Тарау Пән бойынша глоссарий Тарау Лекциялардың қысқаша конспектісі Тарау соөЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар Тарау СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар Тарау Бақылау – тексеру құралдары. Тарау Пән бойынша глоссарий


Студенттің өзін-өзі бақылау сұрақтары



бет2/3
Дата16.01.2017
өлшемі72.71 Kb.
#296
1   2   3

Студенттің өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Машықтандыру массажы физиологиялық әсері.

2.Қалпына келтіру массажы, ұзақтығы, тәсілдері.

3.Алдын-алу массажы.

4.Спортпен айналасу кезінде болатын

жаракаттану, зақымдануда қолданатын массаж түрлері.

5.Дәрілік майлар туралы үғым.
Әдебиет:

Негізгі әдебиеттер.

1.Икиманова Г. Массаж.

Алматы, 2002 ж.

2.Икиманова Г. Саулық пен

сымбат. Алматы, 1991 ж.


Тақырып 4. . Жалпы денеге массаж жасау

Мақсаты: Жеке дене бөлігіне және жалпы массажды жүргізу методикасын, тәсілді толық меңгеру.

Жеке массажды орындау методикасын және тәсілді толық меңгеру



Дәріс тезистері: Жеке дене бөлігіне жасау.Жалпы массажды жүргізу методикасы. Тәсілді толық меңгеру.

Жеке массажды орындау методикасы. Тәсілді толық меңгеру.


Студенттің өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Жеке дене бөлігіне жасау.

  2. Жалпы массажды жүргізу методикасы. Тәсілді толық меңгеру.

3..Жеке массажды орындау методикасы. Тәсілді толық меңгеру.

Әдебиет:

Негізгі әдебиеттер.

1.Икиманова Г. Массаж.

Алматы, 2002 ж.

2.Икиманова Г. Саулық пен

сымбат. Алматы, 1991 ж.

3.Икиманова Г. Массаж туралы үғым (оқу қурал)

5. Видеофильм "Массаж"


Тақырып 5. Спорттық массаждың түрлері.

Мақсаты: Спорттық массаждың түрлерімен танысу. Машықтандыру массажы физиологиялық әсеріне назар аудару.Қалпына келтіру массажы, ұзақтығы, тәсілдерін менгеру.Алдын-алу массажын әсерін анықтау.

Спортпен айналасу кезінде болатын жаракаттану, зақымдануда қолданатын массаж түрлері.Дәрілік майлар туралы үғым берү.


Дәріс тезистері: Спорттық массаждың түрлері. Машықтандыру массажы физиологиялық әсері.

Қалпына келтіру массажы, ұзақтығы, тәсілдері.

Алдын-алу массажы.

Спортпен айналасу кезінде болатын жаракаттану, зақымдануда қолданатын массаж түрлері.

Дәрілік майлар туралы үғым.
Студенттің өзін-өзі бақылау сұрақтары:


  1. Спорттық массаждың түрлері.

  2. Машықтандыру массажы физиологиялық әсері.

3.Қалпына келтіру массажы, ұзақтығы, тәсілдері.

4.Алдын-алу массажы.

5.Спортпен айналасу кезінде болатын жаракаттану, зақымдануда қолданатын массаж түрлері.

6.Дәрілік майлар туралы үғым.


Әдебиет:

Негізгі әдебиеттер.

1.Икиманова Г. Массаж.

Алматы, 2002 ж.

2.Икиманова Г. Саулық пен

сымбат. Алматы, 1991 ж.

3.Икиманова Г. Массаж туралы үғым (оқу қурал)

4.Бегалина Р. Массаж және

оның пайдасы. А. 1984 ж.

5. Видеофильм "Массаж"


Тақырып 6. Спорттық зақымдану, жарақаттану кезінде және тірек-қозғалыс аппаратының ауруларына қолданатын массаж.
Мақсаты: Спорттық зақымдану, жарақаттану кезінде және тірек-қозғалыс аппаратының ауруларына қолданатын массажға анықтама берү.

Тірек-қозғалыс аппаратының аурулары мен зақылдануда қолданатын массаж міндеті мен методикасын менгеру.


Дәріс тезистері: Спорттық зақымдану, жарақаттану кезінде және тірек-қозғалыс аппаратының ауруларына қолданатын массаж. Спортшыларда кездесетін тірек-қозғалыс аппаратының аурулары мен зақылдарына қолданатын массаж міндеті сипаттама.

Тірек-қозғалыс аппаратының аурулары мен зақылдануда қолданатын массаж міндеті мен методикасы.



Қол-аяқ жарақатына арналған массаждың түрі.
Адам денесіндегі ең көп қимылдайтын, көп жұмыс жасайтын мүшелер-аяқ пен қол.Қолдығ қалам – қарындаш ұстағанынан бастап, жер қашап, отын бұтап... барлық техниканы меңгеруде атқаратын ролі ерекше. Аяқтың арқасында жәй жүруден бастап мың бұралып билеуге,биік шыңды тауларға шығуға дейін барамыз.

Міне, осындай күрделі қимыл- қозғалыс жасаушы органдар- қол мен аяқтың жарақаттанып қалуы да өте жиі кездеседі.Сондықтан әр адам денедегі болатын барлық ақауларға қолданылатын массаждың түрін білмесе де, осы аяқ- қол жарақаттанғанда жасалатын массаж түрлерін білу қажет.

Аяқ- қолдың жарақаттануы бір затқа соғвп алса, бұлшық ет пен теріге зиян келіп көгеріп қалады, оқыста аяғы тайып кетсе, ал одан күрделі оқигаларда ( күрескенде, төбелескенде, секіргенде ) буыны орнынан шығып, әйтиесе сүйек сынады. Міне осының бәріне бірдей массаж қолданылады.

Тірек – қозғаоыс аппаратты зақымданғанда қолданатын массаждың негізгі мақсаты: буындардағы, буын маңындағы еттердегі және басқа элементтердегі қан айналысы, зат алмасуын жақсарту, ауырғанын басу, жиналған сарысуды, ісікті тарату,сынған кездегі сүйек мүйізгегінің тез құрылуына ықпал жасау, бұлшық еттің жансыздануын болдымау, буын қозғалысын қалпына келтіріп, оның сіресіп қалмауына көмектесу.

Массаж жасаған кезде қан тамырлары кеңейіп, қанның ағымы артады, сол арқылы буындағы ісік ыдырап, ауырғаны басылады.

Аяқ- қолды соғып алғанда жасалатын массаж. Адам оқыста бір жерін соғып алса, теріге онша зақым келмей, ішкі жұмсақ еттер зардап шегеді. Қатты соққан кездеқан тамырлары жарылып, бұлшық еттердің талшвқтары үзіліп, нерв ұштарына зиян келеді. Осындай жағдайда соққан жер ауырып, ісіп көгеріп, тіпті ысып ыстығы көтеріліп кетеді. Ол жерді бірден йод жағып, тез орап тастамаса, бір кішкене сызат ертеңіне іріңдеп кетуі мүмкін.

Егер ірі тамырлар жарақаттанбай, бұлшық еттер бүлінбей, ісігі қайтыңқырап, іріңдемесе, 2-3 күннен кейін массаж жасайды. Сонда жарақаттанған жерден қан және лимфа үлкен жылдамдықпен ағады да іскені басылады.Мысалға, қолдың ұшын соғып алса, алдымен білекке массаж жасалады. Аяқтың ұшы зақмданса, балтырға жасайды. Онда сол лимфа түйіндеріне қарай бірнеше рет сипайды, уыстап ұстап ысқылайды, жұмсартады. Тек осыдан кейін жарақаттанган жерді массаждайды. Ауырған жерге жасалатын массаждың қуаты, күші адамның сезімталдығына байланысты. Ауруын асқындырмай бірнеше рет жәйлап сипайды.Ауырғаны бәсеңдесе, сипау мен ысқылауды кезек қолданады.Бұлшық еттері жұқа жерді саусақтың жұмсақ ұшымен, ал қалың қоң еттерді алақанмен сипалап, жұдырықпен ысқылайды.Массаж жасау уақыты 18-20 минут.1-ші працедурадан кейін ауру асқынбаса, бундарды бүгіп- жазып, қимыл қозғалыстарды қосады.Келесі күні ауырған жерге саусақтарды тік қадай ұстап, алғашқы белгілі тәсілдерді батылдау жүргізеді. 3-ші күні массаждың күшін, екпінін, ұзақтығын арттырып, күрделі тәсілдерін қолданады.Соғылған жердің ауырған жері массаждан соң 2-3-ші күндері үдеп кетсе, онда ол аймаққа тиспей, жоғар жағына бұрынғыдай сипау,ысқылау тәсілдерін жасай береді. Арасын үзбей массажды 10-15 күн жасйды.Жараққаттанған жерге соққылау, шапқылау, сілкілеу тәсілдерін қолданбайды.



Буын сіңірі созылғанда қолданылатын массаж.Кейбір ғалымдар сіңір созылуын буынның орнынан тайып керуінің алдындағы құбылыс деп қарайды. Сіңір созығанда буынды құрастырып тұрған сүйектердің бір- бірінен ығысуынаәкеліп соғады. Бір жағына тартылып кеткен буында тек сіңір созылып қоймай, буын қабы,шеміршек, тарамыс, айналасын қоршағанбұлшық еттер мен тамырлар, нерв талшықтары- бәрі бүлінеді.

Буын зақымданғанда сіңір тек созылып қана қоймай, кейде тіпті сүйекке бекіген жерінен үзіліп те кетеді.Сол кзде сүйекке ақау түседі. Оның бір бөлшегі бөлініп кетеді, немесе жарықшақтанып, айырылып кететін кез болады.Буын қатты зақымданса, қабынып, тіпті қозғолмай қалуы да мүмкін.

Массажды 2-3-ші күннен бастап қолданады. Жарақаттанған қолды немесе аяқты жоғары ұстап таңып тастайды, одан соң буыннан жоғары массаж жасайды: алдымен сипайды, үстіртін ысқылайды, кейін батыра бұлшық еттерді жұмсартады. Осылай денені массажға машықтандырған соң, 3 күннен кейін буынның өзін, сіңірлерін, етпен жалғасып жатқан тарамыстарын үлкен ұқыптылықпен қолдың саусақтарымен массаждап шығады.

3-4 күндерден бастап массаждың ысқылау, қймылдату тәсілдерін қолданып, ал 5-6 күннен кейін буынның толық бүгіліп- жазылуын жүзеге асырады.Егер адам өз аяғын немесн қолын қимылдата алмаса,массаж жасаушы көмек етеді.

Буындардың ішіндегі ең қйын массаждалатын –тізе буыны. Оның құрлысының күрделілігінен бе, немесе қоршаған сіңір – тарамыстардың жиі жарақаттануынан ба, әйтеуір тізені массаждау өте қиын. Көбінесе тізе буынының ішінде крестке ұқсаған тарамыс не екі жағындағы тарамыстар мыжылып, бөлініп кетеді. Тарамыс үзілсе тек хирургиялық көмек керек, оларды біріктіріп тігеді. Сонан соң физиотерепия, массаж, емдік гимнастиканы қолданады.

Тізені массаждау үшін ауру аяқты бір нәрсенің үстіне немесе массаж жасаушының тізесіне қояды. Осылай түзу аяқты, тізені бірнеше рет сипаған соң, ептеп тізені бүгеді.Енді буынның айналасын массаждайды. Тізе тобығын жеке сипап болғаннан кейін, екі жағынан тақымға дейін және керісінше қимылдар жасап, ортан жіліктің төменгі жағындагы бұдырға дейін барады.Осылай тізе тобығының айналасын, сіңірлер тарамсытары бекіген жерлерін мейлінше терең сипайды.



Сүйек сынғанда жасалатын массаж.Сынықтар ашық және жабық болып екіге бөлінеді. Ашық сынықта сүйек зақымданып, бұлшық ет жарылып, қан тамырлары бүлініп, зақымданған жерден қан ағып, сүйек сынықтары көрініп жатады. Ал жабық түрінде керісінше.

Сынған сүйектің бітуі адамның жасына, сынықтың түріне байлансты. Егер сынған жерде сүйек мүйізшесі пайда болса, тек сонда ғана ол жер бітіп келеді деп айтуға болады.

Жабық сынықтың ең қажетті емі – емдік гимнастика мен массаж. Ал алғашқы сыныққа оларды қолдануға болмайды. Өйткені сынған жер қабынып ісіп, іріңдеп кететін кездері болады. Ондай кезде массаж жасасаң ірің барлық денеге таралып кетуі мүмкін. Сондықтан сүйек жетілгенше тиіспейді.

Жабық сыныққа 2-3 күннен бастап массаж жасай береді. Егер гипстеп тастаса , массаждың дірілдету тәсілін қолданады. Көбінесе рефлекторлы – сегментарлық массаж жасайды. Қол сынғанда жұлыннан шығатын нерв талшықтарына әсер етеді, ол үшін мойын және жоғарғы арқа омыртқаларына 2,5см алшақта дірілдету массаж жасалады. Ал аяқ сынса , арқа омыртқаларының төменгі бөліктері мен бел омыртқаларының тұсын массаждайды. Ауырғаны бәсеңдеп , ауру тәуірленгенде ғана вибрациялық массажды табаннан бастап , ал қол сынса , алақаннан бастап жоғары әкетеді.

Екінші аптаға ауысқан кезде гипсті төртбұрыштап тесіп, сынған жерге тікелей массаж масайды. Егер ортан жілік не тоқпақ жілік сынса , вибрациялық массаж 3 аптадан соң жасалады.

Массаждың ең пайдалы түрі тек сынған аяқты немесе қолды ғане емес, сау аяқ – қолды массаждау.

Сынған аяқты қалпына келтіру үшін ауруды бірнеше ай жатқызып, аппарат арқылы созуға тура келеді. Сол кезде 2-3 күннен кейін емдік гимнастиканы сау аяғына жасайды. Мүмкін болса жараланған аяқтың да сынықтан жоғары бөлігіне массаж, емдік гимнастика қолданған абзал. Аяқ бұлшық еттерінің қарысып қалғанын босаңсыту үшін күніне 2-3 рет 3-5 минуттан вибромассаж беріледі.

Кейде сыртқы еті жетілмеген сүйектің бітуі копке созылып кетеді. Мұндай жағдайда массаж екпінді түрде жасалады. Сипаудың бірнеше түрін, соғу, қағу, шапқылау, ұрғылау тәсілдерін тек қолмен емес ағаш балғамен орындауға болады.

Есте сақтайтын бір жәй – егер сынған жердің айналасы қызарып, талаурап қабынып тұрса массаж жасалмайды. Тек соның бәрі қайтқанда ғана массаж жасалады.

Ашық сынықта сүйек мүйізшесі жәй қалыптасса , сау аяқты мейлінше қарқынды түрде массаждайды. Емдеу мерзімі 30-40 күн. Массаж жасағанда бөлменің температурасы 18-20 градустан төмен болмаса жалаңаш денедегі қан айналымы бұзылмайды.

Массаж – жүрек –тамыр, тыныс алу мүшелері , ас қорыту , тірек – буын, нерв жүйесі ауырғанда – барлығына қолданылатын е
Студенттің өзін-өзі бақылау сұрақтары:


  1. Спорттық зақымдану, жарақаттану кезінде және тірек-қозғалыс аппаратының ауруларына қолданатын массаж.

  2. Спортшыларда кездесетін тірек-қозғалыс аппаратының аурулары мен зақылдарына қолданатын массаж міндеті сипаттама.

3.Тірек-қозғалыс аппаратының аурулары мен зақылдануда қолданатын

массаж міндеті мен методикасы



Әдебиет:

Негізгі әдебиеттер.

1.Икиманова Г. Массаж.

Алматы, 2002 ж.

2.Икиманова Г. Саулық пен

сымбат. Алматы, 1991 ж.

3.Икиманова Г. Массаж туралы үғым (оқу қурал)

4.Бегалина Р. Массаж және

оның пайдасы. А. 1984 ж.
Тақырып 7. Жүйке жүйесі дерттері мен зақымдарына қолданатын массаж

Мақсаты: Жүйке жүйесі дерттері мен зақымдарына қолданатын массаж -дың тиімділігі туралы мағлумат берү.

Омыртқа остехондрозына массаж жасау методикасын менгерү.

Күйымшақ неврологиясы: шеткері жүйке-жүйесінің дерттеріне-

плексит, асықты жіліктің жүйке неврологиясыа жасалатын массажды

менгеру.
Дәріс тезистері: Жүйке жүйесі дерттері мен зақымдарына қолданатын массаж Омыртқа остехондрозына қысқаша сипаттама, массаж міндеті, методикасы.

Күйымшақ неврологиясы.

Шеткері жүйке-жүйесінің зерттері:

Плексит, асықты жіліктің жүйке неврологиясы.


Студенттің өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1 Жүйке жүйесі дерттері мен зақымдарына қолданатын массаж.

2. Омыртқа остехондрозына қысқаша сипаттама, массаж міндеті, методикасы.

3.Күйымшақ неврологиясы.

4.Шеткері жүйке-жүйесінің зерттері:

5.Плексит, асықты жіліктің жүйке неврологиясы.



Әдебиет:

Негізгі әдебиеттер.

1.Икиманова Г. Массаж.

Алматы, 2002 ж.

2.Икиманова Г. Саулық пен

сымбат. Алматы, 1991 ж.

3.Икиманова Г. Массаж туралы үғым (оқу қурал)

4.Бегалина Р. Массаж және

оның пайдасы. А. 1984 ж.

5.Васичкин В.И. Лечебный и гигиенический массаж. М. 1996 ж.

6.Макаров В.А. Спортивный массаж. М. 1975

7.Бирюков А.А. Самомассаж.

М. 1984

8.Зотов В.П. Восстановление работоспособности в спорте. Киев 1990



9. Видеофильм "Массаж"
Тақырып 8. Ішкі ағзалар ауруларына қолданатын массаж.

Мақсаты: Ішкі ағзалар ауруларына қолданатын массажға анықтама алу..

Гипертония және гипотония ауруларына арналған массажды менгерү.

Массаж әдістері, орындау техникасымен танысу, менгеру.
Дәріс тезистері: Ішкі ағзалар ауруларына қолданатын массаж.

Гипертония және гипотония ауруларына арналған массаж

Массаж әдістері, орындау техникасы.
Студенттің өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Ішкі ағзалар ауруларына қолданатын массаж.

2.Гипертония және гипотония ауруларына арналған массаж

3.Массаж әдістері, орындау техникасы.


Әдебиет:

Негізгі әдебиеттер.

1.Икиманова Г. Массаж.

Алматы, 2002 ж.

2.Икиманова Г. Саулық пен

сымбат. Алматы, 1991 ж.

3.Икиманова Г. Массаж туралы үғым (оқу қурал)

Тақырып 9. Ішкі ағзалар ауруларына қолданатын массаж.

Мақсаты: Ішкі ағзалар ауруларына қолданатын массажды менгерү.

Асқазан қабынудың созылмалы түрімен танысу.массаж әдістерін, орындау техникасын менгеру.


Дәріс тезистері: Ішкі ағзалар ауруларына қолданатын массаж.

Асқазан қабынудың созылмалы түрі.

Массаж әдістері, орындау техникасы

Тыныс жолдары аурулары

Тыныс жолдары мен өкпе аурулары балалар мен жасөспірімдер арасыңда жиі кездеседі.Ал туберкулез сияқты қауіпті ауру үлкен адамдарға да тән. Кездесетін індеттер : өңештің қабынуы, демікпе, туберкулез т.б.

Осы аурудың пайда болуына әсер ететін жайлар көп-ақ, соның ішінде сырттан түсетін микробтар , түтін, шаң-тозаң, улы газдар, өндірістегі зиянды қалдықтар, суыққа шалдығу, организмнің әлсіреуі, құнарсыз тамақ . б. Үлкен зиян келтіреді.

Аталған ауруларға тән белгілері бар. Ол: жөтел, ентігу, қақырық тусу , ыстығы көтерілу, әлсіздік пайда болу сияқты белгілер.Уақытында емделмей, асқындырып алса, аурудың қандай түрі болсын дем жетіспейтін жағдайда ұшырайды. Ал оның өзі денеде оттегінің тапшылығында , көмірқышқыл газының көбеюіне әкеп соғады. Тек газ айналымы емес, зат алмасуы да бұзылып, кеуденің қозғалысы кеміп, өкпе серміпділігінен айырылып, үлкен зиян шегеді.

Емдік гимнастика басқа әдістермен қосыла отырып қимыл –қозғалыс арқылы тыныс алу мүшелерін байланыстырады. Тірі адам дем алмай отыруы мүмкін емес , ал ол механизм бұзылса, адамдарға әр түрлі қиындық бірден сезіледі.

Берілетін жаттығулар ең алдымен кеуде , іш бұлшық еттеріне әсер етеді, одан соң сол кеуде қуысының қимылың ыңғайлайды, тыныс алуды реттейді. Мұның бәрі жоғарыда көрсетілген емдік гимнастиканың механизмдеріне тікелей байланысты.

Көпке мәлім жаттығулармен қоса, мұндай ауруға тыныс алу жаттығулары беріледі. Мәселен, науқас дем алудың тереңдігін, жылдамдығын қадағалайды. Ол үшін әр түрлі буын сөздерді, арнайы әріптерді созып айтады, сонда шығарылған дем ұзақ болады. Мұның да үлкен мәні бар. Ал плевра қабығында, туберкулез не өкпеден бронхының тармақтары кеңіп, ішінде ірің (қақырық) толып кеткенде өздігінен шықпайды. Сондықтан оған арнайы дренажды жаттығулар қолданылады.



Пневмония – өкпенің қабынуы. Денеге микроб, вирус түскенде болады. Індет жедел, созылмалы түрде өтеді. Олардың әрқайсысы өзінше әсер етеді. Бұлардың барлығында білінетін белгілер жоғарыда айтқандай жөтел , ентікпе, ыстық көтеріліп, жүрек –тамыр қызметі нашарлайды.

Ауру адамның ыстығы түсіп, жағдайы дұрысталған соң 2 күннен кейін емдік гимнастиканы қосады. Гигиеналық және емдік гимнастика өкпенің дем алуын жеңілдетіп, өкпеге дәнекер тыртақ жабысып қалмас үшін қолданылады. Науқас төсекте жатқанда тыныс алуды қадағалайтын жаттығулар беріледі. Содан соң ауырған өкпе жағында аунатып тыныс алғызады. Жаттығулар 10-12 минутқа созылады, содан соң біртіндеп аурудың басын көтеріп отырғызып, саусақтарды қимылдатады.

Ақырғы –бос режимде жүру әдістеріне көңіл бөледі, снарядтарда гимнастика орындалады, таяқпен, доппен жаттығулар жасайды.

Өкпе, бронха қабынған кезде, спортпен тек 2-4 аптадан соң айналысады. Тыныс жолдарын, өкпнеі шынықтыру үшін таза ауада көп болу керек. Мәселен, туристік жорыққа шығу, қайықта жүзу, коньки тебу, суда жүзу, велосипед тебу т. б. Аурудан мүлде сауығу үшін күнге қыздырынып, ауа ваннасын, суды көп қабылдаған дұрыс.



Плеврит – көкіректің ішкі бетін, өкпенің сыртын астарлап тұратын сірі қабықтын қабынуы. Бұл пневмония сияқты аурудың асқынған кезінде кездеседі.

Сырқаттаған адам көкірегінде шаншу қадалып, ентігіп, жөтеліп, әлсірейді. Плеврит құрғақ және экссудатты болып екіге бөлінеді. Қандай түрі болса да екі қабықтың арасы жабысып бітіп қалмаас үшін емдік гимнастика беріледі.

Жаттығулар қан- лимфа айналысын жақсартып, дәнекерлі ткань қалыптасып қалмауын, дұрыс дем алуын қамтамасыз етеді.

Жаттығулар ұзақтығы 8-10 минут, кейіннен 30-40 минутқа дейін созылады.

Жұқа плевра қабығы қабынған соң беріш болып бітіп қалады, соны тарату үшін етпеттеп, шалқадан жатып, отырып, түрегеп тұрып жанжаққа.

Демікпе – инфекциялы аллергиялық ауру. Оны қоздырушы микроб болса, аурудың өрбуіне ықпал жасайтын басқа көптеген факторлар. Адамды тұншықтырып, дем жеткізбей қысады. Ол бронхы еттерінің кенет тарылуынан болады. Оған себеп болатын өзімізді қоршаған сан алуан заттар.

Қазіргі кезде адамның жүйке тамыры тозғыш, өте сезімтл болып кетті. Сондықтан әр түрлі гүлдер, шөптер, дәрілер, үйдің, кітаптің шаңы, жеміс жидектер, жүн-журқа, темекі, қуырған майдын иісі т. б. Толып жатқан заттар аллергендер болып кездеседі. Осындай заттарға қарсы дененің білдіретін тітіркенгіш әсерін – аллергия дейді.

Ал демікпе болса осы аллергиялық аурудың бір түрі.

Адам қатты қысылып тұрған кезде арнайы жаттығуларды қолданса, құтқарып алуға болады.

Емдік гимнастиканың негізгі мақсаты- науқасты қалпына түсіріп, бронхыларды босансыту, тыныс алуын қадағалап, кеуде қимылын арттыру.

Демікпеге арнайы жаттығулар қолданады. Бірақ демікпенең ұстамасы ұстаған кезде, адам сасқалақтап өзінен-өзі тұншығып қалады. Олай болмас үшін демді сыртқа шығаруды созып ұзартады. Ұстама болған кезде арнайы тыныс алу жаттығулары, қолданылады. Олар: дауыссыз С, З, Ш, Щ, Ж, Р және дауысты У, Е, И, А ддыбыстарын демді ішке тартып, сыртқа шығарған кезде созып айтады. Мұнда адам өз дем алысын ғана реттеп қоймай, өкпенің жұмысын арттырып, көңіл-күйін де басады. Алғашқы кезде дыбыстарды 5-7 секунд созады, одан кейін біртіндеп 15-20 секундқа жеткізеді.

Ауру дыбысты 15 секунд созып, демін жеткізген соң, келесі жаттығуларға көшеді. Ол екі, үш әріпті қосып айтып, содан соң дауыссыз дыбыстың аяғын дауысты дыбыспен жалғастырады. Мәселен, БРУУУУ, ПРУУУУ, ШРОООО, ТРОООО т. б

Бір дыбыс екінші қосымша дыбысты жалғап әндетіп айтады: Бр, Вр, Гр, Др, Жр, Кр, Пр, Шр, Хр. Жаттығулардың соңында бір дыбысты ортасында айғайлап, үндірек шығарады. Мысалы : сссс, СССС-сссс, Шшшш, ИИИиии, Драааа, ААААаааа т. б. Сабақ қызықты өту үшін бір әріпті төрт рет қайталайды, ал ысқырып шығатын дауысты дыбыстарды бір реттен. Мәселен СССС, ЗЗЗЗ, ШШШШ немесе БрИИИИ, БрЕЕЕЕ, ДрОООО, ПрУУУУ немесе дауысты және дауыссыз дыбыстарды араластырып айтады : ГраАААА, ЖЖЖЖ, ПрИИИИ, РРРР.

Бұл әрептерді айтқанда кілт, тез қайтармай, ақырын , созып айтады. Демді ішке алғанда да, сыртқа шығарған кезде де мұрын арқылы дем алу керек. Сол сияқты демді ішке тартқанда кеудені керіп, басты тік ұстаса, сыртқа шығарған кезде басты төмен салбыратып, ішті тартады.

Науқастың тыныс алуын реттеген кезде іштегі көк ет шымырланып, тартылып, өкпенің сыйымдылық қасиеті артады. Аурудың жағдайына байланысты 6-12 жаттығу орындалады, мұның ішінде 50-60 проценті тек тыныс алу жаттығулары болу керек. Жаттығулар жарық, ауасы кең бөлмеде немесе бақша ішінде, далада жасалады.

Жаттығулар 3-4 рет қайталанады. Оның мөлшері, қарқыны адамның жасына , аурудың кезеңіне байланысты. Әр жаттығудан соң 20-60 секунд үзіліс болады.

Демді толық сыртқа шығару үшін екі қолмен кеудені қысып, іштің көк етін басады. Мұрынның бір жақ желбезгінен, тістеніп тұрып тістің арасынан , түтікше арқылы суға үрлеп , резина ойыншықтарды үрлеп дем шығаруды ұзартуға болады.

Осының бәрі демікпе ауруына , бронхитте және эмфиземада кеңінен қолданылады.

Сол сияқты дене шынықтыру түрлерін кеңінен пайдаланған дұрыс ( ауа, күн, су, шанғы т. б.).



Туберкулез – жұқпалы өкпе ауруы. Қоздырғышы Кох таяқшасы. Алғаш ашқан ғылым Т. Кох болғандықтан, осылай деп аталады. Ол таяқшалар организмге тыныс мүшелері арқылы еніп, денеде өсіп –өніп көбейе бастайды. Ал сыртқа сілекей, түкірік, қақырық арқылы шығады. Қоршаған ортаға, адамдарға өте қауіпті.

Адам әлсіреген кезде тез жұғады. Туберкулездің дамуына қарнғы, ылғалды, суық үй- жай, құнарсыз тамақ, ішетін судың нашарлығы, әр түрлі шаң- тозаң, химиялық заттар үлкен әсерін тигізеді.

Өкінішке орай, Қазақстан тубекулез ауруынан бірінші орында. Ол індет республиканың барлық облыстарында, әсіресе Батыс Қазақстанда жиі кездеседі. Мәселен, Қызылорда, Гурьев облыстары сияқты жерлерде таза судың тапшылығынан, экологияның бұзылуынан, тағамдарында витаминнің жетіспеуінен, ауыр тұрмыс жағдайларынан басқа көптеген іңдеттермен бірге туберкулез жиі кездеседі. Алматыда ғылыми- зертттеу, туберкулез институттары бар. Олар дәрігерлерден арнайы топтар ұйымдастырып, жылына бірнеше рет сол облыстарға шығып көмек көрсетеді. Дегенмен жерін, суын, қоршаған ауасын жөндемесе тек дәрігерлердің көмегі не болады.

Институтқа үлкендер ғана емес, кішкене сәбилерді де әкеліп емдейді. Оларға ата- анасынан жұғады немесе іштең дімкәс тууы мүмкін.

Бұл аурудың негізгі белгілері: әлзіздік, дененің ыстығы,(37,2-37,3), түнгі салқын тер, жөтел, тәбеттің төмендеуі, арықтау т. б.

Өкпе туберкулезі 1-2 аптаға созылатын жедел және бірнеше жылға жететін созылмалы түрінде кездеседі.

Емдеу әдістері : тазлық, құнарлы тамақ, қымыз, таза ауа, дәрі- дірмек жіне емдік гимнастика.

Емдік гимнастика тканьда зат алмасуын жақсартып, көңіл-күйді көтеріп, дененің төзімділігін арттырады. Сол сияқты өкпеде, басқа мүшелерде қан айналымын жақсартып, туберкулезден сауығұға ықпал жасайды.

Ауру асқынған жағдайда, емдік гимнастиканы қолданбай, жағдайы біршама тәуір болғанша қоя тұрады.

Жаттығулар ауруға лайықты беріледі. Негізгі мақсат – өкпеден көбірек қақырық түсіру, өкпенің сыйымдылығын арттырып, ондағы газ айналысын жақсарту.

Ауруханадан шыққан соң таза ауада көп жүру, серуендеу, жақын жерге саяхатқа шығып, шаңгы тебу, суда жүзу сияқты емдік гимнастиканың таныиал түрлерімен айналысқан өте пайдалы.

Емдік гимнастиканың өрісі , мөлшері науқастың жағдаіына қарай әр түрлі болады. Сырқат адамдардың өзін төмендегідей үш топқа бөледі: әлсіз, орташа және мықты.



Әлсіз топқа індеті асқынып, бойын билеген самарқаулықтан әлі арыла алмаған сырқатты қосады.

Мұңдай топқа ертеңгі гимнастика, емдік гимнастика, жәй жүру, далада дем алып отыру сияқты жеңіл- желпі дене тәрбиесін тағайындайды.

Жаттығулар оңай, сырқаттың өзіне белгілі болу керек. Әрбір жаттығуды жәй 2-3 рет қайталайды, кейін 4-6 ретке жеткізеді.

Орташа топтағы адмдар 3 ай бойы ауру қайталанбай, өзін сергек сезінгендер. Мұңдай адамдар ертеңгі гигиеналық (15%) және емдік гимнастикаға қоса, 5км жерге, серуендеуге мүмкіндігі бар; 30-60 минут шаңғы теуіп, суға жүзіп, кейбір қысқа спорттық ойындарға қатысуға болады.

Емдік гимнастикаға кіретің жаттығулар аса күрделі болмай, өзіне белгілі түрлерін бірнеше рет қайталайды. Әр түрлі снарядтарды (таяқ, шоқпар, доп) пайдалануға болады. Әрбір жаттығуды 4-6 рет қайталап, орташа жылдамдықта орындайды.



Мықты топқа өзін сау адамдай сезінген, туберкулез белгілері білінбей, көңіл- күйі көтеріңкі, дене тәрбиесіне дайындығы бар адаамдар жатады.

Мұңдай кезде ертеңгі гигиеналық жаттығулар, емдікгимнастика, терренкур, жақын жерге саяхаттау, шаңғы,коньки тебуді 1-1,5 сағатқа дейін ұзартады , волейбол, теннис ойындарын 50 минутқа созады.

Бұл топтағы емдік гимнастиканың методикасы орташа топтан тек ұзақтығымен ғана ерекшеленеді.

Жалпы өкпе-тыныс алу ауруларында шалдыққандардан көп жаяу жүру талап етіледі. Тек жүрген кезде тыныс алудың ырғағына, тереңдігіне көңіл аудары керек. Мәселен, алғашқы кезде 1-3 адым жасап ауаны ішке тартады, ал 2-3-4-5 дегенде – сыртқа шығарады. Баспалдақпен көтерілгенде ,1-2 сатыға жоғарылып, демді ішке тартып, 3-4 сатыда демді сыртқа шығарады. Дене тәрбиесін, жаттығулар жиынтығын одан әрі кеңейту әр адамның өзіне байланысты. Ал жасалған жаттығулардың нәтижесін өкпе- тыныс алу аппаратының қызметіне қарай анықтайды.

Мәселен, ентігудің азаюы, тіпті жоқ болып кетуі, жөтелдің жоғалуы, кеуденің жақсы қозғалуы, тыныс алу тереңдігінің артуы- осының бәрі қадағалап қараса, күн өткен сайын науқас адамның өзіне айқындалып біліне бастайды. Осылай өзін шынықтара отырып қауіпті деген індеттерден құлан- таза айығып кетуге болады. Тек қандай ауру болмасын дұрыс құнарлы тамақтану мен тазалықты, жағамсыз әрекеттерден ( арақ, темекі, анаша т. б.) аулақ болуды талап етеді. Өйткені адам организмі сондай нәзік біртұтас дүние, бірімен- бірі тығыс байланысты, сондықтан емдік гимнастиканы орындап, темекіні бұрқырата тартып не арақты суша сіміріп жүрсе, оның ешбір пайдасы тимейді. Керісінше, бойдағы ауру асқынып кетеді.

Міне, тыныс жолдары ауруларына берілетін емдік гимнастика қысқаша осылай.


Каталог: ebook -> umm
umm -> «Қазақ тілінің стилистикасы» ОҚу- әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар семей 2015 Мазмұны
umm -> Әбікенова Гүлнат Төкенқызы Когнитивті лингвистика
umm -> Глоссарий
umm -> Үш әулетті отбасы: ата-ана, бала, немере; Үш әулетті отбасы: ата-ана, бала, немере
umm -> ПОӘК 042-18 35/03-2015 №1 баспа 11. 06. 2015ж
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> 1 Менеджмент туралы түсінік Менеджмент ағылшын сөзі, оның түпкі түбірі гректің «Манус» сөзінен шығып
umm -> Мемлекеттік басқару проблемаларын жете түсіну үшін қазіргі менеджмент теориясының кейбір жайларын білу аса тиімді және қажет
umm -> Үш әулетті отбасы: ата-ана, бала, немере; Үш әулетті отбасы: ата-ана, бала, немере
umm -> Дәріс №1 Тақырыбы: Ежелгі елдердегі мемлекет және құқық. А курстың оқыту пәні және әдісі б ежелгі Вавилон


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы