар (заттар, ақша, соның ішінде шетел валютасы, бағалы қағаздар, жұмыс,қызмет, шығармашылық интелектуалдық жұмыстар, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және т.б.)

2. Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға жататыңдар: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, абыройы, игі-атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есім алу құқығы, автор болу құқығы, шығармашылыққа қол сұқпау құқығы және басқа материалдық емес игіліктер мен құқықтар.



2. Зат азаматтық құқық тұрғысынан қарағанда физикалық дене ретінде және оның адам еңбегімен жасалған, сол сияқты табиғи күйінде де кездесетін сыртқы материалдық дүниенің бір бөлігі болып табылады. Зат деп материалдың кез – келген объектісін айтамыз. Азаматтық кодекстің 117- бабына сәйкес заттар қозғалатын және қозғалмайтын болып екіге бөлінеді. Жылжымайтын мүлікке жер учаскелері, үйлер, ғимараттар, көп жылдық екпелер және өзге мүліктер, яғни орнынан олардың мақсатына сай емес шығынсыз ауыстыру мүмкін болмайтын мүліктер жатады. Қозғалмайтын заттарға жатпайтын мүлік оның ішіне ақша мен бағалы қағаздар қозғалатын мүлік деп танылады. Кейбір жағдайларда заңмен қозғалмайтын мүліктерге, атап айтқанда, әуе және теңіз кемелері, ішкі суда жүзу кемелері, өзең – теңіз жүзу кемелері, ғарыш объектілері жатқызылады. Азаматтық кодекстің 116-бабының талаптарына сәйкес заттар айналымда еркін берілетін немесе ауысатын, айналымнан алынып тасталатын немесе айналымда шек қойылатын түрлерге бөлінеді.

Зат бөлінетін және бөлінбейтін болып екіге бөлінеді:

Бөлінетін заттар – бөлген кезде өзінің бастапқы қасиетінен айрылмайды.

Бөлінбейтін заттар- бөлінгенде мәнін жоғалтып алады.

Күрделі заттар- егер әр текті заттар бірігіп, бір мақсатқа пайдаланылса, әрі бүтін бір затты құрайтын болса, олар бір зат деп қаралады.

Азаматтық кодекста заттар басты және қосалқы деп бөлінеді:

Басты зат- дербес бола алатын затты айтады.

Қосалқы зат – басты затқа қызмет етеді, өйткені олардың шарттарының мақсаттары бір болып және басты затқа ілесіп жүреді.

Азаматтық құқықтың ерекше объектілерінің бірі ретінде – азаматтардың немесе заңды тұлғалардың интелектуалдық меншігін қарастырады. Оған интелектуалды шығармашылық заңды тұлғаны дараландыру құралдары жеке немесе заңды тұлғалардың өзі орындайтын жүйенің өнімдері ( фирманың атау белгісі, қызмет көрсету белгілері). Азаматтық кодексте жемістер, азық – түлік және табыстар деген заттар да қаралған. Олар затты пайдалану нәтижесінде алынған түсімге жатқызылады. Жемістерге малдың төлі, ағаштың жемісі және тағы да басқалары , ал табыстар азық - түлік айналымында пайда түсіреді. Оған: жалдамалы ақы, пайыздық төлемдер жатады. Ал азық - түлік, өнім дегеніміз - өндірістік мақсатқа орай затты пайдаланудан түскен өнім болып табылады.

Азаматтық құқық жануарларды да объект ретінде қарастырады. Азаматтық құқықтың 124-бабына сәйкес жануарларға қатысты құқықтық қатынастарға егер заңда өзгеше көзделмесе, онда заттар туралы жалпы ережелер қолданылады


10 дәріс. Бағалы қағаздар – азаматтық құқықтың объектілері

Бағалы қағаз - мүлiктiк құқықты куәландыратын белгiлi бiр жазбалар мен басқа да белгiлердiң жиынтығы.


     Бағалы қағаздарға акциялар, облигациялар және бағалы қағаздардың осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен айқындалған өзге де түрлерi жатады.
     Бағалы қағаздар шығарылым нысаны бойынша:
     1) құжатты және құжатсыз;
     2) эмиссиялық және эмиссиялық емес;
     3) атаулы, ұсынбалы және ордерлiк бағалы қағаздар болып бөлiнедi.
      Құжатты бағалы қағаздар - құжатты нысанда (бағалы қағаздың мазмұнын арнаулы техникалық құралдарды пайдаланбай-ақ тiкелей оқу мүмкiндiгi болатын қағаз немесе өзге материалдық жеткiзушi) шығарылған бағалы қағаздар.
      Құжатсыз бағалы қағаздар - құжатсыз нысанда (электрондық жазбалар жиынтығы түрiнде) шығарылған бағалы қағаздар.
      Эмиссиялық бағалы қағаздар - бiр шығарылым шегiнде осы шығарылым үшiн бiрдей жағдай негiзiнде орналастырылатын және айналымда болатын, бiртектi белгiлерi мен реквизиттерi бар бағалы қағаздар.
      Эмиссиялық емес бағалы қағаздар - осы тармақтың төртiншi бөлiгiнде көрсетiлген белгiлерге сәйкес келмейтiн бағалы қағаздар.
      Атаулы бағалы қағаз - ол куәландырған құқықтардың онда аталған тұлғаға тиесiлiгiн растайтын бағалы қағаз.
      Ұсынбалы бағалы қағаз - ол куәландырған құқықтардың бағалы қағазды ұсынушыға тиесiлiгiн растайтын бағалы қағаз.
      Ордерлiк бағалы қағаз - ол куәландырған құқықтардың онда аталған тұлғаға, ал оларға осы құқықтар осы Кодекстiң 132-бабының 3-тармағында көзделген тәртiппен берiлген жағдайда, басқа тұлғаға тиесiлiгiн растайтын бағалы қағаз.
     Осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен бағалы қағаздардың белгiлi бiр түрiн қайсыбiр нысанда шығару мүмкiндiгiне жол берiлмеуi мүмкiн.

11 дәріс. Мүліктік емес өзіндік құқықтар

Мүлiктiк емес өзiндiк құқықтары бұзылған адамның, осы Кодекстiң 9-бабында көзделген шаралардан басқа, осы Кодекстiң ережелерi бойынша моральдық зардаптарын өтетуге құқығы бар. 


     Мүлiктiк емес өзiндiк құқықтардың қорғалуын азаматтық iс жүргiзу заңдарында көзделген тәртiп бойынша сот жүзеге асырады. 
     Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе құқық бұзған адамның кiнәсiне қарамастан, мүлiктiк емес өзiндiк құқықтар қорғалуға тиiс. Қорғау туралы талап қойған адам өзiнiң мүлiктiк емес өзiндiк құқығының бұзылуын нақты дәлелдеуге тиiс. 
     Мүлiктiк емес өзiндiк құқығы бұзылған адам өз таңдауы бойынша оны бұзушыдан бұзылу зардаптарын жоюды немесе бұзушының есебiнен өз бетiнше қажеттi әрекеттер жасауды не олардың орындалуын үшiншi жаққа тапсыруды талап етуi мүмкiн. 
      Мүлiктiк емес өзiндiк және мүлiктiк құқықтар бiр мезгiлде бұзылған жағдайда мүлiктiк емес өзiндiк құқықтардың бұзылғандығы үшiн жәбірленушiге тиесiлi өтем ескерiле отырып, мүлiктiк зиянның орнын толтыру мөлшерi ұлғаяды. Азамат немесе заңды тұлға өзiнiң ар-намысына, қадiр-қасиетiне немесе iскерлiк беделiне кiр келтiретiн мағлұматтарды, егер ондай мағлұматтарды таратушы адам олардың шындыққа сай екендiгiн дәлелдей алмаса, сот арқылы терiске шығаруды талап етуге құқылы. 
Азаматтың жеке бас құпиясын, оның iшiнде хат алысу, телефон арқылы сөйлесу, күнделiктер, естелiктер, жазбалар, iшкi жан сыры, бала асырап алу, туу құпиясын, дәрiгерлiк, адвокаттық құпияны, банктiк салымдар құпиясын сақтауға құқығы бар. 
Қандай да бiр адамның суреттiк бейнесiн оның келiсiмiнсiз, ал ол қайтыс болған жағдайда - мұрагерлерiнiң келiсiмiнсiз пайдалануға ешкiмнiң де құқығы жоқ. Заң құжаттарында көзделгеннен басқа реттерде азаматтың тұрғын үйге қол сұққызбау құқығы болады, яғни тұрғын үйiне өзiнiң еркiнен тыс баса-көктеп кiрудiң кез-келген әрекетiн тиюға құқығы бар.

12 дәріс. Мәмілелер

Азаматтық Кодекстің 147-бабында: «Мәміле – азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтар мен міндетерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері деп белгіленеді.

Мәміленің белгілері:

1. Тұлғаның ерік (тілек немесе ниет) білдіру;

2. Рұқсат етілген ерік білдіру, яғни құқыққа сәйкес әрекет;

3. Қандай – да бір құқық жасауға бағытталған;

4. Мәміле әрқашан құқықтық салаларды туғызады.

Мәміленің маңызды жақтарының еркі мен ерік білдіруінен тұратын мәмілеге қатысушылардың ерік білдіру әдісін – мәміленің нысаны деп атайды. Ерік білдіру ауызша конклюденттік әрекетт арқылы, жазбаша және үндемей қалу жолымен білдіріледі.

Мәмілелер мына түрлерге бөлінеді:

1. бір жақты және екі немесе көп жақты.

2. ақылы және ақысыз.

3. нақты және консенсуалды.

4. шартпен жасалатын.

5. биржалық.

Мәміленің жарамдылығы заң талаптарына сәйкес айқындалады. Мәміленің жармды болуы шарттарына жататыңдар:

1. Мазмұны заң талаптарына сәйкестігі;

2. Мәмілеге қатысатын және оны жүзеге асыратын тұлғалардың қабілеттілігі;

3. Ерік пен ерік білдірудің сәйкестілігі;

4. Мәміленің нысанын сақтау.

Мәміле заңға қайшы келмеуі тиіс. Мәміле ерікті әрекет болғандықтан, оны әрекет қабілеттілігі бар әрбір азамат жасай алады. Ал заңды тұлғалар жалпы және арнайы әрекет қабілеттілігі болғандықтан, мәміле жасауға қабілетті деп саналады. Мәміленің жарамды болу үшін ерік және ерік білдіру бір-бірімен сәйкес келуі керек. Мәміле оның нысанын сақтау кезінде құқықтар тұлғаның ерік білдіру немесе ресми куәландырылуы көрінеді.

Азаматтық құқық теориясында мәміленің жарамсыз болуы мынадай түрлерге бөлінеді:

1. Субъектілік құрамының ақауы бар мәміле;

2. Ерікке қатысты ақауы бар мәміле;

3. Нысанның ақауы бар мәміле;

4. Мазмұнының ақауы бар мәміле.
13 дәріс. Өкілдік және сенімхат

Басқа адамның (өкiлдiк берушiнiң) атынан бiр адамның (өкiлдiң) сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлеттiгi күшiмен жасаған мәмiлесi өкiлдiк берушiнiң азаматтық құқықтары мен мiндеттерiн тiкелей туғызады, өзгертедi және тоқтатады. 


      Өкiлеттiк өкiлдiң (бөлшек сауда жүйесiндегi сатушы, кассир және т.б.) әрекет жасаған жағдайынан да көрiнуi мүмкiн. 
      Өкiл жасаған мәмiле бойынша тiкелей өкiлдiк берушiде құқықтар мен мiндеттер пайда болады. 
      Өкiл жеке өзiне қатысты да, сонымен бiрге өзi өкiлi болып табылатын басқа адамға қатысты да өкiлдiк берушiнiң атынан мәмiлелер жасай алмайды. 
      Басқалардың мүдделерi үшiн болса да өз атынан әрекет ететiн адамдар (коммерциялық делдалдар, мұрагерлiк кезiнде өсиеттi орындау тапсырылған адамдар және т.б.), сондай-ақ болашақта жасалуы мүмкiн мәмiлелерге қатысты келiссөз жүргiзуге уәкiлдiк берiлген адамдар өкiлдер болмайды. 
      Сипаты жөнiнен тек жеке өзi ғана жасауға болатын мәмiленi, сондай-ақ заң құжаттарында көзделген реттердегi басқа да мәмiлелердi өкiл арқылы жасауға жол берiлмейдi. Бiр адамның (сенiм бiлдiрушiнiң) өз атынан өкiлдiк ету үшiн екiншi адамға (сенiм бiлдiрген) берген жазбаша уәкiлдiгi сенiмхат деп танылады. 
      Мүлiкке билiк жасауға және нотариаттың куәландыруын талап ететiн мәмiлелер жасауға берiлетiн сенiмхатты, егер заң құжаттарында өзгеше белгiленбесе, нотариат куәландыруға тиiс. 
      Нотариат куәландырған сенiмхаттарға: 
      1) госпитальдарда, санаторийлер мен басқа әскери-емдеу мекемелерiнде емделiп жатқан әскери қызметшiлердiң және өзге де адамдардың осы госпитальдардың, санаторийлер мен басқа әскери-емдеу мекемелерiнiң бастықтары, медицина бөлiмi жөнiндегi орынбасарлары, аға және кезекшi дәрiгерлерi куәландырған сенiмхаттар; 
      2) мемлекеттiк нотариалдық кеңселер мен басқа да нотариалдық әрекет жасайтын органдары жоқ әскери бөлiмдер, құрамалар, мекемелер және әскери-оқу орындары орналасқан мекендердегi осы бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң, оқу орындарының командирлерi (бастықтары) куәландырған әскери қызметшiлердiң сенiмхаттары, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшiлердiң, олардың отбасы мүшелерi мен әскери қызметшiлер отбасы мүшелерiнiң сенiмхаттары; 
      3) бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың бас бостандығынан айыру орындарының бастықтары куәландырған сенiмхаттары; 
      4) халықты әлеуметтiк қорғау мекемелерiндегi кәмелетке толған әрекет қабiлеттiгi бар азаматтардың осы мекеменiң немесе тиiстi халықты әлеуметтiк қорғау органдарының басшысы куәландырған сенiмхаттары теңестiрiледi. 

14 дәріс. Азаматтық құқықтағы мерзімдер. Талап қою мерзімі.

Азаматтық құқықтағы мерзім ұғымы заңдық салдармен байланысты сәт немесе шектеулі кезең деп түсіндіріледі. АК 172-бап мерзім күнтізбелік күнмен немесе сөзсіз болуға тиісті оқиғамен байланыстырылады. Егер мерзім кезеңмен белгіленсе, құқықты жүзеге асыру мен міндеттемені орындау мерзімі аяқталғанға дейнгі уақыттың кез-келген сәтінде орындала беруі мүмкін.

Сөзсіз болуға тиісті оқиғаның салдары мерзімді белгілеуді талап етеді.

ҚР АК-нің 173-б. сәйкес уақыт кезеңімен белгіленетін мерзімнің өтуі күнтізбелік күннен бастап немесе мерзімнің басталуы белгіленген оқиға болғаннан кейінгі келесі күннен басталады.

ҚР АК-нің 174-б-да уақыт кезеңімен белгіленетін мерзімнің аяқталуы көрсетілген:

- жылдармен есептелетін мерзім - мерзімнің соңғы жылының тиісті айы мен күнінде бітеді.

- жыл тоқсандарымен есептелетін мерзімге айлармен есептелетін мерзімнің ережелері қолданылады.

- айлармен есептелетін мерзім - мерзімнің соңғы айының тиісті күнінде бітеді.

Мерзімнің бітуімен белгілі бір дәрежеде заңдық салдарға байланысты, заң әрекетті мерзімнің соңғы күнінен аяқталу керектігін міндеттейді.

ҚР АК-нің 176-б. талаптарына сәйкес, егер мерзім қандай да бір әрекет жасауға белгіленген болса, сол әрекет мерзімнің соңғы күніндегі сағат 24-ке дейін орындалуы мүмкін.

Азаматтық құқықтық мерзімдерді әртүрлі негіздер бойынша бөлуге болады.

Тағайындалуына байланысты:

а) нормативтік

ә) шарттық

б) соттық

Мерзімдер құқықтық табиғатына орай мынадай түрлерге бөлінеді:



  1. азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мерзімі;

  2. субъективті құқықты жүзеге асыру мерзімі;

  3. үзіп тастау мерзімі;

  4. кепілдік мерзімдер;

  5. кінәрат қоятын мерзімдер;

  6. азаматтық құқықтағы міндеттемелерді орындау мерзімдері;

  7. азаматтық құқықтарды қорғайтын мерзімдер.

Талап қою мерзімі - адам құқығының немесе заңмен қорғалатын мүдденің бүзылуынан туындайтын талаптың қанағаттандырылуы мүмкін болатын уақыт кезеңі.

Талап қою мерзімі жалпы және арнаулы болып бөлінеді. Талап қоюдың жалпы мерзімі 3 жыл болып белгіленеді. Талаптардың жекелеген түрлері үшін заңмен талап қоюдың жалпы мерзіммен салыстырғанда қысқартылған немесе неғұрлым ұзақ арнаулы мерзімге белгіленуі мүмкін.

ҚР АК 187-б-на сәйкес:

-Азаматтың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру туралы талаптарға қолданылмайды.

-Салымшылардың банкіге банктік салымдарды беру туралы талаптарына қолданылады.

-Заңда көзделген басқа реттерде материалдық емес игіліктер мен мүліктік емес өзіндік құқықтарды қорғау туралы талаптарға

Талап қою мерзімінің өтуі адам құқық бұзушылық туралы білген немесе
15 дәріс. Заттық құқық туралы жалпы ережелер

Заттық құқық деп белгілі бір тұлғаның өз қарамағындағы жеке заттарға үстемдік (қожалық) етуін айтамыз. Азаматтық кодекс жүйесінде құқықтың өзі меншік құқығы және басқалай заттық құқық деп бөлінеді. Оның соңғысына жерді пайдалану құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы, оралымды басқару құқығы және басқа да заттық құқықтар (мысалы, сервитуттар) жатады.

Сонымен, заттық құқық дегеніміз - өкілетті жақтың немесе өзге де жақтардың заң актілері арқылы танылатын және қорғалатын белгілі бір жаққа немесе жақтарға тиесілі әртүрлі заттарға өз қалауы бойынша тікелей үстемдік ету құқығы болып табылады.

Заттық құқық екі үлкен топқа бөлінеді: меншік құқығы және меншік иесі болып табылмайтын тұлғалардың заттық құқықтары.


16 дәріс. Меншік құқығы туралы жалпы ережелер

Меншік - материалдық игіліктерді меншіктеу, әрі иеленуді білдіреді. Меншіктің экономикалық қатынасы құқықтық нормалармен реттеліп, меншік құқығына айналады. Материалдық игіліктерді иелену, пайдалану, және билік етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін азаматтық құқықтық нормалардың жиынтығы объективтік мағынада меншіктік құқық институтын құрайды. Азаматтық кодекстің 188-бабына сәйкес : «меншік құқығы – субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану, оған билік ету құқығы».

1. Иелену құқығы- мүліктің нақты иелену мүмкіндігін заң жағынан толықтай қамтамасыз етіледі. Ол меншік иесіне затқа немесе мүлікке іс жүзінде үстемдік етуге мүмкіндік береді.

2. Пайдалану өкілетті құқығы - мүліктен оның пайдалануын табиғи қасиеттерін алудың, сондай – ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етеді.

3. Билік ету құқығы- мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етеді.

ҚР-ның Конституциясының 6-бабында: «ҚР-да мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады» деп жазылған.

Азаматтық Кодекстің меншікті 2 нысанда жеке және мемлекеттік екендігін белгілейді. Осыған сәйкес меншік субъектілер: мемлекет, әкімшілік- аумақтық бөлініс, заңды тұлғалар мен азаматтар бола алады.

Азаматтық кодекстің 209-бабына сәйкес екі немесе бірнеше адамдардың меншігіндегі мүлік оларға ортақ меншік құқықтармен тиесілі болады. Ортақ меншік - бірлескен және үлестік меншік болып бөлінеді:

Ортақ бірлескен меншік түрлері:

1. Ерлі-зайыптардың ортақ меншігі.

2. шаруа қожалығының ортақ меншігі.

3. жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ меншік.

Меншік құқығын алуда бастапқы және туынды негізде көрсетуге болады. Азаматтық кодекстің бастапқы негізіне мыналар жатқызылады:

1. Жаңадан жасалып жатқан қозғалатын мүлікке меншік құқықтарының пайда болуы;

2. Өңдеу;

3. Иелену мерзімі;

4. Олжа;

5. Қараусыз жануарлар;

6. Меншік иесінен алынған мүлікті иелену;

7. Көмбе.

Меншік құқығының туынды негіздерінің пайда болуы шартқа, мұрагерлікке байланысты,ал заңды тұлғаларды қайта құрған кездегі құқықтың мирасқорлық тәртібімен жүзеге асырылады.
17 дәріс. Қазақстан Республикасындағы меншік құқығы туралы заңдардың дамуы

Қазақстан Республикасының ұлттық меншік құқығының қалыптасуы айтарлықтай қиын жағдайда өтті. КСРО-ның азаматтық заңдары жеке меншікті мойындамай, мемлекеттік меншікті халықтың меншігі деп жоғары деңгейде тәртіптеді. 90-жылдардың басынан бастап «социалистік меншіктен» бас тарту үрдісі басталды.

КСРО-дағы меншік туралы заңда бұрынғы «өзіндік меншік» ұғымының орнына «азаматтардың меншігі» деген жаңа ұғым пайда болды. Қазақ КСР-ның 1990ж. 15-желтоқсанда қабылданған «Меншік туралы» заңында тұңғыш рет меншік құқығының принциптері мен ұғымы бекітіліп, Қазақ КСР-ның жері мен басқа табиғат ресурстарына айрықша меншік жарияланды.

1994ж. 27-желтоқсанда ҚР Азаматтық кодексінің қабылдануы меншік құқығының жағдайын түбірімен өзгертті.


18 дәріс. Азаматтардың меншік құқығы

ҚР Конституциясының 26-бабы мен АК-тің 191-бабына сәйкес, азаматтардың меншік құқығы азаматтардың жеке меншігі ретінде көрінеді. Меншік құқығының субъектісі жеке түлға болып табылады. Азаматтардың меншігі экономикалық категория ретінде жеке меншіктенудің барлық түрлерін қамтиды. Азаматтық құқық азаматтың мүлікке меншік қатыстылығын, оны иеленуін, пайдалануын және билік етуін реттейді және бұл мүлікті қорғауды жүзеге асырады. Осындай меншік қатынастарын реттейтін нормалардың жүйеге келтіретін жиынтығы азаматтардың меншік құқығын құрайды, бұл объективтік мағынадағы меншік құқығы болып табылады. Меншік құқығы субъективті мағынада азамат құқығының заң нормалары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауы бойынша иеленуі, падалануы және билік етуі.


19 дәріс. Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және олардың бірлестіктерінің меншік құқығы

Мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі жеке меншіктің кеңінен тараған түрінің бірі болып табылады.

Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншік құқығы (объективтік тұрғыдан қарағанда) – мемлекеттік емес заңды тұлғалардың материалдық игіліктерді оларға ие болу мүмкіншілігін қорғайтын, бекітетін құқық нормаларының жиынтығы болып табылады. Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың субъективтік меншік құқығы заң нормалары арқылы танылатын және қорғалатын өзінге тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және билік ету құқығы болып табылады.




20 дәріс. Мемлекеттік меншік құқығы

Мемлекеттiк меншiк республикалық және коммуналдық меншiк түрiнде көрiнедi.


Республикалық меншiк мемлекеттік қазынадан және заң құжаттарына сәйкес мемлекеттiк республикалық заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлген мүлiктен тұрады. 
      Республикалық бюджеттiң қаражаты, алтын валюта қоры және алмас қоры, мемлекеттiк меншiктiң осы Кодекстiң 193-бабында аталған объектiлерi және мемлекеттiк заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлмеген өзге де мемлекеттiк мүлiк Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қазынасын құрайды. 
      Коммуналдық меншiк жергiлiктi қазынадан және заң құжаттарына сәйкес коммуналдық заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлген мүлiктен тұрады. 
      Жергiлiктi бюджет қаражаты және мемлекеттiк заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлмеген өзге де коммуналдық мүлiк жергiлiктi қазынаны құрайды.
      Коммуналдық меншiк жергiлiктi мемлекеттiк басқару деңгейлерi бойынша облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) меншiк болып бөлiнедi. 
      Мемлекеттiк меншiктегi мүлiк мемлекеттiк заңды тұлғаларға шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығымен бекiтiлiп берiлуi мүмкiн. 
      Жекелеген мемлекеттік мекемелердің иелігіндегі мемлекеттік мүліктің құқықтық режимінің ерекшеліктері заң актілерімен белгіленеді.
      Мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бір түрiнен екiншiсiне беру Қазақстан Республикасының Yкiметi белгілейтін тәртiппен жүзеге асырылады.
      Мүлікті жеке меншіктен мемлекеттік меншікке ерікті және өтеусіз беру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
      Коммуналдық меншiктегi мүлiктi жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың бiр деңгейiнен екiншi деңгейiне беру Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы заңнамалық актiлерде айқындалған тәртiппен жүзеге асырылады.

21 дәріс. Шаруашылық жүргізу және оралымды басқару құқығы

Шаруашылық жүргiзу құқығы мүлiктi мемлекеттен меншiк иесi ретiнде алған және бұл мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету құқықтарын осы Кодекспен және өзге де заң құжаттарымен белгiленген шекте жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорынның заттық құқығы болып табылады.Шаруашылық жүргiзу құқығының объектiсi, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, кез келген мүлiк бола алады. Оралымды басқару құқығы меншiк иесiнiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекеменiң, меншiк иесiнен мүлiк алушы және өз қызметiнiң мақсатына, меншiк иесiнiң тапсырмаларына және мүлiктiң мақсатына сәйкес заң құжаттарымен белгiленген шекте сол мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асырушы қазыналық кәсiпорындардың заттық құқығы болып табылады. 


       Оралымды басқару құқығына ие болу мен тоқтату, егер заңдарда өзгеше белгiленбесе, осы Кодекстiң 13 және 14-тарауларында көзделген ережелер мен тәртiп бойынша жүзеге асырылады.
22 дәріс. Ортақ меншік

Екi немесе бiрнеше адамның меншiгiндегi мүлiк оларға ортақ меншiк құқығымен тиесiлi болады.


      Мүлiк меншiк иелерiнiң әрқайсысының меншiк құқығындағы үлестерi белгiлене отырып (үлестiк меншiк) немесе ондай үлестер белгiленбей (бiрлескен меншiк) ортақ меншiкте болуы мүмкiн. 
      Мүлiкке ортақ меншiк үлестiк меншiк болып табылады, бұған мүлiкке ортақ меншiк құру заңда көзделген реттер қосылмайды. 
      Ортақ меншiк екi немесе бiрнеше адамның меншiгiне мүлiк түскен кезде пайда болады, оны өзiнiң мақсаты өзгертiлмейiнше бөлуге болмайды (бөлiнбейтiн заттар), өйткенi ол заңға сәйкес бөлiнуге жатпайды. 
      Бөлiнетiн мүлiкке ортақ меншiк заң құжаттарында немесе шартта көзделген реттерде пайда болады. 
      Бiрлескен меншiкке қатысушылардың келiсiмi бойынша, ал келiсiмге қол жетпеген жағдайда - сот шешiмi бойынша ортақ меншiкке осы адамдардың үлестi меншiгi белгiленуi мүмкiн. 
      Жылжымайтын мүлiкке меншiк кондоминиум нысанында пайда болуы мүмкiн, бұл жағдайда жылжымайтын мүлiктiң жекелеген бөлiктерi азаматтардың және (немесе) заңды тұлғалардың дара (бөлек) меншiгiнде болады, ал жылжымайтын мүлiктiң бөлек меншiкте емес бөлiктерi ортақ үлестiк меншiк құқығымен жылжымайтын мүлiк бөлiктерiнiң иелерiне тиесiлi болады. 
      Әрбiр меншiк иесiнiң ортақ мүлiктегi үлесi оның жылжымайтын мүлiктiң өзiне тиесiлi бөлiгiне бөлек меншiгiнен ажырағысыз. 
      Әрбiр меншiк иесiнiң ортақ мүлiктегi үлесiнiң мөлшерi мен оны ұстауға арналған шығындарға қатысу дәрежесi, егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жылжымайтын мүлiктiң дара (бөлек) меншiктегi бөлiктерiнiң мөлшерiне байланысты болады. 
      Кондоминиумның әр алуан түрлерiнiң құқықтық режимiнiң ерекшелiктерi заң актiлерiмен айқындалуы мүмкiн.
      Инвестициялық пай қорының активтерiне ортақ үлестiк меншiктiң құқықтық режимiнiң ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заң актiсiмен айқындалады.


23 дәріс. Бірлескен қызмет туралы шарт (жай серіктестік)

Жай серiктестiк бiрлескен қызмет туралы шарт негiзiнде құрылады. 


Бiрлескен қызмет туралы шарт (жай серiктестiк шарты) бойынша тараптар табыс табу немесе заңға қайшы келмейтiн өзге де мақсатқа қол жеткiзу үшiн бiрлесiп әрекет жасауға мiндеттенедi. 
      Жай серiктестiк заңды тұлға болмайды. 
      Бiрлескен қызмет туралы шарт (жай серiктестiк шарты) азаматтардың, азаматтар мен заңды тұлғалардың арасында, заңды тұлғалар арасында жасалады (консорциум). 
      Жай серiктестiк қатысушыларының бiрлескен қызметi туралы шартқа байланысты мiндеттемелерi, егер бiрлескен қызмет туралы шартта өзгеше көзделмесе, үшiншi жақтар алдында ортақ болып табылады. 
      Бiрлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың ортақ iстерiн жүргiзу олардың жалпы келiсiмi бойынша жүзеге асырылады. Өзара келiсiм бойынша олар бiрлескен қызметке басшылық етудi және ортақ iстердi жүргiзудi қатысушылардың бiреуiне тапсыра алады, ал ол қатысушы бұл орайда шартқа өзге қатысушылар берген сенiмхат негiзiнде әрекет етедi.
24 дәріс. Азаматтық құқықтарды қорғау

Құқықтарды қорғау деп құқықтың бұзылуына жол берілмейтіндей жағдай жасайтын қоғамдық қатынастар тәртібін мемлекеттің қолдауын айтамыз. Азаматтық құқықтарды қорғау әдістері:



        1. зат иесінің ол затты біреудің заңсыз иеленуінен өзіне зат күйінде қайтарылуын талап ету (виндикация);

        2. иемдену еркінен айырмай-ақ заңды пайдалануға жасалып отырған кедергіні жоюды талап ету (негаторлық талап);

        3. затты жойып жіберген немесе бүлдірген жағдайда зиянның орнын толтыру;

        4. басқа бір адам негізсіз иеленген немесе сақтап қалған, виндикация жолымен немесе зиянның орнын толтыру арқылы қайтарып алуға болмайтын заттың құнын зат иесіне ақшалай төлеу.


25 дәріс. Міндеттемелік құқық

АК 268-бабы: «Міндеттемеге сәйкес бір адам (борышқор) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға, не белгілі әрекет жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы. Несие беруші борышқордан атқарылғанды қабылдауға міндетті».

Міндеттеменің субъектілері – несие беруші мен борышқор.

АК 269-б. сәйкес, несие беруші немесе борышқор ретінде міндеттемеге бір мезгілде бірнеше адам қатыса алады. Мұндай жағадайда, үлестік, ортақтасқан немесе субсидиялық міндеттеме пайда болады.

Борышқор жағынан міндеттемеге қатысушы адамдардың біріне несие беруші қойған талаптардың жарамсыз болуы, сол сияқты мұндай адамға қойылатын талап бойынша талап қою мерзімінің өтіп кетуі несие берушінің өзге де осындай адамдарға қоятын талаптарына өздігінен әсер етпейді.

Егер міндеттемеге сәйкес тараптардың әрқайсысыбасқа тараптың пайдасына міндет алса, бұл оның пайдасына жасауға міндетті басқа тараптың борышқоры және сонымен бірге оған талап қоюға құқығы бар оның несие берушісі болып есептеледі.

Тараптар және үшінші жақ міндеттемеге қатысушылар болып табылады. Үшінші жақ ретінде міндеттеме тараптарының біреуіне міндеттемелернемесе өзге де құқық қатынастары арқылы байланысты жақтар қатысады.

АК 271-б. сәйкес, міндеттеме шарттан, зиян келтіруден немесе өзге де негіздерден пайда болады.

Міндеттеме өзінің мазмұнына, объектілерінің салалық ерекшеліктеріне және субъектілерінің сипатына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:


    1. жағымды мазмұндағы міндеттеме, жағымсыз мазмұндағы міндеттеме;

    2. біржақты және өзара ортақ міндеттеме;

    3. борышқор әрекетін нақты айқындайтын міндеттеме және балама міндеттеме;

    4. қатаң түрдегі жеке сипаттағы міндеттеме;

    5. басты және тәуелді міндеттеме;

    6. шартқа негізделген міндеттеме, шарттан тыс міндеттеме және біржақты еркін құжат түрлеріндегі міндеттеме.


26 дәріс. Шарт туралы жалпы ережелер

АК 378-бабына сәйкес, екі және одан көп адамның азаматтық құқықтары мен мідеттерін белгілеу, өзгерту және тоқтату туралы келісім шарт деп аталады. Шартқа екі немесе көп- жақты мәліметтер туралы ережелер қолданылады.

АК 380-б. сәйкес аз. құқықтарының субъектілері шарт жасауда еркін болады,ол :

1.Ол шартты жасау не жасамау.

2.Шарт бойынша серікті жақ таңдау.

3.Шарттың түрін таңдау.

4.Шартқа белгілі бір не басқа жағдайларды өзінің қалауынша енгізу.

Шарттың түрлері:

- Біржақты және екіжақты (көпжақты);


  • Ақылы және ақысыз;

  • Консенсуалды және нақты;

  • Үшінші жақтың пайдасына жасалған;

  • Жария шарт;

  • Қосылу шарты;

  • Алдын ала жасалған шарт;

  • Аралас шарт.

Шарт әр жақтың келісімі болып табылатындықтан, ол бір тараптың келісім жасауға ұсынысы мен екінші тараптың ондай ұсынысты қабылдау нәтижесінде жасалған. Шарт жасасу 2 кезеңнен тұрады. АК 395-бабына сәйкес оферта (1 кезең) және акцепт(2-кезең) болады. Жолданған офертаны алған тұлға оны қабылдауға келісім бергенде , яғни акцепт болғанда шарт жасалды деп есептеледі.

Шарт жасау туралы бір не бірнеше нақты жақтарға жасалған ұсыныс жеткілікті дәрежеде айқын болып, ол қабылданған жағдайда осыны жасалған жақтың өзін сонымен байланысты деп есептеу жөніндегі ниетін көрсетсе оферта деп танылады. Акцепт оферта жолданған жақтың оны қабылдағаны туралы жауабы. Акцепт толық әрі бұлтарыссыз болуға тиіс. Офертада ұсынылған өзге жағдайларда шарт жасасуға келіскендік туралы жауап акцепт болып табылмайды. Мұндай жауап олардан бас тарту және жаңа оферта деп танылады.

Шарт жасасу міндетті болған жағдайда әр жаққа арналған заңға сәйкес бір жақ екіншісіне мына талаптарды орындайды:


  1. акцепт туралы хабар

  2. акцептіден бас тарту

офертаға өзгеше жағдайларға акцепт жасағаны туралы офертаны алған күннен бастап 30 күннің ішінде хабар жіберуі тиіс. Шарт жасасуға міндетті тарап оны жасасудан бас тартса, екінші тарап шарт жасасуға мәжбүр ету туралы талап қойып, сотқа жүгінуге құқылы
27 дәріс. Міндеттемені орындау

  1. Міндеттемелерді орындаудың ұғымы

Міндеттемелерді орындау дегеніміз - борышқордың алған міндеттемесіне сай белгілі бір әрекетті жасау немесе несие беруші талап етуі құқығына сәйкес оқшау әрекетті жасауды тоқтата тұруы .

Жалпы ереже бойынша міндеттемені борышқор орындауы тиіс. Сонымен бірге борышқор тек өзіне алған міндеттеменің орындалуын үшінші жаққа жүктей алады. Мұндай жағдайда несие беруші борышқор үшін үшінші жақ ұсынған орындау ісін қабылдауға міндетті.

Заңда көрсетілген ретте үшінші жақ өзіне көшкен міндеттеме бойынша борышқордың келісімінсіз-ақ несие берушінің талаптарын өз есебіне қанағаттандыра береді.

Міндеттемені орындаудың мерзімі, орны, тәсілі.

Міндеттеменің орындалу мерзімі заңмен немесе шартпен, сондай-ақ шарт алдындағы дауды қарайтын органмен айқындалуы мүмкін.

Егер міндеттемеде ол орындалатын күн немесе ол орындалуға тиісті уақыт кезеңі көзделсе немесе анықтауға мүмкіндік берсе, міндеттеме сол күні немесе тиісінше сол кезең ішінде кез-келген уақытта орындалуға тиіс.

Егер міндеттемеде ол орындалатвн мерзім көрсетілмесе, ( бұл мерзімді анықтауға мүмкіндік беретін шарттар болмаса). Ол міндеттеме пайда болғаннан кейін ақылға қонымды мерзімде орындалуы тиіс.

Ақылға қонымды мерзім дегеніміз міндеттеме нақты жағдайды ала отырып, орындау мүмкіндігі болады. Міндеттеме орындалатын жер – борышқордың заттарды тапсыратын, жұмысты атқарып, қызмет көрсетіп, ақша төленетін, ал несие берушінің тиісінше орындалғанын қабылдайтын орын.

Егер міндеттеме орындалатын жер заңда немесе шартта белгіленбесе немесе міндеттеме мәніне немесе іскерлік қызмет өрісінде әдеттегі қатардан көрінбесе ол:


  1. міндеттеме бойынша қозғалмайтын мүлікті беру – мүлік орналасқан жерде

  2. міндеттеме бойынша тауар немесе згеде мүліктің тасымалдауды пайдалана отырып беру мүлікті – несие берушіге жеткізу үшін оны бірінші тасымалдаушыға тапсырған жерде

  3. егер бұл жер міндеттеме пайда болған кезде несие берушіге белгілі болса, кәсіпкердің басқа міндеттері бойынша тауар немесе өзге де мүлікті беру- мүлік дайындалған немесе сақталған жерде

  4. ақшалай міндеттеме бойынша – несие беруші міндеттеме пайда болған кездегі тұрғылықты жерінде, ал егер несие беруші заңды тұлға болса – міндеттемеде пайда болған кезде оның болған жерінде, егер несие беруші міндеттемені орындалу кезінде тұрғылықты жерін өзгертіп, бұл туралы борышқорға хабарласа – орындалатын жердің өзгертілуіне байланысты барлық шығындарды соның есебіне жатқыза отырып , оның жаңа тұрғылықты жерінде немесе тұрған жерінде.

  5. басқа да барлық міндеттемелер бойынша – борышқорлардың тұрғылықты жерінде, ал егер борышқор заңды тұлға болса – оның орналасқан жерінде орындалуға тиіс.

Міндеттемені орындау тәсілі заңмен немесе әр жақтың жасасқан шарттарымен айқындалады, немесе сол міндеттеменің мәнінен туындайды.

Міндеттеме орындау бір жолғы немесе несиеге алған мүліктің құнын жабуы, пошта, көлік құралдарына төлеу тәрізді мерзімді түрде әрекет ету болып жүзеге асады.


28 дәріс. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету

Мiндеттеменi орындау, заңдарда немесе шартта көзделген айып төлету, кепiл, борышқордың мүлкiн алып қалу, аманат, кепiлдiк, кепiлпұл және басқа да әдiстер арқылы қамтамасыз етiлуi мүмкiн.


      Бағалы қағаздар бойынша мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету тәсiлдерi Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi реттейтiн заң актiлерiнде белгiленедi.
      Мiндеттеменi қамтамасыз ету туралы келiсiмнiң жарамсыздығы бұл мiндеттеменiң (негiзгi мiндеттеменiң) жарамсыздығына әкелiп соқтырмайды.
      Негiзгi мiндеттеменiң жарамсыздығы оны қамтамасыз ететiн мiндеттеменi жарамсыз етедi.
            Борышқор мiндеттемесiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған ретте, атап айтқанда, орындау мерзiмiн өткiзiп алған ретте несие берушiге төлеуге мiндеттi, заңдармен немесе шартпен белгiленген ақша сомасы айып төлеу (айыппұл, өсiм) деп танылады. Айып төлеу туралы талап бойынша несие берушi оған келтiрiлген залалдарды дәлелдеуге мiндеттi емес.
Мiндеттемеге сәйкес несие берушiнiң (кепiл ұстаушының) борышқор кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындамаған ретте кепiлге салынған мүлiк құнынан осы Кодексте белгiленген алып тасталатындарды қоспай, осы мүлiк тиесiлi адамның (кепiл берушiнiң) басқа несие берушiлердiң алдында артықшылықпен қанағаттандырылуға құқығы бар мiндеттеменi атқаруының осындай әдiсi кепiл деп танылады.

Кепiлдiк бойынша кепiлдiк берушi, заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, басқа жақтың (борышқордың) несие берушiсi алдында осы жақтың мiндеттемесiнiң орындалуына толық немесе борышқормен ортақтасып iшiнара жауап беруге мiндеттенедi. 


     Бiрлесiп кепiлдiк берген адамдар, егер кепiлдiк шартында өзгеше белгiленбесе, несие берушi алдында ортақтасып жауап бередi. 
     Кепiлдiк шарты болашақта туындайтын мiндеттеменi қамтамасыз ету үшiн де жасалуы мүмкiн. Уағдаласушы тараптардың бiреуiнiң шарт бойынша өзiнен алынатын төлемнiң есебiнен екiншi тарапқа және шарт жасау мен орындауды не өзге мiндеттеменi орындауды қамтамасыз етуге берiлетiн ақшалай сома кепiлпұл деп танылады.
29 дәріс. Міндеттеменің бұзылғандығы үшін жауаптылық

Жалпы алғанда, жауапкершілік дегеніміз, заңмен немесе шартпен қаралған ретте өзіне жүктелген міндетті бұзатын азаматтық құқық қатынасының субъектісіне қолданылатын мүлікті өндіртіп алу немесе мүліктік салмақ салу болып табылады. Мiндеттеменi орындамау, не тиiстi дәрежеде орындамау (мезгiлiнде орындамау, тауарлар мен жұмыстарды толық орындамау, мiндеттеме мазмұнында белгiленген басқа жағдайларды бұзып орындау) - тиiсiнше орындамау оның бұзылуы деп түсiнiледi. Тиiстi дәрежеде орындауға мүмкiндiк болмаған жағдайда борышқор бұл туралы несие берушiге дереу хабарлауға мiндеттi. 


     Мiндеттеменi бұзғандық үшiн борышқорды жауапқа тарту несие берушiнiң талап етуi бойынша жүргiзiледi.  Мiндеттеменi бұзған борышқор несие берушiге оның бұзылуынан туындаған залалдың орнын толтырып беруге мiндеттi (осы Кодекстiң 9-бабының 4-тармағы). Айып төлеумен қамтамасыз етiлген мiндеттемедегi залалдың орнын толтыру осы Кодекстiң 351-бабында көзделген ережелермен белгiленедi. 
     Мiндеттеменiң бұзылуынан туындаған залалдың орнын толтырудан борышқорды босату жөнiндегi тараптардың мiндеттеме бұзылғанға дейiн қабылдаған келiсiмi жарамсыз болады, алайда тараптар өзара келiсiм бойынша мүлiктегi нақты келтiрiлген зиянды ғана өндiрiп алуды көздеуi мүмкiн. 
     Егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, залалды анықтаған кезде, мiндеттеме орындалуға тиiстi жерде, борышқор несие берушiнiң талабын өз ықтиярымен қанағаттандырған күнi, ал егер талап ерiктi түрде қанағаттандырылмаса, талап арыз берiлген күнi қолданылған баға назарға алынады. Мән-жай негiзге ала отырып, сот шешiм шығарған күнi не нақты төлем төленген күнi қолданылған бағаны назарға ала келiп, залалдың орнын толтыру туралы талапты қанағаттандыра алады. 
     Айырылып қалған пайданың мөлшерiн анықтаған кезде оны алу үшiн несие берушi алдын ала қолданған шаралар және осы мақсатта жасалған дайындықтар ескерiледi. 
     Егер мұның өзi мiндеттеменi бұзғаны үшiн жауапкершiлiктен жалтару мақсатымен жасалғанын дәлелдесе, несие берушi борышқордың, сондай-ақ оның мүлiк иесiнiң кез-келген iс-әрекетiн жарамсыз деп тануды талап етуге құқылы.
30 дәріс. Міндеттемені тоқтату

Мiндеттеме орындалса, талаптан бас тарту төлемi төленсе, борышты есепке жатқызылса, жаңғыртылса, борышты кешiру арқылы борышқор мен несие берушi бiр тұлға болса, орындауға мүмкiндiк болмаса, мемлекеттiк органның құжаты шығарылса, азамат қайтыс болса, заңды тұлға таратылса, толық немесе iшiнара тоқтатылады.


      Мiндеттеменi тараптардың бiреуiнiң талабы бойынша тек заңдарда көзделген жағдайларда ғана тоқтатуға жол берiледi.
      Заңдар мен шартта мiндеттеменi тоқтатудың басқа да негiздерi көзделуi мүмкiн.   Мiндеттеме тиiстi дәрежеде орындалғанда тоқтатылады.


6.СЕМИНАР (ПРАКТИКАЛЫҚ) САБАҚТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫ




тақырып

семинар сабақтарының мазмұны

апта

әдебиеттер

1

Азаматтық құқықтың жалпы ережелері. Азаматтық-құқықтық қатынастар

1. Азаматтық құқықтың түсінігі, пәні мен қағидалары, жүйесі

2. Азаматтық құқықтың қайнар көздері


3. Азаматтық құқық қатынастарының ұғымы, элементтері.

1

1,2,13,18

2

Азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері


1. Азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері ұғымы, түрлері

2. Жеке тұлға ұғымы

3. Заңды тұлға туралы ұғым

2

1,2,13,20

3

Коммерциялық ұйымдар

1. Коммерциялық ұйымдардың түсінігі, ерекшелігі

2. Коммерциялық ұйымдардың түрлері

3

2,7,20,21

4

Коммерциялық емес ұйымдар


1. Коммерциялық емес ұйымдардың түсінігі, ерекшелігі

2. Коммерциялық емес ұйымдардың түрлері

4

2,10,11,20,13

5

Азаматтық құқық объектілері

1. Азаматтық құқық объектілерінің түсінігі мен түрлері

2. Заттар – азаматтық айналымның құралы


3. Мүлік – азаматтық-құқықтық қатынастардың объектісі ретінде

5

2,4,12,13,16

6

Мәмілелер


1. Мәмілелердің ұғымы мен түрлері.

2. Мәміленің нысаны.

3. Мәміленің жарамдылық шарттары. Жарамсыз мәмілелер.

6

2,16,17

7

Өкілдік және сенімхат

1. Өкілдіктің ұғымы мен маңызы, түрлері 2. Сенімхат түсінігі, мерзімі. Сенімхаттың тоқтатылуы

7

2,13,20

8

Меншік құқығы туралы жалпы ережелер

1. Меншік құқығының түсінігі мен мазмұны 2. Азаматтық кодекс бойынша меншік құқығының нысандары мен түрлері.

3. Меншік құқығының тоқтатылуы.


8

2,20,21

9

Азаматтардың меншік құқығы

1. Азаматтардың меншік құқығының ұғымы мен түрлері.

2. Азаматтардың меншік құқығының мазмұны мен жүзеге асырылуы

9

2,13,18

10

Мемлекеттік меншік құқығы

1. Мемлекеттік меншік құқығының ұғымы 2. Мемлекеттік меншік құқығының субъектілері және объектілері 3. Мемлекеттік меншік құқығының мазмұны.

10

2,16,19

11

Шаруашылық жүргізу және оралымды басқару құқығы


1. Мемлекеттік кәсіпорынның шаруашылық жүргізу құқығының ұғымы, объектісі

2. Шаруашылық жүргізу құқығына ие болу және тоқтату.

3. Оралымды басқару құқығының ұғымы және оның мазмұны. Оралымды басқару құқығына ие болу және тоқтату

11

2,7,13,20

12

Бірлескен қызмет туралы шарт (жай серіктестік)

1. Жай серіктестік ұғымы 2. Бірлескен қызметке қатысу құқығын беру және қатысудан бас тарту

3.Консорциум

12

2,19,20

13

Шарт туралы жалпы ережелер

1. Шарт ұғымы мен маңызы

2. Шарттың түрлері мен мазмұны

3. Шартты жасау, оны өзгерту және бұзу

13

2,13,20

14

Міндеттемелерді орындау. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету.

1. Міндеттемелерді орындаудың ұғымы мен қағидалары

2. Міндеттемені орындауды қамтамасыз етудің ұғымы мен әдістері

14

2,17,20,21

15

Міндеттеменің бұзылғандығы үшін жауаптылық. Міндеттемені тоқтату


1. Міндеттеменің бұзылғандығы үшін жауаптылық ұғымы

2.Міндеттемені тоқтатудың түсінігі. 3.Міндеттеменің тоқтатылуының жекелеген әдістері.


15

2,13,20,18



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді