Тарих факультеті



Дата20.05.2022
өлшемі127.03 Kb.
#256577
Байланысты:
ОСӨЖ №10 Нұрлан Әсемай
әлемнің әміршісі еңбек, Практикалық сабақтар-МОӘ-2021-2022., sabaq-kz attachment mzh.-ek-rnekt-osyndysyny-zhne-ayyrymyny-kuby-formulalary, герыч, 1 СРСП

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Тарих факультеті
Тарих және Дінтану кафедрасы

ОСӨЖ №10
Тақырыбы: Е.Б.Бекмахановтың «ХІХ ғ. 20-40 жж. Казақстан» (- Алматы, 1994) атты еңбегін талдау



Орындаған:Нұрлан Ә.Н.
Қабылдаған:Жұбатқанова Қ.Ж.
Ермұқан Бекмахановтың Қазақстан XIX ғасырдың 20 – 40 жылдарындағы жалпы мазмұны:

  1. Бөлім. Қазақстан XIX ғасырдың бірінші жартысында.

  1. – тарау. Қазақтардың шаруашылық құрлысы.

  1. – тарау. Қазақтардың әлеуметтік қатынастары.

  2. – тарау. Қазақстан және патшалы Ресей XIX ғасырдың бірінші жартысында

  3. – тарау. Қазақтардың ортаазиялық хандықтармен өзара қарым – қатынасы.

  1. Бөлім. Кеңесары Қасымов Бастаған азаттық қозғалысы.

5. – тарау. Кеңесары көтерілісінің қозғаушы күштері.
6 – тарау. Сержан мен Жоламанның өз – өзінен басталған көтерілісі.
7 – тарау. Орта жүздегі көтеріліс.
8 – тарау. Қоқанмен күрес. Торғай облысындағы көтеріліс.
9 – тарау. Кеңесары хандығының ішкі құрылысы.
10 – тарау. Қырғызстандағы күрес. Кеңесарың қаза табуы.
Қорытынды.
Жалпы кіріспеге тоқтала кетсек: XIX ғасырдың 20 -40 жылдары мүлде дерлік зертелмеген. Ал шындығында нақ осы отыз жылда қазақ халқының содан былайғы тағдырын айқындайтын оқиғалар болған еді. 20 – жылдарда патша үкіметінің билігі Қазақстанда мықтап тұрып орын алды, ал хан билігі бұл уақытта Орта жүзде « Сібір қырғыздары туралы жарғының» 1822 жылғы енгізуімен және Кіші жүзде 1824 жылғы реформамен жойылғантын. Алайда 30 – жылдардың аяғында Ресейдің қорғаушылығы аясында Қазақ мемлекетін құруға жаңадан тағы да бір талпыныс жасады. Патшалы Ресейге бағынамыз ба, әлде ортаазиялық хандардың қол астында боламыз ба деп ұзақ жылдар бойы толғанып келген қазақ халқы осы екі жолдың алғашкысын таңдады. Бұл таңдау өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін қорғап қалудың ең соңғы үміті үзілген соң қазақ қоғамы ішіндегі шиеленіскен саяси күрес жағдайында жасалынған болатын.
XIX ғасырдың ортасына таман егіншілік қазақтар шаруашылығындағы мал өсіруден кейінгі екінші сала болып алды.
Тауар ақша қатынастарының өсуінің және шаруашылық тұрмыстың өзгеруінің ықпалымен қазақ қоғамының таптық саралануы күшейді. Жаңа қанаушы әлеуметтік топ – байлар пайда болып, ықпалын күшейте бастайды. Дала бекзаттары – сұлтандардың, ақсүйек ру шонжарларымен қосылуы байқалады. «Төре» деп аталатындар мен ру шонжырлары арасында болып келген шек жойылады. Тархандар институты өзінің алғашқы мәнінен айрыла бастайды да, XIX ғасырдың ортасына таман жалпы өмір сүруден қалады. Екінші жағынан, әлеуметтік жағынан төменгі сатыға жататын әр түрлі топтар – байғұстар, жатақтар, егіншілер мен бақташылар таптық күресте ірі рөл атқара бастайды, әрі бұлардың саны көбейе береді.
Қазақстан XIX ғасырдың бірінші жартысында Түсінгенім бойынша: Кіші жүз Сырдария өзенінің төменгі жағасынан Орал және Тобыл өзендеріне дейінгі аумақты алып жатты. Кіші жүз жерін мекендеген толып жатқан рулар мен кіші ру тармақтары үш ұрпақтың – Байұлы, Жетіру, және Әлімұлы ұрпақтарының құрамына енді.
Билеуші сұлтандардан жинаған мәліметтеріне сүйеніп полковник Бларемберг XIX ғасырдың 40 жылдарында Кіші жүз халқының жалпы саны барлығын қоса есептегенде шамамен 500 000 адам, ал шаңырақ саны 100 000 жуық деп анықтаған.
XIX ғасырдың бас кезінде, әсіресе 20 – 30 жылдары, қазақтардың шөп шабуға көшуіне байланысты және шекаралас орыс халқымен сауда байланысын күшейте түсуі арқасында малдың кейбір түрлері ерекше маңызға ие бола бастады. Мал шаруашылығының негізгі саласы қой шаруашылығы болды. Орта Азиядағы керуен саудасының өсуіне қарай негізгі көлік құралы ретінде түйенің де маңызы арта түсті.
XIX ғасырда қазақтарда егіншілік те едәуір дамыды. Негізінен казақ кедейлері –егінші деп аталған жатақтар айналысты. XIX ғасырға дейін егіншілікпен не жұттың салдарынан, малынан айырылып қалған қазақтар шұғылданды. Қазақтардың жаппай егіншілікке көшкендігін көптеген фактілер куәландырады. Орынбор өлкесінде болған чиновник былай деп жазды: «Далалы жерде егіншілік мал шаруашылығынан кейін ең маңызды кәсіп болып табылады, бұл сала халық санының көбеюіне және мал бағуға арналған жердің жеткіліксіздігіне байланысты едәуір тез дамып келеді»
Егіншілікпен әуелі қазақтардың ең кедей бөлігі айналысты деген болатын. Соның себептерін анықау үшін Орынбор қаласына барған кеңесші Идаров былай жазған: «Малы, киім –кешегі, баспанасы жоқ жарлы – жақыбайлар көбінесе егін егушілікпен айналысады, сондықтан да егінші деген сөз қырғыздарда адамның хал – күйінің нашар екендігін білдіреді».
Қазақтардың Ресеймен айырбас сауда жасауы XIX ғасырдың бірінші жартысында кең өріс алды. Орыс көпестері қазақтардан мал және мал шаруашылығы шикізаттарын сатып алса, ал қазақтар олардан шұға, кенеп, өңделген тері, бөз, қытай жібегі, темір, шай, қант, темекі ағаш, ыдыс – аяқ, мал емдеуге арналған дәрілер сатып алған.
Орынбор губерниясы бойынша жасалған айырбас сауда тауарды әкелу құны:
1846 – 647 868 сом 44 тиын
1847 – 749 769 сом 60 тиын, тауарды шығару құны:
1846 – 469 694 сом 44 тиын
1847 -490 229 сом 64 тиын.
Алын өнеркәсіпшілерінің қазақтарды жалдау тәртібі туралы сол кезде Батыс Сібір өлкесінде қызмет істеген Григорий Колмагоровтың айтуынша жұмыс істеген қазақтар үш категорияға бөлінген.
Жаз айларында жұмыс істейтіндер, бұлар тек мамырдан қазнға дейін ғана жұмыс істейді. Оларға ай сайын күміс ақшамен 3 сомнан 4 сомға дейін төледі. Сонымен бірге жатар орнымен қамтамасыз етілді.
Шмытезек оятын жұмысшылар. Алтыны бар шөгіндінің қалыңдығына қарай оларға күміс ақшамен 3 сомнан 5 сомға дейін төледі.
Алтын кен орындарындағы жұмысшылар, олар өздеріне бөліп берілген учаскелерінде қожайынның құрал – саймандарымен, приказчиктердің қадағалауымен жұмыс істеді. Олар өздері шайып берген алтынның бір мысқылы үшін күміс ақшамен 1 сом 50 тиын ақы алды.
Революцияға дейінгі буржуазиялық тарихшылар Қазақстандағы ақсүйек пен қарасүйек деген екі атты ғана білген. Ақсүйектерді барлық чингизидтерді, ал қарасүйекке бүкіл қалған халықты жатқызған.
Орта Азияның тарихын зерттеуші Кары – Құрбан – әлі – Қажы – Халид – Бек – Оғлы «төре» деген терминді Шыңғыс хан заманына жатқызған. Қазақ хандарын әдетте төре деп атаған. Төре деген сөз кезінде Шыңғыс ханның заңдары мен заңдар жиынтығының атауы болған деседі, кейіннен оның ұлдары мен ұрпақтарын қастерлетіп аталуына айналған.
Осы еңбекте қаралып отырған отыз жылдағы саяси және әлеуметтік – экономикалық істерді тым болмаса қысқаша жинақтау үшін, ең алдымен осы оқиғалар соның аясында өрістеген сол бір кең халықаралық ахуалды, сондай – ақ Ресейдің Орта Азияны жаулап алуды көздеген жалпы жоспаралының ішінде патша өкіметінің Қазақстандағы билеп – төстеушілігінің қандай орын алғанын ескерту қажет.
Патша өкіметінің Орта Азияны жаулап алу жолында жеткен ең басты табыстарының бірі Қазақстанды біржола бағындыруға және оны патша өкіметінің отарына айналдыруға дайындықтың толық аяқталғаны деу керек. Ресейдің, ортаазиялық хандықтардың және Қытайдың аралығында орналасқан Қазақстанның аса зор стратегиялық маңызы. Ресей өкіметінің Қазақстанды отарлау фактісі. Олар Үндістанға, сондай – ақ Орта Азияның арғы түкпіріне дейін апаратын ежелгі сауда жолы Қазақстан арқылы өткен екен.
Патша өкіметі Қазақстанды жаулап ала отырып, қазақ феодалдарын өзіне бағындырды және олардың қырды басқару саласында құқығын шектеген және де сонымен қатар бір мезгілде еңбекшілерді қанаудың феодалдық әдістерін заңдандырған.
Патриархалдық- рулық қауымның жедел ыдырай бастауының, сондай – ақ, қоғамдық экономикалық өмірдегі өзге де өзгерістердің ықпалымен жекелеген рулар ұсақтап, жұтып, өзара қосылып кетеді. Мысалы, Бларемберг атап көрсеткеніндей: «Шөмекейліктердің, табындардың (Керейт руы) арасында мал ұстамақ тұрсын, үстеріне киер киімі, ішер асы, бастарында панасы жоқ, әбден кедейленген ауылдар да бар. Олар астық егеді, балық аулайды, жартылай шалаңаш немесе мүлде жалаңаш күйлері күйлері қамыс күркелерді мекендейді және өздерінің осындай тұрмысын түзеуге қолдарында титтей де мүмкіншіліктері болсайшы»
