Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Физика» пәнінен 2-тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Екінші шардың заряды оң болатын жағдайды көрсетіңіз.
[1]
2. = 6 нКл электр заряды бар су тамшысы басқа = -3 нКл электр заряды бар су тамшысымен біріккен. Пайда болған тамшының заряды
6 нКл
3 н Кл
-3 нКл
-6 нКл
[1]
3. Төмендегі суретте q зарядтың электр өріс кернеулігі көрсетілген. Қай вектор электр өрісінің күш сызығының дұрыс бағытын көрсетеді?
[1]
4. Кернеулігі 200 В/м біртекті электр өрісінде орналасқан, 2·10-5 Кл нүктелік зарядқа әсер ететін күш
4 Н
4 мН
4 нН
4 пН
[1]
5. Оқушы эбонит таяқша мен жүннен тоқылған қолғапты үйкеген.
а) Үйкеген кезде қолғап электроннан айырылды. ( Кл). Таяқшаданың электр зарядын анықтаңыз.
[2]
b) Таяқшадағы электр зарядын екіге бөліп, бір-бірінен 5 мм арақашықтыққа ажыратады. Ажыратылған зарядтардың өзара әрекеттесетін күшін анықтаңыз.
[4]
6. Оқушы электростатиканы оқып үйренуде.
а) Оқушы қолына пластмасс таяқшаны алып, оны құрғақ матаға үйкейді. Суретте көрсетілгендей пластик таяқша зарядталады. Сол кезде құрғақ матаның зарядның таңбасы қандай болады?
[1]
b) Жұқа екі пластинаны бір-біріне қатысты қозғалысқа келе алатындай етіп суреттегідей орналастырады. Оларды басқа құрғақ шүберекпен үйкейді. Екі пластина бір-бірінен тебіліп, суреттегідей орналасады.
Неліктен екі пластина бір-біріне қатысты тебілетінін сипаттаңыз. [1]
c) Оқушы күні бойы майкасының сыртынан нейлонды кофта киіп жүрген. Кешке жақын үстіндегі кофтасын шешкен кезде шытырлаған дыбыс пен жарқыл пайда болғанын байқайды, яғни нейлонды кофта зарядталады.
Бұл зарятталудың қандай түріне жататындығын анықтаңыз.
[1]
d) Екі тұжырым ғана дұрыс. Дұрыс тұжырым қасына «+» белгісін қойыңыз.
[2]
e) Төменде шарларды зарядтаудың бір түрі көрсетілген. Осы зарядтаудың түрін анықтап, процесті сипаттап беріңіз.
|
|
|
(1-қадам)
|
(2-қадам)
|
(3-қадам)
|
[3]
7. Оқушыда қуаттылығы жоғары екі тұрақты магнит және темір білік бар. Темір біліктің ортасынан бастап екі жаққа қарай суретте көрсетілгендей тұрақты магниттердің екі түрлі поюстерімен үйкеп жанастырған және бұны бірнеше рет қайталаған. Себебі, ол темір білікті магнитке айналдырғысы келген.
а) Суретке темір білікте пайда болған полюстерді белгілеп көрсетіңіз.
[1]
b) Магнит жасаудың тағы бір басқа жолы суретте көрсетілген.
1) Магнит түрінің атын жазыңыз.
[1]
2) Бұл магниттің ерекшелігін жазыңыз.
[1]
3) Бұл магнитті қай жерде қолдануға болатындығына бір мысал жазыңыз.
[1]
8. Төменде суретте тұрақты магнит бейнеленген.
Cуретті қолдана отырып, тұрақты магниттердің полюсін анықтаңыз.
[2]
9. Төменде өткізгіш бойынан жүрген токтың суреті бейнеленген.
a) Өткізгіш бойымен ток жүрген кездегі магнит индукция векторының бағытын салып көрсетіңіз.
[1]
b) Өткізгіш бойымен ток жүрген кезде магнит тілшесінің ( ) орналасуын келесі суретке салып көрсетіңіз.
[2]
10. Суретті пайдалана отырып ток күшінің бағытын анықтаңыз.
[2]
11. Суретте соленоид бойымен ток жүргені бейнеленген.
Соленоидтың бойынан ток жүрген кезде суреттегі бос жерлерге магнит индукция векторын салыңыз және екі шетіндегі магнит полюстерін анықтаңыз.
[3]
12. а) Суретте арақашықтықтары ОА = АВ болатын кесінді берілген. О нүктесінде нүктелік q заряд орналасқан.
Электр өрісінің А және В нүктелеріндегі потенциалдарының қатынасын анықтаңыз.
[3]
b) Біртекті электр өрісінің кернеулігі . Осы кернеуліктің бір сызығында м кашықтықта орналасқан электр өрісі нүктелерінің арасындағы потенциалды анықтаңыз.
[2]
c) Потенциалдар айырымы 220 В, 110 мДж жұмыс жасаған болса өріс қанша заряд тасымалдайды?
[3]
Достарыңызбен бөлісу: |