Тапсырмалар: 1 Тапсырма Педагогикалық ұжымдағы басқарушылық қарым-қатынас ерекшеліктері

Loading...


Дата03.04.2020
өлшемі35.9 Kb.
3 АҒЫМДЫҚ БАҚЫЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ

Тапсырмалар: 1

Тапсырма 1. Педагогикалық ұжымдағы басқарушылық қарым-қатынас ерекшеліктері.

Тапсырма 2. Дұрыс коммуникацияға кедергі келтіретін себептер мен факторлар

Тапсырма 3. Коммуникация түрлері: ішкі және сыртқы, формальды емес, вербальды және вербальды емес.

Тапсырма 4. Педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті.

Тапсырма 5. Коммуникациялық үдерістің басшысы ретінде мұғалімнің рөлін айқындау

Тапсырма 6. Педагогикалық қарым-қатынас ұжымдағы қарым-қатынас ерекшеліктері: /ресми және бейресми түрлеріне талдау жасау /

Тапсырма 7. Педагогикалық менеджмент субъектілерінің өзара әрекеттесуінін өктемшіл, демократиялық және либералдық стильдері /Әрқайсысына сипаттама беру, мысалдар келтіріңіз/

Тапсырма 8.Қарым-қатынаста кедергі жасайтын факторларды анықтау/тірек сызба жасаңыз/



Тапсырма 1. Педагогикалық ұжымдағы басқарушылық қарым-қатынас ерекшеліктері.

Педагогикалық қарым-қатынас — белгілі бір педагогикалық қызмет  атқаратын, жәйлі психологиялық климат  құруға және оқу іс-әрекетін, педагог  пен оқушы арасындағы, оқушылар ұжымы ішіндегі қатынастарды психологиялық тиімді етуге бағытталған оқытушы мен оқушының сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы кәсіптік қарым-қатынасы. Қарым – қатынас сан алуан сипатта; оның көптеген формалары, түрлері бар. Педагогикалық қарым – қатынас адамдар қарым – қатынасының жекеше түрі. Оған осы өзара әрекет формаларының жалпы қасиеттері де, білім беру процесіне тән қасиеттері де лайық.

Қарым ‒ қатынас құралы және қарым ‒ қатынас түрлер

Қарым ‒ қатынас біріккен іс-әрекет қажеттілігін туғызатын адамдар арасындағы байланыстың дамуын орнататын күрделі көп жоспарлы процесс. Адамдардың танымдық хабарлар алмасуы, өзара түсінісуі, бір-бірін қабылдауы. Бұл қарым-қатынас адамның сөйлеуді меңгеруінің арқасында іске асады. Ол өзінің ойын, білімін, өзінің сезімін басқа адамдарға хабарлай алады және өзі басқа адамдардың ойын түсіне алады, олардың сезімдері мен ұмтылыстары туралы білуге мүмкіндік алады. Тілдің көмегімен сөйлеу қарым-қатынасында әрбір адам білімнің көп бөлігін басқа адамдардан алады. Жинақталған тәжірибені және білімді меңгеруге оқыту үрдісі жатады.Сөйлеу — тілдің көмегімен адамдардың өзара қарым қатынас үрдісі. Қарым-қатынас – адамдар арасында бірлескен  іс-әрекет  қажеттілігін туғызып, байланыс  орнататын күрделі процесс  екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.



Педагогикалық қарым-қатынас бір адам екінші адаммен тәжірибе (білім, икем, дағды, жалпы адамзаттық мәдениет, ұлттық құндылықтар т.б.) алмасқанда болады; ол әрбір профессионалды  қарым-қатынаста болады, сондықтан да педагогикалық стильдерді кейде бізбен сипаттаған басшылық стильдеріне ұқсатады.

Тапсырма 2. Дұрыс коммуникацияға кедергі келтіретін себептер мен факторлар

  • Kоммуникациялық кедергілердің түрлері: түсініспеушілік кедергісі, әлеуметтік-мәдени айырмашылық кедергілері, қатынас кедергілері.

  • Түсініспеушілік кедергілері: фонетикалық, семантикалық, стильдік, логикалық.

  • Фонетикалық кедергі адамдар әр түрлі тілде, диалектге, не сақауланып сөйлегенде пайда болады. Сөйлеушінің тілі реңкі жоқ,тсз, жаңылтпаш, қажетсіз сөздерге толы болған кезде де, тусініспеушілік кедергісі туындайды.

  • Семантикалық кедергілер жаргон жоне слэнг моселссімен тығыз байланысты. Ортақтасуга қатысуілыларДың озіндік шағын мәдениеттерінде үғымдар мен қүбылыстардың ерскше мон-мағынасы болады. “Сүлулық”, “борыщ”, “тэртіптілікқүндылықтарын әр микротоп әр түрліше қабылдап түсінеді

  • Логикалық кедергілер – сөйлеуиіі мен тындаушыиың қабылдау логикасы, дәлелдеу жүйесі әртүрлі болганда пайда болатын. Қоғамда логикалық жүйелер өте көп. 

  • Әлеуметтік-мэдени айырмалар ксдергілері олеуметтік, саяси, діаи кезқарастарга, жынысына, жасына, мамандығына байланысты болады. Осындай жойттерге ортактасу барысыидағы түсініктер мсн

үғымдарды, сойлсушінің бейнесін қабылдау тоуелді

  • Катынас кедергісі — коммуникаторды жақтырмайтындықтан оның молімдемесін де қарсы қабылдау, сенімсіздік сезімін туғызатын коммуникатордын, созіне күдікпен қарау.

  •  Коммуникация процесінде тек мәлімет алмасу ғана емес, оны партнерлердің бірдей тура түсінуі қажет. Яғни коммуникация процесінде келіп түскен мәліметті дұрыс түсіну (интерпретация) проблемасы туындайды.

Мәліметтің формасы мен мазмұны коммуникатордың жеке-даралық ерекшелігі, реципиент туралы көзқарасы, ол туралы өзінің пікірі және қарым-қатынас процесіндегі жағдайларға байланысты.

Оның жіберген мәліметі реципиенттің жеке-дара психологиялық ерекшеліктеріне, көзқарасы, пікірлеріне, жағдайда байланысты өзгеріске түседі. Мәселен, бастығы мен өзінің ұлынан естіген бір мәлімет екі түрлі психологиялық реакцияға әкеледі.



Тапсырма 3. Коммуникация түрлері: ішкі және сыртқы, формальды емес, вербальды және вербальды емес.

Коммуникация – адам өмірінде маңызды орынға ие. Яғни біз коммуникацияны кез-келген жерден кезіктіреміз және қолданамыз. Бізді қоршаған орта, тіліміз, діліміз, мәдениетіміз, ақпарат алуымыз коммуникацияның  ажырамас бөлігі.

Формалды емес коммуникация бұл арнаны «өсек» тарату арнасы деп атауға болады. Өйткені ауызша тарату арнасымен ақпарат тез таратылады. Мұны басшылардың өздері де ақпарат тарату мақсатында да пайдаланылады. Зерттеулер көрсеткендей формалды емес хабарлау таратылатын ақпарат, яғни өсек көбінесе хатталған емес тура болып келеді.

Вербалды коммуникация тіл, сөйлеу арқылы жүзеге асады. Тіл – сөз жүйесі, сөздерді дұрыс құрастыру, ойды сөзбен толық жеткізу, дыбыстың, интонацияның, сөздің нақтылығы. Тілдік дыбыстық құбылыс – сөз темпі, дауыс ырғағы, ритм, тембор, дикция.

Вербалды емес коммуникация - «дене тілі», «ым-ишара тілі» деген ұғымдармен байланысты. Бұл қарым-қатынас құралына – поза, ым-ишара, мимика, визуалды қатынас, тұлға аралық дистанция.

Вербалды емес коммуникация ерекшеліктерін білу әңгімелесушіні жақсырақ тануға ғана емес, сондай-ақ айтылған сөздің басқа адамдарға қалай әсер еткенін алдын ала көруге мүмкіндік береді, яғни қажетті нәтижеге жету үшін әрекетті және мінез-құлықты өзгертудің қажеттілігі жайлы білуге болады 

Ұйымдағы коммуникация түрлері:

• Ұйым мен сыртқы орта арасындағы коммуникациялар.

• Ұйым ішіндегі бөлімдер мен деңгейлер арасындағы коммуникациялар.

Деңгейаралық тік байланыстар. Ұйымда байланыстар тек жоғарыдан төмен ғана емес, төменнен жоғары байланыстар да болуы мүмкін. Жоғарыдан төмен қарай бұйрықтар, тапсырмалар берілетін болса, төменнен жоғары қарай ақпарат, есеп беру, түсініктеме, арыз, ұсыныстар т.б. берілуі мүмкін.

Бөлімшелер арасындағы байланыстар немесе көлденең байланыстар. Бөлімшелер арасында жұмыстарын үйлестіру мақсатында ақпаратпен алмасу орын алады. Көлденең қатынастар бөлімшелердің тепе тең қалыптасуына әсер етеді.

Басшылар мен бағыныштылар арасындағы байланыс. Бұл байланыс коммуникациялар ішіндегі негізгі компонент ретінде қарастырылады. Бұл қатынастар жан жақты және әртүрлі хабарлармен алмасу, мақсаттарды белгілеу, идеяны табу, мақсатқа жету жолында тиімді жұмыс ету үшін талқылау жасау, бағыныштылар қабілетін дамыту және т.б.арқылы жүзеге асады.

Тапсырма 4. Педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті.

Педагогикалық қарым-қатынастың мәдениеті:

1. Педагогикалық қатынас жасаудағы әдептілік пен нәзіктік.

2. Қарым-қатынас кезінде информацияны ( ақпарат ) дұрыс беру.

3. Педагогикалық қарым-қатынас кезінде оқушының көз-қарасына, қимыл-әрекетіне, мәнеріне қарап түсіну.

4. Педагогикалық қарым-қатынас кезінде өзіңнің психикалық көңіл-күйіңді меңгере білу.

5. Педагогикалық қарым-қатынас функцияларын жүзеге асыру.



Педагогтың сөйлеу мәдениетінің ережелері:

1. Педагог қатты сөйлемеу қажет, бірақ оны бәрі де еститіндей болу керек, тыңдау процесі тәрбиеленушілердің күшпен зер салуын тудырмауы тиіс.

2. Педагог анық сөйлеу керек.

3. Педагогтың сөйлеу жылдамдығы минутына 120 сөз.

4. Мәнерлі сөйлеу үшін логикалық және психологиялық паузаларды қолдана білу керек. Логикалық паузасыз сөйлеу тілі-сауатсыз, ал психологиялықсыз – түссіз болады.

5. Педагог интонациямен сөйлей білу керек, яғни логикалық екпінді қоя білу керек , айтылғанды жеткізу үшін кейбір сөздерді бөле білген жөн.

6. Әуенділік педагогқа жеке дара түс беріп, баланың эмоционалды жағдайына жақсы әсерін тигізеді: дәрттендiрiп, қызықтырып, тыныштандырады.

Тапсырма 5. Коммуникациялық үдерістің басшысы ретінде мұғалімнің рөлін айқындау

Коммуникация дегеніміз – басшылардың тиімді шешім қабылдау үшін хабарлар, мәліметтермен алмасуы және төмендегі буындарға қабылданған шешімдерді жеткізуі. Ұйымдардағы коммуникациялық үрдістерді қарастырамыз.



Бірінші ұйымаралық және оның сыртқы ортамен қарым-қытынастары. Әр бір ұйымдардыға қызметтер жөніндегі жазбалар, телефон арқылы сөйлесу, ресми есептер, видиолентарал, көзбе көз әңгімелесі және тағыда басқа қарым-қатынастар байланыстырудың негізгі көзі болып табылады. Ұйымдар сыртқы қоршаған ортамен байланысты болуы үшін бірнеше құралдарды қоланады. Потенциалды тұтынушылармен болатын байланыстар олардың жарнамалары және тауарларды нарыққа өткізулер арқылы қоғаммен байланыстағы олардың халықаралық және ұлттық деңгейдегі бейнесі арқылы көрінеді. Екінші, бөлімшелер мен деңгей арасындағы байланыстар, тік байланыс шеңберінде жүргізіледі. Ол хабарлар жоғары деңгейден төменге келіп түседі, осы арқылы бағынышты деңгейлерге алдағы міндеттер нақты тапсырмалар туралы хабарландырады.Төменнен жоғары көтерілетін байланыстар – жоғарғы буындарды төменгі буындарда болған жағдаймен таныстыру. Бұл байланыс әдетте есеп беру, ұсыныс жасау, түсініктеме хат жазу түрлерінде жасалынады.

Үшінші түрі бөлімшелер арасындағы байланыстар. Ұйымдарда жоғарыдан төмен және төменнен жоғары хабарлар байланысы ғана болып қоймай сонымен қатар, көлденең байланыстар да болуы қажет. Ұйымдар бірнеше бөлімшелерден тұратын болғандықтан олардың ортасындағы хабарлардың айналымы немесе алмасуы мақсаттарды үйлестіріп, іс қимыл әрекетін жасау үшін қажет.

Төртінші, басшылар және бағынушылар арасындағы байланыстар. Бұл қатынастардағы жан жақты және түрлі хабарлар – мақсаттарды белгілеу, бір нәрсені ойлап табу және оның қорытындысы, бөлімшелердің мақсатқа жетулері үшін ат салысуы, тиімді жұмыс істеу үшін талқылаулар жасау, қол жеткізген тапсырмалар мен жетістіктер үшін ынталандыру, бағыныштылар қабілетін дамыту және жетілдіру, бағыныштыларды алдағы өзгерістер жайлы хабардар ету, идеялар туралы мәліметтер, ұсыныстар, т.б. арқылы іс жүзіне асады.

Бесінші, басшы мен жұмысшы топтар арасындағы байланыстар. Бұл байланыс жалпы басшыларға топтардың тиімді жұмыс атқаруы үшін қажет. Хабарлар мәліметтер айналысы кезінде топтардың барлық мүшелері қатынасатын болғандықтан олар болашақтағы жұмыс мақсаттары, олардағы өзгерістер мен жаңалықтар тағыда басқа туралы өз ойларын ортаға салып бір кісідей талдап шешім қабылдайды.

Тапсырма 6. Педагогикалық қарым-қатынас ұжымдағы қарым-қатынас ерекшеліктері: /ресми және бейресми түрлеріне талдау жасау /

Педагогикалық қарым-қатынас - белгілі бір педагогикалық қызмет атқаратын, жәйлі психологиялық климат құруға және оқу іс-әрекетін, педагог пен оқушы арасындағы, оқушылар ұжымы ішіндегі қатынастарды психологиялық тиімді етуге бағытталған оқытушы мен оқушының сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы кәсіптік қарым-қатынасы.

Педагогикалық қарым-қатынастың өзінің ерекшелігі бар, педагогтық қызметте ең бірінші мұғалімнің бейнесі (имидж) болу керек. Егер сабақты белсенді, сыйлы оқытушы оқытса, студенттің пәнге деген қызығушылығы арта түседі. Бірақ ол үшін оқытушы өз беделін әрқашан сақтау керек. Жас оқытушы студенттердің назарын өзіне аудару үшін көп ізденіп, көп жігер болу керек. Қазіргі кезде тек қана оқытушы рөлінде алда отырған оқушылар алдында беделді бола алмайсың, сондықтан әрқашан ізденіп, сөзі мен ісінде бір болу керек. Технология түрлерін білген жағдайда ғана педагог белгілі жағдайларда дұрыс мінез-құлық ұйымдастырады.Ол үшін оқытушы қатынас құрылымын, адекваттық тапсырмалар мен ерекше педагогикалық ситуациялар туғызуда психологиялық, мимикалық, тілдік, қозғалыс және т.б. жүйелі қабылдаулар қолданады. Бұндай қарым-қатынас әрекеті үшін ынталылық керек.



Тапсырма 7. Педагогикалық менеджмент субъектілерінің өзара әрекеттесуінін өктемшіл, демократиялық және либералдық стильдері /Әрқайсысына сипаттама беру, мысалдар келтіріңіз/

Педагогикалық менеджмент – бұл білім беру процесін басқарудың кешенді принципі мен технологиялық тәсілдер, ол тек білім мекемелеріне тиімді басшылықтың творчестволық потенциялын көрсетіп қана қоймай, педагогтар, студенттер мен тыңдаушыларға да өзіне тән міндеттер ауқымын жүктейді. .

Қазіргі заманның білім жүйесінің басты ерекшеліктерінің бірі – мемлекеттік басқарудан мемлекеттік қоғамдық басқаруға өту. Білім беруді мемлекеттік – қоғамдық басқарудың негізгі идеясы – білім проблемаларын шешуде мемлекет пен жұртшылықтың күш-қуатын біріктіру, мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналарға оқу процесінің мазмұны мен түрін ұйымдастыру әдістерін және білім беру мекемелерін таңдауға барынша кең құқық пен еркіндік беру.



Либералдық стиль-басшының бағыныштылардың ic-әрекеттеріне араласпауымен сипатталады. Ол жауапкершіліктен қашқақтап, тіпті ұжым кызметінің ең күрделi мәселелерін шешуге де қатыспайды. Либеральдық стиль — мұндай жұмыс стилінде басшы ерек¬ше белсенділік танытпайды, iс-әрекетінде кездей соқтық басым жуйелілік болмайды. Мұндай типтегі басшылар принципсіз мәселелердің өзінде, өзінен жоғары қызметтегілерге қарайлайды.
Мұндай стилдегі басшы тәртіп бұзушыға қатаң талап қоймайды, карамағындағылардың білімінің төмендегеніне, жұмысты орындауына және еңбек тәртібіне онша мән бермейді.

Демократтық стильде (Батыста кооперативтік стиль деп аталады) мәселен көпшілік ұжымда талқыланып, сонда шешіледі, бұйрық та осындай талқылаудан кейін беріледі. Проблеманың көпшілік ұжымда шешіліп, сонан кейін бекітіледі (мадақтау және жазалау, қоғамдық өмip мәселелері, жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару т. б.).


Жұмыс барысында басшының беделі қалыртасады. Бедел тек лауазымдық жағдайымен ғана емес, сонымен бірге нақты біліммен, еңбекпен және адамдарға ұқыпты қатынаспен, түсінікпен келеді.

 Тапсырма8.Қарым-қатынаста кедергі жасайтын факторларды анықтау/тірек сызба жасаңыз/



Шартты түрдегі  шектеулер - адамдар расында "конвенция"  болған жағдайда  пайда болады, яғни салт - дәстүр, ғұрып  өзін қалай ұстау керектігін көрсетеді. Осыған сай жасы төмен жастар - үлкендерді үлгі тұтып,  тыңдау керек, үлкендер - кішілерді үйретіп, көмектесу керек, күйеу бала  қалыңдығын қамқорына алу керек,  қалыңдық - басқа ер адамдарға көңіл аудармау керек, достар-бір-бірін сатпай,  алдамау керек. т.б.

Жағдайлық шектеулермен - біз  толыққанды қарым-қатынас  қатаң жағдайдың шеңберінде шектеулі болған жағдайда кездесеміз.  Қарым-қатынасқа тұлғалардың  серіктес ретінде қатысуы  жағдайды одан ары қиындатып жататынын кездестіріп жатамыз. Мысал ретінде жүгірушілердің эстафетаны беруі, қарауышының кезекті өткізіп беру ережесі, студенттердің емтихандық сессиясы, жапондықтардағы шәй беру рәсімін т.б.айтуға болады. Сондықтан да қалалық транспортта кездейсоқ кездескен әңгімелесушінің жеке өміріне қатысты сұрақтар қойылмайды. ("Сіз бүгін жақсы ұйықтамаған сияқтысыз?") немесе өзінің жеке өмірі туралы хабар беру ("Білесіз бе, менің өмірден көңілім қалған") Мұндай жағдайда  жеке өміріне қатысты емес қаратпа сөздерді қолдану керек. "Рұқсат па?- Мәселе жоқ", "Рұқсат етесіз бе?- Өтінемін", "Кешіріңіз-Айыбы жоқ" т.б.. Бұндай жағдайда  осындай жолмен көпшілік қарым-қатынасқа көшуге болады.

Эмоционалды шектеу - қарым-қатынас  атмосферасының құрылуында анықталады.  Егер әңгімелесушілер бір-бірін кездестіргенде жасанды қуаныш пен махаббатты сезінсе,  онда олар қарым-қатынастағы  бақытты минуттарды бұзбау үшін  олар өздерінің уайымы мен проблемаларын жасырады.  Егер серіктестер эмоционалды суық болса немесе бір-бірімен  жауласқан болса,  онда олар конфликтіні  шектеуге тырысып,  қарым-қатынаста масканы қолданады. Мұндай жағдайда  әркім өзінің серіктесіне  қуаныш сыйлауы өте сирек болады.

Н.И. Шевандрин  біздің эмоциямызға негізделген  келесі кедергілерді  көрсетіп берді:

 Жек көру және жиренгіштік кедергісі  - күнделікті өмірде  жиі кездеседі.  Қолайсыз иістер, тер қолдар, әңгімелесушіге тым жақын жүру әдеті - бұның бәрі қарым-қатынастағы  серіктесінің жиренгіштік сезімін туғызады.  Ал мұның алдын алу үшін  гигиена мен әдетке жиі көңіл бөлу керек.

       Уайым мен қайғырудан  пайда болатын  қарым-қатынастағы кедергімен  кез-келген адам кездеседі. Қайғырудың адам ойын өзіне аударатыны соншалық, ол адамның ойын басқа адамдарға бұру өте қиын. Қайғыруға себеп әдетте трагедиялық  оқиғалар, өзінің жағдайына қанағаттанбаушылықтан,  артық физикалық шаршауды сезінуден пайда болады.



Қорқыныш кедергісі - тұлғалар арасындағы  қарым-қатынаста кедергі жасайтын жеңуі қиын  кедергілердің бірі. Кейбір адамдарда  өмірлік қиын жағдайлардан қорқыныш тез туындайды. Қорқыныштың себептері түрлі  болып кетуі мүмкін. Сіз бұл қорқыныш кедергісін жеңе алуыңыз, оны қаншалықты дұрыс шеше алуыңызға байланысты.

Ұят пен кінә кедергісі - бұл басқа біреудің немесе өзіне деген  қолайсыздықтан туатын кедергі. Ұят адамды сынау немесе жақтау кезінде пайда болады.  Ұят пен кінәнің әңгімелесушімен қарым-қатынасты  үзетін кездері аз емес.  Артық ұялушылықтан зардап шегетін және ұятқа мойынсынбайтын  адамдар да бар.  Соңғылары өзінде  психологиялық қорған құрып алған.  Олар көп жағдайларда, оларға сын айтқандарды тыңдамайды, өзіне ақтаушы  мотивтер іздейді. Өте төмен және өте жоғары  кінәні сезіну  адамдар арасындағы  психологиялық қарым-қатынасты бұзады.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...