Осы бір қарапайым ақиқат Жоламан Тіленшиевтің қозғалысынан бастап, Кенесарының қуатты көтерілісіне дейін алғанда 20-40 жылдардағы барлық бұқаралық ұлт-азаттық қозғалыстары мысалынан тайға таңба басқандай айқын көрінеді.
Қазақтың кейбір ықпалды руларының қозғалысты қолдауына Кенесары тым аз дәрежеде ғана қол жеткізді. Шекті руы, Арғын руының бір бөлігі, сол сияқты Адай руы сияқты ықпалды да күшті рулар көбінесе күрестен тыс қалды. Бұған себеп, бір жағынан, кейбір рулардың (Мысалы, Адай руы) күрестің негізі ошақтарына жырақты болуы, екінші жағынан, бұл маңыздырағы, - ру арасындағы жайылымға таласқан барымтаның кесірінен болған ертеден келе жатқан алауыздық, мұндай алауыздықты Кенесары әлбетте, қысқа мерзім ішінде жоя алмаған еді. Мысалы: Жағалбайлы руы мен сонау атам заманнан бері Жаппас және Қыпшақ руларымен, ал Шөмекей мен Төртқара рулары Жағалбайлы руымен өштесіп келе жатқан т.б.
Ақырында патша тыңшыларының рулар арасында дұшпандық отын тұтандыру, атап айтқанда, Батыс Сібір мұсылмандарының басшысы ахун Абдырахмановтың осындай іске діншілдерді пайдалану маңызды рөл атқарған. Кенесарының кейбір руларға қатысты жекеленген қателесулері де іске тежеу болғаны түсінікті, бұл жайында төменде әңгімелемекпіз.
Қалай болғанда да осы айтылғандардың бәрі қосыла келіп, Кенесарының қазақ халқының өзінің сыртқы және ішкі жауларына қарсы аса қажет болып отырған бірігуіне қол жеткізе алмауына әкеліп соқты. Феодалдық – патриархалдық ортаға тән нәрсе: алауздық, бытыраңқылық және оқшау- оқшау томға – тұйықтық ерте болсын, кеш болсын, қозғалысқа кесірін тигізбей қоймайтын еді. Мұны Кенесары да, оның ең жақын серіктері де жақсы түсінген.
Біз Кенесары қозғалысының біркелкі жүрмегенін, көп ретте өз бетінше өрбіп отырғанын айттық. Кенесары көтерілісі сонша уақытқа созылған 10-жыл бойына көтеріліс елдің барлық аса маңызды аймақтарын және барлық дерлік негізгі ру топтарын қамтыды. Бірақ бұл бір мезгілде, бір келкі болмады, сол себепті өкімет әскерлері көтерілісшілерді олар қай жерде, қай уақытта бой көрсетсе, өз күшін сол жерге шоғырландырып, көтеріліс ошағын дереу жойып жіберіп отырды. Мұның өзі патша өкіметі үшін ірі ұтыс саналса, көтерілісшілер үшін орны толмай ойсырау болып табылады.
Басқасының бәрін айтпағанда бұл жерде екі жағдай үлкен рөл атқарған: Біріншіден, көтерілісшілер көшіп жүрген мал өсірушілер еді, олардың материалдық өндірісі малдың от оттап, су ішуіне толық тәуелденетін. Екіншіден, өкімет билігіндегілердің Кенесары қозғалысын басып – жаншуда қолданған негізгі тактикасы көтерілісшілерді олар мекендеген малға жайлы жөбі шүйгін аудандардан жыраққа, қу тақырға қуып тастап отырды. Кенесары өзіне адал қазақ руларымен шегінген үстіне шегіне беруге мәжбүр болды- Көкшетаудан Торғай мен Ырғыз аймағына, ол жақтан Балқаш маңына, одан соң қашан Тоқмақ түбінде қазаға ұшырағанша қытайдың шекарасына дейін ығысқан. Жай ғана шегінсе бір сәрі ғой, өзінің ауылдарымен, малдарымен бейбіт түрде көшіп отырса да ештеңе етпес еді, ол үздік сөз шабуылға ұшырап , көтерілісшілерді діңкелеткен ұрыс жүргізе отырып, өзін, әсіресе, өзінің жақтастарын мал – мүліктен жұрдай еткен қатты шығынға ұшырай отырып шегінген болатын. Мынаны айтсақта жеткілікті: 1836 жыл мен 1840 жыл аралығындағы 5 жылда, әскери отрядтардың шабуылынан Кенесары мен оның аға – інілері 1 635 адамнан өлідей айрылды, 220 адамы (соның ішінде бұлардың әйелдері, балалары да бар) тұтқындалып кетті, ал айдап әкетілген қыруар мал, тоналған дүние – мүлік қаншама. Осындайдың салдарынан Кенесарыға ерген бірқатар рулар әбден жұтап, қозғалыстан уақытша шығып қалуға, көтерілісшілерімен болашы ғана байланыс жасап отыруға мәжбүр болды. Мысалы, Сарысуға шапқыншылық жасалғанда тып – типыл етіліп таланған жағалбайлықтар 1839 жылы Кенесарыдан уақытша қалып қоюға мәжбүр болған (олар естерін жиған соң 1843 жылы қайтадан келіп көтеріліске қосылды). Қыпшақ руының бір бөлігі де бастарынан осындай күй кешкен т.б.
Осы бір аса маңызды жәйтті есте ұстап қана Кенесары ұранының бұқара халыққа қандай тартымды күші болғанын толық бағалай аласың , өйткені , Кенесары жолшыбай малынан, ескі жақтастарынан айырылғанымен жаңа орынға келіп жеткен бойда өзіне оп- оңай жаңа серіктер тауып отырған. Олардың көбі өз еріктерімен, тіпті қуана – қуана келіп, Кенесарының туы астына тұрған. Өзгелері көтерілісшілердің кектенуінен қорқып, айбынды Кенесарының қаһарына ілігуден сақтанып барып, көтеріліске қосылған. Алайда, қалай болғанмен де, Кенесары өзі жүрген жердің бәрінде де сарбаздарының санын толықтырып отырған, сөйтіп күрес жаңа серпін тауып қайта өршіген. Ал енді Кенесары қалдырып кеткен жерлерде күрес тоқтаған, өйткені көтерілістің осында қалған жақтастары мен қатысушылары мақтағанда Кенесарыға материалдық көмек жіберумен және зекет төлеумен ғана шектелген. Көтерілістің бұрынғы аймақтарында Кенесары кетісімен қарулы күрес тоқталған. Соның нәтижесінде күрес майданы бір облыстан екінші облысқа жылжыған. Күрестің бірнеше майданы бір мезгілде өрістеуі деген болмаған, сондықтан өкіметтегілер көтерілісті бүкіл Қазақстан бойынша басу үшін күшті бөліп – бөліп, шашырата орналастыру дегенді білмеген. Көтерілісшілерді көшіп-қонған қоныстарына және малдарын баққан жайылымдарынан айрылдырыпып, даладан ығыстыру шаралары бұл жолы бекіністер салу және кордондар тізбегін орнату арқылы жүргізілді. Мұндай бекіністердің патша өкіметінің Қазақстанда билеп төстеуін бірте - бірте кеңейтіп, бекіту үшін бұдан бұрын-ақ салына басталғаны және бұл істің Кенесары көтерілісіне байланыссыз – ақ жүргізілгені бізге белгілі. Алайда далада бекіністер салынуы көтеріліспен күресте аса зор рөл атқарды. Осы мағынада алғанда Торғайда Орынбор бекінісінің және 1845 жылы Ырғыз өзенінде Орал бекінісінің салынуы айрықша маңызды болып табылады.
Әскери тарихшы генерал – майор Тереньевтің жазғанындай, «осы бір атақты қарақшыға қарсы жасалған іс – әрекет мынаны тағы да дәлелдеді: мұндай істе сыпайылық та, жұмсақтық та, қаталдық та көмектеспейді, айлалы да төзімді көшпендіні кең далада қууда отрядтар дәрменсіздік көрсетеді, сондықтан қоныстардың ара – арасынан және оларды айналдыра тұрақты бекіністер салу ғана әйтеуір бір нәтиже бере алады».
Кенесары көтерілісін басу «Ресейдің біраз күш жұмсауын қажет етті» деп көрсеткен тарихшы Г. Е. Грум- Гржимайло да осыны айтады.
«Кенесары көтерілісі, - жазу ол одан әрі, - мынаны көрсетті: қазақ қоныстарының арасында мекендеу және қарамағында мықты отрядтар ұстау арқылы ғана даланың тез үнін өшіруге және кез-келген тосын оқиғаға барлық жерде әзір тұруға үміт артуға болады, сондықтан үкімет Орынбор шебі жағынан бекіністі бір қатар бекіністер салуға, Сібір шебі жағынан бекіністі мекендер санын көбейтуге және шаруалар мен қазақтарды Жетісу өлкесіне қоныстандыра бастауға шешім қабылдады. Бұл шешімін Үкімет жүзеге асырды».
Көтерісшілерді даладан шетке ығыстыру мен оларды жақсы қоныстарынан айырудың тікелей салдары Кенесарының соңына ерген рулардың малдан жұрдай болуынан, көтерісшілер қосынындағы аштық пен қайыршылықтан көрінді. Кенесарының көтерілісі түптеп келгенде, әскери күшпен емес, сол әскери күштің көмегімен жасалған өзгеше экономикалық қоршаумен басып – жаншылды, аштықтың шеңгелімен құрытылды деп айтуға болады. Осы тұрғыдан алып қарағанда Кенесары отрядының Қызғыздардан жеңілуі кездейсоқ болған құбылыс – тың . Көтеріліс онсыз – ақ басып тасталынатын еді.
Кнесарыны Қазақстанның негізгі аймақтарынан бірте – бірте ығыстыру саясаты ұзақ уақытты қажет еткені түсінікті. Осы жағдай да жоғарыда аталған жайттермен қосыла келіп, өкімет орындарының бір қарағанда босаң көрінген тактикасының сырын және көтерілістік ұзаққа созылу себебін бере алады.
Алай да мұнан басқа да себептері де болған, оларды айта кетуіміз керек. Патшалық басқару жүйесіндегі кер тартпалық пен консерватизм осындай себептердің бірі, соның салдарынан жергілікті өкімет көтерілісшілерге қарсы дер кезінде шара қолдана алмады. Кез келген қадамды кез келген ұсақ түсік істі Петербургтегі әртүрлі министірліктермен келісіп алу керек еді (Әскери министірлікпен, сыртқы істер министірлігімен, Азиялық Департаменттермен, Бас Штатпен т.б.) Ол кездегі қатынас жолдары бойынша Орынбордан немесе Омбыдан жөнелтілген қағаз Петербургке жеткенше, ол қағазыңа жауап алғанша апталаған, айлаған уақыт өтеді. Бұл екі арада оқиғаның бет алысы өзгеріп, ол бойынша жаңа жарлық қажет болады, сөйтіп көтеріліспен жедел күресудің орнына таусылмайтын кеңселік хат жазусуларымен айналысасың.
Бұған Орынбор әскери губернаторы граф В.А. Перовский мен ерекше сібір корпусының командирі князь Горчаков арасындағы шиеленіскен кикілжің де қосылған. Олар Кенесарының көтерілісіне түрлі көз қараспен қараған, осы жағдайда патша өкімет орындары мен әскери отрядтарының іс – қимылына едауір дәрежеде тосқауыл болған . соның салдарынан бұл іске әскери министр граф Чернышев арқылы Николай І патшаның өзі араласып, екеуінен Кенесарыға қарсы бірлесе қимылдауларын талап етеді. Тек осыдан кейін ғана – 1842 жылы – Кенесарыға қарсы күш қоса аттанған. 6 жыл уақытты текке жіберіп алған.
Өкімет орындарының Кенесарымен күресте қолданған тактикасы туралы мәселені тәмәмдамас бұрын көтеріліс көсемінің көзін жоюдың тағы бір жоспарына қысқаша тоқтала кеткен жөн. Әңгіме оның әскері ішінде тыңшы жіберіп сатқындық жасау жолымен Кенесарыны тірідей қолға түсіріп, көтерілісті басшысыз қалдыру жобасы жайында болып отыр.
Міне, осылайша, билік басындағылар ештеңеден де жиренбестен Кнесарының көзін құртуға тырысқан.
Кенесары көтерілісі жеңілі с тапты алайда қазақ халқының ұлт азаттық күресі тарихында бұл көтеріліс ең құрметті орын алмақшы.
Бұл көтеріліс барлық 3 жүз жұртшылығының көпшілігін патша өкіметіне қарсы күреске көтеріп, қазақтардың ХІХ ғасырдағы ең ірі көтерілісі болып табылады. Көтеріліс Қазақстанды түгелдей дерлік қамтыды және Қазақтардың неғұрлым ұзаққа созылған көтерілістердің бірі болды.
Бұқара халықтың отарлауға қарсы пиғылын айқын көрсеткен Кенесары көтерілісі қазақ халқының тарихында оңға бастар рөл атқарады.
Көтеріліс Бұқараны саяси тәрбиелеудің тамаша мектебі болып табылады. ХІХ ғасырдың 50-60 жылдары болған бұдан кейінгі көтерілістер нақ осы күрестің негізінде дамыған. В.И. Ленин жазғандай: «Бұқараны шын тәрбиелеу бұқараның өзінің дербес саяси және әсіресе революциялық күресінен ешқашан бөліп алынуы мүмкін емес. Қан алған тапты тек күрес қана тәрбиелейді, тек күрес қана оның күшінің шамасын өзіне аңғартады, оның ой – өрісін кеңейтеді, оның қабілетін көтереді оның ақыл – ойын саралайды, оның ерік – жігерін шыңдайды».

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы